Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
салық.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
210.99 Кб
Скачать

27. Германияның салықтарын жіктеңіз

Қазіргі кезде Германия салық жүйесі салықтардың 50 түрін белгілеген. Біріккен мемлекеттік бюджетке түсетін барлық салықтарды екі топқа топтастыруға болады:

  • меншікті салықтар;

  • біріккен салықтар.

Жеке тұлғалардың табыс салығы азаматтығынан тәуелсіз барлық жеке тұлғалардан алынады. Салық салу барысында басты назар салық төлеушінің тұрғылықты мекеніне аударылады.

Салық төлеушілер қызмет түріне байланысты бірнеше категорияға бөлінеді. Атап айтқанда:

  • жалғыз басты салық төлеушілер;

  • ажырасқандар, бірақ асырауында баласы бар салық төлеушілер,

  • ерлі-зайыптылар, әрі олардың әрқайсысы салықты бөлек өз алдына төлесе;

  • салықты бірге төлейтін ерлі-зайыптылар;

  • бірнеше жерде жұмыс жасайтын салық төлеушілер.

Мұра мен сыйға салынатын салық әрбір мұрагердің үлесінен алынады. Салық салу барысында мұрагерлер төрт разрядқа бөлінеді. Негізінде салық ставкасы мүліктің құнына және туыстық деңгейіне байланысты 7-50 пайыз аралығындағы.

Қазіргі кездегі қолданыстағы корпорация табысына салынатын салық 1977 жылғы салық реформасы нәтижесінде енгізілді.

Салық ставкасы- 40 пайыз. Салық тоқсан сайын бірдей үлеспен бөлініп, төленеді. Жыл соңында салық декларациясы негізінде бюджетпен толық есеп айырысу жүргізіледі. Корпорациялық салық бойынша декларация салық органына есепті жылдан кейінгі жылдығ 31 –ші мамырына дейін тапсырылады.

Капиталдан алынған табысқа салық табыс салығының бір түрі болып табылады және капитал бойынша табыс алған кезде төленеді.

Қосылған құнға салынатын салық Германиядағы негізгі салықтардың бірі болып саналады. Бюджет кірісіндегі үлесі 28-30 пайызға жуық. Салық салу объектісі болып айналым саналады.

Акциздер кофеге,қантқа, минералды майға,сырада,арақ-шарап және темекі өнімдеріне және т.б. қолданылады. Бұл салық негізінен федералдық бюджетке түседі, ал сырадан алынатын акциз сомасы жерлердің бюджетіне түседі.

Автокөлікке салынатын салық негізгі екі факторға тәуелді болып келеді:цилиндр көлеміне,яғни двигатель қуатына және катализатордың болуына. Катализатормен жарақтандырылған көліктерге төмендетілген салық ставкалары колданылады

28. Еуропаның жекелеген елінің салық жүйесін түсіндіріңіз

ШВЕЦИЯНЫҢ САЛЫҚ ЖҮЙЕСІ

Швецияда жергілікті билік органы екі деңгейлі болып келеді. Ел құрамында 24 лэн мен 284 коммуна кіреді. Салық түрлерінрикстаг, ал оның ставкаларын лэн мен коммуналар бекітеді.

Швецияның салық жүйесіндегі негізгі салық түрлеріне: азаматтардан алынатын табыс салығы; компаниялардан алынатын табыс салығы; қосылған құнға салынатын салық; мұра мен сыйға салынатын салық; акцияздер; елтанбалық алым; әлеуметтік сақтандыруға жарна; т.б. салықтар жатады.

Әкімшілік – аумақтық бөлінуге сәйкес табыс салығы екі деңгейде алынады:

а) ұлттық табыс салығы біртұтас 20 пайыздық ставкамен алынады;

ә) жергілікті табыс салығы әр аумақта әр түрлі болып келеді. Орташа есеппен лэн – 13, коммуна – 17, шіркеу – 1,1 пайыздық ставкамен салықтарын төлейді.

Салық салу мақсатында азаматтардың табысы үш топқа бөліп қарастырылады:

  • жалдамалы жұмыстан тапқан табыстары;

  • коммерциялық қызметтен алған табыстары;

Салық кезеңі 31 – ші желтоқсанда аяқталады. Салық декларациясы есепті жылдан кейінгі жылдың 15 – ші ақпанына дейін тапсырылуы керек.

Салық салу саласындағы халықаралық ынтымақтастықта Швеция дүние жүзіндегі жетекші орында. Швеция көптеген елдермен мұра мен сыйға салынатын салықты, табыс салығын реттеуде халықаралық конвенцияларға ие.