
Билет №5
Криминалистикалық техниканың түсінігі және оның негізгі қолдану салалары.
Аяқтың және аяқ киімнің іздері, олардың криминалистік маңызы.
Сот фотографиясын тергеушінің және сарапшы криминалистің жұмысында қолдану.
1) тінтуге керекті арнайы техника құралдарын дайындау керек, айталық, темірден, не асыл металдан жасалған заттарды іздейтін құралдарды дайындау қажет. Дайындық жұмыстары толық аяқталысымен тергеуші, жедел топқа кіретін адамдар тінтілетін үйге келеді. Осы тінтілетін жерге тосыннан, күтпеген мезгілде келу үшін де белгілі бір тактикалық әдістер қолданылады. Тінтілетін үйге жақындағанда жедел топтағы адамдар бөлініп, осы нысанға жан-жақтан жеке-жеке келуі тиіс. Үйге жақындар алдында үйдің маңайында бөтен адамдар бар ма, жоқ па, соны абайлап қарау қажет. Тінтілетін пәтер көп қабатты болса, бір қабат жоғары өтіп кетіп, тосу керек. Криминалистика тергеу және басқа құқыққорғау органдарының жұмысының іскерлігін арттыруға үлкен әсер етеді, өйткені криминалистика тергеу тәжірибесін талдап, қорыту арқылы, қылмысты ашуға бейім тәсілдерді тауып, оларды қолдану үшін керекті техникалық құралдарды тергеу қызметкерлеріне дайындап береді.Қылмысты оқиға бір адамның, немесе бірнеше адамдардың белгілі бір әрекет қимылдарынан тұрады.Сондықтан қылмыс қандай жедел жасалса да ол айналадағы ортаға әсер етіп, сол қылмыс жасалған жерде көптеген іздер қалдырады. Заң әдебиеттерінде криминалистикаға әр түрлі пәндік сипаттама беріледі. Көп жылдар бойы бұл мәселеге үлкен назар аударылып, көп пікір таластар болды. Олай болуы орынды да, әр пәннің мағынасын терең түсіну арқылы ғана оның маңызын біліп, негізгі қағидаларын дұрыс және орынды пайдалануға болады. Авторлардың криминалистикаға берген пәндік сипаттамаларын қорыта келгенде, оларда негізінен тек редакциялық өзгерістердің бар екені аңғарылады. Қай автор болса да, криминалистиканың қылмысты ашуға және тергеуге керекті деректерді, заттай дәлелдемелерді іздеп тауып, бекіту, алу және зерттеу үшін пайдаланатын әдістер мен тәсілдер, оған қажет техникалық құралдарды оқитын ғылым екенін баяндайды. Сонымен қатар, криминалистикада пайдаланатын техникалық құралдар, әдістер мен тәсілдер тек қылмыстық - процесуалдық заңға сәйкес болуы атап айтылады. Кейбір авторлар криминалистік әдістер мен тәсілдер тек қылмысты ашуда ғанаемес, қылмысты болдыртпауға бағытталғанын да айта кетеді.Авторлардың бір тобы криминалистік әдістер мен тәсілдер, тек алдын ала тергеуде ғана емес, сот мәжілісінде, кейбір сот әрекетін жүргізгенде пайдалануға болатынын баяндайды. Осы жоғарыда айтылғандарды тұжырымдай келіп, криминалистикаға мына төмендегідей пәндік сипаттама беруге болады.Криминалистика - қылмысты ашуға және тергеуге керекті заттай дәлелдемелерді
процесуалдық заңға сүйене отырып, іздеп табу, алу, бекіту, зерттеу үшін пайдаланатын техникалық құралдар, тактикалық тәсілдер мен тергеу әдістемелері жөніндегі ғылым
2) Аяқ іздері – жалаң аяқ іздері, аяқ киім іздері және шұлық (нәски) іздері деп бөлінеді. Жалаң аяқ немесе шұлық іздері бойынша адамды, ал аяқ киім іздері бойынша аяқ киімді идентификациялайды. Идентификациялау кезінде статикалық іздер қолданылады, кей кездерде, нақты адамның аяқ киімді кию фактісі (мән-жайы) анықталуы мүмкін. Аяқ киім ұлтарағындағы ұзақ кию нәтижесінде жалаң аяқтан (шұлық немесе нәски киілген) қалған статикалық із зерттелінеді. Бұзу құралының іздері – есіктің беткі қабатынан және оның тұтқаларынан, құлыптан, терезе рамаларынан, объектінің төбесі мен едендерден, сейфтердің қабырғаларынан және т.б. жерлерден табылуы мүмкін. Қысым іздері – кедергінің (бөгеттің) бетінде бұзу құралдарының соққысы нәтижесінде басылып түсуі арқылы пайда болады. Егер кедергі жеткілікті дәрежеде қатты болған жағдайда беткі қабатты із қалады, ал жеткілікті дәрежеде қатты болмаса, онда
ішіне қарай басылып батқан із қалады. Батқан іздің тереңдігі соққының (басудың) күшіне байланысты болады. Ал батқан іздің формасы бұзу құралының жанасу бөлігінің кескін бейнесін (конфигурациясын) қайталайды және оның өлшемін көрсетеді. Оқиға болған жерді қарау кезінде тергеуші мұндай іздерді зерттеу арқылы бұзу құралының формасы мен өлшемі жөнінде мағлұматтар алады. Соның негізінде ол бұзу құралдарын іздестіру жұмыстарын жүргізу тапсырмаларын тұжырымдайды.
3) Тіркеуге рецидив-қылмыскерлерді, іздеудегі қылмыскерлердің кейбір категориясын және жәбірленуші немесе куәның сыртқы бейнесін есінде сақтап қалған белгісіз соттан бой тасалап жүрген қылмыскерлерді алады. Тіркеу танытуға көрсету фототүсірілімдерін жасау және «сөзді портрет» әдісімен сыртқы белгілерін сипаттау негізінде жүзеге асырылады. Фото - суреттер фотоальбомдар немесе фотографиялық картотека (фототека) түрінде жүйеленіп сақталынады, ал сыртқы белгілері суреттелінген карточкалар – белгі картотека түрінде, сонымен қатар компьютерде сақталынады. Оқиға болған жердің жалпы көрінісін және ол жердегі жеке объектілердің орналасуын түсіндіріп, нақтылап көрсету үшін қарау кезінде арнайы сот-фотографиясының әдістерін қолдану арқылы бұл жер фотосуретке түсіріледі. Бағдарлап және жалпы шолу әдістерімен оқиға болған жердің көрінісі толық қамтылып түсірілсе, түйінді және бөлшекті әдістермен жеке объектілер, іздер, айғақ заттар түсіріледі. .