- •1. Салықтардың пайда болу тарихына тоқталыңыз.
- •15. Халықаралық салық келісімдерін ашып көрсетіңіз.
- •21. Канаданың салықтарын жіктеңіз
- •22. Ұлыбританияның салық жүйесінің пайда болуы мен қалыптасу кезеңдеріне тоқталыңыз
- •23. Ұлыбританияның салық жүйесін талдаңыз және даму ерекшеліктеріне тоқталыңыз
- •24. Ұлыбританияның салықтарын жіктеңіз
- •25. Германияның салық жүйесінің пайда болуы мен қалыптасу кезеңдерін ашып көрсетіңіз
- •26. Германияның салық жүйесін талдаңыз және даму ерекшеліктеріне тоқталыңыз
- •27. Германияның салықтарын жіктеңіз
- •28. Еуропаның жекелеген елінің салық жүйесін түсіндіріңіз
- •Швейцарияның салық жүйесі
- •Австрияның салық жүйесі
- •Нидерландияның салық жүйесі
- •Данияның салық жүйесі
- •Испанияның салық жүйесі
- •29. Францияның салық жүйесін талдаңыз және даму ерекшеліктеріне тоқталыңыз
- •30. Франция салықтарын жіктеңіз
- •31. Италияның салық жүйесінің пайда болуы мен қалыптасу кезеңдерін ашып көрсетіңіз
- •32. Италияның салық жүйесін талдаңыз және даму ерекшеліктеріне тоқталыңыз
- •33. Италияның салықтарын жіктеңіз
- •34. Швецияның салық жұйесінің пайда болуы мен қалыптасу кезеңдерін ашып көрсетіңіз
- •35. Швецияның салық жүйесін талдаңыз және даму ерекшеліктеріне тоқталыңыз
- •36. Швецияның салықтарын жіктеңіз
- •37. Швейцарияның салық жүйесінің пайда болуы мен қалыптасу кезеңдерін ашып көрсетіңіз
- •38. Швейцарияның салық жүйесін талдаңыз және даму ерекшеліктеріне тоқталыңыз
- •39. Швейцарияның салықтарын жіктеңіз
- •40. Австрияның салық жүйесінің пайда болуы мен қалыптасу кезеңдерін ашып көрсетіңіз
- •41. Австрияның салықтарын жіктеңіз
- •42.Нидерландияның салық жүйесінің пайда болуы мен қалыптасу кезеңдерін ашып көрсетіңіз
- •43.Нидерландияның салықтарын жіктеңіз
- •44.Азияның жекелеген елінің салық жүйесін түсіндіріңіз
- •45.Данияның cалық жүйесін түсіндіріңіз
- •46. Испанияның салық жүйесінің пайда болуы мен қалыптасу кезеңдерін ашып көрсетіңіз
- •47. Испанияның салықтарын жіктеңіз
- •47.Жапонияның салық жүйесінің пайда болуы мен қалыптасу кезеңдерін ашып көрсетіңіз
- •49. Жапонияның салық жүйесін талдаңыз және даму ерекшеліктеріне тоқталыңыз
- •50.Жапонияның салықтарын жіктеңіз
- •51. Ресейдің салық жүйесінің пайда болуы мен қалыптасу кезеңдерін ашып көрсетіңіз
- •52.Ресейдің салық жүйесін талдаңыз және даму ерекшеліктеріне тоқталыңыз
- •52.Ресейдің салық жүйесін талдаңыз және даму ерекшеліктеріне тоқталыңыз
- •54. Белоруссияның салық жүйесінің пайда болуы мен қалыптасу кезеңдерін ашып көрсетіңіз
- •55. Белоруссияның салық жүйесін талдаңыз және даму ерекшеліктеріне тоқталыңыз
- •56. Белоруссияның салықтарын жіктеңіз
- •57. Қазақстанның салық жүйесінің пайда болуы мен қалыптасу кезеңдерін ашып көрсетіңіз
- •58. Қазақстанның салық жүйесін талдаңыз және даму ерекшеліктеріне тоқталыңыз
- •59.Қазақстанның салықтарын жіктеңіз
- •60. Тмд мемлекеттерімен қр-ның салық салу жүйесінің сыртқы экономикалық қатынастағы рөлін анықтаңыздар
15. Халықаралық салық келісімдерін ашып көрсетіңіз.
