Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
TSP_lektsia_praktika (1).docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
49.19 Кб
Скачать

Үймереттерді құрамалы конструкциялардан салу технологисы туралы жалпы түсініктер.

Үймереттерді құрама құралымдардан салу технологиясы туралы жалпы мағлұматтар.

Бұрынғы кезде елімізде өнеркәсіп, азаматтық және ауыл шаруашылығы үймереттерінің басым көпшілігі құрама құралымдардан, бөлшектерден және тораптардан жобаланады. Үймереттердің пайдалану мақсатына қарай жоғары механикаландырылған және автоматтандырылған құрылыс кәсіпорындарында жасалатын құрама бетондар, металдар және ағаштан, пластмассадан істеген құралымдар кеңінен пайдаланылады.

Қазір құрама бетон бұйымдарын, бөлшектерді, құралымдарды, осы секілді ірі панельді, басқа да тұрғын үй және қоғамдық үймереттер үшін элементтер шығаратын өнеркәсіп кәсіпорындарының үлкен жүйесі, үймереттер мен ғимараттардың дайын бөлшектерін темірден шығаратын құрылымдар зауыттары бар.

Қазір құрылыс өндірісі индустрияландыру бағытында өркендеуде, ал ол құрылыс элементтері мен бөлшектерді мүмкіндігінше типтендіру мен стандартқа келтіру, көлем-жоспарлау және құрылымдық шешімдерді үндестіруге негізделген.

Типтендірудің қайталанып салынатын үймереттердің, олардың құрамдас бөліктерін, осы сияқты бөлшектер мен элементтерді салудың тұтас процесі деп қарау керек. Стандарттандыру типтендірудің ең жоғарғы формасы болып табылады. Бұл талаптарға, ең алдымен толық құрамалы үймереттер жақсы жауап береді. Бұл орайда ірі панельді және ірі блокты үймереттерді, типті ыңғайластырылған үлкен құрамалардан тұратын өнеркәсіптік кәсіпорындардың үймереттерінде оларға тән ерекшеліктер айшықты көрінеді.

Сайып келгенде көптеген операцияларды зауыттарда атқаруға көшіру және құрылыс алаңдарын тек жинақтаушы жерге айналдыру, осы арқылы құрылыстың салу мерзімін қысқарту мен оның құнын арзандату – құрылысты индустрияландырудың міндеттері болып табылады.

Құрылыс индустриясын одан әрі дамыту, оны жаңа сапалық деңгейге көтерудің жолдары төмендегідей: құрамалы құрылымдардың сапасын жақсарта отырып толық құрамалы құрылыс көлемін ұлғайту; құрамалы жинақтылы үймереттердің номенклатурасын (түрлерін) жеңіл металл құрылымдары есебінен кеңейту; өндіріс көлемін дамыту және басқа да прогрессивті, зауыттық әзірлігі жоғары құрылымдар мен бұйымдарды пайдалану; жапсырылған ағаш құрылымдарын кеңінен қолдану.

9-10 дәріс

Үймереттерді тұрғызу әдістерін жүйелеу. Құрылыс құрылымдарын құрастыру кезеңіне арналған құрылыстық

бас жоспар.

үймереттерді тұрғызу әдістерін жүйелеу.

Жинақтау жұмыстары өндірісін жобалау кезінде үймереттер мен ғимараттарды жоспарлаған мерзімде пайдалануға беруді және құрылыстың нң жоғары техникалық-экономикалық көрсеткіштеріне қол жеткізуді қамтамасыз ететіндей жұмыстар өндірісі әдістерін таңдау және пайдалану жөніндегі міндеттерді шешу жолдары іздестірілу керек. Осымен бірге үймереттер мен ғимараттарды тұрғызуда құрылыстың сметалық құнын арзандату және қол еңбегін азайту мақсатымен құрастыру жұмыстары өндірісінің тиімді әдістері мен механикаландыру құралдарына негізделген технологиялық принцип басшылыққа алынуға тиіс.

Құрама құралымдарды құрастыру әдістері құрастыру жұмыстарының көлемін, үймереттердің көлемді-жоспарлық және құралымдық шешімдерін, құрастыру мерзімдерін, қолда бар құрастыру механизмдерінің паркін есепке ала отырып таңдалады. Үймерет үлгісінің статистикалық жұмысына, оның жекелеген құралымдық элементтеріне талдау жүргізіледі.

