- •3 Ежелгі Үнді философиясы ортодоксальды және ортодоксальды емес ағымдар
- •1 Астика – Ортодоксалды (Веданы мойындайтын) философиялық мектептер
- •3 Қытай философиясының қалыптасу ерекшілігі.
- •4.Үнді философиялық ойларының негізгі қағидалары, оның негізгі мектептері.
- •5.Ежелгі Қытай философиясының әлеуметтік-өнегелік, тұрмыстық-практикалық оның негізгі мектептері мен бағыттары.
- •6.Антикалық философияның өзіндік ерекшелігі және пайда болуы. Космоцентризм.
- •17 Ежелгі Гректің Сократқа дейінгі философиялық бағыттары мен мектептері.
- •8 Ежелгі Грек философиясының классикалық кезеңі. Сократ, Аристотель Платон
- •9.Антикалық философияның эллиндік-римдікдәуірі. Эллиндік-римдік философияның негізгі мектептері.
- •11.Орта ғасыр философиясындағы теоцентризм. Патристика және Схоластика.
- •12.Орта ғасыр философиясындағы номинализм жән реализм. Өкілдерінің философиясы
- •15.Қайта өрлеу дәуіріндегі антропоцентризм және гуманизм.
- •16.Ғылыми революция және таным тәсілдері: эмпипризм мен рационализм.
- •17.Жаңа заман философиясындағы материализм мен идеализмнің ерекшеліктері.
- •18.Ағартушылық дәуір философиясы және оның идеологиясы
- •19, Классикалық неміс философиясындағы Гегель диалектикасы Кант агностоцизмі
- •20. Классикалық неміс философиясындағы диалектикалық әдіс пен идеалистік жүйе.
- •21Л.Фейербахтың философиялық іліміндегі антропологиялық материализм және гуманизм
- •27.Өмір философиясы. А. Шопенгауэр, ф. Ницше.
- •28.Фрейдтің психоанализ теориясы.
- •29.Діни философия. Неотомизм. Персонализм.
- •30.Прагматизм. Позитивизм мен рационализмнің дәстүрлері мен жаңалықтары: структурализм, герменевтика,
- •31.Экзистенциализмдегі рухани бостандық пен жауапкершілік мәселелері.
- •32.Постмодернизм философиясындағы түйінді ойлар
- •33.Феноменология
- •34. Герменевтика
- •35. Орта ғасыр христиан философиясы: ф.Аквинский а. Августин
12.Орта ғасыр философиясындағы номинализм жән реализм. Өкілдерінің философиясы
Реализм- ортағасырлық схолистикада орын алғаг философиялық бағыт, ол ұғымдар (универсалиялар) реалды түрде өмір сүреді және жалқы заттардан бұрын өмір сүреді деген көзқарасты қалыптастырды. Ортағасырлық реализм іс жүзінде ұғым мен обьективтік дүниенің, жалпы мен жалқының арақатынасы туралы мәселенің шешіміне кедгенде Платонның бағытын жалғастырды. Көрнекті өкілдері – Ансельм Кентерберийский және Шамполық Гильом, Фома Аквинский болды. Ортағасырлық реализмге қарсы номинализм өкілдері күрес жүргізді.
Номинализм (лат. nomen – есім, атау) – ұғымды тек жекелеген заттардың атауы ғана деп есептейтін ортағасырлық философиялық бағыт. Ортағасырлық реализмге қарсы номиналистер тек өздеріне тән қасиеттері бар заттар ғана өмірде бар деп тұжырымдады. Заттар туралы біздің жалпы түсінігіміз олардан тысқары бола алмайды, тіпті заттардың шынайы күйі мен қасиеттерін елестете алмайды. Номиналистер заттардың бастапқы, ал ұғымның соңғылығын мойындай отырып, материалистік тенденциялармен байланысты көзқараста болды. Көрнекті өкілдері: Росцелин, Дунс, Скотт, Оккам.
13. Араб философиясындағы орта ғасырдағы антикалық мұра.