16. АҚШ-тың салық жүйесінің пайда болуы мен қалыптасу кезеңдеріне тоқталыңыз.
АҚШ тәуелсіздік декларациясының авторларының бірі Б. Франклин(1760-1790) «өмірде өлім мен салықтан қашып құтылуға болмайды» деп тұжырымдаған болатын. Қазіргі кездегі АҚШ салық жүйесі нарық талаптарына әрі салық салу қағидаларына жауап беретін дамыған салық жүйелерінің бірі болып табылады. Соғыстан кейінгі жылдары экономиканы мемлекеттік реттеудің құралы ретінде мемлекеттік бюджет кеңінен қолданылады. Бюджеттік-салықтық реттеуді Үкімен ең алдымен экономикадағы дағдарыстың алдын алу және экономикалық өсуді ынталандыру мақсатында қолданды десекте, мұндай саясаттың экономикалық дамудың маңызды көрсеткіштеріне тигізетін кері әсері 1970/1980 жылдары көрініс бере бастады. Салық реформасы ұзақ уақыт Дж. Картер Үкіметі тұсынан бері дайындалып келген болатын. әйтседе 1981 жылы 1 қаңтарда билік басына келген президент Р. Рейган Конгресске «Американың жаңа бастауы үшін: экономиканы қалпына келтіру бағдарламасы» атты 1981/1985 жылдар аралығанда мемлекетті реттеудің орта мерзімді бағдарламасын ұсынды. Бұл бағдарламаның көздеген мақсаты экономикалық өсуді жеделдету және инфлянция қарқынын тежеу болды және ол төрт кешеннен тұрды:
табыс салығының және корпорация пайдасына салынатын салық ставкасын қысқарту сондай-ақ салық жеңілдігінің санын азайту;
мемлекеттік бюджет тапшылығын қысқарту мақсатында федералдық шығындардың өсуін тежеу;
заңнама көлемін қайта қарау және қысқарты;
тұрақтандырғыш ақша-несие саясатын жүргізу;
Үкіметтің пікірінше салық салу ставкасы мен салық салу прогрессиясының күрт төмендеу еңбек белсенділігін жинақтау мен инвестицияны ынталандыруы керек болды. Салық түсімдерін ұлғайту американ экономисі Лаффердің теориясы негізінде теориялық тұрғыда шешілді. Салық реформасы 1981 жылы (1981 жылдың экономикасын сауықтырудың Салық Заңының қабылдануымен басталды). Мұнда үш жыл ішінде табыс Мұнда үш жыл ішінде табыс салығының,корпорация пайдасына салынатын салық ставкасын төмендету қарастырылды. Корпорация пайдасына салынатын минималды салық ставкасы 17-ден 16 пайызға төмендетілді. Өнеркәсіптің капиталын жаппай жаңарту және техникалық базасын модернизациялау мақсатында жаңа амортизациялық саясат жүргізілді. 1980 жылдары ғылыми-техникалық прогресстің интенсивті қарқыны барысында құрал-жабдықтарды модернизациялау тиімді болды. Осындай шаралардың өткізілуінің нәтижесінде корпорацияның күрделі қаржы салымы, экономикалық өсу қарқыны өсті. Бірақ 1980 жылдардың орта кезінде елдің қаржылық жағдайы күрт төмендеді. Салық салудың қысқаруы федералдық бюджеттің тапшылығын арттырды. 1984жылы Конгресс «Бюджет тапшылығын қысқарту туралы», 1985жылы «Теңдестірілген бюджет және тапшылықты қадағалаудың төтенше шаралары туралы» Заңдарда қабылдады.1981/1985 жылдар аралығында өткізілген шараларға қарамастан, салық реформасын жүргізудің объективтік қажеттігі қала берді. Нәтижесінде 1986/1987 жылдары жүргізілген салық реформалары ел экономикасына елеулі әсерін тигізді. Сол кезде жүргізілген салық реформасының басты көздеген мақсаты федералдық салық салу жүйесін оңайлату, экономикалық өсуді ынталандыру болды. Сол кезеңге дейін қолданылып келген Ішкі табыстар Кодексінің орнына АҚШ-тың 1986 жылы жаңа, яғни қазіргі кездегі қолданыстағы Салық Кодексі қабылданды.