Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ВОСТОК.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
448.68 Кб
Скачать

18. Осман империясындағы реформалар дәуірін ашып көрсетіңіз

Сұлтан үкіметі мүлдем әлсіреп, еуропалықтарға тәуелділігі күшейе түсті. Империяны мүлдем күйреуден сақтап қалудың ең соңғы жолы тез арада реформа жүргізу керек болды. Бұл міндетті жаңадан таққа отырған түрік сұлтан III Селим атқарды. Ең бірінші кезекте елдің әскери күш қуатын сақтап қалу үшін әскери реформалар жүзеге асырылды. Тұрақты жаңа әскер қалыптастырылып, оны еуропалық үлгіде даярлауға көшірді, флотты қайта құрды.

Жаңа тұрақты әскердің құрылуы янычарлардың наразылығын тудырды. Олар өздерінің барлық жеңілдіктерінен айырылып қалудан қауіптенген еді.

Сөйтіп, янычарлар консервативтік топтардың реформалық әрекеттерге наразылығын қолдап, 1805 жылы бүлік жасайды. Көқтерлліліс еуропалық бөлікте басталып, одзан әрі Стамбулға тарады. Янычарлар көтерілісі салдарынан 1807 жылы III Селим тақтан кетіріліп, жазаға тартылды. Барлық реформалар жойылып, оны жақтаушылар жаззаландзы. Реформалық әрекеттер осылайша сәтсіздікпен аяқталды.

Осман империясында реформа жасау әрекеттерін жалғастыруды Румелиядағы билеуші Мұстафа паша Байрақтар қолға алды. Тақта отырған, жаңалық атаулыға жана қас, консервативтік пиғылдағы IV Мұстафа орнынан түсіріліп, сұлтан тағыына жас II Махмұт отырғызылды. Мұстафа Байрақтар өзі ұлы уәзір қызметіне ие болып, реформаларды жалғастыру әрекетіне кіріседі. Бірақ Мұстафа Байрақтар реформа жүргізуде үшінші Селим жолын қайталамауға тырысады. Ол феодалдарды сұлтан өкіметіне күшпен бағындырмай, Олардың Порта мен ірі әкімдер арасында бейбіт одақ құруға тырысады. Сол үшін белгілі ауқатты бай феодалдарды астанаға шақырып, олардың үкімет адамдарымен бірге реформалық жоспарларды талқылап, «одақтық келісімді» бекітуге үгіттейді. Байрақтардың бұл жоспары іске асырылған жоқ. Янычарлар тағы да бүлік ұйымдастырып, Байрақтарды өлтіреді, оның барлық реформалық әрекеттері жойылады.

Бұл реформалардың жеңіліске ұшырау себептиері оның тек іскерді ғана еуропалық үлгіде қайта құқрумен шектеліп, Осман империясының феодалдық негізін сақтап қалуынан еді. Реформалардың, негізінен, прогрессиві маңызы болды. Бұл шаралар түбінде әскери жүйенің ыдырауына әкелуі тиіс болатын. Бірақ Селим және оның жақтастары Осман империясының қөол астына бағынған халықтарды бұрынғыша езгіде ұстағысы келді. Бағындырылған халықтардың саяси, экономикалық, мәдени, діни жағдайларыменсанаспады. Бұл қлт азаттық көтерілістердің күшейіп, империядан бөлінудің етек алуына мәкелді. Сонымен қатар анадолыдағы жергілікті түріктердің жағдайы да қиындай түсті. Түрік сұлтаны халық бұқарасының әл ауқатын жақсартуға дәрменсіз болды.

19. Түркияда Конституциялық қозғалыстың пайда болу себептерін түсіндіріңіз

Танзимат реформаларына дейін мұсылман емес халықтар қосымша салықтар төлейтін және олар мемлекеттік қызметке алынбайтын. Еенді мұсылман емес, діні басқа халықтарды мұсылман түріктермен теңестіру ғасырлар бойы қалыптасып келе жатқан ата баба дәстүрін аяққа таптаву деп түсінген мұсылман халықтарының ашу ызасын, наралызылығын тудырды. Ал қоғамда реформалық әс әревкеттлерді одан әрі тереңдетуді қоштаған либералдық топ саудагерлер, кәсіпкерлер, еуропалық біліммен тәрбиеленгенг қызметкерлер мен әскерилер болды. Олар 1865 жылы «Жаңа османдар» дейтін жасырын ұйым құрды. Оныәң жеткешісі белгілі жазушы Намык Кемал болды. 1876 жылы бұл ұйымның күшімен либералдар сұлтан Абдул Азизді тақтан түсіреді. Сөйтіп, сұлтандық билікке II Абдул Хамид келді. Ол 1876 жылы жселтоқсанда конституцияны, екі палаталы парламентті бекітіп, азаматтардың негізгі құқықтары мен бостандықтарын жариялады.

