Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
салық.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
210.99 Кб
Скачать

58. Қазақстанның салық жүйесін талдаңыз және даму ерекшеліктеріне тоқталыңыз

1995 жылдың 24 сәуірінде қабылданған ҚР Президентінің «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» заң күші бар жарлығы салық жүйесіне оңтайлы өзгерістер енгізді. Олардың қатарына қолданылып келген салықтар мен салықтар мен алымдар санының 46-дан 11-ге қысқартылуы, салық салу принциптерінің дүниежүзілік тәжірибеге сай өзгертілуі, халықаралық салық салу тәртібінің енгізілуі, салықтардың нышанына, белгілеріне қарай топталуы, сонымен қатар бұл құжаттың көптеген заңдармен тығыз байланыстылығы, салықтық әкімшіліктің жаңа ережелерінің енгізілуі салық жүйесіндегі басқа да түбегейлі өзгерістер жатады. Әрине мемлекттің нарықтық экономикалық қатынас талабына сай дамуы жағдайында салық жүйесінің бір орында, өзгеріссіз қалуы мүмкін емес. Алайда қысқа уақыт аралығында қабылданған шексіз өзгерістер мен толықтырулардың енгізілуі нәтижесі оның әлі де болса жетілмегендігін көрсетеді.

Бүгінгі күні республикада салық заңдарының барлық негізгі кемшіліктері ескерілген, әрі жетілдірілген жаңа Салық кодексі дайындалып, 2001 жылдың 12 маусымында қабылданды.

Уақыт ағымының әсеріне, заман талабына сай қабылданған Салық кодексінде келесідей мәселелерді шешуге басты назар аударылған.

Біріншіден , барлық шаруашылық субъектілеріне салықтандырудың тең жағдайын жасау.

Екіншіден , кейбір жекелеген категориядағы салық төлеушілерге берілген жеңілдіктерді жою арқылы салық жүктемесін жеңілдету.

Үшіншіден , салық заңдылығы жөніндегі барлық ережелер мен нормаларды тікелей қызмет ететін заң мөлшерінде біріктіру.

Төртіншіден, салық заңдылығының тұрақтылығын қамтамасыз ету.

Салық кодексі 2002 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді. Ол салық салудың ойластырылған құқықтық негізін құрудың түпкілікті міндетін шешуге бағытталған.

59.Қазақстанның салықтарын жіктеңіз

Қазақстан Республикасының салықтарның, салық сипатындағы алымдардың тізбесі мыналарды қамтиды:

1. Салықтар:

1. Корпорациялық табыс салығы.

2. Жеке табыс салығы.

3. Қосылған құнға салынатын салық.

4. Акциздер.

5. Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдері.

6. Әлеуметтік салық.

7. Жер салығы.

8. Көлік құралдарына салынатын салық.

9. Мүлікке салынатын салық.

ҚР корпорациялық табыс салығы салықтардың ішіндегі ең күрделісі және салық сомасы жағынан ең ауқамдысы. Корпорациялық табыс салығы бюджет түсімдерінің 27,2% құрайды. Корпорациялық табыс салығын арнаулы салық режимін қолданатындарды қоспағанда, салық салу объектілері бар заңды тұлғалар төлейді. Корпорациялық табыс салығын төлеушілер: ҚР резидент заңды тұлғалары, ҚР қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын немесе ҚР көздерден табыс салатын резидент емес тұлғалар. Корп.табыс салығы бойынша салық салу объектілеріне: салық салынатын табыс, төлем көзінен салық салынатын табыс, ҚР қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның таза табысы жатады.

Табыстардың негізгі құрамына: еңбекақы, сыйақы, кәсіпкерлік қызметтен түскен табыс, зейнетақы, алимент, жылжымайтын мүлікті жалға беруден түскен табыс, бір жолғы жәрдемақы, жұмыссыздық және жұмысқа уақытша жарамсыздық бойынша төлемдер, дивиденд және рента түріндегі табыстардың барлық түрлерін жатқызуға болады. Табыс салығы 12 айға тең болатын күнтізбелік немесе қаржы жылы ішінде алынған барлық табыстарынан алынады. Жеке табыс салығы – жеке тұлғалардың ең бірінші кезекте төлейтін салығы болып табылады.Себебі, тапқан табыстарынан немесе табыс көздерінің бір бөлігін салық ретінде аударып отырады.

