Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
салық.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
210.99 Кб
Скачать

34. Швецияның салық жұйесінің пайда болуы мен қалыптасу кезеңдерін ашып көрсетіңіз

Швецияда жергілікті билік органы екі деңгейлі болып келеді. Ел құрамында 24 лэн мен 284 коммуна кіреді. Салық түрлерінрикстаг, ал оның ставкаларын лэн мен коммуналар бекітеді. Швецияның қаржы жылы 1-ші шілдеден басталады. Салық қатынастарын реттейтін заңнамалық құжаттарды парламент бекітеді, жергіліктіоргандар мемлекет деңгейінде бекітілген шек мөлшерінде салық ставкаларын өзгерте алады. Салықтардың уақытылы әрі толық көлемде бюджетке түсуін ұлттық салық басқармасы мен жергілікті салық органдарыжүзеге асырады. Ұлттық салық басқармасы акциздер мен төлем көзінен ұсталатын салықтарды тікелей өзі қадағалайды. Импорттан алынатынқосылған құнға салынатын салықты кеден баждары мен алымдарының басқармасы бақылайды. Бұдан басқа салықтардың барлығы жерлердегі салық органдарының құзырында.

Салық салу саласындағы халықаралық ынтымақтастықта Швеция дүние жүзіндегі жетекші орында. Швеция көптеген елдермен мұра мен сыйға салынатын салықты, табыс салығын реттеуде халықаралық конвенцияларға ие.

Швецияның салық жүйесіндегі негізгі салық түрлеріне: азаматтардан алынатын табыс салығы; компаниялардан алынатын табыс салығы; қосылған құнға салынатын салық; мұра мен сыйға салынатын салық; акцияздер; елтанбалық алым; әлеуметтік сақтандыруға жарна; т.б. салықтар жатады.

Әкімшілік – аумақтық бөлінуге сәйкес табыс салығы екі деңгейде алынады:

а) ұлттық табыс салығы біртұтас 20 пайыздық ставкамен алынады;

ә) жергілікті табыс салығы әр аумақта әр түрлі болып келеді. Орташа есеппен лэн – 13, коммуна – 17, шіркеу – 1,1 пайыздық ставкамен салықтарын төлейді.

Әрбір жеке тұлға (ерлі-зайыптыларды қоса алғанда) табыс салығын өз алдына бөлек төлейді.

Азаматтардан алынатын табыс салығы 1928 жылғы “Муниципалды табыс салығы туралы” және 1947 жылғы “Ұлттық табыс салығы туралы” Заңдармен реттеледі. Салық салу барысында азаматтар резидерт және бейрезидент болып бөлінеді. Швецияның заңнамасы бойынша резидент деп ел аумағында тұрақты тұратын немесе тұратын жері бар немесе елде экономикалық не отбасылық байланысы азаматтар танылады. Осы үш критерийге кірмеген азаматтардың барлығы бейрезидент деп танылады. Бейрезиденттерге салық салу ерекшелігі 1991 жылғы “Бейрезиденттердің ұлттық табыс салығы туралы” Заңмен реттеледі.

Салық салу мақсатында азаматтардың табысы үш топқа бөліп қарастырылады:

  • жалдамалы жұмыстан тапқан табыстары;

  • коммерциялық қызметтен алған табыстары;

  • капиталдан алған табыстары.

35. Швецияның салық жүйесін талдаңыз және даму ерекшеліктеріне тоқталыңыз

Швецияда жергілікті билік органы екі деңгейлі болып келеді. Ел құрамында 24 лэн мен 284 коммуна кіреді. Салық түрлерінрикстаг, ал оның ставкаларын лэн мен коммуналар бекітеді. Швецияның қаржы жылы 1-ші шілдеден басталады. Салық қатынастарын реттейтін заңнамалық құжаттарды парламент бекітеді, жергіліктіоргандар мемлекет деңгейінде бекітілген шек мөлшерінде салық ставкаларын өзгерте алады. Салықтардың уақытылы әрі толық көлемде бюджетке түсуін ұлттық салық басқармасы мен жергілікті салық органдарыжүзеге асырады. Ұлттық салық басқармасы акциздер мен төлем көзінен ұсталатын салықтарды тікелей өзі қадағалайды. Импорттан алынатынқосылған құнға салынатын салықты кеден баждары мен алымдарының басқармасы бақылайды. Бұдан басқа салықтардың барлығы жерлердегі салық органдарының құзырында.

Салық салу саласындағы халықаралық ынтымақтастықта Швеция дүние жүзіндегі жетекші орында. Швеция көптеген елдермен мұра мен сыйға салынатын салықты, табыс салығын реттеуде халықаралық конвенцияларға ие.

Корпорацияға пайдасына салынатын салықты коммерциялық қызметпен айналысатын барлық акционерлік қоғамдар, кооперативтер, шетел компаниялары 30 пайыздық ставкамен төлейді. Корпорация пайдасына салынатын салықты салу объектісі компанияның қаржы есебінде көрсетілген таза табысы негізінде анықталады.

Азаматтардан алынатын табыс салығы 1928 жылғы “Муниципалды табыс салығы туралы” және 1947 жылғы “Ұлттық табыс салығы туралы” Заңдармен реттеледі. Салық салу барысында азаматтар резидерт және бейрезидент болып бөлінеді. Швецияның заңнамасы бойынша резидент деп ел аумағында тұрақты тұратын немесе тұратын жері бар немесе елде экономикалық не отбасылық байланысы азаматтар танылады. Осы үш критерийге кірмеген азаматтардың барлығы бейрезидент деп танылады. Бейрезиденттерге салық салу ерекшелігі 1991 жылғы “Бейрезиденттердің ұлттық табыс салығы туралы” Заңмен реттеледі.

Мүлікке салынатын салық отбасының жиынтық меншігінен төленеді. Салықты есептеу барысында объектінің кадастрлық құны алынады. Бұл салықты тек жеке тұлғалар ғана төлейді. 400 мың кронға дейінгі мүлік салықтан босатылған. Құны 400 мыңнан 600 мыңға дейінгі мүлікке 1,5 пайызбен, құны 1,8 млн. Кроннан жоғары мүлікке 3 пайызбен салық салынады.

Елтанбалық алым әр түрлі нысандағы мәмілелерді жасаған кезде төленеді. Жылжымайтын мүлікті сатып – сатып алғанда елтанбалық алым ставкасы – 1,5 – 3 пайыз; акцияны алғашқы рет шығарған жағдайда 2 пайыз мөлшерінде салық ставкасы бекітіледі.