
- •1.Үндістанды ағылшындардың жаулап алуын сипаттаңыз
- •2.Отарлық басқыншылықтардың «технологияларын» талдаңыз
- •3.Үнді өркениетінің басты белгілерін атап беріңіз
- •4.Хіх ғ. 80-90-шы жж. Қытай қатынасының Еуропалық елдермен қатынасын сипаттаңыз
- •5. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Қытайдың әлеуметтік-экономикалық және ішкі саяси жағдайын ашып беріңіз
- •7) Қытай қоғамының өркениеттік ерекшеліктерін талдаңыз
- •8) Цин династиясы (хvіі ғ. Ортасы – хіх ғ. Ортасы) билігіндегі Қытайдың әлеуметтік-экономикалық жағдайын ашып көрсетіңіз
- •9. Өзін-өзі күшейту саясаты және хіх ғ. Екінші жартысында Қытайда жартылай отарлық тәртіптің қалыптасу себептерін сипаттаңыз
- •10.Хvii-XVIII ғғ. Жапонияның әлеуметтік-экономикалық жағдайын сипаттаңыз
- •11.Мейдзи-син революциясы
- •12. Жапониядағы модернизация үдерісінің қайшылықтарын атап беріңіз
- •13. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін Жапония қосып алған территориялық иеліктерді атаңыз
- •14. Модернизацияның жапондық моделін сипаттаңыз.
- •15. Хvіі ғ. Екінші жартысы – хvііі ғ. Бірінші жартысындағы Осман империясының әлеуметтік-саяси жағдайын сараптаңыз
- •16. Хvіі ғ. Екінші жартысы – хvііі ғ. Бірінші жартысындағы Осман империясының сыртқы саяси жағдайын талдаңыз
- •17. Хvііі ғ. Екінші жартысындағы Осман империясы дағдарысының тереңдеу себептерін түсіндіріңіз
- •18. Осман империясындағы реформалар дәуірін ашып көрсетіңіз
- •19. Түркияда Конституциялық қозғалыстың пайда болу себептерін түсіндіріңіз
- •21.Хіх ғ. Соңы – хх ғ. Басындағы Осман империясының сырқы саяси жағдайын талдаңыз
- •22.Бірінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Түркияның әлеуметтік-экономикалық және ішкі саяси жағдайын сараптаңыз
- •23.Бірінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Түркияның сыртқы саяси жағдайын сипаттаңыз
- •24.Жаңа замандағы Шығыс елдерінің модернизациясы мәселесін нақтылаңыз
- •25.Шығыстағы ұлт-азаттық қозғалыстың қозғаушы күштерін сипаттаңыз
- •26.Шығыстағы модернизация теориясын анықтай отырып, оның түрлерін ашып көрсетіңіз
- •27.Шығыста ұлттық идеялар қалыптасуының қайнар көздері мен жергілікті нұсқаларын баяндаңыз
- •34. Отарлық жүйе дағдарысының бастамасын ашып көрсетіңіз
- •35. Шығыс елдерінің 1918-1945 жж. Дамуының негізгі бағыттарын атаңыз
- •36. Соғыстан кейінгі әлемді қайта құрудың Версаль-Вашингтон жүйесін сипаттаңыз
- •37. Хх ғасырдың 40-60 жж. Шығыста ұлттық мемлекеттердің пайда болу үдерісіне баға беріңіз
- •38. Араб әлеміндегі ұлт-азаттық қозғалыстың нәтижелерін баяндаңыз
- •39.Египет пен Ирактағы антибритандық күрестің жаңа формаларын атап беріңіз
- •40. Сирия мен Мароккодағы антифранцуздық күрестің нәтижелерін сипаттаңыз
- •42.Принциптер Дкларациясының қабылдануының (Вашингтон, 13 қыркүйек 1993 ж.) маңызын көрсетіңіз
- •44.А. Шаронның Храм тауына сапары және 2-ші интифаданың басталуын (2000 ж.) баяндаңыз