Салық реформасы екі кезеңде өтті:1987 жылдың 1-ші қаңтарынан және 1988 жылдың 1-ші қаңтарынан. Әсіресе, табыс салығы мен корпорация пайдасына салатын салық саласында елеулі өзгерістер жүргізілді: салық ставкаларының саны қыскарды, жеңілдіктер саны өсті, жаңа жеңілдіктер енгізілді, табысы аз отбасыларға түсетін салық ауыртпалығының мөлшері қысқарды.1990-шы жылдардың бас кезіне дейін халықтан алынатын табыс салығына 33 пайыздық жоғары ставка қолданылып келді, бірақ президент Дж.Буш тұсында ол 31 пайызға төмендетілді және ол ставканы қолдану шегі жыл сайын инфляцияға сәйкес индексацияланып отырды. Сондай-ақ, осы реформа барысында Ішкі кірістер қызметінің функциясы нақтыланды. Сонымен 1980-ші жылдары жүргізілген салық реформалары нәтижесінде салынбайтын минимум мөлшерінің артуы, салық ставкаларының төмендеуі экономиканың циклдық артуына, өндіріс процесінің өсуіне, инвестиция мөлшерінің артуына, бәсекелестік ортаның қалыптасуына, инфляция қарқынының тежелуіне және т.б. оң әсерін тигізді. «Салық ставкаларының қысқаруы мемлекет табысына теріс әсер етпейді» деп салық реформаларының авторлары тұжырымдағанымен де, іс жүзінде керісінше болды. Салық реформасы жүргізілуі барысында басым көңіл салықтық құралдарға бөлініп, бюджет мәселесі ескерусіз қалды. Нәтижесінде федералдық бюджеттің тапшылығы мен федералдық Үкімет шығындары өсті. Халықтың әр түрлі деңгейлері арасындағы экономикалық теңдікке қол жеткізілмеді. Салық ставкаларының төмендеуі ауқатты салық төлеушілер тобының мүддесін қамтасыз етті. Демек, Америка мемлекеті 1980-ші жылдары салық салу саласында жүргізген реформалары барысында алдына қойылған мақсаттарына толығымен қол жеткізген жоқ. Бұл өз кезегінде жаңа салық реформасын жүргізудің қажеттігін туғызды.1993 жылы президент Б.Клинтон арнайы экономикалық бағдарламаны Конгресс қарауына ұсынды. Бұл бағдарлама мынадай кезеңдерді қамтиды:
-экономиканың кұлдырауын тежеуді мақсат етті;
-елдің негізгі капиталына мемлекеттік салымдардың көбеюін қамтамасыз ету шараларын бейнеледі және экономиканы модернизациялауға әсер етуі керек болды;
-бюджет тапшылығын қысқартуға және экономикаға қолайлы жағдай жасауға бағытталды.
17. АҚШ-тың салық жүйесін талдаңыз және даму ерекшеліктеріне тоқталыңыз. Қазіргі таңда ел аумағында 50 штат, 83 мыңнан астам жергілікті өзін-өзі басқару органдары бар және олар өздерінің меншікті қаржы базасына ие, демек бюджеттері бар. АҚШ-тың жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қаржыларына графство, муниципалитет, тауншип (поселкалер), округ, арнайы дистрикттің қаржылары жатады. Жергілікті жүйесінің звенолары болып жергіліті бюджеттер, арнайы қорлар, жергілікті басқару органына тиісті кәсіпорындар қаржылары табылады. АҚШ-тың федералимнің конститутциялық қағидасына сәйкес салық салу өкілеттігі федералдық Үкіметке, штаттар Үкіметіне, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына берілген. Қазіргі кездегі АҚШ салық жүйесіне негізгі салық түрлерін параллельді, яғни федералдық, штаттар және жергілікті өзін-өзі басқару деңгейінде қолдану тән. Сонымен АҚШ-тың салық төлеушілері салықтарды үш деңгейде де төлейді:
Федералдық;
Штаттар;
Жергілікті билік органдар.
Мына салықтар үш деңгейде де алынады:
Жеке табыс салығы;
Мұра мен сыйға салынатын салық;
Акциздер;
Әлеуметтік сақтандыру жарнасы;
Корпорация табысына салынатын салық.
