Билет№7
1)Гильзадағы іздердің қарудың бөліктерінен пайда болу механизмдері. Кейбір іздердің ерекшеліктері және олардың баллистикалық сараптама үшін маңызы. Оқтардағы іздер бойынша оқ дәрімен атылатын қаруды сәйкестендіру кезіндегі сараптамалық эксперимент. Оны жүргізудің мақсаты мен тәртібі. Оқ дәрімен атылатын қаруды пайдалану тәртібі мен экспериментальді атыс жасау кезіндегі қауіпсіздік техникасыАтқан адамның тұрған орнын анықтау.Гильзадағы іздер бойынша оқ дәрімен атылатын қаруды сәйкестендіру кезіндегі сараптамалық эксперимент. Оны жүргізудің мақсаты мен тәртібі.Қолдан жасалған оқ дәрімен атылатын қарудың негізгі сұлбасы және олардың әрекет ету принциптері. Оқ-дәрілердің техникалық күйін және олардың атуға жарамдылығын анықтау. Оқ атылған қарудың түрін, үлгісін анықтау. Криминалды қаруға: әдетте, кысқа үңғылы өзгертілген қарулар жатады. Оларды төмендегіше жіктеуге болады:
1) қолдан жасалғандар, яғни толыктай немесе заводтан дайындалған кейбір бөліктерді қолданып жасалғандар. Бұларға ұнғысынан оқталатын тапаншалар, колдан жасалған біратарлар кейде автоматтандырылған қаруларды жаткызамыз. Қолдан жасалған қарулардың ствол ұнғыларының іші, әдетте, тегіс ұңғылы болады. Кейде криминалды қарулар тұрмыстық заттар-а ұқсатылып автокалам, зонт және баска заттар сиякты жасалады;
2) шолақ мылтыктар (обрездер) — әскери, аңшы немесе оқу қарулардың үңғыларын кысқарту арқылы жасалады;
3) снарядтарды ату үшін кайта жасау арқылы дайындалған арнайы қондырғылар (дабыл беретін тапаншалар мен револьверлер, газдық, кұрылыс-монтаждық тапаншалар);
4) басқа патрондармен атуға қайта жасалған заводтық қарулар.
Зерттеу объектілері болып патрондардағы, гильзалардағы, оқтардағы және басқа да компоненттердегі бейнелеуші іздер, сонымен қатар оқ-дәрілердің кұрамына кіретін заттар табылады.
Атыс қарудың түріне қарай патрондарды әскери, спорт, аңшы патроны деп беледі. Әскери патрондарға винтовкалық тапаншалық, револьверлік және екі аралықтағылар жатады (тапаншалық пен винтовкалық араларында орташа орын алатындар).
Қазіргі әскери қаруға арналған бірыңғай патрон: гильзадан, капсюльден, оқ-дәріден және снарядтан, яғни октан тұрады. Гильзалар металдан дайындалады және цилиндрлік, конустық және шөлмек тәріздес қалыпты болады. Кіші калибрлі оқтардың шөлмек гильзасына баскаларға қарағанда көп көлемді оқ-дәрімен октауға мүмкіншілігі бар. Гильза ұңғыдан, корпустан
және қалпақшадан тұрады. Гильзаның ұңғысына оқ бекітіледі, сондықтан оның ішкі диаметрі оқтың сырткы диаметрімен және қару калибрімен шамалас сәйкес болады (оқтын диаметрі ствол калибрінен 0,02 мм. үлкен). Октың гильзаға бекітілуі әр түрлі тәсілдермен жүзеге асырылады: қысу аркылы немесе тығыздап тығындау арқылы т.с.с.
Гильзаның корпусына ок-дәрі ұстағыш орналастырылады. Казіргі әскери қаруда түтінсіз оқ-дәрі (әдетте пироксилиндік) колданылады.
