
2) Іздердің суреті
а) қол ізін суретке түсіргенде, алдымен іздердің оқшауланып орналасуын көрсетуи үшін із табылған заттың жалпы түрін суретке түсіреді. Содан соң іздердің өздерін түсіреді. Қолдың бірлі-жарым іздері ірі масштабты сурет әдісімен түсіндіріледі.Қол іздерін ойдағыдай түсіру үшін жарықтың маңызы зор. Негізінде кез келген жарық қолданылуы мүмкін, бірақ бір нүктеге жарық беретін құралды қолдану тиімдірек болады. Егер із әйнектей затта орналасса, жарықты қарсы жақтан бағыттайды.Шаңда қалған қолдың бедерлі іздерін қырынан жарықталу арқылы түсіреді.Тегіс емес жазықта қалған іздерді түсіру үшін жарықты тіке бағыттайды. Кейде «перде», яғни көлемі ізден үлкен тесігі бар қара қағаз қолданылады.Егер әйнектей жазықта қалған із, ақ ұнтақпен себілсе, объектінің астына қара қағаз қойылады.
ә) аяқ (аяқ киім) және көлік іздерін суретке түсіру. Іздердің жиынтығын да, жеке іздерді де суретке түсіреді. Қатар бірнеше іздерді түсіргенде сызықты панорама әдісін қолданады. Фотоаппараттың оптикалық осін жазықтыққа перпендикулярлы орналастырып, іздің үстінен түсіреді. Сызықты панорама әдісімен созылған көлік іздерін түсіреді.
Аяқтың жеке іздерінің формасы мен көлемін, сондай-ақ іздің белгілері мен ерекшеліктерін бекіту үшін суретке түсіреді. Көліктердің ізін түсіргенде анық протектор суреті бар учаскелеріне көңіл аударады. Іздерді кіші пішімді аппаратпен түсіргенде ұзартқыш сақина қолданылады. Фотоаппаратты кадрдың ізі барлық бөлігін алатындай етіп орналастырады.Жарықты объектіге-тура және жанынан бағыттайды. Тура жарық іздің формасын түсіруге, ал жанынан -оның негізгі белгілерін бекітуге мүмкіндік береді.Суретке түсіру масштабы әдіс арқылы жүзеге асады. Масштабы сызғыштың миллиметрлік бөліктері болуы тиіс. Сызғышты іздің түбіндегі жазықпен бірдей қылып орналастырған жөн. Ол үшін кейбір жағдайда іздің қасынан тиісті тереңдікте ор қазып, түбіне сызғышты қояды;
б) Мәйітті фотоға түсіру
Оқиға болған жерде мәйітті түсіргенде бірінші суретті көріністі суретке түсіру ережесі бойынша түсіреді. Бұл мәйіттің оны қоршаған объектілерге қатысты орналасуын анықтауға мүмкіндік береді. Содан соң мәйітті тораптық суретке түсіреді. Үшінші суретте мәйіттің үстінен түсіреді. Егер мәйітті аяқ жағынан түсірсе, бейне бұрмалануы мүмкін. Мәйітті аяқ немесе бас жағынан түсіру кей жағдайларда ғана қолданылады. Мәйітті жіңішке пленкалы фотоаппаратпен түсіргенде фотографиялық кішірейту коэффициенті 60 градусқа тең болады Мұндай суретте киімнің бұзылғанына, қанның іздері анық көрінбейді. Сондықтан мәйітті суретке түсіргенде сызықтық панорама тәсілі қолданады: бірінші мәйіттің өліктің жоғарғы бөлігін суретке түсіреді. Мәйіттің табылған күйін бекіткен соң, оны орнынан қозғауға болады. Суретке түсіру кезінде денедегі зақымдарға ерекше көңіл бөлінеді. Олардың бөлшектік түсіру әдісі арқылы түсіріледі.3) Сот-сарапшылық баллистикалық зерттеу көбінде адамның жеке басына карсы, бейбітшілік пен адамзаттын қауіпсіздігіне қарсы, конституциялык құрылыс негіздері мен мемлекет қауіпсіздігіне карсы, меншікке қарсы, қоғамдық кауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке карсы, халықтың денсаулығына және адамгершілікке қарсы, басқару тәртібіне қарсы қылмыстар жөніндегі қылмыстық істер бойынша, сондайақ әскери қылмыстар бойынша жүргізіледі.