Құрама құралымдарды құрастыру әдістері қолданатын көтергіш құрастырушы жабдықтар, құрылыс алаңына жеткізілген құрамалы элементтердің ірілендірілген деңгейі; оларды жобаға сәйкес реттілікпен орнатуы; құрастыру және кран қозғалысын бағыттауы; төменде орналасқан тірек құралымдарына элементтерді дәлдеу әдістері мен орнатылуы бойынша ерекшеленеді.

Өнеркәсіптік және азаматтық үймереттердің құрылыстық құралымдарын құрастыру әдістерін жүйелеу келтірілген.

Құрастыру процесін ұтымды ұйымдастырудың негізгі принципі- құрастыру жұмыстарын тасқынды- үздіксіз бірқалыпты атқару болып табылады, үймеретті құрастырудың тасқынды әдісі жекелеген құрастырушы звенолар және механизмдермен атқарылатын кешенді құрастыру процесін құрамды процестерге жіктеу; белгілі бір кесімді уақыт ішінде звено және механизмдер жинағы құрамдарының тұрақты жағдайында біркелкі жұмыс көлемін орындау; түрлі құрастыру жұмыстарын қажет бойынша үйлестіру арқылы қамтамасыз етіледі.

Құрылыстың тасқынын ұйымдастыру үшін үймеретті( үймереттер кешенін, тұрғын үй алабын) учаскелер мен алымдарға бөледі.

Учаске тұрғызылып жатқан объектінің бір бөлігі, оның ішінде осы объектілік тасқынға кіретін барлық мамандандырылған тасқындар іске қосылады және олардың жұмыстары өзара үйлестіріліп отырылады.Учаскелерді көлемі мен шекаралары тұрғызылып жатқан үймереттердің кеңістік және орнықтылығы жөніндегі қатаң талаптарын есепке алған объектінің жоспарлау- құралымдық шешімдерінің шарттарына қарай белгіленеді.Үймереттер, егер оның жекелеген бөліктері көлем- жоспарлау және құралымдық шешімдері бойынша едәуір ерекшеленетін болса және түрлі құрастыру құралдарын қажет ететін жағдайларда учаскелерге бөлінеді.

Алым - біркелкі кешенді құрылыс процестері қайталанып отыратын үймереттің ( ғимараттың) бір бөлігі. Оның ішінде мамандандырылған тасқын құрамына кіретін барлық жеке тасқындар өрістетіледі және өзара үйлестіріледі. Алымдардың көлемі олардағы жекелеген процестердің орындалу ұзақтығы тасқынның ырғағын анықтайтын өлшемді құрайды деген есеппен белгіленеді, ал алымдардың шекаралары үймереттердің (ғимараттардың) сәулет - жоспарлық және құралымдық шешімдеріне сәйкес болуы керек.

Жинақтау учаскелері мен алымдардың көлемдері үймереттерді тұрғызу барысында оның жекелеген құралымдық бөліктерінің кеңістік қаттылығын және орнықтылығын қамтамасыз ету жағын есепке ала отырып белгілеу қажет. Осы мақсаттармен үймерет салу барысында, әсіресе қаңқалардың байланыстық немесе рамалық - байланыстық үлгілеріне қарай құрастыру учаскелерінің құрамына тік қаттылық диафрагмалары енгізіледі, үймереттерде олар жел әсерімен айналмайтындай етіп симметриялы орналастырылуына жете көңіл бөлінуіне тиіс.

Бір және бірнеше қабатты өнеркәсіптік, қоғамдық және әкімшілік үймереттері алымдарының ( учаскелердің) көлемдері бағаналар аралықтары, ал ірі панельді және ірі блокты үйлерді жинақтауда секциялары бойынша еселеніп белгіленеді.

Құрастыру машиналары мен технологиялық жарақтар құрастыру жұмыстарының түрлерін және құралымдарды жобаға сәйкес орналастыру әдістерін белгілегеннен кейін таңдап алынады. Ол үшін жұмыстардың механикаландырудың түрлі варианттары жасалады және қажетті деген параметрлердің ең азы бойынша түрі, көлеміне қарай кранды пайдаланудың техникалық мүмкіндіктері анықталады, одан кейін техникалық - экономикалық көрсеткіштері бойынша жұмысты механикаландырудың ең жақсы варианты таңдалады.