Әр штаттың өзінің салық жүйесі бар. Штаттар деңгейінде:
-корпорациядан алынатын табыс салығы;
-халықтан алынатын табыс салығы;
-сатудан алынатын салық;
-іскерлік белсенділікке салынатын салық т.б. алынады.
Бұл жердегі бір ерекшелік штат аумағында корпорацияның бөлімшесі немесе өкілдігі болған жағдайда ғана штаттар деңгейінде корпорациялық табыс салығы алынады. Бұл салық елдің 40 штатында қолданылады және штаттардағы салық түсімінің орташа есеппен 7 пайызын құрайды.
Халықтан алынатын табыс салығы елдің 44 штатында қолданылады. Аталмыш салықты төлеу барысында азаматтар штатта тұрғылықты тұратын және тұрғылықты тұрмайтын болып бөлінеді. Тұрғылықты тұратын азаматтар алған барлық табысынан салық төлесе, тұрғылықты тұрмайтын азаматтар тек штатта алған табыстарынан ғана төлейді, яғни біздің резидент және резидент емес тұлғалар сияқты. Штаттардағы табыс салығының ставкасы 2-12 пайыз аралығында.
Штаттар бюджетінің негізгі кіріс көздерінің бірі сатудан алынатын салық(sales tax) соғыстан кейінгі жылдары енгізілді. Әдетте, бұл салық мейрамханадан басқа азық-түлік тауарларының барлығына салынады. Салық Аляска, Нью-Джерси тәрізді жекелеген штаттардан басқа штаттардың барлығында қолданылады.Ең төмен салық ставкасы Калифорнияда – 3 пайыз шамасында. Орташа салық ставкасы – 4 пайыз. Салықты бюджетке сатушы аударғанымен де, іс жүзінде тұтынушы төлейді.
Штаттар деңгейінде әр түрлі обьектілерден акциз салығы алынады. Оны тұтынушылар тауар (қызмет) түріне байланысты әр түрлі ставкалармен төлейді;
- барлық штаттар отынның барлық түрінен, негізінен бензинге өздерінің бекіткен ставкаларымен акциз салығын алады. Салық ставкасы отынның 1 галлонына центпен белгіленеді. Салық ставкасы әр штатта дизелді отын, табиғи газ, авиациялық отын тәрізді түрлеріне байланысты дифференцияланған;
-барлық штаттар спиртті ішімдіктерге акциз салығын қолданады. Салық ставкасы бір штатта көтерме немесе бөлшек саудадағы көлеміне пайызбен бекітілсе, кей штаттарда ішімдіктің күшіне байланысты галлонына доллармен белгіленген. Салықты алкогольді ішімдіктерді өндіретін, өңдейтін, өткізетін компаниялар төлейді. Жекелеген штаттарда акциз салығы тек коньяк, сыра, вермут, шарап тәрізді кейбір ішімдік түрінен ғана алынады.
-барлық штаттарда мұнай, газ, көмір тәрізді кен өндірумен айналысатын компаниялар акциз салығын төлейді. Штаттар салықты аумақтағы минералды ресурстарды өндірудің өтемақысы ретінде алады. Салық ставкасы өндірілген қазба мөлшеріне байланысты әр түріне дербес анықталады. Салықты осы ресурстардың меншік иесі 3-5 пайыз аралығындағы ставкамен төлейді.
Штаттар деңгейінде алынатын мұра мен сыйға салынатын салық құрылымы жағынан федералдық салыққа ұқсас болып келеді және штаттардағы салық түсімінің орташа есеппен екі пайызын құрайды.
Жергілікті салықтар жүйесі мемлекет деңгейінде заңмен бекітіледі. Жергілікті салықтар жүйесі мемлекет деңгейінде заңмен бекітіледі. Жергілікті салықтардың мемлекеттік салықтардан бір айырмашылығы – олардың көп түрлі және регресивті сипатта болуы.
Жергілікті салықтарға сатудан алынатын салық, жергілікті табыс салығы, акциздер, экологиялық салық және т.б. жатады.
Олардың ішіндегі ең маңыздыларының бірі – мүлікке салынатын салық мүліктің бағалау құнынан алынады. Ол федералдық деңгейде алынбайды және жергілікті билік органдарының қарамағында болады. Мүлікті арнайы бағалаушы төрт жылда бір рет бағалайды. Барлық жерде бағалау құны обьектінің бағалау коэффициенті деп аталатын бірдей пайызбен бекітілуі керек. Салық ставкасының орташа деңгейі шамамен – 2 пайыз.
