Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
салық.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
210.99 Кб
Скачать

36. Швецияның салықтарын жіктеңіз

Швецияның салық жүйесіндегі негізгі салық түрлеріне: азаматтардан алынатын табыс салығы; компаниялардан алынатын табыс салығы; қосылған құнға салынатын салық; мұра мен сыйға салынатын салық; акцияздер; елтанбалық алым; әлеуметтік сақтандыруға жарна; т.б. салықтар жатады.

Корпорацияға пайдасына салынатын салықты коммерциялық қызметпен айналысатын барлық акционерлік қоғамдар, кооперативтер, шетел компаниялары 30 пайыздық ставкамен төлейді. Корпорация пайдасына салынатын салықты салу объектісі компанияның қаржы есебінде көрсетілген таза табысы негізінде анықталады.

Азаматтардан алынатын табыс салығы 1928 жылғы “Муниципалды табыс салығы туралы” және 1947 жылғы “Ұлттық табыс салығы туралы” Заңдармен реттеледі. Салық салу барысында азаматтар резидерт және бейрезидент болып бөлінеді. Швецияның заңнамасы бойынша резидент деп ел аумағында тұрақты тұратын немесе тұратын жері бар немесе елде экономикалық не отбасылық байланысы азаматтар танылады. Осы үш критерийге кірмеген азаматтардың барлығы бейрезидент деп танылады. Бейрезиденттерге салық салу ерекшелігі 1991 жылғы “Бейрезиденттердің ұлттық табыс салығы туралы” Заңмен реттеледі.

Қосылған құнға салынатын салық ел аумағында коммерциялық мақсатта жүргізілген барлық тауарлардың, ұызметтердің саудасына салынады. Қосылған құнға салынатын салық бойынша салық салу объектісі бар компаниялар, кәсіпорындар, жеке тұлғалар қосылған құн салығын төлеушілер ретінде есепке тұруы керек.

Мүлікке салынатын салық отбасының жиынтық меншігінен төленеді. Салықты есептеу барысында объектінің кадастрлық құны алынады. Бұл салықты тек жеке тұлғалар ғана төлейді. 400 мың кронға дейінгі мүлік салықтан босатылған. Құны 400 мыңнан 600 мыңға дейінгі мүлікке 1,5 пайызбен, құны 1,8 млн. Кроннан жоғары мүлікке 3 пайызбен салық салынады.

Елтанбалық алым әр түрлі нысандағы мәмілелерді жасаған кезде төленеді. Жылжымайтын мүлікті сатып – сатып алғанда елтанбалық алым ставкасы – 1,5 – 3 пайыз; акцияны алғашқы рет шығарған жағдайда 2 пайыз мөлшерінде салық ставкасы бекітіледі.

Бейрезиденттің табысын екі негізгі топқа топтастыруға болады:

- Швециядағы тұрақты іскерлік мекеме арқылы жүзеге асырылған қызметтен түскен табыстар:

- Швециядағы жылжымайтын мүліктен түскен табыстар.

Бейрезиденттің еңбекақы немесе зейнетақы түріндегі табысына тұрақты 25 пайыздық ставкамен ұлттық табыс салығы және басқадай табыстарына осы ставкамен муниципалды табыс салығы салынады. Егер осы табыстарының мөлшері жыл ішінде 200 мың кроннан асып кетсе, онда қосымша 20 пайыздық ставкамен ұлттық табыс салығы алынады. Бейрезидент Швециядағы капиталдан алған табысынан 30 пайыздық ставкамен табыс салығын төлейді. Бейрезиденттерге дербес салық жеңілдіктері берілмейді және олар салық декларациясын тапсыру жауапкершілігінен босатылған.

37. Швейцарияның салық жүйесінің пайда болуы мен қалыптасу кезеңдерін ашып көрсетіңіз

Швейцарияның құрамында конфедерация ,26 кантон, 300-нан астам муниципалитет бар. Кантондар дербес әкімшілік аумақтық бірлік болып саналса, муниципалды автономияның дәрежесі кантон заңнамасымен анықталады.

Швейцарияның салық жүйесі біртіндеп қалыптасты. 1848 жылға дейін кантондар өз табыстарын кеден баждары есебінен құрады, жекелеген кантондарда мүлік салығы енгізілді. 1848 жылдан бастап кеден баждарын алу өкілеттігі Конфедерацияға берілді. Осы жылы Швейцария мемлекеті құрылып, кантондарда табысқа және мүлікке салынатын салықтарды алу құқығы берілді.

Швейцария Үкіметі салық жүйесін жетілдіріп, дамыту барысында жалпыға ыңғайлы және нарықтық жағдайларға бейім өзгерістерді енгізуге, әлемдік бәсекелестік барысында отандық кәсіпорындарды, кәсіпкерлерді қолдауға ұмтылыс жасайды.

Швейцарияның салық жүйесі мынадай қағидаларға негізделген: Теңдік; Сауданың еркіндігі; Меншіктің кепілденген құқығы; Діни нанымның еркіндігі; Кантонаралық екі жақты салық салуға тыйым; Расталмаған салықтық түсімдерге тыйым.

Бұл елде салық жүйесінің жетілдірілуі мен оңтайлануына баса көңіл бөлінген және ел Конституциясында көрініс тапқан. Конституцияда салық салудың үйлесімділігінің екі типі қарастырылған:

А. Вертикалды, яғни конфедерация, кантон, муниципалитеттер үшін;

В. Горизонталды, яғни кантондар, муниципалитеттерарасында.

Осы мақсатқа жету барысында 1990 жылы 14 желтоқсанда Конфедерация «Кантондар мен муниципалитеттердің тура салықтарын үйлестіру туралы» және 1995 жылы 1қаңтарда Федералдық тура салықтар туралы Заңдар шығарды.

Швейцарияда салықты есептеу әр түрлі екі жүйеге негізделген:

А. Нәтижелейтін салық салу салық сомасысалық кезеңі ішінде есептеледі. Бұл жерде базалық және салықтық кезең бір біріне сәйкес келеді және бір жылды құрайды. Басым көпшілік кантондар мен Конфедерация заңды тұлғаларға салық салу барысында және бір кантон азаматтарға салық салу барысында осы жүйені қолданады;

В. Алдын ала салық салу салық алдыңғы бір немесе екі жылда алған табыс негізінде ағымдағы жылдың табысын, сәйкесінше салық сомасын анықтайды.

Басым көпшілік кантондар мен Конфедерация азаматтарға салық салу барысында және жекелеген кантондар заңды тұлғаларға салық салу барысында қолданады.