Билет№8
1) Фотоға түсіру түрі дегеніміз іске айғақты мәні бар объектілер мен фактілердің шынайы көрінісі қалуын орындауды қамтамасыз ететін әдістер, тәсілдер және ережелердің жиынтығы.Соттық-жедел фотографиялар объектісіне байланысты келесі түрлерге бөлінеді: оқиға болған жер, тінту жүргізгенде, зерттеу эксперименті барысында, тірі тұлғалар, өліктер, іздер, заттай айғақтар мен құжаттар. Жедел-сотық фотография әдісіне жататындар:а) панорамалық;ә) стереоскопты;б) өлшейтін; в) ірі масштабты; г) репродуктивті; д) тануға байланысты суреттер суреттер көрсетілген әдістердің кейбіреулері тек кейбір объектілерге қатысты қолданылады. Сөйтіп репродуктивті фотография құжаттарды түсіру үшін, тануға байланысты-тірі тұлғаларды және өліктерді түсіру үшін қолданылады. Басқа әдістер түрлі суретке түсіру түрлеріне қолданылады. Панорамалық фотоға түсіру оқиға болған жерді және зерттеу экспериментін, ұзындығы біршама үлкен іздерді суретке түсіру кезінде және т.б. жағдайларда қолданылады. Айтылған әдістерден басқа фотоға түсірудің жеке тәсілдері болады, олар түрлі суретке түсіру кезінде қолданылуы мүмкін.
Жеке тәсілдерге: а) бағдарлап түсіру; ә) шолып түсіру; б) түсіру; в) тетіктік фотобейнелер жатады. 1. Қарапайым түсіру әдісі - бір кадрге ғана фототүсірілім жасау арқылы жүзеге асырылады.2. Панорамалық түсіру - сот фотографиялық түсіру әдістерінің бірі, яғни үлкен кеңістіктегі не үлкен көлемді объектіні, сондай-ақ ғимараттың ішіндегі немесе тар жердегі мәйітті бөлшектеп түсіріп, кейін ол белшектерден бір панорамалық фотосурет шығару. Панорамалық түсіру әдісінің схемасы: а) сызықты; ә) шеңберлі.3. Тануға түсіру әдісі — іздеуде жүрген және қылмыстық тіркеуде түрған кылмыскерлерді тануға көрсету үшін, сондай-ақ тергеу кезінде адамдардың, мәйіттің жеке басын анықтап және оларды қылмыстық тіркеуге алу мақсатында қолданылады. Тануға түсіру әдетте екі түрлі әдіспен жүзеге асырылады 1. қарсы алдынан (фас), бетпе-бет; 2. оң жақкырынан (профиль), Суретке түсіру барысында келесідей шарт талаптары міндеті түрде сақталуы қажет. Танылушы адам бас киім, сырт киім, көзілдіріксіз, шашы мандайын, кұлағын жауып тұрмайтын ашық болып, тік отырып немесе түрегеліп тұруы тиіс. 4. Өлшеп түсіру әдісі тергеу әрекеттерін жүргізу барысында кейбір объектілердің ұзындығын, келемін немесе олардың арақашықтығын аныктап білу қажеттілігі туындауына байл-нысты қолданылатын криминалистикалық техника бөліміндегі сот-жеделдік түсіру әдістерінің бірі. Өлшеп түсіру әдісі масштабты және метрлік болып ек түрге бөлінеді. 5. Репродукциялық түсіру - құқық корғау органдары қызметінде әр түрлі құжат, схема, мәтіндер мен сызбалардың, дактилоскопиялық карталардың және басқа да тегіс беттегі объектілердің фотокөшірмелері қажет болған жағдайда тіке үстінен түсіру арқылы жүзеге асырылатын әдістің бір түрі. 6. Ірі масштабта немесе макротүсіру кішкентай объектілердін табиғи өлшемін түсіру немесе микроскопты қолданбай-ақ тікелей үлкейтіп түсіретін әдіс болып табылады. Ол тергеу әрекеттерін және сараптамалық зерттеу жүргізу барысында жүзеге асырылады. 6. Тергеу әрекетін жүргізу барысында фототүсірілімдер өте жиі колданылады. Фототүсірілім объектілеріне: оқиға болған жердің жалпы жағдайы мен оның бөлігі, мәйіт, іздер және басқа да заттай дәлелдемелер жатады.Оқиға болған жерді суретке түсіру келесідей тәртіпте орындалуы тиіс:
