
- •I тарау. Статиканың негізгі ұғымдары және аксиомалары
- •§ 1.1. Абсолют қатты дене, күш, күштер жүйесі. Статиканың мақсаттары
- •§ 1.2. Статика аксиомалары
- •§ 1.3. Үш күш туралы теорема
- •1.4 Байланыстар. Байланыстар реакциясы.
- •1.4.1. Денелердін өзара түйісуі.
- •1.4.4. Денелерді жылжымайтын сфералық топсамен байланыстыру.
- •§ 2.1. Жинақталатын күштер жүйесінің тең эсер етуші күшін анықтаудың геометриялық тәсілі
- •§ 2.2. Күшті құраушы күштерге жіктеу
- •§ 2.6. Жинақталатын күштер жүйесінің тепе-тендік шарты мен теңдеулері
- •2.6.2. Тепе-теңдік шартының аналитикалық түрі. Алдыңғы параг- рафта тең эсер етуші күштің модулі:
- •III тарау. Күш моменттерітеориясы
- •§ 3.1. Күштің нүктеге (жазықтықтағы) қатысты моменті және онын қасиеттері
- •§ 3.2. Тең эсер етуші күштің моменті туралы Вариньон теоремасы
- •§ 3.3. Иінтірек және онын тепе-тендік шарты мен теңдеуі
- •4.2 Қарама-қарсы бағытталған екі параллель күш жүйесін тең әсер етуші күшке келтіру
- •Қос күш теориясы
- •5.1 Қос күш. Қос күш моменті
- •5.2 Қос күштің баламалығы туралы теоремалар
- •§ 6.4. Күштердің кез келген жазық жүйесі үшін Вариньон теоремасы
- •§ 6.5. Күштердің кез келген жазық жүйесінің тепе-теңдік шарты мен теңдеулері
- •§ 6.6. Параллель күштердің жазық жүйесінің тепе-теңдік теңдеулері
- •VII тарау. Үйкеліс
- •§ 7.1. Сырғанау үйкелісі және оның заңдары
- •§ 7.2. Үйкеліс бүрышы. Үйкеліс конусы
- •§ 7.3. Есепті шешу үшін әдістемелік нүсқаулар
- •VIII тарау. Жазық фермаларды есептеу әдістері
- •§8.3. Тіліктеу әдісі (Риттер әдісі)
- •§9.1.Кез келген кеңістіктік күштер жүйесін берілген центрге келтіру (Пуансо теоремасы)
- •§9.2.Кез келген кеңістіктік күштер жүйесінің бас векторы мен бас моментінің аналитикалық формулалары.
- •§9.3 Кезкелген кеңістіктік күштер жүйесін келтірудің дербес түрлері.
- •§ 9.4 . Тең әсер етуші күштің өске қатысы моменті туралы Вавиньонтеоремасы
- •§9.5 Кез келген кеңістіктік күштер жүйесінің тепе-тендік шаттары және теңдеулері
- •§ 9.6. Паралель кеңістік күштер жүйесінің тепе-теңдік шарттары және теңдеулері.
- •§ 9.7. Бір жіне екі нүктесі бекітілген қатты дене тепе-теңдігінің шарттары
- •Ауырлық центрі
- •§ 10.1. Параллель күштер жүйесін тең әсер етуші күшке келтіру. Параллель күштер центрі
- •10.1Сурет
- •§ 10.2. Қатты дененің ауырлық центрі
- •§ 10.3. Біртекті денелердің ауырлық центрінің координаттарын анықтау
- •§ 10.4. Ауырлык цеетрін табу здістері
- •§ 11.3. Нүкте қозғалысының табиғи тәсілмен берілуі
- •§ 12.1. Қатты дененің ілгерілемелі қозғалысы
- •§ 12.2. Қатты дененің тұрақты өстен айналмалы қозғалысы
- •§ 13.1. Нүкіеиің салыстырмалы, тасымал және абсолют қозғалыстары
- •§ 13.2. Нүктенің абсолютті, салыстырмалы және тасымал жылдамдықтары мен үдеулері
- •§ 13.3. Жылдамдықтарды қосу туралы теорема
- •13.4. Үдеулерді қосу туралы теорема (Кориолис теоремасы).
