- •1. Салықтардың пайда болу тарихына тоқталыңыз.
- •15. Халықаралық салық келісімдерін ашып көрсетіңіз.
- •21. Канаданың салықтарын жіктеңіз
- •22. Ұлыбританияның салық жүйесінің пайда болуы мен қалыптасу кезеңдеріне тоқталыңыз
- •23. Ұлыбританияның салық жүйесін талдаңыз және даму ерекшеліктеріне тоқталыңыз
- •24. Ұлыбританияның салықтарын жіктеңіз
- •25. Германияның салық жүйесінің пайда болуы мен қалыптасу кезеңдерін ашып көрсетіңіз
- •26. Германияның салық жүйесін талдаңыз және даму ерекшеліктеріне тоқталыңыз
- •27. Германияның салықтарын жіктеңіз
- •28. Еуропаның жекелеген елінің салық жүйесін түсіндіріңіз
- •Швейцарияның салық жүйесі
- •Австрияның салық жүйесі
- •Нидерландияның салық жүйесі
- •Данияның салық жүйесі
- •Испанияның салық жүйесі
- •29. Францияның салық жүйесін талдаңыз және даму ерекшеліктеріне тоқталыңыз
- •30. Франция салықтарын жіктеңіз
- •31. Италияның салық жүйесінің пайда болуы мен қалыптасу кезеңдерін ашып көрсетіңіз
- •32. Италияның салық жүйесін талдаңыз және даму ерекшеліктеріне тоқталыңыз
- •33. Италияның салықтарын жіктеңіз
- •34. Швецияның салық жұйесінің пайда болуы мен қалыптасу кезеңдерін ашып көрсетіңіз
- •35. Швецияның салық жүйесін талдаңыз және даму ерекшеліктеріне тоқталыңыз
- •36. Швецияның салықтарын жіктеңіз
- •37. Швейцарияның салық жүйесінің пайда болуы мен қалыптасу кезеңдерін ашып көрсетіңіз
- •38. Швейцарияның салық жүйесін талдаңыз және даму ерекшеліктеріне тоқталыңыз
- •39. Швейцарияның салықтарын жіктеңіз
- •40. Австрияның салық жүйесінің пайда болуы мен қалыптасу кезеңдерін ашып көрсетіңіз
- •41. Австрияның салықтарын жіктеңіз
- •42.Нидерландияның салық жүйесінің пайда болуы мен қалыптасу кезеңдерін ашып көрсетіңіз
- •43.Нидерландияның салықтарын жіктеңіз
- •44.Азияның жекелеген елінің салық жүйесін түсіндіріңіз
- •45.Данияның cалық жүйесін түсіндіріңіз
- •46. Испанияның салық жүйесінің пайда болуы мен қалыптасу кезеңдерін ашып көрсетіңіз
- •47. Испанияның салықтарын жіктеңіз
- •47.Жапонияның салық жүйесінің пайда болуы мен қалыптасу кезеңдерін ашып көрсетіңіз
- •49. Жапонияның салық жүйесін талдаңыз және даму ерекшеліктеріне тоқталыңыз
- •50.Жапонияның салықтарын жіктеңіз
- •51. Ресейдің салық жүйесінің пайда болуы мен қалыптасу кезеңдерін ашып көрсетіңіз
- •52.Ресейдің салық жүйесін талдаңыз және даму ерекшеліктеріне тоқталыңыз
- •52.Ресейдің салық жүйесін талдаңыз және даму ерекшеліктеріне тоқталыңыз
- •54. Белоруссияның салық жүйесінің пайда болуы мен қалыптасу кезеңдерін ашып көрсетіңіз
- •55. Белоруссияның салық жүйесін талдаңыз және даму ерекшеліктеріне тоқталыңыз
- •56. Белоруссияның салықтарын жіктеңіз
- •57. Қазақстанның салық жүйесінің пайда болуы мен қалыптасу кезеңдерін ашып көрсетіңіз
- •58. Қазақстанның салық жүйесін талдаңыз және даму ерекшеліктеріне тоқталыңыз
- •59.Қазақстанның салықтарын жіктеңіз
- •60. Тмд мемлекеттерімен қр-ның салық салу жүйесінің сыртқы экономикалық қатынастағы рөлін анықтаңыздар
52.Ресейдің салық жүйесін талдаңыз және даму ерекшеліктеріне тоқталыңыз
Қазіргі кездегі Ресейдің салық жүйесінің қалыптасу кезеңі 1991 жылдың желтоқсанында қабылданған Заңнан бастау алады. Қазіргі кездегі Ресей Федерациясының (бұдан әрі РФ) салық жүйесі мемлекеттің Конституциясымен қадағаланады. Барлық салықтар мен алымдарды РФ Салықтар мен алымдар жөніндегі министрлік қадағалайды;
Ресей Федерациясында салықтар мен алымдардың төмендегідей түрлері бекітілген:
федералдық салықтар мен алымдар;
РФ-ның субъектілерінің салықтары мен алымдары (аймақтық салықтар мен алымдар);
Жергілікті салықтар мен алымдар.
