- •1. Салықтардың пайда болу тарихына тоқталыңыз.
- •15. Халықаралық салық келісімдерін ашып көрсетіңіз.
- •21. Канаданың салықтарын жіктеңіз
- •22. Ұлыбританияның салық жүйесінің пайда болуы мен қалыптасу кезеңдеріне тоқталыңыз
- •23. Ұлыбританияның салық жүйесін талдаңыз және даму ерекшеліктеріне тоқталыңыз
- •24. Ұлыбританияның салықтарын жіктеңіз
- •25. Германияның салық жүйесінің пайда болуы мен қалыптасу кезеңдерін ашып көрсетіңіз
- •26. Германияның салық жүйесін талдаңыз және даму ерекшеліктеріне тоқталыңыз
- •27. Германияның салықтарын жіктеңіз
- •28. Еуропаның жекелеген елінің салық жүйесін түсіндіріңіз
- •Швейцарияның салық жүйесі
- •Австрияның салық жүйесі
- •Нидерландияның салық жүйесі
- •Данияның салық жүйесі
- •Испанияның салық жүйесі
- •29. Францияның салық жүйесін талдаңыз және даму ерекшеліктеріне тоқталыңыз
- •30. Франция салықтарын жіктеңіз
- •31. Италияның салық жүйесінің пайда болуы мен қалыптасу кезеңдерін ашып көрсетіңіз
- •32. Италияның салық жүйесін талдаңыз және даму ерекшеліктеріне тоқталыңыз
- •33. Италияның салықтарын жіктеңіз
- •34. Швецияның салық жұйесінің пайда болуы мен қалыптасу кезеңдерін ашып көрсетіңіз
- •35. Швецияның салық жүйесін талдаңыз және даму ерекшеліктеріне тоқталыңыз
- •36. Швецияның салықтарын жіктеңіз
- •37. Швейцарияның салық жүйесінің пайда болуы мен қалыптасу кезеңдерін ашып көрсетіңіз
- •38. Швейцарияның салық жүйесін талдаңыз және даму ерекшеліктеріне тоқталыңыз
- •39. Швейцарияның салықтарын жіктеңіз
- •40. Австрияның салық жүйесінің пайда болуы мен қалыптасу кезеңдерін ашып көрсетіңіз
- •41. Австрияның салықтарын жіктеңіз
- •42.Нидерландияның салық жүйесінің пайда болуы мен қалыптасу кезеңдерін ашып көрсетіңіз
- •43.Нидерландияның салықтарын жіктеңіз
- •44.Азияның жекелеген елінің салық жүйесін түсіндіріңіз
- •45.Данияның cалық жүйесін түсіндіріңіз
- •46. Испанияның салық жүйесінің пайда болуы мен қалыптасу кезеңдерін ашып көрсетіңіз
- •47. Испанияның салықтарын жіктеңіз
- •47.Жапонияның салық жүйесінің пайда болуы мен қалыптасу кезеңдерін ашып көрсетіңіз
- •49. Жапонияның салық жүйесін талдаңыз және даму ерекшеліктеріне тоқталыңыз
- •50.Жапонияның салықтарын жіктеңіз
- •51. Ресейдің салық жүйесінің пайда болуы мен қалыптасу кезеңдерін ашып көрсетіңіз
- •52.Ресейдің салық жүйесін талдаңыз және даму ерекшеліктеріне тоқталыңыз
- •52.Ресейдің салық жүйесін талдаңыз және даму ерекшеліктеріне тоқталыңыз
- •54. Белоруссияның салық жүйесінің пайда болуы мен қалыптасу кезеңдерін ашып көрсетіңіз
- •55. Белоруссияның салық жүйесін талдаңыз және даму ерекшеліктеріне тоқталыңыз
- •56. Белоруссияның салықтарын жіктеңіз
- •57. Қазақстанның салық жүйесінің пайда болуы мен қалыптасу кезеңдерін ашып көрсетіңіз
- •58. Қазақстанның салық жүйесін талдаңыз және даму ерекшеліктеріне тоқталыңыз
- •59.Қазақстанның салықтарын жіктеңіз
- •60. Тмд мемлекеттерімен қр-ның салық салу жүйесінің сыртқы экономикалық қатынастағы рөлін анықтаңыздар
42.Нидерландияның салық жүйесінің пайда болуы мен қалыптасу кезеңдерін ашып көрсетіңіз
Қазіргі Нидерландияның салық жүйесі ұзақ уақыттар бойы қалыптасты. Салық жүйесінің пайда болуы: 1611 жылы Амстердамда ең алғашқы биржаның ғимараты салынды. Бұл кезде түске дейін сауда ашық аспанның астында жүргізілді, ал кейбір арнайы операциялар жеке уйлерде, кофеханаларда жүргізіліп отырды. Тек кешке таман кәсіпкерлік операциялары биржа ғимаратында жүзеге асырылды. 1689 жылы амстердамдық адвокат Николаас Майс Ван Хоули мәмілелердің тіркелуіне және салықтың өндірілуіне қол жеткізді.