Сот баллистикалық сараптаманың тақырыбы-заттарды атыс қаруына, оқ-дәрілерге жатқызу фактісін, атыс қаруы данасының жарамдылығын (жарамсыздығын) және қарудың атуға жарамдылығын, атыс қаруы данасынын, дайындау тәсілін немесе онын күйінің өзгеруін, атыс қаруы данасының, оқ-дәрілердіңтүрі, моделі, маркісі, калибрін, атыс қаруы данасының жекелік тепе-теңдігін, атыс қаруы бөліктерінің оның нақты данасына катыстылығын, атыс қаруы мен оқ-дәрілердің шығу көзін, атыс қаруын пайдалану шарттарын анықтаумен байланысты іс жағдаяттарын арнайы ғылыми білім негізінде анықтау болып табылады.Сараптаманың объектілері: бүтіндей атыс каруы және оның жеке бөліктері, оқ-дәрілер - оқтар, кәртеш, бытыра, гильзалар, тығындар, төсемдер, капсюльдер және басқалары, газды қару, қару мен оқ-дәрілерді қайтаратын заттар — атылған снарядтар (оқтар, бытыра, кәртеш), гильзалар, тығындар, төсемдер, сондай-ақ жәбірленушінің киімдерівдегі зақымдар және оқиға орнындағы заттар (тесіп өту жерлері, рикошет іздері), атыс қаруы мен патрондар жарақтары құрауыштарын дайындауға пайдаланылған күрал-саймандар, оқиға орнынын заттық күйінің элементтері, салыстырмалы зерттеуге арналған үлгілер, сараптама тақырыбына жататын өзге де іс материалдары.
3) Криминалистикалықбаллистикамен зерттелетін объектілер:
1.Қолдан атылатын атыс қарулары және оның бөліктері.
2. Қолдан атылатын атыс қаруының оқ-жарақтары, әрі патронның компоненттері, оның ішінде атылып шыққан оқтар, атылған гильзалар, бытыра, картечь және т.б..
3. Басқа да оқ-жарактар — жарылғыш заттар (мысалы, гранаталар, миналар, жарылғыш кондырғылар), олардың бөліктері және қолданғаннан қалған іздері.
4. Қолдан атылған атыс қаруын қолдану нәтижесінде калған (пайда болған) жарақат іздері.
Баллистикалық зерттеу кезінде идентификациялық және диагностикалық мәселелер шешіледі. Идентификациялықта: атылған оқтары, гильзалары бойынша кай қарудан атылғанын анықтау; қай топқа жататынын анықтау, оның ішінде оқ-дәрілердің, олардың компоненттерінің, бөліктерінің шыққан жері; беліктері бойынша бүтіндігін (тұтастығын) анықтау арқылы идентификациялау (окты және гильзаны, кағазды және т.с.с.) жатады.
Диагностикалыққа мыналар жатады:
1. Объектінің берілген сипаттамасына сай келетіндігін анықтауға байланысты сұрактар: осы объект атыс қаруы болып табылады ма; атыс қаруы түзік пе және атуға жарамды ма; осы қару шүріппесін баспаса да өздігінен атылуы мүмкін бе; осы объект жарылыс кондырғысы болып табыла ма және т.б..
2. Оқиғаның тетігін аныктау бойынша сұрақтар: ату бағыты мен қашықтығын анықтау; атқан адамнынтұрған орнын анықтау, жарылыс болған жерді анықтау және т.с.с.Қолдан атылатын атыс қаруының криминалистік тәжірибе үшін жеткілікті және тиімді жіктелуі бар. Осыған сәйкес атыс қаруларын былайша жіктеуге болады:
- әскери қарулар;
-аңшы мылтықтар;
-оқу-спорттық;
- криминалды.
Әскери қару — заводтық, жалғыз ұңғы (стволды), көп зарядты, ойықты оқпанмен, әдетте жылжымалы затвормен (қақпақ) оқтарды атуға арналған қару. Ұңғылы ұзындығына байланысты әскери қаруларды кысқа окпанды, орташа оқпанды және ұзын ұңғылы деп бөлуге болады. Қысқа окпанды қарудың окпанының ұзындығы — 20 сантиметрге дейін болады. Оларға жартылай автоматтандырылған тапаншалар мен револьверлер жатады.
