3) Іздердің үлгісін анықтау Трасология ілімнің теориясына сай іздер калыптасу тетігімен байланысты төмендегіше жіктеледі, олар:
- статикалық және динамикалық іздер;
- көлемді және үстірт іздері;
- қабаттасу және қабатсыздану іздері;
- локальды және перифериялық (объектен тыс) іздер;
- көрінетін, нашар көрінетін және көрінбейтін іздер.
Осы іздерді толығырақ қарастырып көрейік. Жанасу кезінде із түсіретін объектімен із қабылдайтын объектілердің қосылып тұрған беттері бір сәт қозғалыссыз болып қалады немесе із түсіру уақытында екеуі де үнемі қозғалыста болады. Бұның нәтижесінде іздердің екі түрі туындайды: статикалық; динамикалық іздер.
Статикалық із түсірудің, мысалы, тұрған адамның аяғының ізі, қол саусақ іздері, қозғалыссыз тұрған объектілердің қалдырылған іздері, бұл жерлерде адамның аяқ табаны, қол саусақтары беттерінің бедерлері, объектінің жанасып тұрған беттері — із түсіретін объектілер болады да, ал жер және саусақ іздер қалған беткі қабат із қабылдаушы бет болып саналады. Жалпы айтканда «статика» деген сөз қозғалыссыз деген мағынаны білдіреді, осы себептен керсетілген іздерді статикалық, яғни бір сәт козғалыссыз уақытта пайда болған іздер деп білуіміз қажет.
Динамикалық іздің, мысалы, шананың, шаңғының табандары қалдырған іздері бола алады. Бұлар із кабылдайтын бетте калып, із түсіру кезінде үнемі жылжып отырады, алайда бастапқы және тоқтаған кездерінде бұл іздерді статикалық іздер десек те болады. Ал жалпы алғанда, бұл іздер сырғу іздеріне жатады. Динамикалық іздер қылмыс болған жерлерде көбінесе кездеседі (автокөлік іздері, сындыру іздері, сүйрету іздері тағы с.с).
Із түсетін беттің сапасына қарай, пайда болған іздер:
- көлемді;
- үстірт іздерге бөлінеді.
Егер із кабылдайтын беттің жұмсақ пластикалық сапасы болса, із түсіретін объектінің сыртқы құрылымын бейнелеп, оған тән калпын сақтай отырып, онын бетіне көлемді із болып түседі. Көлемді іздер саз балшыктың үстінде, қар бетінде, күм бетінде қалады.
Көлемді іздерге қарама-карсы үстірт іздер, із түсіретін объект басқанда өзгермейтін катты із қабылдайтын бетте калады. Мысалы, таза еденнің бетіне шаң-тозанды немесе лас аяқкиімдерден түскен іздер үстірт іздер бола алады. Үстірт іздер өз алдына:
-қабаттану;
-қабатсыздану іздер болып бәлінеді.
Лас аяқкиімнің табанынан, таза еденде калған із — кабаттану ізі, яғни із қалдырушы объектің бөлшектері, із кабылдаушы объектінің бетінде қалғанын — қабаттану ізі деп білуіміз қажет.
Қабатсыздану іздері — із қалдырушы объект — із қабылдаушы объектінің бетінен бөлшектерді жапсырып алғанда пайда болады, мысалы, қылмыскер бояуы кеппеген еденнің үстімен жүрсе, онда оның аяқкиімінің табанына бояу жабысады, осы кезде еденнін бетінде кабатсыздану іздері калады.
Әрі қарай іздер:
- локальды;
- перифериялық (оқшауланған) болып жіктеледі. Локальды, яғни іздің жан-жакты толық түсуі де ал перифериялық дегеніміз - ол іздің тек кана ізтүсіруші объектінің сыртқы суретін сипаттайтын іздер. Мысалы, шанды аяқкиіммен терезеден таза еденге секіріп түскен кезде калған із - перефериялық болып саналады.
Қабылдау дәрежесі бойынша іздер көрінетін, нашар көрінетін және көрінбейтін болып бөлінеді. Көрінетін іздерді арнайы кұралдарсыз, жай көзбен қарау барысында көріптауып алуға болады. Нашар көрінетін және көрінбейтін іздерді тек кана арнайы құралдардың көмегімен тауып алуға болады, оларға көбінесе беткі кабаттағы іздер жатады.
Іздерді айқындау, карау, бекіту және алудың жалпы ережелері
Оқиға болған жердегі іздерді айқындаудың алдында, ол жердегі болған қылмыстың мән-жайымен, жағдайымен толық танысып алған тиімді. Осы мақсатта сол жердегі объектілердің окиға болғанға дейінгі тұрған орындарын, қылмыскердің «келу» және «кету» жолдарының болжамын, оның қандай заттарды қалай колымен ұстауы мүмкін екендігін, қандай объектілерді жылжытқанын және тағы да сол сияқты мәліметтерді анықтаған дұрыс. Жәбірленушінің, окиғаны көрген тұлғалардың жауаптарын, шолып қарау кезеңдерінің қорытындысын қолданады да, сонымен байланысты іздері бар деген заттарды немесе объектілерді анықтайды. Оқиғалы жерді қарау кезінде бұндай іздер бар объектілер көбеюі де мүмкін. Оқиға болған жерде іздер ең алдымен орталықта, яғни қылмыстын, басты оқиғалары болған немесе заттай дәлелдемелер жинақталған жерде, ал одан кейін қылмыс болған жерден, қылмыскер шыккан жерден ізделуі қажет. Іздерді түгелдей, толык іздеп табуға мына ережелерді сактау мүмкіндік береді:
-іздің бір түрін тауып алғанмен ғана шектелмей басқаларын да іздеу керек.
- іздердің көбісі, мысалы, көлемді іздер, боялған аяқкиімнің іздері, бұзу кұралдарының іздері көліктердің дөңгелек іздері, арнайы құралсыз да көрінеді.
- табылған іздер, алдымен, фотосуретке түсіріледі, оның ережесі төмендегіше: жалпы объектіні ізімен қоса, одан соң іздің өзін ғана, фото түсіруді масштабтық сызғышты қолдану арқылы жүргізеді.
- табылған іздерді хаттаманың корытынды кезеңіне кіргізіп, көрсетіп, оның оларды кай жерде, қандай жағдайда, өлшемдерін, фотосуретке түсірілгенін немесе басқа түрде бекітілгені көрсетіледі;
- іздерді бекітудің ен басты түрі болып, оның белгілерін хаттамаға енгізіп көрсетілуі, яғни олардың табылған нақты жері (заттың үстінде ме немесе бөлмеде ме, жоқ, әлде окиғалы жерде ме) көрсетіледі.
- хатамаға қандай әдіс-тәсіл колданғандығын және кандай техникалық кұралдың колдануымен іздерді тауып, бекітіп алғандығы көрсетіледі.
Өзі бар объект немесе іздің көшірмесі, алдын ала, сондай-ақ сарапшылық зерттеуге жіберіледі. Сонымен, тергеушінің іздермен жұмыс жасаудын екі кезеңі бар, алдымен, тергеуші бұл жұмысты оқиғалы жерде іздерді іздегенде жүргізсе, екінші кезеңі оның бөлмесінде жалғасады, бұл жерде ол жиналған дәлелдемелік заттарды барынша мұқият зерттеп, істің басқа деректерімен салыстырып, трасологиялық сараптамаларды тағайындап, бұған қажетті жағдаяттарды әзірлейді. Қаулы шығарып, сарапшыға койылатын сүрақтарды ойластырып тізеді.
