- •3 Ежелгі Үнді философиясы ортодоксальды және ортодоксальды емес ағымдар
- •1 Астика – Ортодоксалды (Веданы мойындайтын) философиялық мектептер
- •3 Қытай философиясының қалыптасу ерекшілігі.
- •4.Үнді философиялық ойларының негізгі қағидалары, оның негізгі мектептері.
- •5.Ежелгі Қытай философиясының әлеуметтік-өнегелік, тұрмыстық-практикалық оның негізгі мектептері мен бағыттары.
- •6.Антикалық философияның өзіндік ерекшелігі және пайда болуы. Космоцентризм.
- •17 Ежелгі Гректің Сократқа дейінгі философиялық бағыттары мен мектептері.
- •8 Ежелгі Грек философиясының классикалық кезеңі. Сократ, Аристотель Платон
- •9.Антикалық философияның эллиндік-римдікдәуірі. Эллиндік-римдік философияның негізгі мектептері.
- •11.Орта ғасыр философиясындағы теоцентризм. Патристика және Схоластика.
- •12.Орта ғасыр философиясындағы номинализм жән реализм. Өкілдерінің философиясы
- •15.Қайта өрлеу дәуіріндегі антропоцентризм және гуманизм.
- •16.Ғылыми революция және таным тәсілдері: эмпипризм мен рационализм.
- •17.Жаңа заман философиясындағы материализм мен идеализмнің ерекшеліктері.
- •18.Ағартушылық дәуір философиясы және оның идеологиясы
- •19, Классикалық неміс философиясындағы Гегель диалектикасы Кант агностоцизмі
- •20. Классикалық неміс философиясындағы диалектикалық әдіс пен идеалистік жүйе.
- •21Л.Фейербахтың философиялық іліміндегі антропологиялық материализм және гуманизм
- •27.Өмір философиясы. А. Шопенгауэр, ф. Ницше.
- •28.Фрейдтің психоанализ теориясы.
- •29.Діни философия. Неотомизм. Персонализм.
- •30.Прагматизм. Позитивизм мен рационализмнің дәстүрлері мен жаңалықтары: структурализм, герменевтика,
- •31.Экзистенциализмдегі рухани бостандық пен жауапкершілік мәселелері.
- •32.Постмодернизм философиясындағы түйінді ойлар
- •33.Феноменология
- •34. Герменевтика
- •35. Орта ғасыр христиан философиясы: ф.Аквинский а. Августин
3 Қытай философиясының қалыптасу ерекшілігі.
Б.ғ.д. Vқ-V ғ.ғ. Қытай елінде мифологиялық дүниетанымнан философияға қөшу үрдістері басталады. Сонау көне заманнан бастап Қытай философиясында үш негізгі ағым пайда болды. Олар: даосизм – бұл ағымды Қытайдың натурфилософиясы деуге болар еді. Екінші ағым – Кон-фу-циандық - ол Қытай халқының моралдық философиясы, үшінші – Фа-цзя мектебі –ол Қытайдың әлеуметтік-саяси философиясы. Бұл ағымдар сонау көне заманда пайда болып, осы уақытқа шейін осы халықтың дүниетанымында елеулі орын алады.
Даосизмде дүниенің қайшылығы, қарама-қарсылықтың бір-біріне айналып жатқаны айқын көрсетіліп, адам өзінің жүріс-тұрысында, іс-әрекетінде оны қалай ескеру керектігі айтылады. “Сұлудың сұлулығы білінген кезде, түрсіздік те пайда болады. Жақсылықтың жақсылығы білінген уақытта жамандық-та пайда болады... Сондықтан болмыс пен бейболмыс бірін-бірі тудырады, ұзын мен қысқаны бір-бірімен салыстырап қана білеміз, биік пен аласа бір-бірімен майысады, әр-түрлі дыбыстар бір-біріне қосылып гармонияны (harmonіa- грек сөзі,-үйлесімді) тудырады. Даосизм бағытының негізін қалаушы - Лао-Цзы (Vқ-Vғ.б.ғ.д.)
Кон-фу-цзыдың адамзат тарихында ұлы ойшыл ретінде осы күнге дейін сақталуы – оның моральдық-этикалық көзқарастарында. Оның әлеуметтік-саяси көзқарастарының өзі осы моральдың тиістілік шеңберінде қаралады.
Кон-фу-цзы еңбектерінен біз “бес тұрақтылықты² (у-чан) табамыз. Олар адамгершілік, адамды сүю (жень), әділеттілік (и), әдеттілік (ли), даналық, ақыл-оймен тоқулық (чжи), сенімділік (сань). Осы бес тұрақтылық арқылы адам дао жолына шыға алады.
Фа-Цзя мектебінің негізін қалаушы Хань-Фэй-Цзы (280-233 б.ғ.д.). “Фа-цзя² мектебінің ел басқару мәселелеріне келетін болсақ, олар адамның табиғатының өзімшілдігіне негіздеп, оны шешті. Мысалы, Хань-Фэй-Цзы, халық тек қана пайда мен жалақыны жақсы көреді де, жаза мен дарға асуды жек көреді. Ал оның бәрі ел басының қолында. Сондықтан, ел басы қоғамда тәртіп орнатуы үшін бәрін заң арқылы ретке келтіруі керек. Заң қысқа, әрбір адамға түсінікті болуы керек. Қоғамда жаза көп, құрметтеу аз болса – жақсы. Қайсыбір заңды бұзушылық қатты жазалануы керек.
4.Үнді философиялық ойларының негізгі қағидалары, оның негізгі мектептері.
Үнді елінің ғажап ерекшелігі – оның әлеуметтік ұйымдастырылуында. Ондағы адамдар үлкен жабық әлеуметтік топтардан тұрады. Оны – варна, я болмаса каста дейді.
Негізінен алғанда, Индия қоғамында 4 каста тарихи пайда болды. Олар:
Брахмандар (ақтар) – айналысатын істері – ой еңбегі, негізінен діни қызметкерлер, ел басқарушылар.
Кшатрилер (қызылдар) – айналысатын істері – жауынгерлік істер.
Вайшьилер (сарылар) – еңбек етеін адамдар, негізінен егін егу, мал бағу, қолөнермен айналысу т.с.с.
Шудралар (қаралар) – ең ауыр, кір жұмыстармен айналысатындар.
Мифологиядағы моральдық мәселелерге келер болсақ, онда Дүниеге байланбау, кемдерге көмектесу, ешнәрсені зәбірлемеу, өтірік айтпау сияқты талаптарға көп көңіл бөлінген. “Адам байлыққа қуанбауы керек: біз байлыққа ие бола аламыз ба, егер сені көрсек – Яма (Яма - өлім құдайы).
“Менің білетінім – байлықта тұрақтылық жоқ, өйткені мәңгілікке уақытшамен жетуге болмайды², деген дана сөздерді үнді мифологиясында табуға болады.
мектептері.
1 Астика – Ортодоксалды (Веданы мойындайтын) философиялық мектептер
1. Вайшешика, Ньяя, Йога, Миманса, Санкхья, Веданта
2 Настика - Ортодоксалды емес (Веданы мойындамайтын) философиялық мектептер
2.1 Жайнизм.