Құрастырушы кранды таңдағанда алғашқы қажетті мәліметтер қатарына құрастыру әдістері мен технологиядан басқа үймереттер мен ғимараттардың (жерасты және жерүсті бөліктерінің) көлемдері мен пішіндері; жинақталған тізбектердің (көлемі, салмағы, жарақтары) параметрлері және оларды үймереттерде орналастыру; өндіріс жағдайлары (алаңда тұрғызылатын үймереттердің құрастыру деңгейі, топырақ - климаттық факторлар, жерасты бөліктерінің құралымдық өзгешеліктері) туралы деректер жатады.

Құрастырылып жатқан құралымдардың көлемін, салмағын және орналастырылуын құрастыру крандарының пайдалану параметрлерімен (жүк көтергіштігін, кран жебесінің құлашын, ілгектің көтеру биіктігін) салыстырғанда олардың өндірістік артықшылықтарын тауып және техникалық жағынан (анықтама құралдарының ұсыныстарын пайдалануға болады) ең жарамдысы дегендерін анықтау керек.

Мұндай салыстырулардың негізгі міндеті салынып жатқан үймереттердің қажетті деген параметрлеріне барынша сәйкес келетін және құрастырылатын құралымдарды көтере алатындай және еңбек өнімділігі жөнінен жоғары болатындай крандарды таңдау болып табылады.

Құрастыру крандары жүрісінің бағыттарын және құрастырудың кез келген әдісімен жұмыс істеген кезде тұратын орындарын белгілегенде мүмкіндігінше кран қозғалысының жолдары мен орналасатын орындарының мүмкіндігінше аз болуын қарастыру қажет. Құрастырылған элементтердің орнықтылығын қамтамасыз ететін құралымдарды орнатудың технологиялық реттілігін сақтау міндетті шарт болып табылады.

Құрастырғыш крандарының техникалық параметрлерін белгілегенде (жүк көтергіштігі, имектің көтерілу биіктігі, жебенің құлашы) егер олар құрастыру шарттарына толық сәйкес келмесе онда олардың түпкі және жетілдірілген үлгілерін, крандардың көтергіш және арқалықты жебелерінің, мұнара- жебе жабдықтарының барлық түрлерімен жете танысып, ең қолайлы дегендеріне тоқталу керек.

Кранның жүк көтергіштігі жарақтар мен жүк көтергіш қондырғылардың салмағын еске ала отырып, ең ауыр деген элементтерді құрастыру жағдайларына байланысты анықталады;

Qкр = mә + mс + mс = Mж/lж

Мұндағы mә - жинақталатын элементтің салмағы, кг; mж - құралымдар көтерілгенге дейін оларға орнатылған жабдықтардың салмағы, кг; тс - жүк көтергіш қондырғыларының салмағы, кг; - жүк моменті, кгм; lж - нақтылы элементті орнатуға қажет жебе құлашы, м.

Мұнаралы және жебелі крандар үшін қажетті техникалық параметрлер түрліше анықталады.

Мұнаралы кран имегінің көтерілу биіктігі :

Нкр = һ0 + һ3 + һә + һс

Мұндағы һ0 – кран тұрған деңгейден жерде орнатылған крандар үшін немесе элементті көтеретін деңгейден үймереттерде немесе ғимараттарда орнатылған крандар үшін құрастыратын элемент тірегінің биіктігі( жоғарылығы) м; һ3 - құралымдарды орналастырылатын орнына апару немесе оларды алдын ала құрастырылған құралымдар арқылы( 0,5 м кем алынбайды) жеткізу қауіпсіздік жағдайлары талап ететін биіктік артығы, м; һә - элементтің құрастыру кезіндегі биіктігі, м; һс - құрастырылатын элементтің жоғарғы жағынан кран имегінің төменгі деңгейіне дейінгі жүккөтергіштің жұмыс жағдайындағы биіктігі, м.

Әдетте жүккөтергіш қондырғылардың көтергіштер биіктігі 2-4,5 м болады.Олардың кейбіреулері, мәселен ферма мен арқалықтарды және көпқабатты ілінетін жабу тақталарын көтеретін траверстердің биіктігі 6,5- 9,5 м болып келеді.