Орташа оқпанды қаруларға окпан ұзындығы — 20-дан — 40 сантиметрге дейінгіні жатқызамыз, мысалы, пистолет—пулеметтер, автоматтар және карабиндер.
Ұзын ұңғыларға - оқпан ұзындығы - 40 сантиметрден асатындар: винтовкалар, карабиннің кейбір түрлері және қолды пулеметтерді жатқызамыз.
Әскери қарулардың негізгі сипатына ұңғы арнасының (каналының) ішіндегі ойықтарының барын жатқызуға болады. Қарулардағы окпанның ішіндегі ойықтар баллистика үшін алдыңғы деңгейлі маңызы бар.
Әскери көп зарядты қару: автоматтандырылмаған, жартылай автоматтандырылған (өздігінен оқталатын) және автоматтандырылған (өздігінен оқталып ататындар) болып бөлінеді.
Автоматтандырылмаған қаруда оқты кайтадан оқтау үшін қақпалы атқышты колмен козғалтады. Автоматтық емес қаруларға, мысалы, револьверді жаткызуға болады. Жартылай автоматтандырылған және автоматтандырылған қаруларда қайта окталу жұмысы оқ-дәрі (порох) газдарының әсерінен жүзеге асырылады. Жартылай автоматтандырылғанда ату үшін тек қана шүріппеге жіберіп барып басу керек, ал автоматтандырылған қаруларда шүріппені бір рет кана басып тұрып, қарудағы барлық патрондарды атуға болады (пистолет-пулеметтер, автоматтар).
Аңшы қаруларын — заводтарда жасап шығарады және олар ұзын ұңғылы, бытыралы (картечті), оқты және комбинацияланған болады. Әдетте оқтың аңшы қаруларда жалғыз ғана ұңғылы каналының ішінде ойыктар болады.
Бытыралық аңшы қаруы жалғыз тегіс ұңғынын немесе көлденеңінен, не тігінен орналасқан екі немесе бірнеше ұңғылы болып жасалады (біратар, қосауыз мылтықтар). Бұлар бытыра немесе картечпен атуға икемделген.
Комбинацияланған аңшы қаруы әрі бытырамен, әрі оқтармен атуға арналған, сондықтан ол бір ұнғылы ойықталған болады.
Оқу-спорттық қаруларға: оқу қарулары, спорттық және пневматикалық қарулар жатады.
Ату және жарылу іздерін криминалистикалық зерттеу және олардың мағынасы
Ату іздерінің сыртқы белгілері қолданылған қарудың және оқ-дәрінің түріне, атылған тосқауыл материалына және ату қашықтығына байланысты болады. Ату қашықтығын анықтай отырып, оны былайша бөледі:
1. Тақап ату (толықтай тақау, жартылай такау).
2. Жақын қашықтықтан ату.
3. Алыс қашықтықтан ату.
Атудың негізгі іздері снарядтың тосқауылға тікелей әсерінен пайда болады. Нәтижесінде тесіктер (өтпелі тесік немесе бітеу тесіктер), жапырулар (катты, көбіне металдық заттарда) және рикошет ізі болып табылатын жаңқаланулар мен жарықшалар (ағашта, басқа да соған ұқсас тосқауылдарда) пайда болады.
Қосымша іздер жақын атумен бірге жүретін факторлар әсерінен пайда болады. Олардың қатарына: ату кезінде ұңғы арнасында пайда болатын газдардың динамикалық және термикалык іздері; күйенің және жанып үлгермеген ұнтақтардың бөліндісі; ұңғы арнасын майлау заттарының бөлінділері. Атыс қаруы жарақаттары белгілерінің криминалистикалық зерттеуі негізінде атыс қаруын қолдану фактісі, қарудың және оқ-дәрінің түрі, кіру және шығу тесіктері, ату бағыты мен қашыктығы анықталады.
Снарядтың үшу бағыты мен кіру тесігін анықтау үшін келесі белгілер қолданылады. Тосқауылға тиген оқ заттың белгілі бір бөлігін шығарып оны оқтың ұшу бағытымен итереді. Сондықтан кіру тесігінің бірден-бір белгісі болып зат бетінің кішкене бөлігінің жоқ болуы табылады. Оқ жұмсақ пластикалық материалдарға тигенде келтірілген ақау нашар көрініп немесе мүлдем көрінбейді (резеңкеде, ағаштың жаңа жаңқасында, кейбір маталардың беттерінде).