а) оқиға болған жер және оның жекеленген белігінің жағдайы жөнінде толық мағлұмат алатындай көрнекі түрде түсірілуі шарт;
ә) оқиға жағдайы барынша толық, әрі дәлме-дәл түсірілуі қажет;
б) қажет болған жағдайда түсірілген объектілердің көлемі жөнінде мәлімет бере алатындай етіліп (метрлік және масштабты) түсірілуі тиіс.Оқиға болған жерді түсіру келесідей әдіс түрлері арқылы жүзеге асырылады: бағдарлап, шолып, түйінді және детальды түсіру әдістері.Бағдарлап түсіру - оқиға болған жердің өзін ғана түсіріп қоймай, сонымен қатар айналадағы оған жақын тұрған объектіні де қамтып түсіруге арналған әдіс. Шолып түсіру - бүл оқиға болған жерді қоршаған айналасынсыз тек өзін ғана түсіру әдісі. Түйінді түсіру - оқиға болған жердің жеке учаскелерін және ондағы кылмыстық материалдық белгілерінің барынша көп шоғырланған жерлерін ірі масштабта түсіру әдісі.Детальды түсіру — бұл жеке іздерді және заттарды өлшеу масштабымен түсіру әдісі. Іздер мен заттар — яғни заттай дәлелдемелер олардың табылған жерлері мен орналасу жағдайы, сыртқы құрылысының жалпы және жеке белгілері көрсетіле отырып суретке түсіріледі.Нашар көрінетін қолдың майлы іздерінің фототүсірілімі (әйнек, пластмасса, жылтыр бетті заттарда қалдырылған) қараңғы бөлмеде күңгірт әйнекті фотокамерамен 1:1 масштабымен жүзеге асырылады. Заттарды түсіру кезінде екі жарықтандыру көздерін қолдану қажет, тікелей — объектінің жалпы контурын көрсетіп және қырынан бедерлі белгілері көрінетіндей етіп түсіру керек. Құжаттардың фототүсірілімі көбінде үлғайтқыш сақина көмегімен және қосымша жарықтандыру көздерін пайдалану жолымен жүзеге асырылады. 7. Микрофотография — зерттеліп отырған объектілердің микроқұрылымы мен микробедерін анықтау жөне бекіту максатында қолданылатын сот-зерттеу әдістерінің бір түрі. Бұл әдіс құжаттарды зерттеу барысында кеңінен колданылады, атап айтқанда: қиылысатын штрихтардың басып жазылу кезектілігін аныктау кезінде, карындаш штрихтары мен көшірме қағазының бояуын ажырату кезінде; трасологиялық зерттеулерде, мысалы: бұзу құралдары мен құрал-саймандарынан қалған іздерді идентификациялау үшін; атыс қаруларын атылған октар мен гильзалары арқылы идентификациялау; криминалистикалық зерттеу барысында яғни, лакпен боялған заттарды, талшықтарды, өсімдік белшектерін және есірткі заттарының құрамын, шыны, металл үгінділерін идентификациялау, сондай-ак идентификациялык, емес мәселелерді шешу кезінде қолданылады.Микрофотография келесідей екі түрлі әдіспен жүзеге асырылады: а) объектіні кішкене ғана үлкейтіп түсіру, арнайы қысқа фокустық объективтермен және микрообъективтермен қамтылған фотокамералар арқылы орындалады ә) объектіні едәуір үлкейтіп түсіру жарықтандырғыш, электронды микроскоппен жабдықталған фотокамералар аркылы жүзеге асырылады. Микротүсіру кезінде жарықтандыру жеткілікті түрде күшті және бірқалыпты болуы керек.Микрофототүсірілім жоғары шешу қабілеттілігі бар қарама қарсы түсті фотоматериалдарда орындалады.
