Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Механика готовый1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
40.49 Mб
Скачать

§ 13.1. Нүкіеиің салыстырмалы, тасымал және абсолют қозғалыстары

Осыған дейін нүкте қозғалысы шартты түрде қозғалмайтын деп алынған санақ жүйесінде қарастырылып келді. Механика есептерін шешу кезінде кеп жағдайда нүкте қозғалысы бірден екі санақ жүйесінде қарастырылады. Осы санақ жүйелерінің бірі негізгі немесе шартты түрде қозғалмайтын санақ жүйесі деп алынса, екіншісі (қозғалмалы санақ жүйесі) осы негізгі санақ жүйесіне қарағанда белгілі бір заңдылықпен қозғалады. Нүктенің негізгі санақ жүйесіне қарағандағы қозғалысы күрделі (абсолютті) қозғалыс деп аталады. Мысалы, қозғалып бара жатқан су кемесі палубасында домалап бара жатқан шардың жағаға қарағандағы қозға- лысын күрделі қозғалыс деп есеп- теуге болады.

Бұл күрделі қозғалыс шардың кемеге (қозғалмалы санақ жүйесіне) қарағандағы қозғалысы мен шардың кемемен бірге жағаға (қозғалмайтын санақ жүйесіне) қарағандағы қозғалысынан құралады. Осылайша шардың күрделі қозғалысы екі қарапайым жэне оңай зерттелетін қозғалысқа жіктеледі.

Қозғалмайтын деп алынған Охуі негізгі санақ жүйесінде, орын ауыстыратын қозғалмалы O'х'у'г' санақ жүйесіне қарағанда қозғалып бара жатқан М нүктесін (13.1-сурет) қарастырайық. Осы санақ жүйелерінің әрқайсысы суретте көрсетілмеген белгілі денелермен байланысты болады. Нүктенің қозғалмайтын Охуі санақ жүйесіне қарағандағы қозғалысын күрделі немесе абсолютті деп, ал O'х'у'і' санақ жүйесіне қарағандағы қозғалысын салыстырмалы цозгалыс деп атаймыз. Қозғал- малы санақ жүйесінің қозғалмайтын санақ жүйесіне қарағандағы қозғалысы бұл нүкте үшін тасымсиі қозгалыс болады. Олай болса, нүктенің осы сәттегі тасымал қозғалысын анықтау үшін, дэл осы кезде оны O'х'у'і' қозғалмалы координаттар жүйесіне бекітілген нүкте деп жорамалдауымыз керек, яғни нүкте тек қозғалмалы санақ жүйесімен бірге қозғалады дейміз.

Демек, М нүктесінің тасымал қозғалысы деп қозғалмалы O'х'у'і' санақ жүйесі бекітілген дененің сол сәттегі осы М нүктесінің дэл келіп (басып) түрган нүктесінің қозғалмайтын Охуz санақ жүйесіне қарағандағы қозгапысын айтамыз.

§ 13.2. Нүктенің абсолютті, салыстырмалы және тасымал жылдамдықтары мен үдеулері

Нүктенің күрделі қозғалысын зерттеген кезде абсолют, тасымал, салыстырмалы жылдамдықтар және абсолют, тасымал, салыстырмалы үдеулер деген ұғымдар енгізіледі.

М нүктесінің абсолютті жылдамдыгы V және абсолютті үдеуі а деп оның қозғалмайтын санақ жүйесіне қарағандағы абсолютті қозғалысының жылдамдығы мен үдеуін айтады.

М нүктесінің салыстырмалы жылдамдыгы Vе және салыстырмалы үдеуі ае деп оның қозғалмалы O'х'у'г' санақ жүйесіне қарағандағы салыстырмалы қозғалысының жылдамдығы мен үдеуін айтады.

М нүктесінің тасьімал жылдамдыгы Vе жэне тасымал үдеуі ае деп қозғалмалы O'х'у'z' санақ жүйесі бекітілген дененің осы сәтте М нүктесінің дэл келіп (басып) түрған нүктесінің жылдамдығы мен үдеуін айтады.

Осы тасымал жылдамдық vе жэне тасымал үдеу ае анықтамаларын кез келген тасымал қозғалыс үшін қолдануға болады. Тасымал қозғалыс ілгерілемелі болған жағдайда қозғалмалы санақ жүйесімен байланысқан барлық дене нүктелерінің жылдамдықтары мен үдеулері бірдей болады. Сондықтан тек осы жағдайда ғана қозғалып бара жатқан М нүктесінің тасымал жылдамдығы vе және тасымал үдеуі ае оның қозғалмалы санақ жүйесіне қарағандағы орнына тәуелсіз болады. Демек, бұл жағдайда М нүктесінің тасымал жылдамдығы мен тасымал үдеуі деп қозғалмалы санақ жүйесінің абсолютті жылдамдығы мен абсолютті үдеуін айтуға болады.

Сонымен, нүкте күрделі қозғалыста болғанда кинематиканың негізгі мақсаты нүктенің салыстырмалы жэне тасымал қозғалыстарын біле отырып, оның күрделі қозғалысының жылдамдығы мен үдеуін анықтау болып табылады.