Конституция мемлекеттік тіл түрік тяілі, мемлекеттік дін ислам діні деп жариялады. Конституцияның талаптарын толық сақтаған жағдайда сұлтанның билігіне заңды шек қоюға мүмкіндік туды. Мұны II Абдул Хамид жақсы түсінді және ол өзінің қол аяғын шырмаған конституция шеңберінде ғана шектеліп қалғысы келген жоқ. Сондықтан ол өзіне қолайсыз конституцияны жоюға 1877 1878 жылдардағы орыс түрік соғысын сылтау ретінде пайдаланды. Осы соғыста Осман Империясының жеңілуін себеп санаған сұлтан «жаңа османдарға» қарсы шығып, парламентті таратуға, конституцияны жоюға кіріседі. 1878 жылы ақпанда сұлтан парламентті таратып, елді жеке өзі билейтінін жария етеді. Конституция сөз жүзінде сақталып қалғандай болды, бірақ оның бірде бір бабы іске аспады.

Мұсылман емес халықтарды мұсылмандармен теңестіруге берген уәде жайына қалды. Өкімет ұлттық қозғалыстарды басыпжаныштауға көшті. 1894 жылы сұлтан билігіне қарсы шыққан армяндардың бас көтеруін басуға Кіші Азияның шығыс бөлігіне жазалау отряды жіберілді. Жазалаушылыар аяусыз әрекет етіп, бүкіл бір аудан тұрғындарын қырып салады. II Абдул Хамид сұлтан билеген ткезең тарихта зюлим деп аталып кетеді. «Жаңа османдардың» Осман империясын қайта құру әрекеттері сәтсіз аяқталады.

«Жаңа османдар» қозғалысы Түркия тарихындағы маңызлды кезең болды. Халық ағарту ісін дамыту, феодалдық абсолбттік билікке шек қою және шетел капиталының елді қанауын тежеу үшін күресе отырып, олар түрік қоғамында саяси сананың қалыптасуына жол ашты. Сонымен қатар олар қалық бұқарасынан, олардың түпкілікті мүддесінен алыс тұрды. «Османизм» идеясын ұсына отырып, Осман империясының құрамындағы барлық халықтарды дініне,тіліне, ұлтына қарамай бір халық деп санауы « Жаңа османдарды» ұлт азаттық қозғалысқа қарсы қойды, олар түрік емес халықтардыің қолдауына ие болған жоқ.

20.Мидхат-паша қызметін сипаттай отырып, 1876 жылғы конституцияның мәнін ашыңыз.

Мидхат-паша ( Ахмет 18.10.1822, Стамбұл – 10.4.1883, (кей деректерде 8.5.1884), Таиф – түріктің мемлекет қайраткері. Дунай (1864 – 68) және Бағдад (1869 – 72) уәлаяттарында генерал-губернатор, ұлы уәзір (1872), 1876 – 77), т.б. маңызды әкімшілік қызметтер атқарған. Бағынышты елдерге түрік үстемдігін сақтай отырып, Осман империясының экономикасы, саяси және мәдени артта қалушылығын жою бағытында реформалар жүргізуге тырысты. Осман Империясы – дүниедегі ең үлкен, ең ұзақ жасаған, жоғарғы мәдениеттің негізін қалаған, ең күшті мемлекеттік құрылымдарға ие болған Түрік-Ислам мемлекеті. Түрік және Ислам тарихының ең көркейген кезеңі Османдықтар дәуірінде болған. Олар ұлттық және Ислами ой-пікірлердің керемет үйлесімі, саяси тұрақтылық пен социалды әділеттігінің арқасында, үш құрлықтың ортасында және Жерорта теңізі қойнауында адамзат тарихындағы низамы алемнің (әлемдік тәртіптің) ең керемет тәрізде жүзеге асырушылары болған. Индонезиядан Испанияға, Қырымнан Йеменге және Германиядан Африканың орталығына дейінгі жерлердегі мұсылман халықтарына қамқорлық жасаған. Османдықтар адамгершіліктік қағидаларына негізделген жаһандық дәулетін құрған. Білімге, өнерге, мәдениетке және адамзатқа ғасырлар бойы пайдалы қызмет еткен.