Мұнаралы крандар үшін имектің құлашы:

lкр = a/2 + b + c

формуласы арқылы анықталады.

Мұндағы а - кран жолының ені, м; b - кран жолынан қабырғаның ең көп шығып тұрған бөлігінің проекциясына дейінгі қашықтық, м; с - краннан ең алыс орналасқан элемент салмағының орталығынан кран жағынан шығып тұрған қабырға бөлігіне дейінгі қашықтық, м.

Кранның айналып тұрған өсінен үймереттің шығып тұрған ең жақын бөлігіне дейінгі қашықтық кранның төменгі жағының габариты айналу радиусынан 0,7 м көп және оның жоғарғы жағының бөлігі габариты айналу радиусынан 0,5 метр артық болуы керек.Егер мұнаралы кран үймереттің жерасты бөлігін салу кезінде орнатылса, b – өлшемін мына формула бойынша есептеп, оның ең үлкен көлемін қабылдайды:

b = Hш ctg + 1

Мұндағы Hш - шұңқырдың тереңдігі, м; φ - топырақтың табиғи еңістігінің бұрышы.

Кранның жүк моменті:

Мж = Рж lж ; Рж = mә + m ж + mс

Мұндағы Рж - элементтің құрастыру салмағы, т.

Кран жебесі мен құрастырылған құралымдар осы сияқты көтерілетін элементтер арасында жеткілікті саңылаулар қалдыратындай имек құлашын мына формуламен анықтайды:

lқк р = (a + d) (Hқж – hт) (hп + hс + hә + hз) + c

немесе:

lқк р = (b + d’’) (Hқж – hт) (hп + hс + hә + hз) + c

Мұндағы hт - кран тұрған жердің деңгейінен жебе табанының топса биіктігі, м; а - құрастырылып жатқан элементтің орталығынан кранның жебесіне ең жақын орналасқан(0) нүктеге дейінгі қашықтық, м; b - жобаға сәйкес құрастырылған элементтің жүк көтергіш орталығынан кран жебесіне ең жақын орналасқан үймерет нүктесіне(0) дейінгі қашықтық, м; d- жебе өсінен, ішіне жебе мен үймерет арасы да кіретін (0’’) нүктесіне дейінгі қашықтық (жебе ұзындығына байланысты 0,5-1,5 м).

Қажетті жебе ұзындығы бұрын табылған көлемдердің ең үлкені бойынша анықталады:

L =

Ең аз жебе ұзындығы - құрастыру қазмойынмен жабдықталған кран үшін мына формуламен табылады:

Lқм = (H0 – hT) / sinα + 1tgβ/sinα

Мұндағы l = lқ – d – b; lқ - қазмойынның көлденең проекциясының ұзындығы, lқм = Lқм sinα; Lқм - кранның техникалық сипаттамасына сәйкес қабылданған қазмойынның ұзындығы, h0 - құрастырылып жатқан үймереттің биіктігі, hT - жебе өкшесі топсасының кран тұрған деңгейінен биіктігі, a - проекциясы ең аз болатын жебенің горизонтқа еңкею бұрышы; b - қазмойынның горизонтқа еңкею бұрышы.

Жинақтаушы және іліп алатын тетіктерді, құрылғыларды таңдау - құралымдардың жекелеген элементтерін орнату әдістерімен және құрастырылатын элементтердің жалпы көлемін ескере отырып құрастыру жұмыстарының әдістерімен, осы секілді құрастыру крандарының жүк көтергіштік мүмкіндіктерін барынша пайдалану мақсатымен көлемі кішкентай және жеңіл элементтерді қосып ұлғайту, құрастырылатын элементтерді барынша ірілендіріп, құрастырылған блоктар жасау мәселелерін шешумен тығыз байланысты жүргізіледі.

