Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
TSP_lektsia_praktika (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
49.19 Кб
Скачать

7 дәріс

Жерасты ғимараттарын тұрғызу технологиясы. Жерасты ғимараттарын салудың ашық тәсілі.

Жерасты ғимараттарын салудың ашық әдісі.

Азаматтық ( гараждар, сауда орталықтары, қоймалар, кино-театрлар және т.б.) және өнеркәсіптік (байыту фабрикаларының I және II тарту цехтары, болатты үздіксіз құю жабдықтары және т.б.), мақсатта пайдаланылатын жерасты ғимараттарын, бас саға ғимараттарын (сорғыш станциясы, тазартқыш объектілері), жерасты көшелері мен өткіштер, тасымалдық ұсақ туннельдер, шлюздерді, су жағалары құрылыстарын, қала жағдайында үймереттер төңірегіне орналасқан шұңқырларға қоршау салуды , осы сияқты күрделі гидрогеологиялық жағдайларда (жерасты суларының деңгейі жоғары болғанда) құрылысты «топырақтағы қабырға» әдісімен жүргізу барынша тиімді болады.

Жерасты ғимараттарын бұл әдіспен тұрғызу технологиясының мәні мынада: шөмішінің аумағы 1м3 және одан да көп экскаваторға орнатылған арнаулы штангалы немесе грейферлі жабдықтардың көмегімен ені-0,2-1,0, ал тереңдігі 18 метр және одан да үлкен болатын орлар қазылады. Орлардың тік қабырғаларының опырылып кетуіне жол бермеу үшін қажетті гидростатикалық қысымды қамтамасыз ететін топырақ ерітіндісі пайдаланылады. Бұл мақсатта басқаларына қарағанда тиксотроптық қасиеттері мол бетонды топырақ ерітіндісі жиірек қолданылады. Ордың бір учаскесі қажетті тереңдікте қазылғаннан кейін экскаватор ордың келесі бөлігіне ауысады, ал ордың ашық учаскесінде тұтас темірбетоннан немесе құрама элементтерден қабырға тұрғызылады. «Топырақтағы қабырға» тұрғызылып болғаннан кейін ғимараттан немесе шұңқырдың параметрі бойынша топырақ қазыла бастайды да ол әдеттегідей экскаваторлармен, қотарғыш автомобильдермен және басқа да құралдармен тасымалданады.

«Топырақтағы қабырға» әдісімен салынған ғимараттардың қабырғалары мен шұңқырлардың қоршаулары тік бұрышты, көпбұрышты, дөңгелек, крест түрінде де және басқа да пішіндерде болуы мүмкін.

Қабырғалары тік және көлбеу орларды өңдеуде ордың бүкіл биіктігі бойынша үздіксіз және циклды жұмыс істеуді қамтамасыз ететін жерқазғыш машиналарды қолдану ең тиімді жол деп есептеледі. Мұндай машиналардың қатарына теріс күректі экскаваторлар ( тереңдігі 7,4 метрге дейінгі орлар үшін) тереңдігі 16,3 метрге дейінгі орлар үшін драглайндар, 40 және 20 метр орлар үшін тиісінше бұрғылау-фрезерлік СВД-500Р машиналары және механикаландырылған орқазғышты жатқызуға болады. Кейде орлардың соңынан бетондап бекітілетін түтік тәрізді діңгектер орнатылады. Діңгектердің арақашықтығы олардың орта жерінің диаметрінен кем болуы керек. Бір –біріне жақын орналасқан діңгектерден жоғары тұсы толқын тәріздес тұтас қабырға қаралады. «

Топырақтағы қабырға» әдістің тиімді болуы және жұмыс өндірісі үшін механизмдерді таңдау құрылыс алаңының гидростатистикалық жағдайларына және салынып жатқан ғимараттың сипаттамасына байланысты. Бұл әдісті көп ретте мына жағдайларда: су өткізбейтін қабаттарға құралымдарды үңгірлеп орнатуда, аумағы шағын территориялардағы құрылыста, құрылыс ауданында жерасты суларының деңгейі жоғары болғанда, ғимараттарды 5-7 метр тереңдікте салғанда, жер жұмыстарының көлемі көп болғанда қолданылады.

8 дәріс

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]