Билет № 9
1) Криминалистік объектілерді фотоға түсіру ережелері Заттай дәлелдемелерді фотоға түсіру. Алғашқыда заттай дәлелде табылған жерінде фотоға түсіріледі. Тораптық сурет заттай айғақты ғана емес, оны қоршаған заттарды да қамтиды. Содан соң заттай айғақты бөлшектеп түсіру әдісімен фотоға түсіреді.Бұл жерде түсірілетін заттардың жарықтануына ерекше көңіл бөлінеді, өйткені заттардың формалары мен сыртқы белгілерінің дұрыс қабылдануы жарықтың түсуіне байланысты болады. Объектінің фотобейнесін анық көрсету үшін бірнеше жарық көзі қолданылады. Заттың анық бейнесін алу үшін оны ашық фонда түсіреді. Бұл үшін объектіні ақ қағазға қоюға болады. Бірақ оған жарық түсіргенде міндетті түрде көлеңке пайда болады. Көлеңкені болдырмау үшін кадр көрінбеуі тиіс кітаптың, кірпіштің үстіне қойылған шыны әйнекті қолданады.Хромдалған және никельденген заттарды түсіру біршама қиындық тудырады. Шағылысуды болдырмау үшін жарықтың түсу бағытын өзгертеді, яғни оны объектіге емес, ақ экранға бағыттайды. Заттық дәлелдемелерді түсіру кезінде олардың үстіндегі іздерді, жеке белгілерді көрсетуге ерекше көңіл бөлінеді. Ол үшін объектіні түрлі жақтардан және бөлшектеп фотоға түсіруге болады. Ұсақ объектілерді ірі масштабты фотоға түсіру әдісімен жасайды.
Іздердің суреті а) қол ізін суретке түсіргенде, алдымен іздердің оқшауланып орналасуын көрсетуи үшін із табылған заттың жалпы түрін суретке түсіреді. Содан соң іздердің өздерін түсіреді. Қолдың бірлі-жарым іздері ірі масштабты сурет әдісімен түсіндіріледі.
Қол іздерін ойдағыдай түсіру үшін жарықтың маңызы зор. Негізінде кез келген жарық қолданылуы мүмкін, бірақ бір нүктеге жарық беретін құралды қолдану тиімдірек болады. Егер із әйнектей затта орналасса, жарықты қарсы жақтан бағыттайды.Шаңда қалған қолдың бедерлі іздерін қырынан жарықталу арқылы түсіреді.Тегіс емес жазықта қалған іздерді түсіру үшін жарықты тіке бағыттайды. Кейде «перде», яғни көлемі ізден үлкен тесігі бар қара қағаз қолданылады.Егер әйнектей жазықта қалған із, ақ ұнтақпен себілсе, объектінің астына қара қағаз қойылады.ә) аяқ (аяқ киім) және көлік іздерін суретке түсіру. Іздердің жиынтығын да, жеке іздерді де суретке түсіреді. Қатар бірнеше іздерді түсіргенде сызықты панорама әдісін қолданады. Фотоаппараттың оптикалық осін жазықтыққа перпендикулярлы орналастырып, іздің үстінен түсіреді. Сызықты панорама әдісімен созылған көлік іздерін түсіреді.Аяқтың жеке іздерінің формасы мен көлемін, сондай-ақ іздің белгілері мен ерекшеліктерін бекіту үшін суретке түсіреді. Көліктердің ізін түсіргенде анық протектор суреті бар учаскелеріне көңіл аударады. Іздерді кіші пішімді аппаратпен түсіргенде ұзартқыш сақина қолданылады. Фотоаппаратты кадрдың ізі барлық бөлігін алатындай етіп орналастырады.Жарықты объектіге-тура және жанынан бағыттайды. Тура жарық іздің формасын түсіруге, ал жанынан -оның негізгі белгілерін бекітуге мүмкіндік береді.Суретке түсіру масштабы әдіс арқылы жүзеге асады. Масштабы сызғыштың миллиметрлік бөліктері болуы тиіс. Сызғышты іздің түбіндегі жазықпен бірдей қылып орналастырған жөн. Ол үшін кейбір жағдайда іздің қасынан тиісті тереңдікте ор қазып, түбіне сызғышты қояды;б) бұзу құралдары мен құрал-сайман іздерін суретке түсіру.Алдымен мұндай іздерді, олардың орнын анықтау үшін тораптық фотосурет ережелері бойынша түсіреді. Іздердің өзін масштабты түсіру әдісімен түсіреді және максималды масштабта түсіруге тырысады.