- •1. Салықтардың пайда болу тарихына тоқталыңыз.
- •15. Халықаралық салық келісімдерін ашып көрсетіңіз.
- •21. Канаданың салықтарын жіктеңіз
- •22. Ұлыбританияның салық жүйесінің пайда болуы мен қалыптасу кезеңдеріне тоқталыңыз
- •23. Ұлыбританияның салық жүйесін талдаңыз және даму ерекшеліктеріне тоқталыңыз
- •24. Ұлыбританияның салықтарын жіктеңіз
- •25. Германияның салық жүйесінің пайда болуы мен қалыптасу кезеңдерін ашып көрсетіңіз
- •26. Германияның салық жүйесін талдаңыз және даму ерекшеліктеріне тоқталыңыз
- •27. Германияның салықтарын жіктеңіз
- •28. Еуропаның жекелеген елінің салық жүйесін түсіндіріңіз
- •Швейцарияның салық жүйесі
- •Австрияның салық жүйесі
- •Нидерландияның салық жүйесі
- •Данияның салық жүйесі
- •Испанияның салық жүйесі
- •29. Францияның салық жүйесін талдаңыз және даму ерекшеліктеріне тоқталыңыз
- •30. Франция салықтарын жіктеңіз
- •31. Италияның салық жүйесінің пайда болуы мен қалыптасу кезеңдерін ашып көрсетіңіз
- •32. Италияның салық жүйесін талдаңыз және даму ерекшеліктеріне тоқталыңыз
- •33. Италияның салықтарын жіктеңіз
- •34. Швецияның салық жұйесінің пайда болуы мен қалыптасу кезеңдерін ашып көрсетіңіз
- •35. Швецияның салық жүйесін талдаңыз және даму ерекшеліктеріне тоқталыңыз
- •36. Швецияның салықтарын жіктеңіз
- •37. Швейцарияның салық жүйесінің пайда болуы мен қалыптасу кезеңдерін ашып көрсетіңіз
- •38. Швейцарияның салық жүйесін талдаңыз және даму ерекшеліктеріне тоқталыңыз
- •39. Швейцарияның салықтарын жіктеңіз
- •40. Австрияның салық жүйесінің пайда болуы мен қалыптасу кезеңдерін ашып көрсетіңіз
- •41. Австрияның салықтарын жіктеңіз
- •42.Нидерландияның салық жүйесінің пайда болуы мен қалыптасу кезеңдерін ашып көрсетіңіз
- •43.Нидерландияның салықтарын жіктеңіз
- •44.Азияның жекелеген елінің салық жүйесін түсіндіріңіз
- •45.Данияның cалық жүйесін түсіндіріңіз
- •46. Испанияның салық жүйесінің пайда болуы мен қалыптасу кезеңдерін ашып көрсетіңіз
- •47. Испанияның салықтарын жіктеңіз
- •47.Жапонияның салық жүйесінің пайда болуы мен қалыптасу кезеңдерін ашып көрсетіңіз
- •49. Жапонияның салық жүйесін талдаңыз және даму ерекшеліктеріне тоқталыңыз
- •50.Жапонияның салықтарын жіктеңіз
- •51. Ресейдің салық жүйесінің пайда болуы мен қалыптасу кезеңдерін ашып көрсетіңіз
- •52.Ресейдің салық жүйесін талдаңыз және даму ерекшеліктеріне тоқталыңыз
- •52.Ресейдің салық жүйесін талдаңыз және даму ерекшеліктеріне тоқталыңыз
- •54. Белоруссияның салық жүйесінің пайда болуы мен қалыптасу кезеңдерін ашып көрсетіңіз
- •55. Белоруссияның салық жүйесін талдаңыз және даму ерекшеліктеріне тоқталыңыз
- •56. Белоруссияның салықтарын жіктеңіз
- •57. Қазақстанның салық жүйесінің пайда болуы мен қалыптасу кезеңдерін ашып көрсетіңіз
- •58. Қазақстанның салық жүйесін талдаңыз және даму ерекшеліктеріне тоқталыңыз
- •59.Қазақстанның салықтарын жіктеңіз
- •60. Тмд мемлекеттерімен қр-ның салық салу жүйесінің сыртқы экономикалық қатынастағы рөлін анықтаңыздар
30. Франция салықтарын жіктеңіз
Елдің салық жүйесі негізінен жанама салыққа басым көңіл бөледі. Қосылған құнға салынатын салық 1954 жылы Францияда енгізілгені бәрімізге мәлім. Қосылған құн салығын төлеу салық төлеушінің қаржылық жағдайына байланысты емес, жасалған операцияның сипатына байланысты анықталады. Салық салу объектісі болып тауар немесе қызметтің сату бағасы болып табылады. Бұған бөлшек сауда бағасынан басқа, алым, баж сомалары да кіреді. Негізгі салық ставкасы – 18,5 пайыз. Автокөлік, кинотауарлары, темекі бұйымдары, парфюмерия, бағалы былғары өнімдеріне 22 пайыздық жоғарылатылған ставка қолданылады. Азық-түлік және ауылшаруашылық өнімдеріне, кітап, дәрі-дәрмектерге, сондай-ақ туристік және қонақ үй, жүк және көлік тасымалы қызметтеріне 5,5 пайыздық төмендетілген ставка қолданылады. Аталмыш салық бойынша жекелеген салық жеңілдіктері қарастырылған. Экспорт операциялары қосылған құнға салынатын салықтан босатылған. Экспорт операциясын жасаған және қосылған құнға салынатын салықты төлеп қойған тұлғаның қосылған құн салығын өтеу құқығы бар. Әкімшілік, әлеуметтік, тәрбие, мәдени және спорт саласында жұмыс жасайтын мемлекеттік мекемелер, ауылшаруашылық өндірісі, жеке білім беру, емдеу, рухани салада қызмет көрсететін тұлғалар қосылған құнға салынатын салықтан босатылған. Қосылған құнға салынатын салық ай сайын декларация негізінде бюджетке төленеді. Сондай-ақ тауар айналымының көлеміне байланысты тоқсандық, жылдық салық төлеу кезеңдері де заң бойынша қарастырылған.
