Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
салық.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
210.99 Кб
Скачать

Швейцарияның салық жүйесі

Швейцарияның құрамында конфедерация ,26 кантон, 300-нан астам муниципалитет бар. Кантондар дербес әкімшілік аумақтық бірлік болып саналса, муниципалды автономияның дәрежесі кантон заңнамасымен анықталады. Конституцияда салық салудың үйлесімділігінің екі типі қарастырылған:

А. Вертикалды, яғни конфедерация, кантон, муниципалитеттер үшін;

В. Горизонталды, яғни кантондар, муниципалитеттерарасында.

Швейцарияның федерализм қағидасына сәйкес, елде үш деңгейлі салық салу жүйесі қызмет етеді. Салықтарды конфедералдық Үкімет, кантондар мен жергілікті билік органдары алады.

Швейцариядағы салықтардың негізгі түрлеріне: Заңды тұлғалардың пайдасы мен капиталына салынатын салық; Жеке тұлғалардың табысы мен таза активтеріне салынатын салық; Қосылған құнға салынатын салық; Жылжымайтын мүліктің құн өсімінен алынатын салық; Лотореядан алынатын салық; Мұра мен сыйға салынатын салық; Меншік құнының өтуіне салынатын салық және т.б.жатады.

Австрияның салық жүйесі

Австрияның салық жүйесі Германияның салық жүйесіне ұқсас. Корпорация табысына салынатын салық 34 пайыздық ставкамен алынады. Шетелдік корпорациялармен бірігіп, жұмыс жасайтын компанияларға арнайы салық жеңілдігі беріледі. Қосылған құнға салынатын салық азық-түлік, дәрі-дәрмек, кітап-журнал өнімдеріне төмендетілген 10 пайыздық ставкамен, ал бұдан басқаларына 20 пайыздық ставкамен салынады. Холдингке біріккен және біртұтас салық төлеуші ретінде тіркелген компаниялар тобы ішіндегі айналымға қосылған құнға салынатын салық салынбайды.

Жеке тұлғалардың табысына салынатын салық 10-50 пайыз аралығындағы прогрессивтік ставкамен алынады. Салық салу барысында жылдық жиынтық табыстан әрбір баласына, жұмыссыз жолдасына шегерімдер жасалады.

Нидерландияның салық жүйесі

Нидерландияда федералдық салықтардың маңызы зор. Мемлекеттік бюджетке шоғырландырылған олар вертикалды түрде субсидия және субвенция нысанында қайта бөлінеді. Жергілікті салықтардың үлкен қалалардың бюджетіндегі үлесі орта есеппен 10-12 пайыз мөлшерінде ғана. Жергілікті бюджетке түсетін мүлікке салынатын салықты меншік иелері мен жалға алушылар төлейді. Бұдан басқа жергілікті деңгейде турист салығы, үй жануарларын ұстау салығы және т.б. алынады. Жергілікті бюджеттің негізгі кіріс көзін үкімет субсидиялары мен мен субвенциялары құрайды. Жергілікті қорға түскеннен кейін олар қала бургомистрының шешіміміен жұмсалады.

Корпорация табысына салынатын салық 35 пайыздық ставкамен, қосылған құнға салынатын салық 19 пайыздық ставкамен алынады.

Данияның салық жүйесі

Скандинавия елдерінде өте жоғары ставкалы салықтар жұмыс жасайды. Мысал ретінде өнеркәсібі жоғары дамыған Данияның салық жүйесін зерделеп көрейік. Көптеген нарықтық экономикалы елдердегі сияқты Данияның мемлекеттік бюджетінің кірісі: Жеке тұлғаларға салынатын табыс салығы; Қосылған құнға салынатын салық; Акциздер; Корпорация табысына салынатын салық; Мүлікке салынатын салық тәрізді көптеген салықтардан тұрады.

Соның ішіндегі ең бастыларының бірі табыс салығы болып табылады. Ол өз кезегінде екіге бөлінеді:

А) федералдық;

Ә) жергілікті салықтар.

Федералдық салықтар 22-40 пайыз аралығындағы прогрессивтік шкаламен алынады. Жергілікті салық біртұтас 30 пайыздық ставкамен алынады. Демек, жалпы табыс салығының ставкасы орта есеппен 52-70 пайыз аралығында. Егер салық төлеушінің жеке меншігінде үйі болса, онда үйдің соңғы нарықтық құнының 2,5 пайызы салық салу мақсатында табысқа қосылады.

Қосылған құнға салынатын салық 25 пайыздық ставкамен алынады. Бұл әлемдік деңгеймен салыстырғанда өте жоғарғы ставка болып саналады.

Корпорация пайдасына салынатын салық 34 пайыздық ставкамен алынады. Акциздер алкоголь және темекі өнімдеріне, бензинге, жеңіл автокөліктерге салынады. Салық ставкасы өнім түріне байланысты өзгеріп отырады. Экспорт операциялары қосылған құнға салынатын салық пен акцизден босатылған. Әлеуметтік сақтандыруға салынатын салық еңбек ақы қорынан 3 пайыз мөлшерінде төленеді. Оның 2/3 бөлігін жұмыс беруші, ал 1/3 бөлігін жұмыскер төлейді. Мүлікке салынатын салықты жергілікті билік органдары бекітеді. Салық ставкасының жоғарғы және төменгі шегін 0,6-5 пайыз мөлшерінде мемлекет тағайындайды. Салық ставкалары заңды және жеке тұлғаларға ортақ болып келеді.