- •46 «Фатх» пен «Хамас» арасындағы қарама-қайшылықты атап беріңіз
- •48. Шығыс елдеріндегі жаһандық мәселелерді атаңыз
- •51. Араб елдеріндегі дипломатиялық өкілдік басшылары және олардың функцияларын ашып көрсетіңіз
- •53. Қытай Сыртқы істер министрлігіндегі экономикалық және саяси департаменттерды сипаттаңыз
- •54. Қытай дипломатиясының келіссөздік арсеналын баяндаңыз
- •55Қытайдың Қазақстандағы экономикалық және саяси мүдделерін ашып беріңіз Қытай мен Қазақстанның байланысы
- •Сауда қатынасы мен статистика
- •ҚазақстанныңҚытаймен тауар айналымы
- •56 Араб мемлекеттері Лигасы (амл) қалыптасу кезеңін рөлі мен міндеттерін, мүшелік принциптері мен құзіреттілігін, Ұйымның қазіргі кезеңдегі аймақтық үдерістердегі рөлін сипаттаңыз
- •Алматы қаласында (1999 жылғы мамыр) Парсы шығанағындағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастығы кеңесіне (пшамык) мүше елдердің бірінші сауда көрмесіне қатысушы фирмаларға кедендік жеңілдіктер беру туралы
- •Қазақстанмен қатынастары
1.Үндістанды ағылшындардың жаулап алуын сипаттаңыз
15 ғасырдың соңында Үндістанда алғашқы еуропа отаршылар — португалдар пайда болды. 16 ғасырдың 1-жартысында олар теңіз жағалауларындағы бірқатар пункттерге (Гоа, Даман және Диу, т.б.) бекініп, Үндістанның теңіз саудасына бақылау орнатты және басып алынған аумақтағы халықты отаршылдық езгіге түсірді. Ал солтүстік Үндістанды Ұлы Моғолдар империясы біріктірді (қ. Моғолдар әулеті, Бабыр).17 ғасырдың бас кезінде Үндістанда ағылшындық Ост-Үндістан мен голландтық Біріккен Ост-Үндістан компаниясы (1600, 1602 жылы құрылған) түрінде еур. сауда капиталы пайда болды. Олар португалдардан Үндістанмен теңіз саудасын жүргізу монополиясын тартып алып, елде факториялар сала бастады (Үндістандағы бірінші ағылшын факториясы 1613 жылы Суратта пайда болды). 17 ғасырдың 2-жартысында француздық Ост-Үндістан компаниясының (1664 жылы құрылған) сауда факториялары ашылды. Үнді көпестерінің көмегімен ағылшындар, голландықтар мен француздар үнді өндірісінің тауарларын сатып алып, оларды Еуропаға ғана емес,Иран, Индонезия, Жапония, Қытай, т.б. елдерге жеткізді. Ұлы Моғолдар империясы билеушілерінің арасындағы өзара үздіксіз жүргізілген тақ таласы ағылшын және француз Ост-Үндістан компанияларының Үндістанға сауда экспансиясымен қатар әскери экспансияға да көшуіне қолайлы жағдайлар туғызды. Ұлыбритания менФранция Үндістан рыногы үшін өзара күрес жүргізді. 1746 — 1763 жылдары үздіксіз жүргізілген соғыстың нәтижесінде Оңтүстік Үндістанда ағылшындар өз қарсыластарын толық талқандап, Бенгалияны жаулап алды, Карнатик пен Аудты тәуелділікке түсірді. 1767 — 1799 жылдары Оңтүстік Үндістанның елеулі бөлігі ағылшындық Ост-Үндістан компаниясының иеліктеріне қосылды. Майсур, Хайдарабад шекараларына ығыстырылған ұсақ князьдіктер ағылшын бодандығын мойындады. Делиден айрылған (1803)Ұлы Моғолдар империясы ағылшындық Ост-Үндістан компаниясына бағынышты болды. 