Корпорация пайдасына салынатын салықты барлық заңды тұлғалар ұйымдық-құқықтық нысанына тәуелсіз төлейді. Негізгі салық ставкасы – 34 пайыз.
Жеке тұлғалардың табысына салынатын салықтың мемлекеттік бюджеттегі үлесі орта есеппен 18-20 пайыз аралығында. Францияның 18 жасқа толған барлық азаматы салық жауапкершілігіне тартылады.
Бағалы қағаздармен жасалған операциялардан алынған пайдаға салық 16 пайыздық ставкамен салынады.
Франция бюджетінің кіріс көзін құрауда меншікке салынаты салықтар елеулі орын алады. Меншікке салынатын салықтарға мүлік салығы, еңбекақыдан ұсталатын әлеуметтік салық, көлік құралдарына салынатын салық, тіркеу және елтаңбалық алымдар, баждар жатады.
Мүлік бойынша салық салуға мүліктер, мүлік құқығы, бағалы қағаздар жатады.
Мүлікке салынатын салық 0-1,5 пайыз аралығындағы прогрессивтік шкаламен салынады.
Көлік құралдарына салынатын салықты жеке меншігінде көліктері бар тұлғалар төлейді. Салық ставкасы көліктің санына, двигателінің қуатына байланысты анықталады.
Франция салық жүйесінде жергілікті салықтардың алатын орны зор. Францияның жергілікті органдарына 80 мыңнан астам дербес бюджет (коммуна, департамент, аймақ, т.б.) жатады. Жергілікті билік органдары экономикалық өмірдің маңызды субъектіері болып табылады.
31. Италияның салық жүйесінің пайда болуы мен қалыптасу кезеңдерін ашып көрсетіңіз
Көптеген дамыған елдердегі сияқты мемлекеттік кірістің негізгі көзі болып салықтар саналынады . қазіргі кездегі қолданыстағы салық жүйесі қаржыны мемлекеттік реттеуді дамытудың нәтижесінде соңғы жиырма жылда қалыптасты. Салық салу саласындағы көптеген өзгерістен осы елдің Еуропалық экономикалық қауымдастыққа енгеннен кейін пайда болды.
Қазіргі кезде Италия салық жүйесі икемді құрылымы бар тікелей және жанама салықтардан тұрады. Тікелей салықтарға заңды және жеке тұлғалардан алынатын табыс салықтары жатады.
Салықтардың алыну тәсіліне байланысты былай сыныптауға болады:
- салықтарды бюджетке тікелей аудару;
- салықтарды төлем көзінен ұстау;
- салықтарды салық тізімі негізінде алу.
Бірінші тәсіл негізінде салық төлеуші салықты өзі есептеп, бюджетке тікелей өзі аударады.
Салықтарды төлем көзінен ұстау біздің еліміздегі қолданыстағы тәсіл сияқты.
Егер салық төлеуші алдыңғы екі тәсілмен салық төлемеген жағдайда салықтар салық тізімі негізінде алынады. Салық тізімін жергілікті салық бюросының қызметкерлері округтық салық басқармасының мәліметі негізінде толтырады. Салық төлеушіні салық тізіміне енгізбестен бұрын оған жазбаша ескерту жіберіледі. Егер ескерту жауапсыз қалған жағдайда салық тізімі құрылады. Бұл тізім негізінде салық төлеген жағдайда төленуі тиіс салықтармен бірге, айып, өсім есептеліп салық төлеушіге екінші қайтара ескерту жіберіледі. Бұл жағдайда да салық төлеуші жауапсыз қалса, мүлкі тәркіленіп, ашық аукционда сатылады. Италия салық заңнамасына сәйкес, декларацияны дұрыс толтырмаған, бухгалтерлік жазу ережесін бұзған, жазбаша түрде жалған операциялар жүргізген, табысын төмендетіп көрсеткен салық төлеушілерге ісін сотқа беру, бас бостандығынан айыруға дейін баратын қатаң салықтық жазалау шаралары қолданылады.