Әйнектегі, пластмассадағы және соған ұқсас материалдардағы атыс қаруының жарақаты үңгір тәріздес (конус тәріздес) октың шыққан жағына карай кеңейеді.
Кіру тесігінің белгісінің бірі — бұл тесік жандарының оқ бағытына карай шығып калуы. Текстилдік маталарда — снарядтың қозғалу бағытына карай жіптердің шығуы, шыныларда — үнгір тәріздес тесік, қаңылтырларда оқтың ұшу бағытына карай жиектерінің қайырылуы, ағаштарда — снарядтың шыққан жағында жаңқаланудың болуы.
Егер тақап аткан болса, онда кіру тесігінің жандарында қарудың ұңғысынын ізі қалады, оны «штанцмарка» деп атайды.
Жалпы атыс іздеріне ок, гильза, және олардың үстінде қалған қару бөлшектерінің іздері (порох ұнтактары, тығын калдықтары, бытыра, окпанның ұңғысының ішіндегі атыстан кейін калған өнімдер, тосқауылдарға тиген октың, бытыраның, ок-дәрінін т.б.)
Жарылғыш заттарды криминалиапикалық зерттеу деп жарылыс және жарылу себебінен қалған іздердің пайда болу заңсиымдылықтарын, осы кылмыспен байланысты қолданатын криминалистік құралдар мен әдістерді айтамыз.
Жарылғыш заттар дегеніміз — арнайы оқ-дәрілер, яғни миналар, фугас, снарядтар, бомбалар және т.с.с. Жарылғыш заттар тірі күш пен техниканы зақымдауға арналған. Бұлардың құрамына:
- жарылатын заттар заряды;
- іске косатын құрал;
- жарғыш;
- қорап (корпус) кіреді.
Кейбір миналардың түрлері корапсыз да болуы мүмкін. Жарылғыш заттарды кейінгі кезде колдан да жасайды, олар арнайы жасалып, күнделікті колданылатын заттарға ұқсатылып жасалады, мысалы, портфель, әлемдеме, қол электрфонары, термос т.с.с.
Мұндай заттарды тасымалдауға ыңғайлы және ұмытылып кеткен зат сияқты тастап кетуге де болады.
Жарылғыш заттар құрылымы бойынша контактылы немесе контактысыз болуы мүмкін.
Жарғыштар — соғылып жарылатын немесе басылып жарылатын және дистанциялық (механикалық немесе электр күш қуаты арқылы). Жарылғыштар: контактысыз (вибрациялық, акустикалық, радиолокациялық) немесе орындаушы (шартты дабылға әсер етіп жарылатын) болып бөлінеді.
Жарғыштың әсерінен негізгі (басты) жарылғыш зат жарылып жалпы жарылыс процесі өтеді, яғни үлкен көлемді күш куат энергияның қысқа мерзім уақыт ішінде босатылуы етеді. Мұндай жарылыстардың арқасында объектілерге механикалық әсер етіп, үлкен зақым келтіріледі.
Көрсетілген арнайы жарылғыш заттарда химиялық қосындылар қолданылады, яғни аз уақыт мерзімде химиялық реакцияның арқасында жарылып, үлкен келемді энергия күш қуатты туындап және сан түрлі газ бен жылу энергиясы белініп, оған қосыла детонацияның арқасында ұрғыш толқын күш қуаты да пайда болатын өте қауіпті қару болып табылады. Ондай жарылғыш заттарға мыналарды жаткызса болады:
- тринитротолуол; -тетрил;
- гексоген, оксоген;
- нитроглицерин.
Жарылғыш заттарды қолданудан кейін пайда болған іздерді зерттеудің үлкен мағынасы бар және оларды караудың, іздеудің, бекітудің арнайы әдістерін білген жөн.
Бұл мәселе кейінгі кездегі кылмыстарды жасауда жарылғыш заттар мен жарылғыш қондырғыларды жиі колдануына байланысты кайтадан туындады. Жарылғыш объектілер мен жарылыс іздерін зерттеудің әдістемелік негіздері құрылып, кажетті білім жүйесі калыптасуда.
Бұл үшін азаматтық жарылғыш техниканың, әскери ғылымның, химияның, физиканың және баска ғылымдардын ілімдері қолданылып отыр.
