Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
6-10 жауап.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
74.83 Кб
Скачать

Билет №10

  1. Сот зерттеу фотографиясы және оның тәсілдері.

  2. Тегіс стволды қарудан атылған оқты, бытыраны, оқ дәріні және патронның тығынын зерттеу.

  3. Криминалистикалық идентификацияның түсінігі және ғылыми негіздері.

  4. Тергеуді жоспарлау тақырыбындағы презентация.

1) Криминалистикалык фототүсірілім жекеленген тергеу әрекеттерін, жедел-іздестіру шараларын, кей жағдайларда сараптамалық зерттеулерді жүргізу барысы мен нәтижелерін көрнекі түрде бекітудін тиімді әдіс-құралы. Криминалистикалық мәселелер мен криминалистикалық қызмет түрлерінің ерекшеліктерін ескере отырып, сот фотографиясын екі түрге бөліп көрсетуге болады:

1.сот-жеделдік фотография; 2. зерттеу фотографиясы.Сот-жеделдік фототүсірілімдер оптикалық кұралдарды қолданбай-ақ көзге көрінетін әр түрлі іздер мен объектілерді бекітуде колданылатын әдіс, ал зерттейтін фототүсірілімдер көзге көрінбейтін іздер мен объектілердің бөлшектерін, түс айырмаппылықтарын анықтап бекітуге негізделген әдіс болып табылады. Сот-жеделдік түсіру әдісі әр түрлі сипаттағы объектілерді суретке, атап айтқанда: жергілікті жер, ғимарат, тұрғын-жай, су және әуе кеңістіктерін, адам, мәйіт, заттар мен күжаттардм және олардың белшектерін; объектілердің сыртқы бейнесі меи ерекшеліктерін бекіту мақсатында материалдык іздерді, сондай ақ қандай да бір іс-әрекет немесе олардың үзіндісін дәлелдейтін жағдайларды толық немесе бөлшектеп түсіруді қамтиды.

Бейнелеу фототүсірілім келесі әдістерден тұрады: 1) карапайым; 2) панорамалық; 3) сигналитикалық немесе тануға көрсету үшін; 4) өлшеп түсіру; 5) репродукциялық; 6) ірі масштабта (макротүсіру); 7) стереоскопиялық түсіру әдістері.1. Қарапайым түсіру әдісі - бір кадрге ғана фототүсірілім жасау арқылы жүзеге асырылады.2. Панорамалық түсіру - сот фотографиялық түсіру әдістерінің бірі, яғни үлкен кеңістіктегі не үлкен көлемді объектіні, сондай-ақ ғимараттың ішіндегі немесе тар жердегі мәйітті бөлшектеп түсіріп, кейін ол белшектерден бір панорамалық фотосурет шығару. Панорамалық түсіру әдісінің схемасы: а) сызықты; ә) шеңберлі.3. Тануға түсіру әдісі — іздеуде жүрген және қылмыстық тіркеуде түрған кылмыскерлерді тануға көрсету үшін, сондай-ақ тергеу кезінде адамдардың, мәйіттің жеке басын анықтап және оларды қылмыстық тіркеуге алу мақсатында қолданылады. Тануға түсіру әдетте екі түрлі әдіспен жүзеге асырылады 1. қарсы алдынан (фас), бетпе-бет; 2. оң жақкырынан (профиль), Суретке түсіру барысында келесідей шарт талаптары міндеті түрде сақталуы қажет. Танылушы адам бас киім, сырт киім, көзілдіріксіз, шашы мандайын, кұлағын жауып тұрмайтын ашық болып, тік отырып немесе түрегеліп тұруы тиіс. 4. Өлшеп түсіру әдісі тергеу әрекеттерін жүргізу барысында кейбір объектілердің ұзындығын, келемін немесе олардың арақашықтығын аныктап білу қажеттілігі туындауына байл-нысты қолданылатын криминалистикалық техника бөліміндегі сот-жеделдік түсіру әдістерінің бірі. Өлшеп түсіру әдісі масштабты және метрлік болып ек түрге бөлінеді. 5. Репродукциялық түсіру - құқық корғау органдары қызметінде әр түрлі құжат, схема, мәтіндер мен сызбалардың, дактилоскопиялық карталардың және басқа да тегіс беттегі объектілердің фотокөшірмелері қажет болған жағдайда тіке үстінен түсіру арқылы жүзеге асырылатын әдістің бір түрі. 6. Ірі масштабта немесе макротүсіру кішкентай объектілердін табиғи өлшемін түсіру немесе микроскопты қолданбай-ақ тікелей үлкейтіп түсіретін әдіс болып табылады. Ол тергеу әрекеттерін және сараптамалық зерттеу жүргізу барысында жүзеге асырылады.

2) Атыс қарудың түріне қарай патрондарды әскери, спорт, аңшы патроны деп беледі. Әскери патрондарға винтовкалық тапаншалық, револьверлік және екі аралықтағылар жатады (тапаншалық пен винтовкалық араларында орташа орын алатындар).

Қазіргі әскери қаруға арналған бірыңғай патрон: гильзадан, капсюльден, оқ-дәріден және снарядтан, яғни октан тұрады. Гильзалар металдан дайындалады және цилиндрлік, конустық және шөлмек тәріздес қалыпты болады. Кіші калибрлі оқтардың шөлмек гильзасына баскаларға қарағанда көп көлемді оқ-дәрімен октауға мүмкіншілігі бар. Гильза ұңғыдан, корпустан

және қалпақшадан тұрады. Гильзаның ұңғысына оқ бекітіледі, сондықтан оның ішкі диаметрі оқтың сырткы диаметрімен және қару калибрімен шамалас сәйкес болады (оқтын диаметрі ствол калибрінен 0,02 мм. үлкен). Октың гильзаға бекітілуі әр түрлі тәсілдермен жүзеге асырылады: қысу аркылы немесе тығыздап тығындау арқылы т.с.с.

Гильзаның корпусына ок-дәрі ұстағыш орналастырылады. Казіргі әскери қаруда түтінсіз оқ-дәрі (әдетте пироксилиндік) колданылады.

Калпақшаның күрылымына сәйкес гильзалар жиекті және жиексіз гильзаларға бөлінеді. Жиекті гильзалардың қалпакшаларының диаметрі гильзаның корпусының диаметрінен үлкенірек (корпусынан шығыңқы) болады, ал жиексіздерде қалпақша тұсында сакиналық ойық болады. Жиек пен сақиналық ойық гильзаларды патронниктен шығару максатында соған ілініп ұстап қалу үшін кызмет атқарады.

Гильза калпакшасының үстінде калибр, завод не фирма, шығарылған жылы және шартты символдар (маркілік) белгілері басылады.

Әскери қаруға арналған патрондардың оқтары қапталған және жартылай қапталғандарға бөлінеді. Тәжірибеде қапталмаған да оқтар кездеседі, олар ескі құрылымдағы винтовкалар мен револьверлерге арналған қорғасын оқтар. Әдеттегі оқ «болат» металды өзекшеден (сердцевина) оның айналасын коршап тұрған қорғасын жамылғыдан және оны жауып түрған болат металды бүркеніштен тұрады. Бүркеніш болаты ұңғы каналын құртпау үшін жұмсақ металдардан, әдетте томпақ немесе латуньмен бекітіледі. Жартылай капталған оқтарда оқтың бас жағы капталмайды.