Жергілікті билік органдары егер штат заңымен тыйым салынбаса, бөлшек саудадан алынатын меншікті салығын енгізе алады. Салық ставкасы шттатар деңгейіндегі ставкадан төмен болып келеді және 2 пайыздан көп болмауы керек.
Жергілікті билік органдары азық түлік өнімдерін, спиртті ішімдіктерді, темекі бұйымдарын сатумен қонақ үй қызметімен айналысу құқығын лицензиялайды. Автокөліктер мен мотоциклдерді пайдалануға, үй жануарларын ұстауға лицензия беріледі. Демек, лицензиялау барысында лицензия алымы ұсталады, ол жергілікті салықтар жүйесіне кіреді.
АҚШ- тың жергілікті салықтарының құрылымы мен ставкаларын талдай келе, оларды төрт топқа топтастыруға болады:
1-ші топ – белгілі бір аумақтағана жиналатын меншікті салықтар; бұған тура және жанама салықтар жатады. Тура салықтарға мүлік, жер, мұраға салынатын және басқада салықтар кіреді. Жанама салықтарға сатудан алынатын салық, акциздер жатады.
2-ші топ – жалпымемлекеттік салықтан қосымша ретінде жергілікті бюджетке аударылатын салықтар;
3-ші топ - көлік құралдарына, қонақ үйлерге, коммуналдық қызметке, т.б. салынатын салықтар. Бұлар штат және қала бюджеттері арасында бөлінеді.
4- ші топ – жергілікті салықтар тобы. Бұл салықтар негізінен жергілікті билік органдарының саясатын анықтайды. Мысалы, экологиялық салық қоршаған ортаны қорғау мақсатында енгізілген.
АҚШ- тың қалаларының бюджетіндегі салықтық түсімдердің жалпы сипаты жергілікті билік органдарының салықтарына ұқсас болып келеді. Қалалық биліктің кез келген жергілікті билік органы сияқты өзінің дербес кіріс көздері бар. Атап айтқанда:
Қонақ ү» қызметіне салық
Қонақ үй төлемі
Коммуналдық қызметке салық
Жылжымайтын мүлікті сатып алу мәмілелеріне салық
Лицензиялық алым.
Бірақ әр қаланың салықтары әр түрлі болып келеді.
Салықтардың бюджетке толық көлемде алыну және түсуін қадағалау міселелерімен Қаржы министрлігінің құрамына кіретін арнайы салық органы - АҚШ-тың ішкі кірістер қызметі шұғылданады: АҚШ-тың ішкі кірістер қызметі > Орталық аппарат > 7 аймақтық салық басқармасы және 58 салық басқармасы.
18. АҚШ-тың негізгі салықтарды жіктеңіз. Федералдық салық жүйесіндегі негізгі салықтар болып:
Жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы;
әлеуметтік сақтандыру жарнасы;
корпорация табысына салынатын салық;
акциздер , т.б. жатады.
Федералдық кірістегі ең басты салықтардың бірі халықтан алынатын табыс салығы (income tax) федералдық бюджеттің негізгі кіріс көзі болып табылады. Салықты жеке тұлғалар, жеке кәсіпкерлер, заңды тұлға мәртебесі жоқ серіктестіктер төлейді. Салық салу барысында жеке тұлға салықты өзі дербес немесе отбасы атынан төлейді. Салық төлеу барысында олар бес топқа топтастырылып, отбасылық мәртебесі анықталады:
Салық декларациясын жеке-жеке толтыратын ерлі-зайыптылар;
Отбасы иесі;
Жеке салық төлеушілер;
Жалғыз басты салық төлеушілер.
1986 жылға дейін АҚШ-та 11-50 пайыз аралығындағы 14 түрлі жеке табыс салығы ставкалары қолдданылады. Салық реформасы нәтижесінде салық ставкаларының саны азайып, есесіне салық салынбайтын минимум мөлшері өсті, салық жеңілдіктерінің саны қысқарды. 1990 жылдан бастап салық салынбайтын минимум мөлшері инфляция деңгейіне байланысты индексацияланып отырды. Қазіргі кезде халықтан алынатын табыс салығы 15-39,6 пайыз аралығындағы прогрессивтік шкаламен алынады.
