
- •1. Салықтардың пайда болу тарихына тоқталыңыз.
- •15. Халықаралық салық келісімдерін ашып көрсетіңіз.
- •21. Канаданың салықтарын жіктеңіз
- •22. Ұлыбританияның салық жүйесінің пайда болуы мен қалыптасу кезеңдеріне тоқталыңыз
- •23. Ұлыбританияның салық жүйесін талдаңыз және даму ерекшеліктеріне тоқталыңыз
- •24. Ұлыбританияның салықтарын жіктеңіз
- •25. Германияның салық жүйесінің пайда болуы мен қалыптасу кезеңдерін ашып көрсетіңіз
- •26. Германияның салық жүйесін талдаңыз және даму ерекшеліктеріне тоқталыңыз
- •27. Германияның салықтарын жіктеңіз
- •28. Еуропаның жекелеген елінің салық жүйесін түсіндіріңіз
- •Швейцарияның салық жүйесі
- •Австрияның салық жүйесі
- •Нидерландияның салық жүйесі
- •Данияның салық жүйесі
- •Испанияның салық жүйесі
- •29. Францияның салық жүйесін талдаңыз және даму ерекшеліктеріне тоқталыңыз
- •30. Франция салықтарын жіктеңіз
- •31. Италияның салық жүйесінің пайда болуы мен қалыптасу кезеңдерін ашып көрсетіңіз
- •32. Италияның салық жүйесін талдаңыз және даму ерекшеліктеріне тоқталыңыз
- •33. Италияның салықтарын жіктеңіз
- •34. Швецияның салық жұйесінің пайда болуы мен қалыптасу кезеңдерін ашып көрсетіңіз
- •35. Швецияның салық жүйесін талдаңыз және даму ерекшеліктеріне тоқталыңыз
- •36. Швецияның салықтарын жіктеңіз
- •37. Швейцарияның салық жүйесінің пайда болуы мен қалыптасу кезеңдерін ашып көрсетіңіз
- •38. Швейцарияның салық жүйесін талдаңыз және даму ерекшеліктеріне тоқталыңыз
- •39. Швейцарияның салықтарын жіктеңіз
- •40. Австрияның салық жүйесінің пайда болуы мен қалыптасу кезеңдерін ашып көрсетіңіз
- •41. Австрияның салықтарын жіктеңіз
- •42.Нидерландияның салық жүйесінің пайда болуы мен қалыптасу кезеңдерін ашып көрсетіңіз
- •43.Нидерландияның салықтарын жіктеңіз
- •44.Азияның жекелеген елінің салық жүйесін түсіндіріңіз
- •45.Данияның cалық жүйесін түсіндіріңіз
- •46. Испанияның салық жүйесінің пайда болуы мен қалыптасу кезеңдерін ашып көрсетіңіз
- •47. Испанияның салықтарын жіктеңіз
- •47.Жапонияның салық жүйесінің пайда болуы мен қалыптасу кезеңдерін ашып көрсетіңіз
- •49. Жапонияның салық жүйесін талдаңыз және даму ерекшеліктеріне тоқталыңыз
- •50.Жапонияның салықтарын жіктеңіз
- •51. Ресейдің салық жүйесінің пайда болуы мен қалыптасу кезеңдерін ашып көрсетіңіз
- •52.Ресейдің салық жүйесін талдаңыз және даму ерекшеліктеріне тоқталыңыз
- •52.Ресейдің салық жүйесін талдаңыз және даму ерекшеліктеріне тоқталыңыз
- •54. Белоруссияның салық жүйесінің пайда болуы мен қалыптасу кезеңдерін ашып көрсетіңіз
- •55. Белоруссияның салық жүйесін талдаңыз және даму ерекшеліктеріне тоқталыңыз
- •56. Белоруссияның салықтарын жіктеңіз
- •57. Қазақстанның салық жүйесінің пайда болуы мен қалыптасу кезеңдерін ашып көрсетіңіз
- •58. Қазақстанның салық жүйесін талдаңыз және даму ерекшеліктеріне тоқталыңыз
- •59.Қазақстанның салықтарын жіктеңіз
- •60. Тмд мемлекеттерімен қр-ның салық салу жүйесінің сыртқы экономикалық қатынастағы рөлін анықтаңыздар
56. Белоруссияның салықтарын жіктеңіз
Белоруссияның салық жүйесі мынадай салықтардан құралады:
- қосылған құнға салынатын салық;
- акциздер;
- пайдаға және табысқа салынатын салық;
- табиғат ресурстарын пайдаланғаны үшін салынатын салық (экологиялық салық);
- жылжымайтын мүлікке салынатын салық;
- экспорттық және импорттық кеден баждары;
- жер салығы;
- азаматтардан алынатын табыс салығы;
- мемлекеттік баж;
- жарнама салығы;
- сыра, арақ-шарап және темекі өнімдерін сату үшін алынатын салық;
- ит ұстаушылардан алынатын алым және т.б.