Мидхат-паша “Жаңа османдар” қозғалысына қатысып, бірінші түрік конституциясының (23 желтоқсан, 1876) жариялануына қол жеткізді. Бірақ 1877 ж. ақпанда Абд ул-Хамид ІІ сұлтанның бұйрығы бойынша Еуропаға жіберілді. 1881 ж. Абд ул-Азиз сұлтанның өліміне (1876) байланысты жалған айып тағылып тұтқындалды, Таифке (Арабия) жер аударылды. Сол жерде Абд ул Хамид ІІ жіберген кісі өлтірушілердің қолынан қаза тапты.

70-жылдағы саяси дағдарыс және 1876 жылғы конституция

XIX ғасырдағы Осман империясының дағдарыс байқалды. Империяның барлық жерінде халықтардың наразылығы өсті. Иммиграцияда жүрген «жаңа османдар» іс-әрекетіжанданды олар конституция енгізу мен реформалар жүргізілуін талап етті. «Жаңа османдар» идеяларын бірқатар либералдық көңіл күйдегі шенеуліктер мен офицерлер қолдады.

Бірақ олар қайтадан қуғын-сүргінге ұшырады. Билеуші топтарда сенімсіздік пен қобалжу туды. ¦лы уәзірлер жиі-жиі ауысып отырды.

Балқандағы ұлт –азаттық көтерілістер күшейе түсті.1875 жылы халық көтерілістері Герцеговина артынан Босния да Болгария да бұрқ ете түсті. Елдегі өсіп келе жатқан наразылықты өзінен бұрып жіберген ұмтылған үкімет мұсылмандық фонатизм отын тұтатып, крестияндарға қарсы айдап салды. Осындай қақтығыстар кезінде Француз және неміс елшілері өлтірілді. Бұл оқиғаны батыс елдері Осман империясына қысым жасау үшін пайдаланды. Олар сұлтаннан Балқан жерінде реформа жүргізуді талап етті.Сұлтан бұған келісті.

Батыс елдерінің жетегінде кету түрік қоғамында наразылық тудырды. Дінбасылар мен помещиктер сұлтандар сыртқы саясаттағы сәтсіздіктері үшін айыпты деп санады. 1876 жылдың мамыр айында Стамбулда саудагерлер қолөнершілер мұсылман елдерінің оқушылары, сопылар қатысқан, құрамында 40 мыңға тарта адам бар үлкен шеру болды. Халықтың жаппай көтерілуінен қауіптенген «жаңа османдар» дінбасылар және феодалдармен одақтасып, сарай төңкерісін жасады. Олар тамыз айында конституция қабылдауға II Әбділ-Хамитті таққа отырғызды.

1987 жылғы желтоқсанда конституция қабылданды. Ол осман империясының конституциялық монархия деп жарияланды. 2 палаталы парламент құрылды . Депутаттар палатасы сайлаушылардың жоғары мүліктік цензіне қарай сайланды. Сенат мүшелерін сұлтан өзі мәңгілікке тағайындады. Құрамында христиандар да бар империяның барлық бодандары османдар деп жарияланды және заң алдында барлығы тең деп есептелді. Мемлекеттік тіл түрік тілі деп жарияланды . Ал діні ислам діні деп жарияланды. Коституция сұлтанның барлық билігін сақтап қалды. Оның жеке басына қол сұғылмайтын болды.

Шектеулі сипатына қарамастан 1876 жылғы түрік конституциясы прогрессивті қүжат болды. Буржуазия еркіндік жариялануы мен парламенттің құрылуы феодалдық –абсолюттік құрылысқа үлкен соққы болып тиді.

1877 жылы көктемде орыс түрік соғысы басталған кезде сұлтан белгісіз мерзімде парламентті таратты. Конституцияны жақтаушылар тұтқынға алынып елден қуылды. «Жаңа осман» көсемдерін жазалау басталды. Конституция өмір сүруін тоқтатты.