Федералдық салықтар Салық Кодексімен бекітіліп, елдің барлық аумағында төленеді. Оған мынадай салықтар жатады:
Қосылған құнға салынатын салық;
Акциздер;
Жеке тұлғалардың табысына салынатын салық;
Біртұтас әлеуметтік салық;
Бағалы қағаздармен жасалатын операцияларға салынатын салық;
Кеден баждары;
Ұйымдардың пайдасына салынатын салық;
Мұра мен сый ретінде келген мүліктерге салынатын салық;
Ойын бизнесіне салынатын салық;
Қосылған құнға салынатын салық Ресейдің қазіргі салық жүйесіндегі салықтардың бірі болып табылады. 1991 жылы 6 желтоқсандағы РСФСР заңына сәйкес қосылған құнға салынған салынатын салық 1992 жылы 1 қаңтарынан бастап Ресейдің барлық аумағына енгізілген. Қосылған құнға салынатын салықты мынадай заңды және жеке тұлғалалр төлейді:
Ұйымдар;
Жеке кәсіпкерлер;
Ресейдің Кеден Кодексіне сәйкес, Ресейдің кеден шекарасынан тауарлар өткізетін тұлғалалар.
Заңды тұлға болып табылмайтын коммерциялық кәсіпорындар және салық салуда оңайлатылған жүйеге көшкен шағын кәсіпорындар төлемейді. Заң жүзінде салық кәсіпкерден алынады, бірақ шын мәнінде оның төлеушісі болып соңғы тұтынушы, яғни тауарды сатып алу барысында құнында төленеді. Қосылған құнға салынатын салықт төлеуден мыналар босатылады:
тізімін Ресей Үкіметі бекіткен медициналық қызметке аса қажет болып табылатын отандық және шетелдік дәрі-дәрмектер, құрал-жабдықтар;
косметологиялық және мемлекеттік ветеринарлық, санитарлы-эпидемилогиялық (бюджеттен қаржыландырылатын) қызметтен басқа медициналық өызмет көрсетулер;
халықты әлеуметтік қорғаудың мемлекеттік және жергілікті органдарының науқастарды, мүгедектерді, қарттарды күтіп-бағумен байланысты қызметтері;
мектеп жасына дейінгі балалар мекемелері, секциялары, студиялары;
студенттердің, мектептердің және басқа да білім беру мекемелерінің, медециналық ұйымдардың, мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерінің асханаларында жасалып, сонда өткізілетін азық-түлік өнімдері;
мұрағат мекемелерінің қызметтері;
такси және маршрутты таксимен жолаушы тасымалы қызметі;
коллекциялық маркадан басқа пошта маркалары, маркаланған конверттер, ашық хаттар, лотореялық билеттер;
тізімін Ресей Үкіметі бекіткен жерлеу, әдет-ғұрып қызметі және оған қажетті құрал-жабдықтар;
коллекциялық монетадан басқа, Ресейдің немес шет мемлекеттің валютасы болып табылатын бағалы металдан жасалған монеталар;
жарғылық капиталдағыүлес; бағалы қағаздардағы, мерзімді мәмілелердегі (форвард, фьючерс, опционды қоса алғанда), кооперативтік және инвестициялық қорлардағы пайлар;
коммерциялық емес білім беру мекемелерінің кеңес беру және жалға беру қызметтерінен басқа білім беру қызметтері;
мемлекет қорғауындағы тарихи ескерткіштерге, мәдени мұраларға, діни ұйымдардың пайдлануындағы дәни ғимараттар мен құрылғыларға жүргізілген жөндеу –реставрациялық, қалпына келтіру жұмыстары;
әскери қызметкерлерге тұрғын үй құрылысының мақсатты әлеуметтік-экономикалық бағдарламалары аясында жүргізілген жұмыстар;
Ресей салық заңнамасына сәйкес, акциздерді мынадай заңды және жеке тұлғалалар төлейді:
Ұйымдар;
Жеке кәсіпкерлер;
Ресейдің Кеден Кодексіне сәйкес, кеден шекарасынан тауарлар өткізетін тұлғалалар.