56Қосылған құнға салынатын салық Белоруссияда 1992 жылдан бастап қолданылады. Мемлекеттік бюджет кірісінің басым бөлігін құрайды. Қосылған құнға салынатын салықты төлеушілер ьболып меншіктің ұйымдық-құқықтық нысанынан тәуелсіз ел аумағына тауар экспорттайтын және импорттайтын барлық заңды тұлғалар, жеке тұлғалар және заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке кәсіпкерлер танылады.
Салық салу объектісі болып салық салынатын айналым саналады. Заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке кәсіпкерлер аталмыш аталмыш салықты қаржы қызметі, бағалы қағаздармен жіне жылжымайтын мүліктермен жасалатын операциялары бойынша айналыман ғана төлейді. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше елдерден басқа шнт мемлекеттерге экспортталатын тауарларға қоылған құнға салынатын салық салынбайды.
Салық 20 пайыздық ставкамен алынады. Салық төлеу мерзімін Белоруссияның Қаржы министрлігі белгілейді.
Акциз салығын төлеушілер болып меншіктің ұйымдық-құқықтық нысанынан тәуелсіз ел аумағына тауар экспорттайтын және импорттайтын барлық заңды тұлғалар мен жеке тұлғалар танылады.
Акцизделетін тауарларға мына тауар түрлері жатады:
спирт және спиртті өнімдер;
алкогольді өнімдер;
сыра;
темекі өнімдері;
дизель отыны;
автокөлік бензині;
шикі мұнай;
бағалы тастар мен металдардан жасалған зергерлік бұйымдар, т.б.
Салық салу объектісі болып мыналар саналады:
- тауар өндірушілер үшін – өндірген өнімін өткізуден алған табысы;
- импортерлер үшін – тауарлардың кеден құнына пайыз түрінде акциз ставкасы бекітілген кеден құны;
Акцизделетін тауарлардың тізімі, ставкалары, акциз маркалары және олардың таңбалану тәртібін Белоруссияның Министрлер Кеңесі анықтап, Жоғарғы Кеңесі бекітеді.
Салық ставкасы тауар өткізуден түскен табысқа пайызбен немесе заттай мағынадағы тауарларға абсолюттік сомада белгіленеді. Акциз салығын төлеу мерзімі салық сомасының мөлшеріне байланысты болып келеді.
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше елдерде жасалған акцизделетін тауарларға салық отандық тауарларға қолданылатын тәртіппен салынады.
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше елдерден басқа шет мемлекеттерге экспортталатын тауарларға акциз салығы салынбайды.
Пайдаға салынатын салықты меншіктің ұйымдық-құқықтық насанынан тәуелсіз барлық заңды тұлғалар төлейді.
Салық салу объектісі болып кәсіпорынның баланстық пайдасы танылады.Баланстық пайда өнім ( тауар, қызмет, тауарлы – материалдық құндылықтар, материалдық емес активтер, бағалы қағаздар және т.б. құндылықтар) өткізуден түскен пайда, өткізуден түскен тыс операциялар бойынша пайда мен осы осы операцияларға жұмсалған шығындар арасындағы айырма негізінде анықталады. Есептелген баланстық пайдадан төленген табыс салығы мен жылжымайтын мүлікке салынатын салық шегеріліп тасталады.
Салық салынатын пайдаға 30 пайыздық ставкамен пайда салығы салынады.
Жылдық баланстық пайдасы 5000 мәрте минималды жалақы сомасын құрайтын шағын кәсіпорындар аталмыш салықты 15 пайыздық ставкамен төлейді.