Калпақшаның күрылымына сәйкес гильзалар жиекті және жиексіз гильзаларға бөлінеді. Жиекті гильзалардың қалпакшаларының диаметрі гильзаның корпусының диаметрінен үлкенірек (корпусынан шығыңқы) болады, ал жиексіздерде қалпақша тұсында сакиналық ойық болады. Жиек пен сақиналық ойық гильзаларды патронниктен шығару максатында соған ілініп ұстап қалу үшін кызмет атқарады.
Гильза калпакшасының үстінде калибр, завод не фирма, шығарылған жылы және шартты символдар (маркілік) белгілері басылады.
Әскери қаруға арналған патрондардың оқтары қапталған және жартылай қапталғандарға бөлінеді. Тәжірибеде қапталмаған да оқтар кездеседі, олар ескі құрылымдағы винтовкалар мен револьверлерге арналған қорғасын оқтар. Әдеттегі оқ «болат» металды өзекшеден (сердцевина) оның айналасын коршап тұрған қорғасын жамылғыдан және оны жауып түрған болат металды бүркеніштен тұрады. Бүркеніш болаты ұңғы каналын құртпау үшін жұмсақ металдардан, әдетте томпақ немесе латуньмен бекітіледі. Жартылай капталған оқтарда оқтың бас жағы капталмайды.
2) Көлік құралдарының іздері Көлік құралдарының іздері көліктік трасологиямен зерттеледі, оларға төмендегілер жатады: қозғалатын бөлшектердің іздері; көлік құралдарының сыртқа шығып тұратын бөлшектерінің іздері;көлік құралдарынан бөлінген бөлшектер мен детальдардың іздері.Көлік құралдарының іздері жол-көлік оқиғасын тергеу, сондай-ақ көлік құралдарын қылмыстың құралы ретінде қолданған кездерінде де зерттелінеді Көлік құралдарының іздері оқиғалы жерде келесі жағдайларда қалады, біріншіден, қылмыскер қылмысты жасау мақсатында көлік пайдаланса, екіншіден, көлік қылмыс объектісі болса. Көліктердің түрлеріне байланысты бұлардың іздері екі топқа бәлінеді:- өздігінен жүрмейтін көлік іздері;- өздігімен жүретін көлік іздері.Өздігінен жүрмейтін көліктерге: жүк көліктерінің прицептері, арба, фаэтон, шаналар тағы с.с. Өздігінен жүретін көліктерге: автомобильдер, мотоциклдер, велосипедтер, мотороллерлер. Сондай-ақ өздігінен жүретін көлік санына тракторлар, басқа да өздігінен жүретін машиналар мен агрегаттар (ауыл шаруашылық, арнайы машиналар).Окиға болған жердегі көлік іздерін зерттеу қылмыс тетігін аныктауға көлік құралдарының түрлері мен олардың кейбір ерекшеліктері туралы білім мүмкіндік береді. Автокөліктердің дөңгелектерінің іздерінен басқа оқиғалы жерде олардың шығынқы жерлерінің іздері тамған майларынын іздері және басқа да іздер калуы мүмкін. Көлік кұралдарының іздері көлемді және үстірт болады. Беті қатты жерлерде көліктерден қабаттану (ылғал, лас дөңгелектерден) және кабатсыздану іздері калады.
Өздігімен жүрмейтін көлік іздері арбаны немесе шананы, кол арбаны сүйреткен мал тұяқтарының іздерімен, ал кейде адам аяғының іздерімен қосарласады. Сондықтан мүндай кезде көлік ізімен бірге адамның немесе малдың ізін де қосып қарап зерттеу қажет.
Біріншіден, барлық іздердей көлік іздерін де фотосуретке бейнелеп бекіту қажет, бұл жерде де масштаб-сызыктық тәсілді және оқиға болған жерді түсірудің әдіс-тәсілдерін колданып жүргізу керек. Одан соң табылған іздердің бәрін өлшемдеп, сызбаға түсіріп, түсініктеме жазып, қарау хаттамасына енгізіледі. Одан кейін жақсы көрініп тұрған із болса, оны гипспен қүйып алу керек. Соңғы сатыда барлық жиналған іздердің көшірмелерін, фотосуреттер мен сызбаларын сараптамаға жіберу болады.