- •14.2. Жазық фигура қозғалысын тасымал-ілгермелі және полюс айналасында салыстырмалы айналмалы қозғалыстарға жіктеу.
- •§14.3. Жазық фигураның салыстырмалы айналмалы қозғалысының бұрыштық жылдамдығының полюс орнына тәуелсіздігі.
- •§ 14.4. Жазық фигураның айналмалы қозғалысы туралы Эйлер-Шааль теоремасы.
- •§14.5. Жазық фигураның лездік айналу центрі. Центроидалар
I тарау. Статиканың негізгі ұғымдары және аксиомалары
§ 1.1. Абсолют қатты дене, күш, күштер жүйесі. Статиканың мақсаттары
Статика - теориялық механиканың күштер (күштер жүйесі) туралы ілім баяндалатын және осы күштер әсер еткендегі материялық денелердің салыстырмалы тепе-теңдік шарттары мен теңдеулері зерттелетін бөлімі.
Егер дене басқа денелермен салыстырғанда тыныштық күйде болса, онда дене тепе-теңдікте болады деп айтуға болады. Дененің тепе-теңдік шарты дененің күйіне байланысты. Сұйық және газ тәрізді денелердің тепе-теңдігі гидростатика және аэростатика пәндерінде қарастырылады.
Теориялық механикада тек қана қатты денелердщ тепе-тендігі туралы мәселелер қарастырылады. Қатты денелер өзара әсерлесу нәтижесінде өздерінің пішіндерін (формасын) өзгертуі (деформациялануы) мүмкін.
Инженерлік құрылма бөлшектерінің деформациялары өте аз болса, онда олардың беріктігі қамтамасыз етіледі. Сондықтан тепе-теңдік шарттарын қарастырғанда, қатты денелердің осындай аз шамада болатын деформа- цияларын ескермей, оларды абсолют қатты дене деп алуға болады. Абсолют қатты дене деп кез келген екі нүктесінің арақашықтығы тұрақты болатын денені айтады.
Дененің тепе-теңдік күйі немесе қозғалысы оның басқа денелермен механикалық әсерлесуіне байланысты.
Материялық денелердің бір-біріне өзара әсерлерінің сандъщ мөлшерімен анықталатын шаманы күш деп атайды.
Күш - бағытталған векторлық шама, сондықтан ол үш көрсеткішпен бейнеленеді (1.1-сурет): әсер ету сызығы (ЕД түзуі), әсер ету нүктесі (А нүктесі) және модулі.
Күш шамасы (модулі) бірлік күш ретінде алынған басқа күшпен салыстыру арқылы анықталады.
Күштің өлшем бірлігі ретінде халықаралық SI жүйесінде ньютон (Н),ал техникалық МКГСС жүйесінде килограмм (кГ) алынады.
Бір жүйеден екінші жүйеге ауысқанда,
1кГ=9,81 Н~10H, 1Н=0,102кГ*0,1кГ екендігін ескерген жөн.
Күш векторлық шама болғандықтан, үстінде сызығы бар әріппен, мысалы, Ғ символымен бейнеленеді. Осы күштің модулін үстінде сызығы жоқ Ғ әріпімен немесе |F| символымен белгілеуге болады.
Абсолют қатты денеге әсер ететін (Ғ1,Ғ2,...,Ғп) күштер жиынтығын күштер жүйесі деп атайды.
Егер дене басқа денемен байланыста болмаса, еш нәрсемен бекітілмесе,онда мұндай дене еркін дене деп аталады. Мұндай дене кеңістіктің кез келген орнында бола алады және кез келген багытта орын ауыстыра алады.
