- •1. Салықтардың пайда болу тарихына тоқталыңыз.
- •15. Халықаралық салық келісімдерін ашып көрсетіңіз.
- •21. Канаданың салықтарын жіктеңіз
- •22. Ұлыбританияның салық жүйесінің пайда болуы мен қалыптасу кезеңдеріне тоқталыңыз
- •23. Ұлыбританияның салық жүйесін талдаңыз және даму ерекшеліктеріне тоқталыңыз
- •24. Ұлыбританияның салықтарын жіктеңіз
- •25. Германияның салық жүйесінің пайда болуы мен қалыптасу кезеңдерін ашып көрсетіңіз
- •26. Германияның салық жүйесін талдаңыз және даму ерекшеліктеріне тоқталыңыз
- •27. Германияның салықтарын жіктеңіз
- •28. Еуропаның жекелеген елінің салық жүйесін түсіндіріңіз
- •Швейцарияның салық жүйесі
- •Австрияның салық жүйесі
- •Нидерландияның салық жүйесі
- •Данияның салық жүйесі
- •Испанияның салық жүйесі
- •29. Францияның салық жүйесін талдаңыз және даму ерекшеліктеріне тоқталыңыз
- •30. Франция салықтарын жіктеңіз
- •31. Италияның салық жүйесінің пайда болуы мен қалыптасу кезеңдерін ашып көрсетіңіз
- •32. Италияның салық жүйесін талдаңыз және даму ерекшеліктеріне тоқталыңыз
- •33. Италияның салықтарын жіктеңіз
- •34. Швецияның салық жұйесінің пайда болуы мен қалыптасу кезеңдерін ашып көрсетіңіз
- •35. Швецияның салық жүйесін талдаңыз және даму ерекшеліктеріне тоқталыңыз
- •36. Швецияның салықтарын жіктеңіз
- •37. Швейцарияның салық жүйесінің пайда болуы мен қалыптасу кезеңдерін ашып көрсетіңіз
- •38. Швейцарияның салық жүйесін талдаңыз және даму ерекшеліктеріне тоқталыңыз
- •39. Швейцарияның салықтарын жіктеңіз
- •40. Австрияның салық жүйесінің пайда болуы мен қалыптасу кезеңдерін ашып көрсетіңіз
- •41. Австрияның салықтарын жіктеңіз
- •42.Нидерландияның салық жүйесінің пайда болуы мен қалыптасу кезеңдерін ашып көрсетіңіз
- •43.Нидерландияның салықтарын жіктеңіз
- •44.Азияның жекелеген елінің салық жүйесін түсіндіріңіз
- •45.Данияның cалық жүйесін түсіндіріңіз
- •46. Испанияның салық жүйесінің пайда болуы мен қалыптасу кезеңдерін ашып көрсетіңіз
- •47. Испанияның салықтарын жіктеңіз
- •47.Жапонияның салық жүйесінің пайда болуы мен қалыптасу кезеңдерін ашып көрсетіңіз
- •49. Жапонияның салық жүйесін талдаңыз және даму ерекшеліктеріне тоқталыңыз
- •50.Жапонияның салықтарын жіктеңіз
- •51. Ресейдің салық жүйесінің пайда болуы мен қалыптасу кезеңдерін ашып көрсетіңіз
- •52.Ресейдің салық жүйесін талдаңыз және даму ерекшеліктеріне тоқталыңыз
- •52.Ресейдің салық жүйесін талдаңыз және даму ерекшеліктеріне тоқталыңыз
- •54. Белоруссияның салық жүйесінің пайда болуы мен қалыптасу кезеңдерін ашып көрсетіңіз
- •55. Белоруссияның салық жүйесін талдаңыз және даму ерекшеліктеріне тоқталыңыз
- •56. Белоруссияның салықтарын жіктеңіз
- •57. Қазақстанның салық жүйесінің пайда болуы мен қалыптасу кезеңдерін ашып көрсетіңіз
- •58. Қазақстанның салық жүйесін талдаңыз және даму ерекшеліктеріне тоқталыңыз
- •59.Қазақстанның салықтарын жіктеңіз
- •60. Тмд мемлекеттерімен қр-ның салық салу жүйесінің сыртқы экономикалық қатынастағы рөлін анықтаңыздар
51. Ресейдің салық жүйесінің пайда болуы мен қалыптасу кезеңдерін ашып көрсетіңіз
Салықтардың Ресей жеріндегі негізі Көне Русь мемлекеті тұсында қалана бастады. Бертін келе ХІХ ғасырда өзінің даму барысында салықтар негізінен мына мақсаттарға алынды:
мемлекеттің үлкен жол салуына;
су жолы құрылысына;
мемлекеттік қарыздарды төлеуді тездету үшін;
уақытша қосымша төлемдер алу және тағы басқалары жатады.