Жарық сәулелі, растрлы-электронды, электронды микро скоптардың көмегімен әр түрлі үлғайту дәрежесінде өткізгіштік қабілеті жоғары фотосурет шығаруға мүмкіндік беретін фото камералар бар.Жарықфильтрмен фотосуретке түсіру әдісі. Жарыкфильтр мен түсірілетін түсірілім түс ажыратқыш деп аталады. Оныи мақсаты — белгілі бір зерттелетін объектінің немесе онын бөлшектерінің түс өзгешеліктерін (айырмашылықтарын) анықтау. Контрастылы түсірілім. Контраст негізінде объектілердің түс айырмашылықтары бойынша, яғни көлеңкелі контрастыларды қоса алғанда, бедердін, беткі қабатындағы көлеңкелердің бедерінен екендігін көрсететін байланыстардың болуын айтамыз.Ультракүлгін сәулелерінде фотосуретке түсіру. Мұнда түсірілімдегі бейне көрінісі — түсірілім объектісінен көрініс табатын фотоматериалға ультракүлгін сәулелермен әсер ету немесе ультракүлгін сәуле әсерінен пайда болған көрінетін люминесценттік жарықты жіберу аркылы шығады. Жалған құжаттарды зерттеуде қолданылады. Рентген сәулелерінде фотосуретке түсіру. Рентген сәулесін н фотосуретке түсіру — түсірілетін объект арқылы өтетін рентген сәулесімен фотоматериалға әсер ету нәтижесінде көлеңкс.ш бейне көрінісін алу әдісі. т.б.
2) Тіс іздері - қылмыскерден тағамдарда калуы мүмкін (сыр, шоколад, жеміс-жидектер) және басқа заттарда (шөлмектін темір тығыны, қорғасын пломба және с.с. заттарда). Тіс іздері адамның (қылмыскер, жәбірленуші) үстінде де болуы мүмкін. Тіс іздеріне қарап, олардың қандай жағдайда қалғанын анықтап, тұлғаны идентификациялауға болады. Тістеуден калған іздер бойынша тіс аппаратының келесі жалпы және жеке белгілерін анықтауға болады:-тіс доғасы қатарының қалпы мен елшемі; бір қатарда орналаскан тістердің саны;- тістер арасындағы ара қашыктык;- қатардағы тістердің қисаюы немесе жоқтығы;- азу тістердің шайнайтын жағының бедерлігі;- тіс протезінің болуы және с.с.Тырнақ іздері — криминалистикалық зерттеудің объектісі ретінде, көбінесе жәбірленуші мен қылмыскердің үстінде кездеседі. Бұларды карау мен зерттеу кезінде іздерде жеке белгілердің қалмайтындығын ескере отыру керек және кейбір кезде бұндай іздер өздерінің жалпы белгілерін де езгертуі мүмкін (деформацияның әсерінен). Оған қарамастан тырнақ іздерінін бар екендігі олардың саны, түскен орны, кәрінісіне байланысты оқиғаның кейбір бейнесін аныктауға мүмкін болады (өзін қорғау фактісі, қылкындыру фактісі с.с). Егер де сезіктінің тырнағының астында жәбірленушінің терілерінің қалдыктары бар туралы мәлімет түссе, онда сезіктінің тырнағының астынан бар заттарды тазалап алып, тырнақтарын кесіп алып жібереді (сот-биологиялық сараптамаға).
Киім іздері — көлік кұралдарының боялған беттерінде (жаяу адамды басып кеткенде), жәбірленуші мен қылмыскердің алысқан жерлерінде және басқа окиға болған жердегі объектілерде кездеседі. Киім іздерінде жіптердің токылу іздері, суреті мен жіптің түрі сакталуы мүмкін (киімнінтігісі мен басқа белгілері).Микрообъектілер - окиға болған жердегі пайда болатын майда зат—объектілер және бұларды зерттеу үшін арнайы техникалық күралдар мен аспаптар керек. Бүндай зерттеулердің объектісі болып микроіздер мен микрозаттар — 2 мм, кіші заттар және микробөлшектер болады. Тергеулік карау кезінде микрообъектілерді қылмыс қаруларынын үстінен, қылмыскердің киімдерінін, үстінен, автокөліктерден, тосқауылдардан және т.с.с. іздеген тиімді. Микрозаттарды іздеу әрекеті екі кезеңнен тұрады: біріншісі—оқиға болған жерде, екіншісі—лабораториялық жағдайда жүргізіледі.