Қосылған құнға салынатын салықты 1954 жылы М.Лоре енгізіп, айналымға салынатын салықты алмастыруға қабілетті салық ретінде бейнеледі. Қосылған құнға салынатын салықты есептеу барысында негізінен 4 әдіс қолданылады: тікелей аддитивті немесе бухгалтерлік, жанама аддитивті, тікелей шегерім жасау әдісі, жанама шегерім жасау әдісі немесе шоттар бойынша есепке жатқызу.Қосылған құн салығы – тауарларды өндіру және олардың айналысы процесінде қосылған, оларды өткізу бойынша салық салынатын айналым құнының бір бөлігін бюджетке аудару, сондай ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы тауарлар импорты кезіндегі аударым. ҚҚС төлеушілер: жеке кәсіпкерлер, заңды тұлғалар, қызметін ҚР тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент еместер, заңдық тұлғаның құрылымдық бөлімшелері. ҚҚс негізгі салық салу объектілері: салық салынатын айналым, салық салынатын импорт.

Жанама салықтардың бірі акциз салығы. Акциздер – бағаға қосылатын және сатып алушы төлейтін тауарларға салынатын салық. Акциз бюджет кірістерінің 2,7% құрайды. Акциздерді өзінің айырмашылықты ерекшеліктеріе қарай монополды түрде жоғары бағалары мен тұрақты сұранымы болатын тауарларды өндірушілер төлейді. Акциз салығы ҚР аумағында өндірілген және ҚР аумағына импортталатын тауарларға, қызмет түрлеріне салынады. Акциз салығын төлеушілер: ҚР аумағында акцизделетін тауарлар шығаратын жеке және заңды тұлғалар, акцизделетін тауарларды ҚР кедендік аумағына импорттайтын жеке және заңды тұлғалар, ҚР аумағында бензиннің және дизель отынын көтерме, бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар, ҚР аумағында қызметтің акцизделетін түрлерін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар, резидент емес заңды тұлғалар және олардың құрылымдық бөлімшелері.Акцизделетін тауарлардың тізбесі: спирттің барлық түрлері, алкоголь өнімі, темекі бұйымдары, құрамында темекі бар басқа бұйымдар, бензин және дизель отыны, жеңіл автомобильдер, шикі мұнай және газ конденсаты. Қызметтің акцизделетін түрлеріне ойын бизнесін, лотереяны ұйымдастыру мен өткізуді жатқызуға болады.

Жер қойнауын пайдаланушылар – ҚР аумағында, мұнай операцияларын қоса алғанда, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды ҚР заң актілеріне сәйкес жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар.Жер қойнауын пайдаланушылар мынадай салықтары мен арнайы төлемдерді төлейді: үстеме пайда салығы, жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы төлемдерін. Пайдалы қазбалар өндіруді жер қойнауын пайдалануға келісімшарт жасалғанға дейін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар жер қойнауын пайдаланғаны үшін республикалық бюджеттің кірісіне ҚРның үкіметі белгілейтін мөлшерде роялти түрінде аударымдар жасайды.

Әлеуметтік салық ҚР негізгі салықтардың бірі болып табылады. Ол 1999 жылдан бері бұған дейін қолданылып келген әлеуметтік қорларға : зейнетақы қоры, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры, міндетті медициналық сақтандыру қоры, халықты жұмыспен қамту қорларына аударылатын салық жарналары аударымының орнына енгізілген еді. Әлеуметтік салықтан түсетін түсімдер мемлекеттік бюджеттің 15-16 пайызын құрайды. Әлеуметтік салықты төлеушілер: ҚР резиденті заңды тұлғалар, жеке нотариустар, адвокаттар, ҚР қызмметін тұрақты мекемелер, филиалдар мен өкілдіктер арқылы жүзеге асыратын резидент еместер, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері.

Жер салығы 1992 жылы енгізілді. Жер салығы – жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті орган әр жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша берген жерлердің мемлекеттік сандық және сапалық есебінің деректері негізінде меншік құқығын, тұрақты жер пайдалану құқығын, өтеусіз уақытша жер пайдалану құқығын куәландыратын құжаттарға сәйкес есептеледі. Жердің мынадай санаттарына салық салынбайды: ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері, орман қорларының жерлері, су қорының жерлері, запастағы жерлер.

Көлік құралдары ҚР салықтардың бірі болып саналады. Жеке және заңды тұлғалар меншігіндегі көлік құралдарынан салық төлейді. Көлік салығын төлеушілер: меншік құқығында салық салу объектілері бар жеке тұлғалар, меншік, шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығында салық салу объектілері бар заңды тұлғалар, заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелері.

Мүлік салығы – ҚР аумағында меншік, шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығында салық салу объектісі бар заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер және жеке тұлғалар төлейтін салық түрі.