Табыс салығының ставкалары
Отбасы табысы, долл. |
Салық ставкасы, % |
35150-ге дейін |
15 |
35151-ден 90800-ге дейін |
28 |
90801-ден 147050-ге дейін |
31 |
147051-ден 288350-ге дейін |
36 |
288351-ден жоғары |
39,6 |
Халықтан алынатын табыс салығы бойынша жеке тұлғалар жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдан 15–ші сәуіріне дейін декларация тапсырды. Декларацияда салық төлеушінің мекен жайы, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру жүйсіндегі салық төлеушінің номері, қызмет түрі, отбасылық мәртебесі, асырауындағы адамдар туралы мәлімет, есепті кезеңде алған барлық көздерден алған табыстары көрсетіледі. Салық декларациясы уақытынан кеш тапсырылған жағдайда, әрбір кешікккен күнге айыппұл сомасы есептеледі. Сондықтан салық бойынша белгіленген мерзімнен бұрын салық органына декларация тапсыру мерзімін жедел ұзарту туралы жазбаша хабарлама алады.
Федералдық бюджеттегі келесі маңызды салықтардың бірі – корпарация табысына салынатын салық( corporation income tax) 1980/1990 жылдардағы салық реформалары барасында айтарлықтай өзгеріп, жетілдірілді. Жалпы түсімдегі үлесі – 7 пайыз. Жалпы түсімдегі үлесі айтарлықтай болмаса да, үкімет оны экономиканың тұрақты даму қарқынын қамтамассыз ететін қаржы құралы ретінде пайдаланады. Корпарацияға салық салудағы басты қағида таза табысқа салық салу болу табылады. Салық салынатын табыс түзетілген жиынтық табыс және шегірімдер мен жеңілдіктер арасындағы айырма негізінде анықталады. Корпарцияның табыс салығы мынадай ставкалармен алынады:
Салық салынатын табыс, долл |
Салық ставкасы , % |
50000-ға дейін |
15 |
50000-нан 75000-ға дейін |
25 |
75000-нан 100000-ға дейін |
34 |
100000-нан 335000-ға дейін |
39 |
335000-нан 1000000-ға дейін |
34 |
1000000-нан 15000000 дейін |
35 |
15000000-нан 18333333 дейін |
38 |
18333333-жоғары |
35 |
Мұра мен сыйға салынатын салық(inheritance and gift taxes) барысында құны 10 мың долларға дейінгі мүлік салықтан босатылады. Бұл мөлшерден асқан мүліктер мен мұраға салық 18-50 пайыз аралығындағы прогрессивтік шкаламен салынады. Құны 10000 долл-дан асқан сыйлар және құны 60000 долл-дан асқан мұра бойынша арнайы салық декларациясы толтырылады. Ең жоғары ставка құны 2,5 млн доллардан асқан мүліктерге қолданылады.
19-20. Канадада табыс салығы туралы бірінші әскери заң 1917 ж БДС шығындарын қаржыландыру мақсатында қабылданды. 1948 ж табыс салығы туралы Заң, 1972 ж оған маңызды өзгерістер енгізілді. 1988 ж. Салық салу реформасы туралы жобаға сәйкес реформаның бірінші кезеңі табыс салығына байланысты өткізілді.
Канаданың салық жүйесі үш деңгейден тұрады:
Ферералдық (мемлекеттік бюджеттің 48 пайызы)
Провинциялық (42 пайызы)
Жергілікті (10 пайызы)
Федералдық бюджет кірісінің басым бөлігін халықтан алынатын табыс салығы, әлеуметтік сақтандыру қорына салық құрайды.
Провинциялық кірістердің негізгі бөлігі:
Сатуға салынатын салық
Корпорация табысына салық
Акциздер
Мұра мен сыйға салық.
Жергілікті бюджет негізінен мүлік салығы мен кәсіпкерліккке салықтан тұрады.
Салық саясатын Қаржы министрлігінің бюджеттік саясат және экономикалық талдау бөлімі жасайды. Салыққа қатысты туындайтын даулы мәселелер Салық Соты деңгейінде шешіледі. Салық саласына қатысты мәселелрдің құқықтық негізін «Кіріске салынатын салық туралы», «Жұмыссыздықтан сақтандыру туралы» тәрізді Заңдар мен заңнамалық актілер құрайды.