Сол кезеңдердегі негізгі тікелей салықтың бір түрі жан басына салынатын салықта салық төлеушілер саны ревизиялық санақ бойынша анықталған. Егер дворяндардың табысы белгілі бір мөлшерден асып кетсе, онда оларға “қарыз төлеу”, “сауда-саттық” тәрізді салық түрі салынған. Шет елде тұратын дворяндар шет елде тапқан табыстарынан 2 есе көлемде салықтарды төлеу міндетті болған. Темір жол жолаушыларынан, кемелерден, теңіз порттарынан, темір жол жүгінен алымдар, мұра қалдыру және сыйға беру актісі бойынша мүліктен баж алынған. 1821 жылы енгізілген жылжитын мүлік салығының мөлшері 0,5% бағаланған. 1831 жылдың 31 қазанында “Әр түрлі деңгейдегі саудамен айналысатын адамдардан алынатын акциздік алымдарды аныөтау туралы” құжат пайда болады. Жанама салықтар арасында мемлекетке ең үлкен пайда әкелген шарап сусындарына акциз немесе Ресейде ішімдікке салық деп аталған салық болған.
1836 жылдан бастап әсері күшті сусынның 1 градусына 4 тиын көлемінде акциз енгізілді. Сөйтіп, салық 1 градусына 10 тиынға дейін көтерілді. Акцизден басқа ішімдік салынатын салықтың тағы бір түрі ішімдік саудасына енгізілген патент болды.
Бұдан басқа Ресейде темекіге, сіріңкеге. Қантқа, керосинге, тұзға, ашытқыға және басқа да тауарларға акциздер қызмет еткен.
Акциз жүйесі кеден бажы сияқты фискалдық сипатта ғана болған жоқ. Ол отандық кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдауды қамтамасыз етті, шет елдермен бәсекелестіктен қорғады.
Мемлекет кірісі өскенімен де, шығысы да көбейді. 50-жылдардың ортасында Қырым соғысқа байланысты мемлекеттің қаржы деңгейі нашарлады. Сондықтан мещандықтардан жеке басына салынатын салықтың орнына қалалық жылжымайтын мүлікке салынатын салық қолданысқа енгізілді. Оларға: үйлер, заводтар, өндіріс фабрикалары, моншалар, бақшалар және басқа жа құрылыстар, ғимараттар жатты. Сонымен бірге Екатерина ІІ заңы бойынша көпестердің гильдиясына қолөнер салығы енгізілді. 1865 жылы гильдий саны 3өтен 2өге қысқарды. 1898 жылы Николай ІІөші Мемлекеттік қолөнер салығының тәртібін бекітті және ол 1917 жылғы революцияға дейін қолданыста болды. Үш саудалық, сегіз өндірістік разряд енгізіліп, олардан негізгі қолөнер салығы, өнеркәсіп өндірісінің салығы және жәрмеңке сауда куәлігінің салығы өндіріліп алынды. Негізгі қолөнер салығы сауда мекемелері мен қойма бөлмелерінен алынған салықтан құрылды. Қолөнер куәлігі бекітілген ставкасы бойынша жыл сайынғы іріктемеде өндіріп алынды, Ресей губерниялары бойынша дифференцияланды.
Көпестерге жататын өнеркәсіп және мекемелердің табыстық алынһмына пайыз түрінде қосымша салық салынып отырған. Алымдар сомасы үш жылда бір рет заң бойынша, ал жыл сайын губерниялық өнеркәсіптерде анықталып отырған.
Акционерлік қоғамдар қосымша қолөнер салығын капиталдан салық алу түріне 0,15% ставкамен төлеген.
1870 жылы қалалық жағдай бойынша қалалық басқару органдары “өалалық пәтерлік салық” салуға құқық алды. Ол 1874 жылдан бастап іске қосылды. Салық ставкасы пәтердің жалға беру бағасына байланысты дифференциалды. 1875 жылы мемлекеттік жер алымы жер салығына ауысты. Мұраға салынатын салықтың орташа ставкасы 6% мөлшерінде жүзеге асырылды, жақын мұрагерлері үшін жіне ерлі-зайыптыларға салық ставкасы 1%, балаларына, өгей ұлдары мен қыздарына - 4%, ал туысқандар үшін 6%, туысқандығы жоқ тұлғалар үшін - 8% мөлшерінде болды.
Ауылшаруашылық жерлеріне және табыс алып келмейтін үй шаруашылығының жылжымалы мүлігіне салық салынған жоқ.
1885 жылы ақшалай капиталға салынатын салық енгізілді. Салық салу объектісі болып мемлекеттік заемдар бойынша ұтыстар және несиелік мекемелерден салымдар, бағалы қағаздардан алынатын табыстар саналды. Дивидент 5% мөлшерінде төлем көзінен ұстап отырылды.
Қазіргі кездегі Ресейдің салық жүйесінің қалыптасу кезеңі 1991 жылдың желтоқсанында қабылданған Заңнан бастау алады. Қазіргі кездегі Ресей Федерациясының (бұдан әрі РФ) салық жүйесі мемлекеттің Конституциясымен қадағаланады.