Араб философиясы — орта ғ-ларда мұсылман дінін қабылдап, араб тілін қолданған Шығыс халықтары ойшылдарының философиялық ілімдерінің жүйесі. А. ф-ның шығу тарихы мутазилиттер (“ерекшеленушілер”) қызметімен байланысты. 9 ғ-да арабтар антикалық дәуірдегі жаратылыстану және филос. ілімдеріне қатысты мұралармен кеңінен таныса бастайды. Басты назарда Аристотель филос-сы болды. А. ф. кейде мұсылман филос-сы немесе араб тіліндегі филос. деп те аталады. Себебі, бұл ұғымға арабтардан өзге парсы, түркі т.б. халықтар өкілдерінің филос. көзқарастары да енеді. Мыс., түркі жұртының ғұламасы Әбу Насыр әл-Фараби, парсылық ибн Сина — оқулықтарда “араб философтары” болып аталады. Сондықтан бұлардың бәрінің басын қосып айтқанда “араб философиясы” деуден гөрі “араб тіліндегі философия” деген шындыққа сыйымды. Осы тұрғыдан қарастырсақ, 10-13 ғ-ларда араб тіліндегі филос-ның мынадай бағыттары болған: 1). Шығыс перипатетизмі; 2). “Таза ағайындар” ілімі; 3). Сопылық ілім; 4). Мұсылман философиясы. Шығыс перипатетизмі Аристотель еңбектерін насихаттап, талқылау жасаған филос. мектеп. Мұның басында әл-Кинди (9 ғ.), әл-Фараби, ибн Сина, ибн Бадж, ибн Туфейль және ибн Рушд (Аверроэс) тұр. “Таза ағайындар” ілімі — оқу жүйесіне арнап жазылған 51 томдық энциклопед. еңбекте жинақталған. Бұл алғаш рет ғылым түрлерін жүйелеу әрі оны оқыту мәселесіне арналған. Сопылық ілім — Шығыста кеңінен дамыған ілім. Бұл бағыттың аса көрнекті өкілдері: Иасауи, Ибн Араби т.б. Мұсылман философиясының аса көрнекті өкілі — әл- Ғазали. Ол әл-Фараби, ибн Сина сияқты ғалымдармен болмыс туралы бел шешіп айтысқа түскен. Сопылық ілім мен мұсылман философиясының ұқсастықтары көп.Араб тіліндегі философияны ғылымда “фәлсафа” деп те атайды. Бұл, әсіресе, Шығыс перипатиктеріне тән. Фәлсафа тарихы әл-Киндиден басталып, ибн Рушдпен аяқталады. Фәлсафаның филос-дан өзгешелігі — ол Платон, Аристотель еңбектерін мұсылмандық негізінде зерттей отырып, жоғарыда аталған ойшылдар ойлаудың ерекше жүйесін жасаған. Бұл грек филос-сын тек қайталау немесе оған еліктеу емес, филос-ның ерекше тарихи типі. Араб тіліндегі филос-ның тарихи маңызы — Ф.Бэконнон (1561 — 1626) Спинозаға (1632 — 1677) дейінгі мерзімді қамтитын Жаңа заман филос-сы көтерген басты-басты мәселелерді шығыс перипатетиктері мен мұсылман дін танушылары өз кездерінде-ақ күн тәртібіне қойған.
14.Шығыс орта ғасырындағы классикалық философиясының дамуы.
Араб тілді философиядағы әмбебаптық, пантеизм, перипатетизм.
Классикалық патристика, IV-V ғғ. ортасы - христиандық дiни ойлаудағы көзқараста теологиялық догматтардың үлгiсi қалыптасты. Негiзгi мәселе: құдайдың мәнi мен оның үш жақтылығы: Құдiреттi Құдай, оның Ұлы және қасиеттi Рухтың арақатынасы туралы болды. Христостың табиғаты ─ құдайлық, адамдық немесе құдай-адамдығы (христология), Құдай берген игiлiк, адамның күнәға батуы, одан оны құтқару және күнәдан арылу мәселесi. Бұл мәселелер жаңа христиан мәдениетiнiң рухани негiзiн iздеу, әрi қалыптастыру болды.
