
3) Идентификация – теңдестіру.
Тендестіру зандылығына сәйкес — адамның ойлау процесіндегі қандай да бір ойы өзіне-өзі сәйкес, тепе-тең болуы тиіс.
Адамның санасыңда көрініс тапқан объект бейнесі нақты бір жекеленген болуы кажет. Талқылау кезінде міндетті түрде нақты бір объектіні ғана ойлау керек, оны басқа объектілермен алмастыруға болмайды. Әр түрлі объектілерді тендестіру мүмкін емес, логикаға жатпайды. Бір объектіні адамның қайта еске түсіру кезіндегі ойлау мазмұны алғашкы ойлаудың мазмүнына сәйкес (бір) болуы кажет. Бір объект жайлы талқылау кезінде пікірталастықтар пайда болған жағдайларда, әрбір адамның ойы әр түрлі болып олар өзара келісімге (бір шешімге) келе алмай-ды, бұл өз алдына тендестіру зандылығының бұзылуына әкеп соқтырады.
Идентификацияның психофизиологиялык механизмі келесідей болып келеді: субъектінің санасында керсетіліп отырған объектінін белгілері туралы көрініс, сол көріністі ойлау арқылы, ол үсынылып отырған объектіні өзінің ойындағы объект белгілері бойынша салыстырады, содан кейін ғана ол объектілердің сәйкестігі жайында немесе ерекшеліктері бойынша қорытынды жасайды.
Л.Н. Мороздың пікірінше: криминалистикалык идентификация мынандай жағдайларда орын алады:
«а) идентификация тәсілдері арнайы криминалистермен өнделіп жетілдірілген жағдайларда;
ә) бұл тәсілдердің көмегімен объектінін, жекелеген сәйкестігі анықталған жағдайларда (бұл жерде ол объектілердің топтық қатыстылығын анықтауды қарастырған);
б) криминалистикалық идентификацияның объектісі тек криминалистикалық идентификация объектілерінің шеңберіндегі нақты бір жекелеген объектілер ғана бола алады;
в) криминалистикалық және соттық идентификация арасында айырмашылыктар бар және идентификацияның тергеу тәжірибесі мен оның процессуальдық тәртібінде ерекшеліктер болған жағдайда» — деп көрсеткен.
Криминалистикалық идентификация процессуальдық және процессуальдық емес формасында қарастырылады.
Идентификацияның процессуальдық емес формасы қолданбалы және жедел болып екі түрге бөлінеді.
Қолданбалы – мұражай басқа ұйымдар қызметкерлермен жүзеге асса, жедел қылмыстық іс қозғалғаннанға дейін ЖІҚ жүзеге асады.
Деңгейіне байланысты келесі түрлерге бөлінеді:
-объектінің бір текке жататындығы
-топтық қатынастылығы
- жекелеген сәйкестігі т.б.
Сонымен қатар, идентификацияны жүргізу субъектісіне байланысты тергеу және сараптамалық идентификация деп бөлеміз.
Объектісі бойынша: адам, жануар, атыс қаруы, көлік құралдары және т.б. идентификация түрлерін бөліп карастыруға бо лады.
Объект ұғымы — криминалистикалық идентификация теориясының басты элементі. Объектілерді анықтау — идентификацияның зерттеу мазмұнына, яғни ғылыми зерттеулер калай жүргізіледі және олар сот-тергеу тәжірибесінде калай жинақ-талады деген мәселелерді шешуге әсер етеді. Криминалистикалық идентификация объектісінің түсінігі қылмысты тергеудегі криминалистикалық-техниканың, тактиканың, әдістемелердін, даму деңгейімен байланысты.
Идентификациялық белгі дегеніміз не?
Кез келген объектінің өзіндік касиеттері бар. Объектінің қасиеті оның сапасын көрсетеді. Объектілердің мәндік релін қасиеттер атқарады. Ал белгі объект қасиеттерінін сырткы көрініс табу релін атқарады. Объектіні белгілері арқылы танып білеміз. Белгі түсінігімен таным қызметін байланыстырады. Белгі — қасиеттің көрініс табуы. Кез келген материалды объект көптеген қасиеттерге ие болады. Ал әр қасиет көптеген белгілер арқылы сипатталады. Белгі қасиеттерден бөлініп карастырылмайды. Объектінің мәнін анықтау үшін оның белгілер жиын-тығы айқындалуы керек. Белгілер жиынтығын белгілердін ме-ханикалық бірлестігі ғана емес, белгілі белгілер жүйесі ретінде түсіну кажет.
Осы белгілер жүйесі арқылы объектіні өзіне үқсас көпшілік ортадан беліп қарастыруға мүмкіндік береді, ал көпшіліктен жеке объектіні беліп ала аламыз.