Егер еркін дене түсірілген күштер жүйесінің әсерінен тыныштық күйде болса, онда мұндай күштер жиынтығы тепе-теңдіктегі жүйе деп немесе нөлге балама болады деп аталады: (Ғ1, Ғ2,..., Ғп) <=> 0.
Егер (Ғ1,Ғ2,...,Ғп) және (Q1,Q2..Qm)күштер жүйесінің әрқайсысы еркін қатты денені тыныштық күйінен бірдей қозғалысқа келтіретін болса,онда олар бір-біріне балама жүйелер болады.
(F1,F2,...,Fn)<=>( Q1,Q2,...,Qn).
Бұл анықтама бойынша (Ғ1,Ғ2,...,Ғn) күштер жүйесі еркін қатты денеге әсер еткенде оған қандай қозғалыс берсе, не оны тыныштық күйінде ұстаса, оған балама екінші (Q1,Q2,...,Qm) күштер жүйесі бұл денені дәл сондай қозғалысқа келтіреді немесе тыныштық күйінде ұстайды, яғни бір- біріне балама екі күш жүйесінің бір денеге жасайтын әсерлері бірдей болады. Сондықтан осындай екі күш жүйесінің бірін екіншісімен алмастыруға болады.
Қатты денеге түсірілген (Ғ1,Ғ2,..,Ғп) күштер жүйесі бір R күшіне
балама болса, онда К күші күштер жүйесінің тең әсер етуші күші деп аталады: (Ғ1,Ғ2,...,Ғп) <=> R.
Шамасы тең әсер етуші күшке тең, бір түзудің бойымен оған қарама- қарсы бағытталған R1 күші теңестіруші күш деп аталады, яғни
Шамасы тең әсер етуші күшке тең, бір түзудің бойымен оған қарама- қарсы бағытталған К' күші теңестіруші күш деп аталады, яғни
R = -R
Жоғарыда қарастырылған күштер дене нүктеле- ріне түсіріледі деп аламыз.Кейбір жағдайларда дененің белгілі бір ұзындығына әсер ететін күштер (ауырлық күші, желдің немесе судың қысымы) де кездеседі. Мұндай күштер таралған күштер деп аталады. Таралған жазық күштер жүйесі қарқындылығымен, яғни үзындықтың бірлік өлшеміне келетін q(Н/м) күшімен сипатталады. Осындай таралған күштердің тең әсер етуші күші осы шартты бейнелердің ауданына тең болады да, оның ауырлық центрі арқылы өтеді (1.2-сурет).
Егер қатты денеге әсер етуші барлық күштер жиыны тепе-тендікте болатын күштер жиынтығын құрайтын болса,
(Ғ1,Ғ2,...,F1)<=>о,
онда бұл дененің өзі де тепе-теңдікте болады немесе өзінің қозғалысын өзгерте алмайды делінеді.
Бұл анықтама бойынша тек тыныштықта тұрған дене ғана тепе-теңдікте болады деп айтылмайды. Бірқалыпты түзу сызықты ілгерілемелі қозғалыс- тағы дене де тепе-теңдікте деп есептеледі.
Статикада қаралатын мәселелер үшін, тепе-теңдіктегі күштер жиын- тығының әсерінен болатын қатты дененің бұл екі күйін бір-бірінен ажыратып жатудың қажеті жоқ.
Қатты денеге басқа денелердің тарапынан әсер ететін күштер сыртқы күштер деп аталады. Қатты дененің өзінің нүктелері арасындағы бір- біріне әсер ету күштері ішкі күштер деп аталады.
Статиканың негізгі мақсаттары:
1. Абсолют қатты денеге әсер етуші күштер жүйесін баламалы күш-тер жүйесіне түрлендіру, яғни берілген күштер жүйесін қарапайым түрге келтіру;
2. Абсолют қатты денеге әсер ететін күштер жүйелерінің тепе-теңдік шарттары мен теңдеулерін анықтау.