Суық қару және оны пайдалану іздерінің криминалистикалық зерттеуі.
Суық қару деп тікелей механикалық дене жарақаттарын түсіру үшін арнайы жасалған, шабуылдау немесе белсенді корғану максатына арналған және тікелей өндірістік немесе тұрмыстық шаруашылық кажеттілігі жоқ заттарды атайды. Суық қару жасалынатын кұрылымы, өлшемдері және олар жасалған материалдары, шабуылдау немесе белсенді қорғанудың мақсатына жетуді қамтамасыз ету керек.
Суық қару дәлелдемелік зат ретінде мынадай жағдайларда есептеледі, егер ол кісі өлтірудің немесе дене жаракаттарын түсірудің қаруы болса, сонымен катар қорқыту күралы болып табылса. Суық қаруды колдану фактісі болмағанда да суық қаруды жасауға, алып жүруге, сатуға байланысты ол (суық қару) — криминалистикалық зерттеудің объектісі бола алады, өйткені осы әрекеттердің барлығы кылмыстық жазаланатын әрекет құрамын құрайды (Қазақстан Республикасынын ҚК-нің 251 және 252-баптарына сәйкес).
Барлық айтылған және соған ұқсас жағдайлардың бәрінде суық, қару болып табылатындығын және қарудың қандай түріне жататындығын анықтау туралы сұрақтарды шешуге тура келеді.
Суық қарудын жіктелуі өте күрделі бола тұра, олардың мақсаттарына байланысты іс-әрекеттерімен, кұрылыстарына байланысты, жасалу әдісіне байланысты және т.с.с. тұрады.
Іс-әрекеттеріне байланысты суық, қару:
- түйрейтін;
- кесетін;
- шабатын;
- кесіп-түйрейтін;
- шауып-түйрейтін;
- ұрып-жаратын;
- комбинациялық болып бөлінеді.
Бұлар өз алдына жүзді (клинковый) және жузсіз болып бөлінеді.
Арналуы бойынша суық, қарудың барлығы келесіше жіктеледі:
- әскери суық қару;
- аңшылық суық қару;
- азаматтық суық қару.
Әскери суық қару штатты бола тұра жакын ұрыстарда адамның денесіне жаракат салуға арналған оларға штыктар, қылыштар және т.с.с. жатады.
Аңшылық суық қаруларға ан аулау кезінде пайдаланатын аңдарды пышақтауға, союға, етін жіліктеуге, басқа да косымша шаруашылыктық тұрмыстық жұмыстарды орындауға арналған саймандар жатады.
Азаматтық суық қару — азаматтық тұлғалармен бейбітшілік уақытында өздерін корғау максатында немесе тұрмыстық мақсаттарда қолдану үшін (ұлттық пышақтар, кинжалдар және т.с.с.) жасалған қару деп білуіміз керек.
Жасалу әдісі бойынша суық қарулар келесілерге бөлінеді:
1) заводтық (стандарттық, фабрикалық, фирмалық);
2) ұсталық, қару жасау шеберлерімен кәсіби дәстүрлерді ескеріп жасалатындар;
3) қолдан жасалғандар — қару шеберлері болып табылмайтын жеке адамдармен жасалғандар.
Жүзі бар қарулар олардың кұрылыстық ерекшеліктері мен конфигурациясына, өлшемдеріне байланысты қолға ұстау ыңғайлары бойынша жіктеліп бөлінеді. Осыны ескере отырып, оны шартты түрде үш топқа бөлуге болады:
- тұтқалы жүзді қару (кылыштар, шпагалар, ятагандар, кинжалдар, пышактар, кортиктер, жүзді штыктар және т.с.с);
- ұзын сапты жүзі бар қару (мысалы, найзалар, дротиктер, айбалталарт.с.с);
- сабы да, түтқасы да жоқ бірақ ұзын ұңғылы атыс қаруларға бекітілу үшін кондырғылары бар жүзді суық қару (жүзді штыктар).
Қару жүзінің ұзындығы бойынша: қысқа жүзділерге және ұзын жузділерге бөлінеді. Қысқа жүзділерге - қанжарлар, аңшылық, ұлттық пышақтар және т.с.с. жатады. Ұзын жүзділерге — қылыштар, рапиралар жөне т.с.с. жатады.
Жүзінің түрі бойынша: тік жүзді және қисық жүзді қаруға бөлінеді.
