
- •3 Ежелгі Үнді философиясы ортодоксальды және ортодоксальды емес ағымдар
- •1 Астика – Ортодоксалды (Веданы мойындайтын) философиялық мектептер
- •3 Қытай философиясының қалыптасу ерекшілігі.
- •4.Үнді философиялық ойларының негізгі қағидалары, оның негізгі мектептері.
- •5.Ежелгі Қытай философиясының әлеуметтік-өнегелік, тұрмыстық-практикалық оның негізгі мектептері мен бағыттары.
- •6.Антикалық философияның өзіндік ерекшелігі және пайда болуы. Космоцентризм.
- •17 Ежелгі Гректің Сократқа дейінгі философиялық бағыттары мен мектептері.
- •8 Ежелгі Грек философиясының классикалық кезеңі. Сократ, Аристотель Платон
- •9.Антикалық философияның эллиндік-римдікдәуірі. Эллиндік-римдік философияның негізгі мектептері.
- •11.Орта ғасыр философиясындағы теоцентризм. Патристика және Схоластика.
- •12.Орта ғасыр философиясындағы номинализм жән реализм. Өкілдерінің философиясы
- •15.Қайта өрлеу дәуіріндегі антропоцентризм және гуманизм.
- •16.Ғылыми революция және таным тәсілдері: эмпипризм мен рационализм.
- •17.Жаңа заман философиясындағы материализм мен идеализмнің ерекшеліктері.
- •18.Ағартушылық дәуір философиясы және оның идеологиясы
- •19, Классикалық неміс философиясындағы Гегель диалектикасы Кант агностоцизмі
- •20. Классикалық неміс философиясындағы диалектикалық әдіс пен идеалистік жүйе.
- •21Л.Фейербахтың философиялық іліміндегі антропологиялық материализм және гуманизм
- •27.Өмір философиясы. А. Шопенгауэр, ф. Ницше.
- •28.Фрейдтің психоанализ теориясы.
- •29.Діни философия. Неотомизм. Персонализм.
- •30.Прагматизм. Позитивизм мен рационализмнің дәстүрлері мен жаңалықтары: структурализм, герменевтика,
- •31.Экзистенциализмдегі рухани бостандық пен жауапкершілік мәселелері.
- •32.Постмодернизм философиясындағы түйінді ойлар
- •33.Феноменология
- •34. Герменевтика
- •35. Орта ғасыр христиан философиясы: ф.Аквинский а. Августин
5.Ежелгі Қытай философиясының әлеуметтік-өнегелік, тұрмыстық-практикалық оның негізгі мектептері мен бағыттары.
Біздің дәуірімізге дейінгі үшінші ғасырдың аяғында пайда болған Ежелгі Қытай философиясы кейінірек негізгі алты философиялық бағытқа — мектептерге бөлінді. Олар: конфуцийшылдық, моизм, заң мектебі (легистер), даосизм, тұрпайы философтар (натурфилософия) және атаулар мектебі. Олардың арасындағы бастысы - Конфуций мектебі болды деуге болады, оның біздің дәуірімізге дейінгі екінші мыңжылдықтан бастап, XX ғасырдың басына дейін Қытай мемлекетінің ресми идеологиясы қызметін атқарғаны бұл пікіріміздің дәлелі бола алады.
Конфуцийшылдық. Бұл философиялық ағымның пайда болуы және қалыптасуы осы ағымның негізін қалаушы Кун-фуц-зы, оның ізбасарлары Мэн-цзы жөне Сюнь-цзының есімдерімен тығыз байланысты. Кун-фу-цзының ілімінше, ең жоғары жаратушы күш — Аспан, ол жерде әділеттілік болуын қадағалап отырады. Ал қоғамдағы теңсіздік, әртүрлі сатыдағы топтардың болуы — ол әділеттілік. Олай болса, Аспан (Көк) осы теңсіздікті қорғайды. Кун-фу-цзы өзінің ілімін аспан денелерінің заңдылықтарын немесе бабалар рухын зерттеуге арнамайды. «Өмірдің не екенін білмей жатып, өлімнің, рухтың не екенін қайдан білеміз», — деуінің өзі осыған айғақ.
Сюнь-цзы (б.д.д. 313 ж. — белгісіз) Әлем өзінің табиғи заңдылықтырымен өмір сүреді, оны зерттеп, сырын ұқсаң, өз қажетіңе жаратуға болады. Олай болса, бақытты немесе бақытсыз, бай немесе қайыршы болу адамдардың өзіне байланысты. Жалпы, адамдар табиғатынан зұлым, қызғаншақ, дүниеқоңыз болып туады. Тәрбие арқылы адамдарды адамгершілікке баулып, оның табиғатын өзгертуге болады. Ал адамдар өз тарапынан өзін өзі жетілдіруге құлшынуы тиіс.
Даосизм (VI—V ғғ. б.д.д.). Бүл ілімнің негізін қалаушы б.д.д. VI ғ. өмір сүрген Лао-цзы деп есептеледі. Оның негізгі еңбегі — «Дао және дэ туралы кітап» («Дао дэ цин»). Даоцизм ілімі «дао» үғымына негізделген. Егер басқа қытайлық философиялық ағымдарда «дао» «жол» деген мағына берсе және ол Қытайдың дамуы-мен әдептілікті жетілудірудегі негізгі үғым болса, даосизмде «дао» — жалпы дүниетанымдық үғым. «Дао» — алғашқы бастама, алғашқы түпнегіз және Қытайдағы, Жердегі және Әлемдегі барлық құбылыстардың, денелердің бірлігі, соңғы сатысы. «Да-оның» алғашқы түпнегіз екенін мынадай сөздерден байқаймыз: «Дао — барлық заттардың анасы», «дао — барлық заттардың түп атасы», «Даоны аспан аясыңдағы империяның (Қытайдың) анасы деп есептеуге болады», т.б.
Легистер (заңгерлер) Негізгі өкілдері Шан Ян (б.д.д IV ғ.), Хань-Фэй-цзы (шамамен б.д.д III ғ.). Легистер конфуцийшылдардың мемлекетті әдептілікке негізделген заңдарды жүзеге асыру арқылы басқару керек деген пікірлеріне қарсы болып, керісінше, мемлекетті тек қана заңға сүйеніп басқаруға болады, себебі «мейірімділік пен адамгершілік» — қылмысқа апаратын бірден-бір жол, ал шын қайырымдылық өзінің бастамасын жазалаудан алады деп уағыздайды. Сөйтіп, легистер ар-ожданның орнына қорқынышты дәріптейді.
6.Антикалық философияның өзіндік ерекшелігі және пайда болуы. Космоцентризм.
Космоцентризм-әлемді түсіндіруде ғарыштың шексіз сыртқы күші қолдана отырып, ой тұжырымдау (философияның бұл кезеңі Ежелгі Үнді, Қытай және Ежелгі Грек жерлерінде көп таралды ) .
Антикалық пәлсапа алғашқы қауымдық құрылыстың орнына құл иеленушілік құрылыс келген дәуірде өмірге келді.
Ертедегі Грекияның алғашқы философтары стихиялы материалистік бағытты ұстануымен ерекшеленеді. Олар бүкіл дүниені тұтастай алып қарап, әлемнің, дүниенің түп негізін, алғашқы бастамасын табуға тырысты. Антикалық философтарды «физиктер» деп атаған. Себебі, олар философиялық ойларын табиғат құбылыстарымен байланыстыра отырып тұжырымдаған. Мұндай философиялық пікірді философияда «натурфилософия» деп атайды. Басты ерекшелігі табиғат ілімдерімен байланыстылығы.