Акцизделетін тауарларға мыналар жатады:
Коньяк спиртінен басқа этилді спирт;
Құрамында 9 пайыздан артық этилді спирт бар спиртті өнімдер;
270 мл. Аспайтын ыдысқа құйылған өкілетті федералдық органнан мемлекеттік тіркеуден өткен парфюмерия-косметика өнімдері;
Сыра;
Медициналық мақсатта қолданылатыннан басқа спиртті өнімдер;
Алкоголь және темекі өнімдері;
Двигатель қуаты 112,5 кВт-тан жоғары жеңіл автокөліктер мен мотоциклдер;
Дизельді отындар;
Табиғи газ;
Автомобиль бензині және т.б.
Жеке тұлғалардың табысына салынатын салықты Ресейдің резидент және бейрезидент жеке тұлғалары төлейді.
Салық салу объектісі болып резидент жеке тұлғалардың Ресейдегі және Ресейден тыс жердегі көздерден алған табыстары,сондай-ақ бейрезидент жеке тұлғалардың Ресейдегі көздерден алған табыстары танылады.
Салық төлеушінің Ресейдегі көздерден алған табыстарына мынадай табыстары жатады:
Девиденттер мен пайыздар;
Сақтандыру төлемдері;
Өткізуден түскен табыс (мүлікті, жарғылық капиталға қатынасу үлесін, т.б.);
Мүлікті жалға беруден және өткізуден түскен табыс;
Зейнетақы, жәрдемақы, шәкіртақы;
Авторлық және де басқа да құқықтарды пайдаланудан түскен табыс;
Атқарылған жұмыс үшін марапат;
Кез-келген көлік құралдарын пайдаланудан түскен табыс
Жеке тұлғаның мынадай табыстарына салық салынбайды:
Мемлекеттік бюджеттен алған зейнетақы, жәрдемақы, шәкіртақы;
24 жасқа дейінгі жетім балалардан білім алуна төленетін сомалардан;
Мемлекеттік меншікке қазына өткізгені үшін берілетін марапат;
Банктегі салымдар бойынша пайыздар;
Мерзімді әскери қызметтегі тұлғалардың табыстары;
Кәсіподақ комитеттерінің төлемдері;
Мемлекеттік займ облигациялары бойынша ұтыстар;
Біржолғы материалдық көмек сомалары;
Донорларға төленетін марапат;
Салық төлеушінің емдік шөптері, жабайы өсімдіктерді жинаудан тапқан табыстар;
Бағалы қағаздармен жасалатын операциялардан алынатын салықты бағалы қағаздардың эмитенттері-заңды тұлғалар төлейді. Салық салу объектісі болып шығарылған бағалы қағаздың номиналды сомасы табылады. Салық төлеуші салықты бағалы қағаздың номиналды сомасының 0,8 пайыз мөлшеріндегі ставкамен дербес есептеп, бюджетке аударады. Мыналар салық салу объектісі болып табылмайды:
ақша-несие саясатын жүргізу мақсатын жүргізу мақсатында Орталық Банктің эмиссиялайтын облигацияларының номиналдық сомасы;
мемлекеттік бағалы қағаздардың номиналдық сомасы;
құрылтайшылардың арасында таралатын акционерлік қоғам акциясының номиналдық сомасы, т.б.
