- •3 Ежелгі Үнді философиясы ортодоксальды және ортодоксальды емес ағымдар
- •1 Астика – Ортодоксалды (Веданы мойындайтын) философиялық мектептер
- •3 Қытай философиясының қалыптасу ерекшілігі.
- •4.Үнді философиялық ойларының негізгі қағидалары, оның негізгі мектептері.
- •5.Ежелгі Қытай философиясының әлеуметтік-өнегелік, тұрмыстық-практикалық оның негізгі мектептері мен бағыттары.
- •6.Антикалық философияның өзіндік ерекшелігі және пайда болуы. Космоцентризм.
- •17 Ежелгі Гректің Сократқа дейінгі философиялық бағыттары мен мектептері.
- •8 Ежелгі Грек философиясының классикалық кезеңі. Сократ, Аристотель Платон
- •9.Антикалық философияның эллиндік-римдікдәуірі. Эллиндік-римдік философияның негізгі мектептері.
- •11.Орта ғасыр философиясындағы теоцентризм. Патристика және Схоластика.
- •12.Орта ғасыр философиясындағы номинализм жән реализм. Өкілдерінің философиясы
- •15.Қайта өрлеу дәуіріндегі антропоцентризм және гуманизм.
- •16.Ғылыми революция және таным тәсілдері: эмпипризм мен рационализм.
- •17.Жаңа заман философиясындағы материализм мен идеализмнің ерекшеліктері.
- •18.Ағартушылық дәуір философиясы және оның идеологиясы
- •19, Классикалық неміс философиясындағы Гегель диалектикасы Кант агностоцизмі
- •20. Классикалық неміс философиясындағы диалектикалық әдіс пен идеалистік жүйе.
- •21Л.Фейербахтың философиялық іліміндегі антропологиялық материализм және гуманизм
- •27.Өмір философиясы. А. Шопенгауэр, ф. Ницше.
- •28.Фрейдтің психоанализ теориясы.
- •29.Діни философия. Неотомизм. Персонализм.
- •30.Прагматизм. Позитивизм мен рационализмнің дәстүрлері мен жаңалықтары: структурализм, герменевтика,
- •31.Экзистенциализмдегі рухани бостандық пен жауапкершілік мәселелері.
- •32.Постмодернизм философиясындағы түйінді ойлар
- •33.Феноменология
- •34. Герменевтика
- •35. Орта ғасыр христиан философиясы: ф.Аквинский а. Августин
17.Жаңа заман философиясындағы материализм мен идеализмнің ерекшеліктері.
Материя — адамның санасынан тыс, тәуелсіз өмір сүретін және санада бейнеленетін (сана арқылы сипаттауға болады) обьективті шындық. Материя әлемде нақты өмір сүретін шексіз көп обьектілер мен формалардың субстанциялық негізі болып табылады.Материалист - философтардың қатарына саналатындар: Демокрит, Фалес, Анаксимандр, Анаксимен, Эпикур, Бэкон, Локк, Спиноза, Дидро, Герцен, Чернышевский, Маркс, Энгельс, Ленин т.б.
Идеализм - философияның негізгі мәселесін шешудегі материализмге қарама-қарсы бағыт, яғни материя мен сана қатынасында дүниенің бастамасы ретінде сананы (идеяны), рухты жақтайтын көзқарас.
Идеализм екі түрлі пікірге бөлінеді:
- Объективті идеализм (Платон, Лейбниц, Гегель),
- Субъектвті идеализм (Беркли, Юм).
Обьективті идеализм өкілдерінің тұжырымдауы бойынша тек қана реалды идея ғана бар, идея - алғашқы, барлық қоршаған орта, шындық - «идеялар әлемі» және «заттар әлемі» болып бөлінеді. «Идеялар әлемі» (эйдос) әлемдік зердеде өмір сүреді, заттар әлемі - өзіндік тіршілігі жоқ, жекелеген заттар Жаратушыға ғана тән құбылыс, «идеялар әлемі» санадан тәуелсіз өмір сүреді, себебі, адамның ойы, идея тіпті табиғаттың өзі абсолюттік идеяның, дүниежүзілік, әлемдік рухтың бір бөлшегі ғана, яғни дүниенің негізі - о дүниелік сана, «абсолютті рух». Обьективті идеализм әдетте теологиямен бірігіп кетеді де, діннің өзіндік бағыт алған философиялық негізі болып табылады.
Субьективті идеализм - бүкіл дүние - біздің санамызда, субьектінің сана-сезімінің жасаған немесе біздің түйсіктеріміздің, алған әсеріміздің жиынтығы. Бұл жағдайда алғашқы бастамаға адамның санасы алынады да, сонан кейін барып одан табиғат шығарылады, соған орай заттар мен бүкіл дүниенің объективті өмір сүруі, олардың даму заңдылықтары теріске шығарылады, өйткені адам санасынан тыс материя да, рух та жоқ»,- деген пікірді ұстанды.
18.Ағартушылық дәуір философиясы және оның идеологиясы
ХVIII ғ Еуропа топырағында дүниеге келген философияға Ағарту философиясы деген атақ берiлдi. Бiрiншiден, олар дiннен аулақ, ғылымға жақын, ағарған бiлiмдi, болмыс жөнiнде айқын, түсiнiктi философиялық қағидалар тудырғысы келедi.
Екiншiден, олар халықты надандықтың құрсауынан шығарып, оларға бiлiм берiп, көздерiн ашып, қалайша ақыл-ой арқылы бақытты өмiр орнатуға болатыны жөнiнде насихат жүргiзедi.
Немiстiң ұлы философы И.Канттың айтуына қарағанда, Ағарту дегенiмiз - ол адамзат тарихындағы қажеттi дәуiр - оның негiзгi мақсаты - әлеуметтiк алға жылжудағы ақыл-ойдың, зерденiң кеңiнен пайдалануының керектiгi. Ағарту дәуiрiн адамзаттың тектi мәнiнен шығатын құбылыс ретiнде қарап, И.Кант оны ұзаққа созылатын процесс және соның шеңберiнде адамдар моральдық және бiлiмдiк жағынан жетiлiп, қараңғылық пен надандықтан құтылған ерiктi қоғам құрады деп есептейдi.
Марксизм ағымы ХУIII ғ Ағарту философиясын өте биiк бағалап, олардың тарихи орнын буржуазиялық революцияның рухани негiзiн жасағандығынан көрдi.
Жалпы алғанда, Ағартушылар ақыл-ой, зерденiң зор мумкiндiгiне сендi. Олар ақыл-ой, зерде арқылы дiни, метафизикалық, схоластикалық бұрыннан қалыптасып қалған ой-өрiсiнен құтылу қажеттiгiн асыра көрсеттi. Олар адамдардың арасындағы қарым-қатынастарды залымдықтан құтқарып, мемлекеттi басқарудағы зорлық- зомбылықты жоюды талап еттi.