Тура салықтарға табыс салығы, капитал өсіміне салық, жылжымайтын мүлікке салық, отын салығы т.б., ал жанама салыққа сатудан алынатын салық жатады. Салықтардың көпшілігі федералдық және провинция деңгейінде төленеді.
Халықтан алынатын табысты Канадада тұратын, жұмыс жасайтын, бизнеспен айналысатын және ел аумағында меншігі бар тұлғалар төлейді. Салық объектісі – табыс. Ол жиынтық табыс пен оны алуға кеткен шығындардың айырмасы ретінде алынады. Табыстан зейнетақылық аударымдар, кәсіподаққа аударылған жарна, асырауындағы адамдарға берілетін салық салынбайтын минимум шегеріліп тасталады. Федералдық табыс салығы 17-29 пайыз аралыңында прогрессивтік щкаламен өлшенеді. Провинциялық ттабыс салығы федералдық табыс салыңынан пайызбен есептеледі.
Активтердің нарық құнынынң өсімінен алынатын салық 30 пайыз.
Федералдық табыс салығы 12-28 пайыз мөлшерінде бекітілген. Муниципалитеттердің корпорацияларға салық салуға құқығы жоқ. Канадада шағын бизнесті дамутуға көп көңіл бқлінген. Жылдық табысы 200 мың долларды құрайты, жалдамалы жұмыскерлер саны 100-ден аспайтын компаниялар шағын бизнес субъектілері болып саналады. Қазір 80-85 пайызды құрайды. Шағын бизнес 12 пайыздық ставкамен табыс салығын төлейді.
Корпорацияларға келесідей жеңілдіктер бар:
Инвестициялыұ салықтық несие
Жеделдетілген амортизация
Салық төлеу мерзімін ұзарту
Экспорт операцияларын салықтан босату.
Өндіріс процесінде залал туындаған жағдайда ол 7 жыл мерзімге кейін шегеріледі.
Ауыл және балық шаруашылыңын дамыту және фермерлердің балаларын жұмысқа тарту үшін жеңілдіктер қарастырылған.,
Сатудан алынатын салықтардың ерекшеліктері:
Өндірістік процесс салықтан босатылып, тек тұтынуға қолданылады.
Кең базаға сүйенеді.
Бұл салық азық-түлік, балалар киіміне қолданылмайды. Федералдық сатудан алынатын салық 12 пайыздық ставкамен тауар бағасына қосылып алынады.
Қосылған құнға салық 1991 ж бастап енгізілді, негізгі ставкасы – 7 пайыз. Азық-түлік, медициналық препараттар мен қондырғыларға, денсайлық сақтау мен білім беру қызметіне бұл салық қолданылмайды.
Жылжымайтын мүлікке салық салу мақсатында провинциялық билік органдары мүліктерді бағалауды жүзеге асырады. Жылжымайтын мүлікке салынатын салық мүлік нысаны мен бағалау құнына байланысты салынады.
Бензин сатудан алынатын арнайы салық федералдық және Альберта,Саскачевана провинцияларынан басқа провинциялардың барлығында қолданылады. Бұл салықты фермерлер, балықшылар, өндіру, өңдеу және орман өнеркәсібіндегі кәсіпорындар төлемейді. Сондай-ақ, әлеуметтік сақтандыру және денсаулық сақтау алымдарын федералдық және провинциялық Үкімет алады.
Салық төлеушілер жыл сайын қаржы органдарына табыс мөлшері мен салық сомасы туралы ақпары көрсетілген декларацияны есепті жылдан кейінгі күнтізбелік жылдың 30-шы сәуіріне дейін толтырып, тапсырады. Салық декларациясының дұрыс толтырылуы мен ондағы ақпарлардың растығын салық органдары ішінара бағалау негізінде тексереді; ревизия жүргізеді; салық төлеушінің бухгалтерлік кітабын тексереді. Салық заң бұзушылықтары анықталған жағдайда айыппұлдан бастап екі жыл бас бостандығынан айыруға дейін баратын қатаң жазалау шаралары қолданылады. Салық төлеуші мұндай шешіммен келіспеген жағдайда Канаданың салық сотына , федералдық сотқа, одан әрі Жоғарғы сотқа саты бойынша шағымдануға құқылы.