Кеден бажы Ресейдің аумағына тауар әкелген немесе әкеткен кезде төленеді. Сырттан келген тауарлар үшін кеден бажының шекті ставкасын Ресейдің Жоғарғы Кеңесі бекітеді. Сыртқа шығарылатын тауарлардың тізімін және олар бойынша кеден бажының ставкасын, сондай-ақ сыртқа шығарылатын шикі мұнайдың кеден бажының ставкасын Ресей Үкіметі бекітеді. Ресейде кеден баждарына мынадай ставкалар қолданылады:
- салық салынатын тауарлардың кедендік құнына пайызбен бекітілген адвалорлық ставка;
- салық салынатын тауарлардың бірлігіне белгілі бір мөлшерде бекітілген ерекше ставка;
- жоғарыда аталған екі ставканың түрін үйлестіріп пайдаланатын үйлестіруші ставка;
Сыртқа шығарылатын шикі мұнайдың кеден бажының ставкасын анқтау үшін Ресей Үкіметі, ең алдымен, дүниежүзілік мұнай шикізаты нарығындағы (Жерорта теңізіндегі және Роттердамдағы) “Юралс” маркалы шикі мұнайдың бағасының мониторинг кезіндегі орташа бағаны есептейді. Дүниежүзілік мұнай шикізаты нарығындағы мұнай бағасының мониторингінің кезеңі екі күнтізбелік ай болып табылады. Күнтізбелік жыл мониторингтің алты кезеңін қамтиды. Сыртқа шығарылатын шикі мұнайдың кеден бажының ставкасы дүниежүзілік мұнай шикізаты нарығындағы “Юралс” маркалы шикі мұнайдың соңғы мониторинг кезіндегі орташа бағасы негізінде анықталады.
Мұра мен сый ретінде алынған мүліктерге салынатын мүлік салығын меншігіне мұра мен сый ретінде мүлік алған жеке тұлғалар төлейді. Салық салу объектісі болып тұрғын үй, пәтер, саяжай, автокөлік, мотоцикл, антиквариат және өнер туындылары, валюталық құндылықтар, бағалы металдардан жасалған зергерлік бұйымдар және т.б. жатады. Аталмыш салық бойынша салық ставкасы туыстық деңгейі мен мүлік құнына байланысты анықталады.
Ерлі-зайыптылардың біріне, 1-ші және 2-ші топ мүгедектеріне, қайтыс болған әскери қызметкерлердің отбасыларына мұра мен сый ретігде берілген мүліктері бойынша салық салынбайды. Мүлікті сарапшы бағалап, нотариус куаландырғаннан кейін 15 күн ішінде азаматтың меншігіне өткен мүлік құны туралы мәліметті объект тіркелген жердегі салық органына жібереді. Төленуге тиесілі салық сомасын салық органы анықтайды. Төлем хабарламасын алған жеке тұлға 3 жұмыс күні ішінде салықты бюджньен төлеуі керек.
Ойын бизнесіне салынатын салықты ойын бизнесі саласында кәсіпкерлік қызметпен айналысатын заңды және жеке тұлға төлейді. Салық салу объектісі болып ойын үстелреді, ойын автоматтары, тотализатор кассалары, букмекер кеңселері танылады. Салық ставкасы әрбір салық салу оюбъектісі бойынша минималды еңбек ақы мөлшерінде бөлек анықталады. Салық ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 20-на дейін төленуі керек. Ойын столдары 30-дан, ойын автоматтары 40-тан асқан жағдайда салық ставкасы 20 пайызға төменднтіледі