Араб философиясы – мұсылман дінін қабылдаған және араб тілінде сөйлейтін Шығыс халықтары ойшылдарының ортағасырлар дәуіріндегі философиялық ілімдерінің жиынтығы. Араб философиясының пайда болуы мутализиттердің («оқшауланғандардың») – қаламның рационалдық дін ілімінің – ертедегі өкілдерінің қызметіне байланысты, олар адамның ерік-жігерінің бостандығы мен Құдайдың ерекше белгілері туралы мәселелерді талқылаудан бастап, діннің шегінен шыққан және тіпті оның кейбір догматтарын мақсат еткен концепцияларды жасаумен аяқтады. ІC ғасырда арабтар ежелгі заманның жаратылыстану ғылымымен қатар философиямен танысты. Олар Аристотельдің философиясына және оның жаратылыстану мен логика мәселелеріне баса назар аударды. Аристотельдің негізгі концепцияларын сол кездегі араб тұрмысына тұңғыш рет енгізген ойшыл – Аль-Кинди шығыс перипатетизмінің (шығыс перипатетизмі) атасы деп есептелді
Пантеизм (гр. pan – бәрі, tcheos – құдай) – Құдай мен әлем біртұтас деп танитын, құдіретті табиғатпен бірлікте қарастыратын философиялық ілім; Құдай барлығы деген ілім; бар ғаламды, табиғатты дәріптеу ілімі.[1]
Пантеизм табиғаттың ішкі сырларын бейнесіз әлемдік рух деп танып, табиғаттан тыс бастамалардың барлығын жоққа шығарады. Пантеизм терминін философияға алғаш енгізген ағылшын философы Джон Иолланд (1670 – 1722) болды. Ол деизмді өткір сынға алып, дүниенің жаратылуын, жанның мәңгілік екендігін, о дүниедегі өмірдің бар екенін жоққа шығарды. Пантеистік идеялар үнді (брахманизм, индуизм, ведант), қытай (даосизм), ежелгі грек (Фалес, Анаксимандр, Анаксимен) философияларында дамыды. Ежелгі грек философы Ксенофанөзінің пантеистік көзқарасында табиғатты сезіммен біліп болмайды, тек ақылмен ғана ұғынуға болады деп санады. Кейінірек стоицизмнің натурфилос. және этик. ілімдері пантеистік сипатта болды. Пантеизмнің натуралистік сипаттары И.С. Эриугена мен П.Абеляр ілімдерінде кездеседі. Материя, ақыл және құдай бір нәрсе деп, Пантеизмді материалистік тұрғыда алғаш тұжырымдаған Д.Динанский болды. Пантеизм қайта өркендеу дәуірінде кең өріс алды. Бұл дәуірдегі алғашқы Пантеизм өкілдерінің бірі Н.Кузанский болды. Ол “адам өзінің ақыл-ойының, іс-әрекетінің арқасында құдаймен қатар тұрады” деп тұжырымдады. Еуропада 16 – 17 ғасырларда пантеистік бағытты дамытқан Д.Кардано, Т.Кампанелла, Дж.Бруно, т.б. болды. Бруноның пікірінше, “табиғаттан тыс ешқандай күш жоқ. Табиғат өз заңдылығымен дамиды. Әлем мен құдай бір. Әлем – әмбебап бастама, сондай-ақ жалғыз ғана мәнділік”.Нидерланд философы Б.Спиноза пантеистік дәстүрге сүйене отырып, өзінің жан-жақты материалистік философиялық жүйесін қалыптастырды. Бұл ілімде “құдай” және “табиғат”ұғымдары бір-біріне барабар. Қазіргі кезде Пантеизм ғылымды дінге жақындастырумен, табиғаттың заңдылықтарын, ішкі сырын діни, мифтік тұрғыда сипаттаумен ерекшеленеді. [2]
Перипатеттер мектебі, перипатетизм (грек. perіpateo — серуендеу) — Аристотель философиясының ізбасарлары. Аристотель өзінің тыңдаушыларымен лицей бағында серуендеп жүріп сабақ беріп, пікір алысуды әдетке айналдырған. Осыған байланысты оларды Перипатеттер мектебі деп атаған. Перипатетизм бағытын бірнеше кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезең (б.з.б. 4 — 1 ғасырлар) мектептің жетекшісі Теофрасттан кейін Перипатеттер мектебінің жетекшілері Стратон, Ликон, Аристон Кеосский, Критолай, т.б. болды. Бұл кезеңдегі Перипатеттер мектебінде Аристотель ілімін теор. философия жағынан дамытудан гөрі жеке ғылым салаларымен (философия, т.б.) көбірек шұғылдану басым болды. Мысалы, Теофраст логика саласынан жаңалықтар ашып, ботаникадан еңбектер қалдырды. Аристоксен музыка теориясымен шұғылданды, т.б. Екінші кезеңде (б.з.б. 1 ғ.) Андроник Родосский,Сидонский, Ксенарх, т.б. Аристотель шығармаларын қайта басып шығарып, оларға түсініктер берумен шұғылданды. Үшінші кезеңде (1 — 2 ғасырлар) платоншылдар, пифагоршылдар және стоиктер мектебінде аристотельшілдіктің ізін қалдырып, жаңа платоншылдықтың қалыптасуына ықпал етті. Шығыс философиясындағы перипатетизмнің негізін қалаушы Әбу Наср әл-Фараби саналады. Ол Аристотель мен Платонның еңбектеріне сүйеніп, олардың іліміне түсінік бере отырып, өзінің филос. ілімін қалыптастырған. Батыс ойшылдары әл-Фараби, сондай-ақ ибн Сина, ибн Рушд, т.б. шығыс перипатетиктерінің түсіндірмелері арқылы ежелгі грек философтарының еңбектерімен танысып, оларды игере бастады