Түйрейтін жүзді қаруларға: кортиктер, қырланған штыктар, шпагалар, рапиралар жатады.
Шабатын жүзді қаруларға: кылыштар, балталар; ал түйреп-шабатындарға ятагандар жатады.
Криминалистика тәжірибесінде ең кең тарағаны — сапты жүзді қару болып отыр. Оған: кинжалдар (әскери, азаматтық, аңшылық) пышақтар (әскери, азаматтық, оның ішінде ұлттық, аңшылық) жатады.
Ұрып-жаратын қаруларға: шоқпарлар, шабуыл қамшылар, кастеттер, арнайы қол сақиналар және алақанға киіп ыңғайланған суық қарулар жатады.Тұрмыстық заттар ретінде жасырын түрде жасалған қарулар, мысалы кол таяктың ішінде, қолшатыр ішінде, қамшы т.б. қарулар. Тінту немесе қарау тергеу әрекеттері кезінде суық қару табылып алынса, тергеу әрекетінің хаттамасына суық қарудың түрі туралы тұжырым жасауға мүмкіндік беретін белгілер жеткілікті көлемде бейнеленуі керек.
Суық қарудың материалдық бөлігін қарау оның құрылымы, кұрылысы мен мөлшерлерін өлшеуден басталады. Осы жерде бөлшектерінің толықтығына, жүзінің сабына бекітілу тәсіліне; қарудың белшектерінің қандай материалдан жасалғанына; заводтық сипаттамаларының бар-жоктығына, түсіне, беріктігіне (тегіс, кедір-бұдырлы, ара тісті); жүзінің түріне (қисық па, түзу ме), лезвие және ұшының қайралғанына, қайралу деңгейінің өткірлігіне; қаралып отырған қару қандай белгілі бір үлгідегілермен сәйкестігіне, ұқсастығына назар аудару кажет.
Алынған затты әрі карай суық қарудың белгілі бір түріне жатқызу арнайы анықтамалық альбомдар мен құралдарды қолдану арқылы жүргізіледі.
Объект суық қару болып табыла ма және суық қарудың қай түріне жатады деген сұрақты шешу үшін криминалистикалық сараптама тағайындалады. Ондай сараптама зерттеуге жіберілген затты (қаруды) жан-жақты бағалап, корытынды шығарып береді. Бұл, әсіресе колдан жасалған суық қару алынғанда өте маңызды көмек.
Суық қарумен қалдырылған жарақат қару түріне, әсер ету тетігіне және жарақат қалған материалдың өзіне де байланысты болады. Суық қарумен калдырылған жарақатты карап отырып, хаттамаға жарақаттың келтірілген жерін, кандай объектіде және объектінің қай бөлігінде қалғандығын, олардын мөлшерінін өлшемдерін, түр-қалпын, жарақат шеттерінің жағдайын белгілейді.
Суық қарумен түскен механикалық жаракат іздері бар киімдердің сараптық зерттеуінде келесі сұрақтар шешіледі: жарақат түрі қандай, қарудың қандай түрімен калдырылған; жарақатты калдырған қарудың топтық белгілері қандай (жүзінің түр-калпы, өлшемдері, бір жақ жүзі бар ма, не болмаса екі жа-ғынан да кайралған ба); олар зерттеуге жіберіліп отырған қару-мен қалдыру мүмкін бе еді?
Жаракаттың сараптық зерттеуі кезінде жаракат жеріндегі жіптердің шеттік бөлшектері микроскоппен қаралып зерттеледі.
Алынған жарақаттың нақты осы қарумен қалдырылғанын тексеру үшін жаракаттағы белгілерді, оның түр-қалпын, өлшемдерін қарудың сипаттамаларымен сәйкестіріп салыстырады. Қаруды зерттеу кезінде микро бөлінділерге (микробөлшектер, микрокылшықтар) үлкен назар аударылады. Қарудан алынған микробөлінділер жаракат бар киімнін жіптерімен салыстырылады; қаруда биологиялық бәлінді объектілері болғанда (қан, басқа да микромөлшердегі заттар) олардың сот-медициналық зерттеуі жүргізіледі. Суық қарудан түскен жарақаттарды және суық қарудың өзін зерттеу үшін кешендік сот-медициналық, криминалистикалық, физико-химиялық басқа да сараптамалар тағайындалуы мүмкін.
мдармен жасалғандар.