Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
6-10 жауап.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
75 Кб
Скачать
☆

Билет№6

1) Бұзу құрал іздерін механоскопия деп атап кеттік, және ол әр түрлі бүзу саймандар, аспаптар, өндіріс тетік іздері мен кұлып және пломбаларды зерттейді. Бұзу деп криминалистикада жабылған коймаларға (үй, пәтер, койма, сейф, шкаф. с.с.) заңсыз кіру максатында олардың жабу құралдарын немесе кабырғасын, төбесін, еденді, терезені және басқа тосқауылдарды толық немесе бөлшегін сындырып кіруді айтамыз.

Қылмыскерлердің қолданатын бұзу кұралдарын үш түрге жіктеуге болады:

1) бұзу үшін арнайы жасалған кұралдар «фомка», «балерина», «уистита»;

2)жалпы техникалық мақсаты бар кұралдар (газосварка, электросварка, әр түрлі аралар);

3) оқиға болған жердегі кездейсоқ қолданылған құралдар (әр түрлі темір саптар, арматуралар, тұрбалар, с.с.)

Бұлардың бәрін бұзылатын тосқауылға әсер ету бойынша механикалық және термикалық екі түрге бөлуге болады. Бірінші топқа (механикалық топ) келесі саймандар жатады: кесетін пышақтар, кайшылар, әйнек кескіштер, тістеуіктер, с.с, шауып сындыратындар (балта, зубило, сүймен, лом, с.с), аралайтын саймандар (аралар, егеулер т.с.с.) және тесетін саймандар, әр түрлі бұрғылар. Екінші топка (термикалық топ): газ және электр аппараттары, олармен қажет болса металдарды кесіп және косуға болады.

Оқиға болған жерде келесі бүзу іздері табылуы мүмкін:

- сындыру іздері;

- басылу іздері;

-қажалу немесе сырғу іздері;

- кесу іздері;

-термикалық әсерден қалған іздер.

Оқиғалы жерде табылған іздерді зерттеп талдаудың нәтижесінде келесі мәліметтер анықталуы мүмкін: бұзудың түрін, бұзу тетігін, бұзудың бағытын, қолданылған бұзу сайманның түрін, бұзу кезінде канша тұлғаның болғанын, жобамен қылмыскердің күші мен оның бойын, оның кәсіби машығын, бұзуға шамамен қанша уақыт кеткенін және қылмыскердің үсті мен оның киімінде (қалталарында, аяқкиімінде, тырнағының астында, шаштарында) қандай калдық іздердің болуы мүмкін екендігін анықтауға болады. Бұл жерде де, алдымен табылған бұзу іздерін көлемді тәсілді қолдана отырып фотосуретке түсіру керек, одан кейін қажетті өлшемдерді жасап, оны карау хаттамасына жан-жакты сипаттап кіргізеді, осы хаттамаға іздердің сызбалары мен түсініктемелерін тіркейді.

Құлып және пломбалардың криминалистикалық, яғни трасологиялық зерттеулерін, олардың жиі кездесу себебімен және олардың алғашқы қалпынан өзгеруіне байланысты жүргізіледі.

Құлыптар құрылысы бойынша төмендегіше жіктеледі:

а) жабылу объектісімен бекіту тәсілі бойынша тұрақты және алынып салынатын (ілінетін кұлып);

ә) мақсаты бойынша жалпы түрлі құлыптар (есіктік, жиһаздық) және арнайы құлыптар (сейф, автокелік, қойма с.с.)

б)бекітетін тетігінің кұрылысы бойынша серіппелік, сувальдалық, цилиндрлік, бұрандалуы, шифр жүйесімен қамтылған. Кұлыптардың көбінде олардың негізгі бөлшегі ретінде «ригель»— бекітетін кұрал саналады. Құлыпты бұзу мақсаты — оның «ригелін» жылжыту, сол себептен ригель оңайлықпен жылжымас үшін оны әр түрлі сувальда, серіппе, цилиндрлермен камтып, тек кана өзінің кілтімен ашылатын етіп жасалады. Оқиға болған жердегі алынған құлыптарға трасологиялық сараптама тағайындалып, оған келесі сұрақтар койылады:

-құлып кандай тәсілмен ашылған (бұзылған)?

- Құлыпты бұзғанда кандай күрал-сайман қолданған?

- құлыптың үстіндегі іздер колданбалы кілтпен бе немесе басқа заттың әсерінен калған ба?

Пломбалар - сақтандыру немесе бақылау ретінде қолданылады, солай бола түра олар да трасологияның объектісіне жатады. Пломбаларды коймалардың есіктеріне, вагондарға, контейнерлерге, қымбат тұратын заттарға қойып қолданады. Оларды қорғасын, темір, пластмасса, алюминий және басқа да матери-алдардан жасайды. Пломбалауды пломбаны сым темір немесе жіп арқылы керекті жерге іліп, оны үстінен пломбирмен қысу арқылы қажетті бақыланатын құралға бекітеді және пломбирді кысу кезінде пломбаның бетінде бақыланатын арнайы таңбалы белгіні пломбир қалдырады. Окиға болған жерді карау кезінде табылған пломбаны сол күйінде тиіспей фотосуретке түсіреді, бұл жерде макротүсіру тиімді болады, ол үшін объективке үлғайтқш сақиналар кигізіліп пломбанын, жалпы түрін, бүзылу іздері мен қысу іздерін фотоға түсіруді жүргізеді. Сараптама жүргізген кезде сарапшы ол пломбаны кесіп, бөліп, арнайы қүралдармен зерттейді. Зерттеу нәтижесінде ол оптикалық қүралдарды қолдана отырып, пломбаның ішкі кұры-лысында қосымша екінші рет іздер пайда болғандығын аныктап, койылған сүракка жауап береді.