- •3 Ежелгі Үнді философиясы ортодоксальды және ортодоксальды емес ағымдар
- •1 Астика – Ортодоксалды (Веданы мойындайтын) философиялық мектептер
- •3 Қытай философиясының қалыптасу ерекшілігі.
- •4.Үнді философиялық ойларының негізгі қағидалары, оның негізгі мектептері.
- •5.Ежелгі Қытай философиясының әлеуметтік-өнегелік, тұрмыстық-практикалық оның негізгі мектептері мен бағыттары.
- •6.Антикалық философияның өзіндік ерекшелігі және пайда болуы. Космоцентризм.
- •17 Ежелгі Гректің Сократқа дейінгі философиялық бағыттары мен мектептері.
- •8 Ежелгі Грек философиясының классикалық кезеңі. Сократ, Аристотель Платон
- •9.Антикалық философияның эллиндік-римдікдәуірі. Эллиндік-римдік философияның негізгі мектептері.
- •11.Орта ғасыр философиясындағы теоцентризм. Патристика және Схоластика.
- •12.Орта ғасыр философиясындағы номинализм жән реализм. Өкілдерінің философиясы
- •15.Қайта өрлеу дәуіріндегі антропоцентризм және гуманизм.
- •16.Ғылыми революция және таным тәсілдері: эмпипризм мен рационализм.
- •17.Жаңа заман философиясындағы материализм мен идеализмнің ерекшеліктері.
- •18.Ағартушылық дәуір философиясы және оның идеологиясы
- •19, Классикалық неміс философиясындағы Гегель диалектикасы Кант агностоцизмі
- •20. Классикалық неміс философиясындағы диалектикалық әдіс пен идеалистік жүйе.
- •21Л.Фейербахтың философиялық іліміндегі антропологиялық материализм және гуманизм
- •27.Өмір философиясы. А. Шопенгауэр, ф. Ницше.
- •28.Фрейдтің психоанализ теориясы.
- •29.Діни философия. Неотомизм. Персонализм.
- •30.Прагматизм. Позитивизм мен рационализмнің дәстүрлері мен жаңалықтары: структурализм, герменевтика,
- •31.Экзистенциализмдегі рухани бостандық пен жауапкершілік мәселелері.
- •32.Постмодернизм философиясындағы түйінді ойлар
- •33.Феноменология
- •34. Герменевтика
- •35. Орта ғасыр христиан философиясы: ф.Аквинский а. Августин
33.Феноменология
Феноменология – алғашқы түйсіну нәтижесін, сана танымын пайымдап ашудың тәжірибесі, батыс философиясына ерекше ықпал еткен субъективтік идеалистік бағыт. Қазіргі философиялық ойдың жетекші бағыттарының бірі ретіндегі Феноменология ұғымы 20 ғасырда қалыптасты. Феноменологиялық философияның негізін салушылардың бірі Эдмунд Гусерль (1859 – 1938) болды. Гусерль өзінің шығармашылық эволюциясында Декарттың, Лейбництің, Юмнің, Канттың, т.б. ықпалында болды. Феноменология бағытын одан әрі дамытқандар Л.Ландгребе, Э.Финк, т.б. Феноменологияның негізгі ұғымы “интенционалдық деп аталады”. Бұл ұғым сананың объектіге қатынасын көрсетеді. Феноменологиялық ұғым бойынша “объект болмаса, субъекті те болмайды”. Феноменологиялық тәсілдің негізгі талаптары:
субъективтік тәжірибеден тыс тұратын, яғни санадан тыс тұратын объективтік шындық туралы пікірден бас тарту;
танымдық субъектіні (белгілі бір жанды) сезімі бар психофизиол. нәрсе емес, сананың “таза” нәтижесі деп түсіндіру.