Іздің формасына және із қалдырған құралдың ерекшеліктері мен нысандары туралы болжауға мүмкіндік беретін, оның ерекше белгілеріне аса көңіл бөлінеді. Бұл белгілерді анық түсіру үшін аралас жарық түсіру тәсілін, яғни тура және жанынан түсірген жарық қолданылады.Боялған бет-бедер іздерді түсірген кезде жарық фильтрі қолданылады.Мәйітті фотоға түсіруОқиға болған жерде мәйітті түсіргенде бірінші суретті көріністі суретке түсіру ережесі бойынша түсіреді. Бұл мәйіттің оны қоршаған объектілерге қатысты орналасуын анықтауға мүмкіндік береді. Содан соң мәйітті тораптық суретке түсіреді. Үшінші суретте мәйіттің үстінен түсіреді. Егер мәйітті аяқ жағынан түсірсе, бейне бұрмалануы мүмкін. Мәйітті аяқ немесе бас жағынан түсіру кей жағдайларда ғана қолданылады. Мәйітті жіңішке пленкалы фотоаппаратпен түсіргенде фотографиялық кішірейту коэффициенті 60 градусқа тең болады Мұндай суретте киімнің бұзылғанына, қанның іздері анық көрінбейді. Сондықтан мәйітті суретке түсіргенде сызықтық панорама тәсілі қолданады: бірінші мәйіттің өліктің жоғарғы бөлігін суретке түсіреді. Мәйіттің табылған күйін бекіткен соң, оны орнынан қозғауға болады. Суретке түсіру кезінде денедегі зақымдарға ерекше көңіл бөлінеді. Олардың бөлшектік түсіру әдісі арқылы түсіріледі.
2) Ату іздерінің сыртқы белгілері қолданылған қарудың және оқ-дәрінің түріне, атылған тосқауыл материалына және ату қашықтығына байланысты болады. Ату қашықтығын анықтай отырып, оны былайша бөледі:1. Тақап ату (толықтай тақау, жартылай такау).2. Жақын қашықтықтан ату.3. Алыс қашықтықтан ату.Атудың негізгі іздері снарядтың тосқауылға тікелей әсерінен пайда болады. Нәтижесінде тесіктер (өтпелі тесік немесе бітеу тесіктер), жапырулар (катты, көбіне металдық заттарда) және рикошет ізі болып табылатын жаңқаланулар мен жарықшалар (ағашта, басқа да соған ұқсас тосқауылдарда) пайда болады.Қосымша іздер жақын атумен бірге жүретін факторлар әсерінен пайда болады. Олардың қатарына: ату кезінде ұңғы арнасында пайда болатын газдардың динамикалық және термикалык іздері; күйенің және жанып үлгермеген ұнтақтардың бөліндісі; ұңғы арнасын майлау заттарының бөлінділері. Атыс қаруы жарақаттары белгілерінің криминалистикалық зерттеуі негізінде атыс қаруын қолдану фактісі, қарудың және оқ-дәрінің түрі, кіру және шығу тесіктері, ату бағыты мен қашыктығы анықталады.Снарядтың үшу бағыты мен кіру тесігін анықтау үшін келесі белгілер қолданылады. Тосқауылға тиген оқ заттың белгілі бір бөлігін шығарып оны оқтың ұшу бағытымен итереді. Сондықтан кіру тесігінің бірден-бір белгісі болып зат бетінің кішкене бөлігінің жоқ болуы табылады. Оқ жұмсақ пластикалық материалдарға тигенде келтірілген ақау нашар көрініп немесе мүлдем көрінбейді (резеңкеде, ағаштың жаңа жаңқасында, кейбір маталардың беттерінде).Әйнектегі, пластмассадағы және соған ұқсас материалдардағы атыс қаруының жарақаты үңгір тәріздес (конус тәріздес) октың шыққан жағына карай кеңейеді.Кіру тесігінің белгісінің бірі — бұл тесік жандарының оқ бағытына карай шығып калуы. Текстилдік маталарда — снарядтың қозғалу бағытына карай жіптердің шығуы, шыныларда — үнгір тәріздес тесік, қаңылтырларда оқтың ұшу бағытына карай жиектерінің қайырылуы, ағаштарда — снарядтың шыққан жағында жаңқаланудың болуы. Егер тақап аткан болса, онда кіру тесігінің жандарында қарудың ұңғысынын ізі қалады, оны «штанцмарка» деп атайды.Жалпы атыс іздеріне ок, гильза, және олардың үстінде қалған қару бөлшектерінің іздері (порох ұнтактары, тығын калдықтары, бытыра, окпанның ұңғысының ішіндегі атыстан кейін калған өнімдер, тосқауылдарға тиген октың, бытыраның, ок-дәрінін т.б.)