2001жылдан бері Нидерландия жаңа салық заңдылығымен өмір сүреді. Табыс салығы. Нидерландия шекарасында жарты жылдай тұрған тұрғын табыс салығын төлейді. Бұл салықты төлеу мерзімі – 1 сәуір. Табыс салығын төлеу үшін салық декларациясын толтыру керек. Салықты төлей алмаған ерекше жағдайларда үш ай мерзімінде уақытын ұзартуға болады. Егер де пайда көзі тек төлемақы мен жәрдемақы болатын болса салық декларациясын толтыру міндетті емес. Жұмыс беруші жұмысшылардың еңбекақысынан табыс салығын бірден алып тастап,оны ай сайын аударып отырады. Жаңа салық заңдылығына сәйкес табыс салығы үш негізгі жәшікке бөлінген: бірінші жәшік – жұмыс және тұрғын үйге байланысты табыстар мен шығындар, яғни:
-еңбекақы, зейнетақы, әлеуметтік жәрдемақылар;
-тұрақты тұрып жатырған тұрғын үйдің шығындары мен пайдалары;
- кәсіпкерлік және басқа кәсіптен түскен пайда;
-мерзім сайын төленіп отыратын төлемақы мен пособиялар; мысалы, алимент;
Екінші жәшікке кәсіпорындағы айтарлықтай үлесі бар капиталдың иеленуімен байланысты табыстары мен шығындары кіреді. Бұл категорияда болу үшін кәсіпорын акциясының айтарлықтай үлесіне ( 5% кем емес) ие болу қажет. Бұл категориядағы тұлғаларға салынатын табыс салығы 25%. Үшінші жәшікке қордан және инвестициядан түскен пайдалар кіреді. Оларға:
- акциялар, облигациялар, жинақтаушы шоттағы ақшалар;
-жылжымайтын мүлікке салымдар (тұрғын үйден басқа);
-сақтандыру полистері және басқа жәшіктерге кірмейтін жинақтар;
Корпорациялардың табысына салынатын салық. Корпорация ретінде тіркелген акционерлік компаниялар, сақтандыру және несие компаниялар, қорлар және заңды тұлғалар бұл салықтың түрін төлейді. 1997 жылдан бері корпорация табысына салынатын салық ставкасы жылына 35%. Әлеуметтік және қайырымдылықпен айналысатын заңды тұлғалар салықтан босатылады.
Қосылған құн салығы.Қосылған құн салығы – тұтынуға салынатын салық, тауарларды жеткізуге және Нидерландияда қызмет көрсеткен үшін төленеді. 1998 жылдан бері ққс стандартты ставкасы 17,5%, төмендетілгені – 6% (алғашқы қажеттіліктерге керекті тауарлар мен қызметтер, яғни азық түліктерге, кітаптарға, пассажирлік транспорттарға, мәдениет және спорт саласындағы қызметтер). Қосылған құн салығынан банктік, сақтандыру, медициналық, пошталық және телекоммуникациялық операциялар босатылады.
Акциз салығы. Мұнай, табак өнімдеріне, пиво, спирт өнімдеріне, алкоголді емес сусындарға салынады. Кейбір өнімдерге акциз салық ставкасы:
Бензинге (1 галлон үшін) – 50 EUR-дан 55EUR-ға дейін;
Жылытқыш (отопительный)мазуттарға (1000 кг үшін) – 15 EUR;
Темекі өнімдеріне – 21,05%;
Спирт өнімдеріне ( спирттің градусы үшін) – 15 EUR;
Мүлік салығы. Нидерландияда активтермен иеленетін жеке тұлғалар, резиденттер және бейрезиденттер мүлік салығын төлеушілер болып табылады. Мүлік салығының объектісі болып мүліктің құны болып есептеледі (ғимарат құны, жер құны ), ал субъектісі болып мүлік иесі, сонымен қатар мүлікті тұтынушы (жалға алушы) болып есептеледі.
Автотранспорттық құралдарға салынатын салық. Бұл салықты төлейтіндер автомобиль иесі, сонымен қатар нерезиденттер. Салық ставкасы автокөліктің салмағына, қолданылатын топливаға байланысты.
Жеңіл автокөліктерге және мотоциклдерге салынатын салық. Жеке тұлғалардан алынатын салық. . Нидерландыда және шет елдерде тіркелген жеңіл автокөліктерге салынады. Ставкасы – 45,2%.