Оны Феноменология “транцендеталдық редукция” деп атайды. Бұл бағытты қолдаушылар философияны ғылым ретінде тек қана эйдетика деп аталатын “таза мағыналарды” зерттейді, ал оның реалды шындыққа қатынасы жоқ деп білді. Феноменология идеялары экзистенционализмге (Хайдегер, Сартр), герменевтикаға (Гадамер, Шелер), т.б. батыс философиясындағы ағымдардың қалыптасуына ықпал етті. Феноменология бағытының теор. орталық болып саналатын орындар: Гусерльдің Лувен католиктік ун-тінің архиві (Белгия); халықаралық феноменол. қоғам және оның “Феноменологиялық зерттеулер” атты журналы (Буффало, Нью-Йорк, АҚШ)
34. Герменевтика
Герменевтика - гр. һегmeneutikos - түсіндірмелік, талқылаушылық - классикалық түсінікте - мәтіндерге түсінік беру өнері. Саяси консалтингта да мәтіндерді түсіндіріп, талдауда, адамның немесе әлеуметтік топтың мінезқұлқын талдау технологиясында қолданылады.[1]
Герменевтика ежелгі антикалық дөуірде көне ақындардың (ең алдымен — Гомердің) шығармаларындағы рәміздерді, таңбаларды, құпиялап айтуларды түсіндіру тәсілі ретінде қалыптасқан. Орта ғасырларда Библиядағы көркем бейнелер мен меңзеп айтуларды түсіндіруге байланысты герменевтиканы діни өкілдер жан-жақты қолданған. Қайта Өрлеу дәуірінде Герменевтика антиктік мәдени мұралардың тілін тірі, сол замандағы мәдени тілге аудару мақсатында пайдаланылған. Ф.Шлейермахер еңбектерінде Герменевтика Қасиетті Жазу мәтіндеріндегі астарлы тілді Жаңаша түсіндіру үшін кеңінен пайдаланылды. Ол үшін догматтар мен рәміздер діндарлық сезімдер болып табылады, дамушы діни тәжірибе сенімінің субстанциясына айналды. Шлейермахер қазіргі философиялық ұғымдарды қолдану тәжірибесі арқылы ескі діни мәтіндерге жаңа мазмұн беруге болады дейді. Қазіргі мәдениеттануда Герменевтика "тұлғалық түсінуші тәжірибемен" (Г.Гадамер) байланыстырылады. Гадамер бойынша, тарихи құрылымдар мен мәдени деректерді түсіндіру тіл мүмкіндіктеріне негіз болған
35. Орта ғасыр христиан философиясы: ф.Аквинский а. Августин
Бүкіл Христиан философиясының ірі тұлғаларының бірі - киелі Августин. Ол 354ж. Тагаст қаласында (Африка) Дүниеге келеді.
Августиннің негізгі философиялық еңбектері “Құдай қаласы жөнінде², “Сыр шегу, “Академиктерге қарсы², “Жанның өлместігі² т.с.с.
Августиннің шығармашылық жолында оның христиан дініне өтуі және оны бүкіл жүрегімен, жан-тәнімен қабылдауы үлкен із қалдырды.
Егер жас кезінде ол ақыл-оймен дүниені тану - ең биік жетістік, ал диалектика - ойлаудың ең негізгі құралы деп есептесе, Христиан дініне өтіп оны іштей қабылдағаннан кейін, оның философиясында негізгі орынды Құдайға сену алады. Сенімнің арқасында пайда болатын “ішкі сәуле² анағұрлым биік санала бастайды.
Бірақ, Августиннің ойынша, сенім ақыл-оймен қайшылыққа келмеуі керек. 2 ғасырда өмір сүрген Тертуллианның “Сенемін, өйткені абсурдты² (credo guіa absurdum), яғни ақыл-ойға симайды, қарсы келеді,- деген пікірін Августин қабылдамайды. Керісінше, ой елігінен өткізілмеген сенім, сенім болмайды. Ақыл-ой арқылы адам өзінің Құдайға деген сенімін әрі-қарай нығайтуы керек. Соныменен сенім мен ақыл-ой, зерде бірін-бірі толықтырады. “Сенемін түсіну үшін², “түсінемін сену үшін² деген көзқарасқа жол ашылады.
Схоластика философияның пісіп-жетілген кезінде өмір сүрген Орта ғасырдағы аса ұлы тұлғалалардың бірі Фома Аквинский (1221-1274 жж.) Италия елінде бай ақсүйектердің жан-ұясында дүниеге келген. Неаполь университетінде оқыған 1256-59 жж. Париж университетінің теология кафедрасын басқарған. Өмірінің соңында ел аралап Европа университеттерінде лекциялар оқиды. “1323ж. әулие докторұ атағы беріліп, шіркеудің бесінші ғұламасы болып есептелген.
Өмірінің және өзінің жазған еңбектерінің түкке тұрғысыздығы Фомаға өлерінің алдында ашылса да, соған қарамастан ол кітаптарын жазуды қоймады. Өзінің көмекшісінің “демалыңызшы² деген тілегіне “Жоқ, өйткені менің осы уақытқа дейін жазғанымның бәрі қазір менің көз алдыма келген аянмен салыстырғанда күл сияқты²,- деген аңыз қалған.
Фома Аквинскийдің негізгі еңбегі “ Теология жинағы², “Табиғаттың бастамалары²,“Мән мен өмір сүру жайлы² т.с.с.
Орта ғасырлық схоластикада Фома Аквинский ең көлемді жан-жақты Құдайдың болмысын дәлелдеулерін келтіреді. Олар - бесеу.
1.Қозғалыс арқылы дәлелдеу.2. Тудырушы себеп арқылы дәлелдеу. 3. Мүмкіндік пен қажеттілік арқылы дәлелдеу.4. Игіліктің баспалдақтығы арқылы дәлелдеу.5. Онтологиялық (болмыс) мәселелері.
1
