Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ВОСТОК.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
448.68 Кб
Скачать

17. Хvііі ғ. Екінші жартысындағы Осман империясы дағдарысының тереңдеу себептерін түсіндіріңіз

XVII-XVIII ғ Осман империясының қаржы жағдайы дағдарысқа ұшырады. Қазынаға түсетін салықтардың азаюы, шаруалар жағдайының нашарлауы мемлекеттің ақша қорын азайтты. Осман империясының басқа елдерден алған қарыздары өсіп, бар ауыртпалық қалықтың мойнына түсті. Империя халқының феодалдық езгіге, түрік сұлтандарының билігіне қарсы күресі күшейді.

Түрік үкіметі империядағы ауыр дағдарысты жою үшін бірқатар реформалықәрекеттер жасауға тырысқанымен, халықтың жағдайы түзелген жоқ.

Түрік сұлтандары Еуропа жақчтантөнген қауіпті сезіп, тез арада реформалық әрекеттер жасауға кіріседі. Осман империясында алғашқы мануфактура пайда болды, теңіз флоты, әскери кемелер, қару жарақтар жетіле түсті. Түркия Англиямен, Франциямен, Голландиямен сауда келісімдерін жасасты, Стамбулға француз инженерлері, мүсіншілзері, суретшілері шақырылды. 1729 жылы алғашқы мемлекеттік баспахан пайда болды. Түркияда философия, логика, тарих, әдебиет, география, медицина бойынша кітаптар, сондай ақ еуропалық авторлардың жасаған сөздіктері мен аударма шығармалары басылып шығңа бастады. Сұлтан үкіметі мүлдем әлсіреп, еуропалықтарға тәуелділігі күшейе түсті. Империяны мүлдем күйреуден сақтап қалудың ең соңғы жолы тез арада реформа жүргізу керек болды. Бұл міндетті жаңадан таққа отырған түрік сұлтан III Селим атқарды. Ең бірінші кезекте елдің әскери күш қуатын сақтап қалу үшін әскери реформалар жүзеге асырылды. Тұрақты жаңа әскер қалыптастырылып, оны еуропалық үлгіде даярлауға көшірді, флотты қайта құрды.

Жаңа тұрақты әскердің құрылуы янычарлардың наразылығын тудырды. Олар өздерінің барлық жеңілдіктерінен айырылып қалудан қауіптенген еді.

Сөйтіп, янычарлар консервативтік топтардың реформалық әрекеттерге наразылығын қолдап, 1805 жылы бүлік жасайды. Көқтерлліліс еуропалық бөлікте басталып, одзан әрі Стамбулға тарады. Янычарлар көтерілісі салдарынан 1807 жылы III Селим тақтан кетіріліп, жазаға тартылды. Барлық реформалар жойылып, оны жақтаушылар жаззаландзы. Реформалық әрекеттер осылайша сәтсіздікпен аяқталды.

Осман империясында реформа жасау әрекеттерін жалғастыруды Румелиядағы билеуші Мұстафа паша Байрақтар қолға алды. Тақта отырған, жаңалық атаулыға жана қас, консервативтік пиғылдағы IV Мұстафа орнынан түсіріліп, сұлтан тағыына жас II Махмұт отырғызылды. Мұстафа Байрақтар өзі ұлы уәзір қызметіне ие болып, реформаларды жалғастыру әрекетіне кіріседі. Бірақ Мұстафа Байрақтар реформа жүргізуде үшінші Селим жолын қайталамауға тырысады. Ол феодалдарды сұлтан өкіметіне күшпен бағындырмай, Олардың Порта мен ірі әкімдер арасында бейбіт одақ құруға тырысады. Сол үшін белгілі ауқатты бай феодалдарды астанаға шақырып, олардың үкімет адамдарымен бірге реформалық жоспарларды талқылап, «одақтық келісімді» бекітуге үгіттейді. Байрақтардың бұл жоспары іске асырылған жоқ. Янычарлар тағы да бүлік ұйымдастырып, Байрақтарды өлтіреді, оның барлық реформалық әрекеттері жойылады.

Бұл реформалардың жеңіліске ұшырау себептиері оның тек іскерді ғана еуропалық үлгіде қайта құқрумен шектеліп, Осман империясының феодалдық негізін сақтап қалуынан еді. Реформалардың, негізінен, прогрессиві маңызы болды. Бұл шаралар түбінде әскери жүйенің ыдырауына әкелуі тиіс болатын. Бірақ Селим және оның жақтастары Осман империясының қөол астына бағынған халықтарды бұрынғыша езгіде ұстағысы келді. Бағындырылған халықтардың саяси, экономикалық, мәдени, діни жағдайларыменсанаспады. Бұл қлт азаттық көтерілістердің күшейіп, империядан бөлінудің етек алуына мәкелді. Сонымен қатар анадолыдағы жергілікті түріктердің жағдайы да қиындай түсті. Түрік сұлтаны халық бұқарасының әл ауқатын жақсартуға дәрменсіз болды.