Ғылыми-өндірістік бірлестіктер, ауылшаруашылығындағы кәсіпорындар, жолаушы тасымалымен айналысатын кәсіпорындар пайдаға салынатын салықты 10 пайыздық ставкамен төлейді.
Пайдаға салынатын салық бойынша жеңілдік негізінен үш нысанда беріледі:
салық салынатын пайданы ішінара кеміту;
салықтан толығымен босату;
төмендетілген салық ставкасын бекіту;
Бұдан басқа да салық жеңілдіктері берілуі мүмкін. Бірақ олар жыл сайын кезекті жылдың бюджетін бекіткен кезде қайтадан қаралып, белгіленеді. Бұл салықтың төлену мерзімі мен тәртібін Министрлер Кеңесі анықтайды.
Заң бойынша табысқа салынатын салықты меншіктің ұйымдық-құқықтық нысанынан тәуелсіз барлық заңды тұлғалар төлейді. Салық дивидент және оған теңестірілген басқа да табыстардан 15 пайыздық ставкамен алынады.
Жылжымайтын мүлікке салынатын салықта шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында салық салу объектілері бар заңды тұлғалар және жеке тұлғалар төлейді.
Мемлекеттік бюджеттен қаржыланатын ұйымдар мен мекемелер жылжымайтын мүлікке салынатын салықты төлеуден босатылады.
Салық салу объектісі болып негізгі өндірістік және өндірістік емес қорлардың, аяқталмаған құрылыс объектілерінің құны, сондай-ақ жеке тұлғалардың жылжымайтын мүліктерінің құны танылады. Салық салу барысында негізгі өндірістік және өндірістік емес қорлардың қалдық құны алынады. Ол өз кезегінде негізгі құрал-жабдықтың баланстық құнынан тозу сомасының айырмасы негізінде анықталады.
Заңды тұлғалар үшін салық ставкасы 1 пайыз мөлшерінде өндірістік кооперативтер, саяжай серіктестіктері үшін 0,1 пайыз мөлшерінде бекітілген. Салық жыл бойы аванстық төлем түрінде әр тоқсанның бас кезінде төленеді.
Жеке тұлғалар үшін салық ставкасын Министрлер Кеңесі анықтайды.
Азаматтардың табысына салынатын салықты Белоруссияда тұрақты немесе уақытша тұратын Белоруссия азаматтары, шетел азаматтары, азаматтығы жоқ тұлғалар төлейді.
Белоруссияда тұрақты тұратын азаматтар үшін салық салу оюъектісі болып азаматтардың ел аумағында және елден тысқары жерде ақшалай және заттай нысанда алған барлық табыстары танылады.
Белоруссияда уақытша тұратын азаматтар үшін салық салу объектісі болып азаматтардың ел аумағында ақшалай және заттай нысанда алған барлық табыстары танылады.
Салық салу мақсатында азаматтардың табысы бірнеше топқа жіктеледі:
еңбекақы және сыйақы түріндегі табыстар;
кәсіпкерлік қызметтен алынған табыстар;
шетелдік жеке тұлғалардан және азаматтығы жоқ тұлғалардың Белоруссия аумағында алған табыстары;
авторлық марапат түріндегі табыстар және т.б.
Салық салу мақсатында ай сайын еңбекақы түріндегі табыстан айлық минималды жалақы сомасы шегеріліп тасталып, қалған сомаға салық есептеледі. Салық 9-50 пайыз аралығындағы прогрессивтік шкаламен алынады. Есептелген салық сомасын кәсіпорындар мен ұйымдар төлем көзінен ұстап қалып, 5 жұмыс күн ішінде бюджетке аударады.
Алимент, шәкіртақы, жұмыссыздық, еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша жәрдемақыларға салық салынбайды.
Кәсіпкерлік қызметтен алынған табыстан салықты заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар төлейді. Бұл жерде салық салынатын табыс жалпы табыс пен осы табысты алуға кеткен, тиісті құжатпен расталған шығындар арасындағы айырма негізінде анықталады. Салық бірінші топқа қолданылатын ставкалармен салынады.
Шетелдік жеке тұлғалардың және азаматтығы жоқ тұлғалардыың Белоруссия аумағында алған табыстарына салық бірінші топқа бекітілген тәртіппен салынады. Белоруссиядағы төлем көздерінен алынған табыстарға 20 пайыздық ставкамен салық салынады.