Өнеркәсіптік және азаматтық үймереттердің құрамалы элементтерін көтеру үшін әмбебап және арнаулы арқанды ілгектер, осы сияқты саусақты, рамалық, айыр, фрикционды қаусырып алатын және ілмек тұзақтар пайдаланылады. Құрамалы элементтерді көтеруге арналған тұзақтардан іліп алу үшін ілгектермен жабдықталған әмбебап арқанды стропалар кеңінен қолданылады.Стандарт бойынша арқанды көтергіштің мынадай түрлері қолданылады: 1С К-бір салалы; 2СК-екі салалы; 3СК-үш салалы; 4СК-төрт салалы; СҚП-екі тұзақты; СКК-сақиналы. Жалпы пайдалануға арналған бірыңғайландырылған көтергіштермен арналған олардың арнайы түрлері де пайдаланылады. Алты ілмегі бар жабын тақталарын көтеру үшін блоктармен теңдестіріліп, көтергіштер салаларының тең керілуін қамтамасыз ететін балансирлі стропылар қолданылады.

Стропының әр саласына түсетін күш мына формула арқылы есептеледі:

Sc = 1/cosα G/m = k g/m ka

Мұндағы α - көтергіштің тік сызыққа(вертикальға ) еңіс бұрышы; m - көтергіш салаларының саны; k = 1/cosα көтергіштің еңіс бұрышына тәуелді коэффициенті:

Еңсі бұрышы α, град 0 30 45 60

Коэффициент k 1,0 1,15 1,42 2,0

ka - көтергіш саласына түсетін күштің әртүрлілігінің коэффициенті (егер m≥4 болса, онда ka – 1,33).

Бұрыштың ұлғаюына байланысты салаларына түсетін күш те көбейеді, ал бұл құрастыру тұзақтарының үзілуіне не жұлынып кетуіне, осы сияқты көтеріліп жатқан элементтің қысу күшін ұлғайтуына әкеліп соғуы мүмкін. Сондықтан бұрыштың(а) 450-тан үлкен болуына жол берілмеуге тиіс. Ең көп көтерілетін жүк төмендегі формуламен анықталады:

Gmax < Sc / K

Болат арқанды көтергіштің әр саласының есептелген күші Sc - алты есе берік болады деп қабылданғанда Se = 6Sc.

Құрастыру жұмыстары үшін диаметрі 12 мм-ден 30 мм дейінгі болат арқан бәрінен де жиі қолданады. Үш саладан көп көтергіштер дайындағанда олардың ұзындықтарының бірдей болуын қадағалаған жөн, әйтпеген күнде салаларға түсетін күш әртүрлі болады.

Ірі панелді үймереттердің жабын тақталарын көтеру және оларды бірден орнатылатын қалыпқа келтіретін автоматты көмкергішті іліп алғыштар болады.

Құрастыру тұзақтарының орнына тесіктер жасалған құрамалары темірбетон элементтерін көтеру үшін істікті іліп алғыш қолданылады.

Мұндай элементтер қатарына бағаналар мен ригельдер жатады.Бұл іліп алғыштар бір және екі істікті болады және олардың, бәрі қашықтықтан стропылынатын тетіктермен жабдықталады.

Консольды бағаналарды көтеру рамалық ілгіштермен жүргізіледі. Тұзақ іліпалғыштар тесіктері бар ірі панельді үймереттердің тегіс жабын тақталарын көтеру үшін қолданылады. Айырлы ілгектер темірбетонды басқыштар маршын, оның ішінде жартылай алаңдармен біріктірілгендерін көтеру үшін пайдаланылады.

Таңбалы қима кранасты арқалықтарды стропылау үшін қысқыш табандары бар траверстер немесе жеңілдетілген көтергіштер қолданылады. Ауыр арқалықтар мен ригельдерді көтеру екі қамыт пен төрт салалы арқан теңгестірілген траверс көмегімен жүзеге асырылады. Арқалықтардың басқа түрлері алатын әмбебап және екі салалы көтергіштер немесе құралымдардың бетонында жасалған тұзақтар немесе тесіктер арқылы траверстермен көтеріледі.

Жабын фермаларын көтеру керегекөз немесе блокты траверстер көмегімен әмбебап көтергішпен, жартылай автоматты немесе электірлік ілгіш құрылғылармен атқарылады.

Жабындар мен аралық жабын тақталарын төрт салалы арқанмен немесе тұзақтар арқылы траверстермен көтеріледі.Ірі көлемді тақталар ілінетін жерлері көбейтіліп үш траверсты және үш блокты ілгіш құрылғылармен стропыланады.

Тігенен тұрған қабырғалық темірбетонды панельдерді көтеру әдетте екі салалы көтергіштермен немесе траверстермен атқарылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]