Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
TSP_lektsia_praktika (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
49.19 Кб
Скачать

Қажетті әдебиет тізімі Негізгі әдебиет

  1. Хамзин С.К. Үймереттер мен ғимараттардың құрылыс технологиясы, Астана, 2004ж.

  2. Хамзин С.К.; Карасев А.К. Технология строительного производства. Курсовое и дипломное проектирование: Учебное пособие М.: Высшая школа, 1989г.

  3. Хамзин С.К. Технология возведения зданий и сооружений. Алматы: «Ана тілі», 1996г.

  4. Дикман Л.Г. Организация жилищно-гражданского строительства. Справочник строителя. М.: Стройиздат, 1990г.

Қосымша әдебиет

  1. Анюховский А.Н. и др. Сборник задач по технологии и организации строительного производства.

  2. ЕНиР сборник 4 «Монтаж сборных и устройство монтажных железобетонных конструкций. В I » М. 1988г.

11-12 дәріс

Объект құрылысының бас жоспары, жұмыстарды өндірудің мерзімдік жоспары, техникалық – экономикалық көрсеткіштері.

Ауыл шаруашылығы ғимараттары мен құрылыстарының объектілік құрылысының бас жоспарын жобалау принципі өнеркәсіптік және тұрғын үй, азаматық құрылыстардың құрылыстық бас жоспарын жобалаудың негізгі ережелеріне негізделген. Онда сол сияқты уақытша әкімшілік, тұрмыстық жіне өндірістік жайлар мен құрылыстар, механикаландырылған қондырғылар, уақытша коммуникациялар, материалдары мен құралымдар сақталатын жабық және ашық қоймалар, электр желісі мен жолдары көрсетіледі.

Селодағы құрылыста мал шаруашылығы кешендерін, құрама жем зауыттарын, элеваторларды және басқа да агроөнеркәсіп кешенінің ірі объектілерін салған кезде ең алдымен құрылыс алаңынан тыс және ішкері тұрақты жолдар салынады. Ал уақытша және кірме жолдар бас жоспарда тұрақты жолдар қарастырылмаған немесе салынып жатқан объектіден қашық және оларды пайдалану құрылыстың қажетін қанағаттандыра алмайтын жағдайда ғана жабылады. Сондықтан да уақытша және кірме жолдарды жобалау экономикалық және техникалық жағынан негізделген, тасылатын жүктердің түрлерін, қозғалыстың жиелігін және автокөліктердің түрлерін ескеру керек.

Уақытша ғимараттар мен құрылыстар құрылыс алаңының орналасу және бұрыннан бар тұрақты ғимараттарды пайдалану жағдайын ескеріп барып тұрғызады. Уақытша тұрмыстық, санитарлық және қызметтік ғимараттардың қажеттігі құрылыс алаңында жұмыс истейтін жұмысшылардың санын, олардың тұрақты тұратын жерлерін, құрылыс алаңының елді мекеннен қашықтығын және тағы басқаларын ескеру арқылы салынады. Қалыптасқан құралымға қарай селолық құрылыста жұмыс істейтіндердің кәсіпкерлік құрамы пайыздық қарым – қатынасына мынадай болып келеді: 83% жұмысшылар, 13% инженер – техник қызметкерлер, 3% қызметкерлер және 1% кіші қызмет көрсетуші қызметшілер мен күзетшілер.

Селолық құрылыс жағдайында бетон дайындау тораптары мен қондырғылары әдетте құрылыс ұйымының тірек базасында, сондай–ақ құм, ұсақ тас, қиыршық тас және басқалар жинастырылған орындарға тақау орналасады.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы объектілердің мерзімдік жоспарларын жасаған кезде құрылысты іске қосу кешендерін (объектілерін) ұйымдастыру қарастырылады. Құрылысты кешендермен (объектілермен, ғимараттармен) ұйымдастыру олардың пайдаланылуы тұтасымен, жеке – жеке бөлмей тапсыруды қарастырады.

Жұмысты ретімен жүргізу жалпы құрылыстық, құрастыру және арнайы құрылыс жұмыстарын өзара байланыстыруды қажет етеді. Құрылыстың жалпы салыну мерзімін қысқарту және жұмысшылар мен құрылыстағы машиналарды тиімді пайдалану үшін мерзімдік жоспарында жұмысты тасқынды әдіспен атқару және түрлі процестерді үйлестіру арқылы жүргізу қарастырылады. Уақыты жағынан жекеленген құрылыс процестерін ұштастыру барлық тұрғызылатын құралымдардың орнықтылығына және атқарылатын жұмыстардың қауіпсіздік ережесіне сәйкес келуі тиіс.

Ауыл шаруашылығы өндірісінің ғимараттарын тұрғызуды қамту аймағына және учаскелерге бөлген кезде ұяшық үлгі жұмыс ауқымының бірлігі ретінде пайдаланылуы мүмкін емес. Өйткені бұл жағдай жұыс ауқымының шағындығына және объектілік тасқынды ұйымдастырудың қиындылығына негізделген. Сондықтан қамту аймағы ретінде ғимараттың анағұрлым ірі учаскелерін алған жөн. Мұндағы жұмыс көлемі звенолар мен бригадалардың толық ауысыммен барынша өнімді жұмыс істеуіне мүмкіндік жасайды. Жұмысты учаскелер мен қамту аймағына бөлшектеуде құрастыру механизмінің ыңғайлы және қауіпсіз жұмысын, тасымал құралдарының еркін жүрісін қамтамасыз ететіндей болуы керек

Құрастыру учаскелері мен қамту аймағының санын көбейту өндірістік процестерді құрастыруғақұрылыстың мерзімін қысқартуға және жұмыс өнімділігінің тиімділігін арттыруға жағдай жасайды.

Құрылыстың бас жоспрының техникалық – экономикалық көрсеткіші мыналар: уақытша жолдар мен инженерлік коммуникациялардың сметалық құнының 1 миллион теңгеге жатқызылған уақытша ғимараттар мен құрылыстардың көлемі мен құны; құрылыстың жалпы құнындағы құрылыс шаруашылығының жалпы үлгісі мен құны.

Жұмыстарды атқарудың мерзімдік жоспарының техникалық-экономикалық сарапталуы мынадай көрсеткіштермен жүзеге асырылады; сметамен салыстырғандағы өзіндік құны; құрылыс жұмыстарының механикаландыру дәрежесі және құрылыс алаңының 1 текше метр көлеміне енмесе 1 шаршы метр жұсалатын еңбек; құрылыстың мөлшері немесе директивалық мерзімімен салыстырғандағы құрылысты салудың ұзақтығы.

Метзімдік жоспардың негізгі көрсеткіштеріне құрылыстың салыну ұзақтығын қысқарту жатады. Мерзімдік жоспардың варианттарымен салыстырғанда өзіндік құны кемітуден алынатын экономикалық тиімділік мына формуламен анықталады

Э =(С-С) + Е (К-К)

Мұндағы С - С - қабылданған шешімге байланысты құрылыс-құрастыру жұмыстарының өзіндік құны; Е – құрылыстың мөлшерлік коэффициенті; К – К – негізгі және айналымдық өндірістік қор құнындағы айырмашылық.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]