1775 — 1818 жылдары ағылшын отаршылдары Пешва мемлекетін жойды, 1814— 1826 жылдары Гималай тауларының оңтүстік баурайы мен Ассам, 1843 жылы Синд, 1845 — 1849 жылдары Пенджаб қосылып алынды. Ағылшындардың отаршылдығы Үндістанның экономикалық және әлеуметтік дамуына кері әсер етті. Үнді қолөнері бұйымдарын төмен бағалармен сатып алу мен оларды Еуропа рыноктарында сату — отарлық қанаудың қайнар көздерінің бірі болды. Ұлыбритания билеуші топтарының арасында Үндістанды отарлық езгіге түсіруге ұмтылушылық жолындағы күрес Ост-Үндістан компаниясын ағылшын парламентінің бақылауына алатын заң қабылдаумен аяқталды (1773). 1774 жылы Үндістанда ағылшын генерал-губернаторы тағайындалды. 1813 жылы Ост-Үндістан компаниясы Үндістанмен сауда жүргізу монополиясынан айрылып, 1833 жылы сауда ұйымы ретінде жойылды. Үндістанға ағылшын өнеркәсіптік бұйымдары әкелініп, жергілікті ауыл шаруашылық шикізатын метрополияға тасу басталды.
Үндістан біртіндеп Ұлыбританияның аграрлы-шикізаттық отарына айналды. Отарлық езгі Үндістан халқының қарсылығын туғызды. 18 ғасырдың 70-жылдарынан бастап елдің әр түрлі аймақтарында ұлт-азаттық көтерілістері басталды. Отаршылдыққа қарсы жаппай қозғалыс діни формаларға да ие болды (саньяси, уаххабшылар). Алғашқы үнді саяси ұйымдары пайда болды. Ағылшын капиталы экспорт пен импортты, ішкі сауданың бір бөлігін сауда үйлері мен банкілер жүйесі арқылы бақылап отырды. Темір жолдар және суландыру жүйелері салынып, шай плантацияларының негізі қаланды. 19 ғасырдың ортасынан бастап Үндістан ұлттық қозғалысы күшейді. Отарлық езгіге қарсы, әсіресе, Джамна-Ганг өзен аралығы мен Бенгалияның халқы қатты қарсылық көрсетті (1857 — 1859). Ол елдің орталығын да қамтыды. Көтерілістен кейін 1858жылы Үндістан британ тағының тікелей бақылауына көшті . 1855 жылы Бомбейде үнді ұлттық идеяларының ортылығы ретінде Үндістан ұлттық конгресі құрылды. 1909жылы үнділіктер заң шығару кеңесі мүшелерін сайлау құқығына ие болды.Бірақ жергілікті халық үнділер және мұсылмандар болып екіге бөлінді.1920 — 1922 жылдары Мохандас Карамчанд Ганди Үнді ұлттық конгресіне басшылық жасап, азаматтық бағынбау науқанын басқарды. Бұл науқанның негізгі мақсаты — өзін-өзі толық басқару құқықтарын талап ету еді. 1935 жылы “Үнді актісі” бойынша үнділіктерге федералдық заң шығарушы органдарды басқару құқығы берілді, бірақ қорғаныс пен халықар. қатынастар мәселесі вице-король әкімшілігінің қарауында қалдырылды. 1940 жылы Мұсылман лигасы Үндістанды әр түрлі діндердің өкілдері көп орналасқан аумақтардың шекаралары бойынша бөлшектеуді талап етті. 1947 жылы үздіксіз қанды қақтығыстардан соң британдық Үндістан екі тәуелсіз доминионға — Үнді одағы (индуистер) мен Пәкстанға (мұсылмандар) бөлінді. Тәуелсіз Үндістанның бірінші премьер-министрі болып Үнді ұлттық конгресі партиясының өкілі Джавахарлал Неру сайланды. 1950 жылы Үнді одағысіз Үндістан Британ достастығы құрамындағы Үндістан Республикасына айналды.