3. Тінту немесе қарау тергеу әрекеттері кезінде суық қару табылып алынса, тергеу әрекетінің хаттамасына суық қарудың түрі туралы тұжырым жасауға мүмкіндік беретін белгілер жеткілікті көлемде бейнеленуі керек.
Суық қарудың материалдық бөлігін қарау оның құрылымы, кұрылысы мен мөлшерлерін өлшеуден басталады. Осы жерде бөлшектерінің толықтығына, жүзінің сабына бекітілу тәсіліне; қарудың белшектерінің қандай материалдан жасалғанына; заводтық сипаттамаларының бар-жоктығына, түсіне, беріктігіне (тегіс, кедір-бұдырлы, ара тісті); жүзінің түріне (қисық па, түзу ме), лезвие және ұшының қайралғанына, қайралу деңгейінің өткірлігіне; қаралып отырған қару қандай белгілі бір үлгідегілермен сәйкестігіне, ұқсастығына назар аудару кажет.Алынған затты әрі карай суық қарудың белгілі бір түріне жатқызу арнайы анықтамалық альбомдар мен құралдарды қолдану арқылы жүргізіледі.Объект суық қару болып табыла ма және суық қарудың қай түріне жатады деген сұрақты шешу үшін криминалистикалық сараптама тағайындалады. Ондай сараптама зерттеуге жіберілген затты (қаруды) жан-жақты бағалап, корытынды шығарып береді. Бұл, әсіресе колдан жасалған суық қару алынғанда өте маңызды көмек.Суық қарумен қалдырылған жарақат қару түріне, әсер ету тетігіне және жарақат қалған материалдың өзіне де байланысты болады. Суық қарумен калдырылған жарақатты карап отырып, хаттамаға жарақаттың келтірілген жерін, кандай объектіде және объектінің қай бөлігінде қалғандығын, олардын мөлшерінін өлшемдерін, түр-қалпын, жарақат шеттерінің жағдайын белгілейді.Суық қарумен түскен механикалық жаракат іздері бар киімдердің сараптық зерттеуінде келесі сұрақтар шешіледі: жарақат түрі қандай, қарудың қандай түрімен калдырылған; жарақатты калдырған қарудың топтық белгілері қандай (жүзінің түр-калпы, өлшемдері, бір жақ жүзі бар ма, не болмаса екі жа-ғынан да кайралған ба); олар зерттеуге жіберіліп отырған қару-мен қалдыру мүмкін бе еді?Жаракаттың сараптық зерттеуі кезінде жаракат жеріндегі жіптердің шеттік бөлшектері микроскоппен қаралып зерттеледі.Алынған жарақаттың нақты осы қарумен қалдырылғанын тексеру үшін жаракаттағы белгілерді, оның түр-қалпын, өлшемдерін қарудың сипаттамаларымен сәйкестіріп салыстырады. Қаруды зерттеу кезінде микро бөлінділерге (микробөлшектер, микрокылшықтар) үлкен назар аударылады. Қарудан алынған микробөлінділер жаракат бар киімнін жіптерімен салыстырылады; қаруда биологиялық бәлінді объектілері болғанда (қан, басқа да микромөлшердегі заттар) олардың сот-медициналық зерттеуі жүргізіледі. Суық қарудан түскен жарақаттарды және суық қарудың өзін зерттеу үшін кешендік сот-медициналық, криминалистикалық, физико-химиялық басқа да сараптамалар тағайындалуы мүмкін.