3) Трасология ілімі, криминалистиканың үлкен бір тарауы бола тұра іздердің пайда болу теориялық негіздерін зерттеп, қылмыстың жасалу тетігін көрсететін іздердін, туындау заң сыйымдылықтарын, іздерді іздеп табу үшін әдістер мен құралдарды қолдану нұсқауларын әзірлеп, осы іздердің көмегімен қылмыстарды ашып, тергеу және алдын алу үшін арналады.
Әрбір болған қылмыс біздің айналамызда белгілі бір өзгерістерін қалдырады. Қылмыс әрекеттерінін бейнесі ретінде сол жерде іздер пайда болады.Іздердің криминалистикалық түсінігі: кең және тар мағынада қолданылады.
Кең түсінігінде криминалистикада «із» дегеніміз - қылмыстың әсерінен болған өзгерістердің барлық түрлерін білуіміз керек, яғни оқиға болған жердегі объектілердің козғалуы немесе заттардың өзгеруі. Осы жерде бір заттың басқа затқа әсер еткендігінен іздер пайда болады (мысалы, есіктің жақтауын бұзған жерде калған бұзу іздері), қылмыскердің қалдырған заттары (ұмытылып кеткен, жоғалтылған), сынған, бұзылған заттардың бөлшектері (мысалы, автокөлік фарасы әйнектерінін сынған бөлшектері), әр түрлі иістер және басқа да сол сиякты іздер. Қылмыстық іздерді үлкен үш топка жіктейді:
а) бейне іздері; ә) заттай іздері; б) биологиялық (қан, сілекей т.б.) іздер.
Осымен байланысты трасология негізінен іздердің тар түсінуіндегі түрлерін, яғни бейне іздерді зерттейді (қолдын ізі, аяқтың ізі т.с.с.)
Трасологиянын мағынасы, оның зерттеп отырған оқиғаның әр түрлі мән-жайларын анықтаудағы мүмкіндігінде. Әрине бұл ілім басқа да криминалистиканың зерттеулеріндей, идентификациялық және диагностикалық мақсаттарды да шешеді.
Идентификацияға келетін болсак, объектіні, онымен қалдырылған іздердің бейнелері мен объектінің өзіне тән ұқсастықтарын салыстыру арқылы аныктайды. Мысалы, адамды окиға болған жердегі кол саусак, аяқ, іздерінен және тіс, ерін басқа да мүшелерімен қалдырылған іздердің бейнекөріністерін салыстырып идентификациялайды. Қалдырған іздің бейнесіне қарап оқиға болған жердегі бұзу саймандарының түрі, оның өлшемдері анықталады. Окиғалы жердегі көлікпен қалдырылған ізіне қарап, көліктің кандай түрі жүріп өткенін, оның моделін, маркасын анықтауға болады.
Трасологияның диагностикалық мақсаттарын шешкенде, біріншіден, іздің құралу, немесе пайда болу тетігін анықтайды, яғни іздін пайда болу кезіндегі объектілердің бір-бірімен өзара байланыстығы.
Осылайша диагностикалық трасологияның көмегімен бұзу кұралдардың түрін, бұзу тоскауылдың іш жағынан ба, жок әлде сыртынан колданылғанын, көлік құралы кандай бағытпен келіп кеткенін, кұлыптың кандай әдіспен сындырылғанын, объектілердің сипаттамаларынын сәйкестігін анықтайды.
Объектілерді іздерінен және іздердің туындау тетігін аныктаудың маңызды криминалистикалық мәні бар. Бұл мәселелерді шешудің арқасында келесілер анықталады:
- қылмыс құралы;
- қылмыс субъектісі (оның физикалық белгілері, киімі);
- қылмысты жасау әдісі;
- болған окиғанын мән-жайы;
- қылмыс жасауға себеп болған жағдайларды анықтауға болады.
Трасология зерттеудің ғылыми әдістері мен тәжірибелік ұсыныстарды әзірлегенде, бейнелеу теориясын, криминалистикалық идентификацияның теориясын, белгілер туралы ілімді, криминалистикалық тіркеулерді, басқа ала тұрып, негізделеді.