Авторлық марапат түріндегі табыстарға салық бірінші топқа бекітілген тәртіппен және ставкамен салынады.
Табиғат ресурстарын пайдаланғаны үшін салынатын салықты (экологиялық салық) төлеушілер болып меншіктің ұйымдық-құқықтық нысанынан тәуелсіз барлық заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер танылады. Мемлекеттік мекемелер бұл салықты төлемейді.
Салық салу объетісі болып мыналар танылады:
- өндірілген табиғат ресурстарының көлемі;
- қайта өңделген мұнай өнімдерінің көлемі;
- қоршаған ортаға шығарылған ластайтын заттардың көлемі;
Салық салу объектілеріне сәйкес экологиялық салық үш бөлімнен тұрады:
а) белгіленген лимит, сондай-ақ үстем лимит шегінде табиғат ресурстарын пайдаланғаны үшін төленетін төлем;
Ә) мұнай және мұнай өнімдерін қайта өңдеу үшін төленетін төлем;
Б) белгіленген лимит, сондай-ақ үстем лимит шегінде қоршаған ортаға ластайтын заттар шығарғаны үшін төленетін төлем;
Табиғат ресустарын пайдаланудың лимитін, үстем лимитін, ставкасын Экономика және табиғат ресурстары мен қоршаған ортаны қорғау министрліктерінің ұсынысымен Министрлер Кеңесі бекітеді. Қоршаған ортаға шығарылатын ластайтын заттардың лимитін, үстем лимитін әрбір салық төлеуші үшін депутаттардың жергілікті Кеңесі бекітеді.
Қоршаған ортаға белгіленген лимиттен, үстем лимиттен артық мөлшерде ластайтын заттар шығарған жағдайда 15 пайыз мөлшерінде, табиғат ресурстарын лимиттен, үстем лимиттен артық мөлшерде өндірген жағдайда 10 пайыз мөлшерінде салық салынады.
Ауыл шаруашылығы мақсатында қолданылатын сулар, жер асты сулары салықтан босатылған.
Калий және ас тұзын өндіру үшін алынатын экологиялық салықтар республикалық және жергілікті бюджеттер арасында бірдей үлеспен бөлінеді. Мұнай және мұнай өнімдерін өндіру үшін алынатын экологиялық салықтардың 85 пайызы республикалық, 15 пайызы жергілікті бюджет кірісіне есептеледі. Бұлардан басқалары бойынша есептелген салық сомасы толығымен жергілікті бюджет кірісіне есептеледі.
Жер салығы жерді ұтымды пайдалану, жер сапасын сақтау, аумақтың әлеуметтік дамуын көтеру, бюджеттің кіріс көзін толтыру мақсатында енгізілді. Салықты барлық меншік иелері – заңды және жеке тұлғалар (немесе жалға алушылар) төлейді.
Салық салу мақсатында жер бірнеше категорияға бөлінеді:
Ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлер;
Елді мекен жерлері;
Орман және су қоры жерлері;
Өнеркәсіп мақсатындағы жерлер;
Көлік, байланыс, қорғаныс мақсатындағы жерлер.
Салық салу обьектісі болып тұлғаның меншігіндегі, иеленуіндегі және пайдалануындағы жер учаскесі танылады.
Салық мөлшері жер учаскесінің сапасына, орналасқан жеріне байланысты анықталады.
Жер салығын төлеуден:
Радиоактивті ластанған жерлер;
Ауылшаруашылығы мақсатныда,ы жерлер;
Запастағы жерлер
Әкімшілің ғимараттары орналасқан жерлер т.б босатылады.
Жер салығының ставкасы әр жердің категориясы бойынша бөлек-бөлек анықталған. Жергілікті билік органдары ол ставканы заңмен бекітілген мөлшерде өзгерте (жоғарылатады немесе түсіреді) алады. Бір ерекшелігі – салық ставкасы өткен жылдың желтоқсан айындағы инфляция деңгейін көрсететін коэффициент негізніде жыл сайын қайтадан қаралып отырады. Жер салығы жылына бір рет төленеді.
Қалалардығ жерлері бойынша есептелген жер салығының 40 пайызы республикалық, 60 пайызы жергілікті бюджетке түседі, қалалар жерлерінен басқа жерлер бойынша есептелген жер салығының 25 пайызы республикалық, 75 пайызы жергілікті бюджетке түседі.