- •1. Жылдық жиынтық табыс: түсінігі, құрылымы.
- •1.Мемлекеттің салық салу саясаты.
- •1.Екі жакты салық салудың проблемалары.
- •2.Көлік құралдарына салынатын салық.
- •1.Бірыңғай жер салығы және оны төлеушілер.
- •1.Салық салудың принциптері.
- •2.Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу.
- •1.Резидент және резидент емес салық төлеушілер.
- •2.Корпорациялық табыс салығы.
- •1.Мемлекеттік баж және кедендік төлемдер.
- •2.Резидент және резидент еместерге салынатын салықтар ерекшеліктері.
- •1.Өнімнің озіндік құнының элементтері.
- •1.Екі жакты салық салуды жою туралы халықаралық келісімдер.
- •Табыс салық көзі ретінде
- •Акциздер
- •Салық салынатын айналым және салық салынатын импорт
- •Салық қызметінің мәртебесі мен құрылымы
- •Азаматтың мүлкіне салынатын салық
- •Әлеуметтік салық: түсінігі, ставкасы
- •Салық салу және таза ұлттық өнім шығару
- •Шаруа қожалықтарына арналған аср
- •Салықтардың мәні және олардың негізгі түрлері
- •Лаффер қисығы
- •Қр территориясындағы шетелдік заңды тұлғалардың салықтық есебіне койылатын негізгі талаптар
- •Бонустар, роялти
- •Прогрессивті, пропорционалды және регрессивті салық
- •Оңайлатылған декларация негізіндегі аср
- •Қазақстан Республикасының салық жүйесі.
- •Дискрециондық фискалдық саясат
- •Қосылған құнға салынатын салық
- •Резидент емес жеке тұлғалардың табыстарына салық салу тәртібі
- •Шекті және орта салық мөлшері
- •Бір жолғы талон және патент негізіндегі арнаулы салық режимі
- •Жеке табыс салығы: объектілері, ставкасы
- •Бюджеттік федерализм
- •Шетелдік заңды тұлғаларға салынатын салық
- •Міндетті төлемдер
- •Салықтың функциялары
- •Резиденттік және территориялық критерийлер (салық салу үшін)
- •Салық салынатын табысты түзету
- •Тікелей және жанама салықтар
- •Шағын бизнеске арналған арнаулы салық режимі (жалпы ереже)
- •Әр түрлі бюджет деңгейінің құрылуы
- •Роялтиді белгілеу тәртібі
- •Үстеме пайда салық төлеушілері
- •Мүлік салығын есептеу әдісі
- •Қосылған құн салығы бойынша есепке қою
- •Ққс ұғымы, салық салу объектісі, төлеушілері
- •Салық салынатын айналым және салық салынатын импорт
- •Ойын бизнес саласындағы қызметке салық салу
- •Акциз төлемдерінен босатылған товарлар (импортталған)
- •Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу
- •Қаржы лизингі
- •Жылдық жиынтық табыс
- •Тіркелген активтер бойынша шегерімдер
- •Салықтың мазмұны және мәні
- •Бюджеттік федерализм және бөлу
- •А.Смиттің салық салу принциптері
- •Корпорациялық табыс салығы
- •Салық салудың принциптері
- •Жер салығы
- •Табыс, салықтың қайнар көзі
- •Рейганомика. Лаффер қисығы
- •Амортизация түсінігі, мөлшері, группалар
- •Мемлекеттік баж және кедендік төлемдер
- •Әлеуметтік салық: түсінігі, ставкасы
- •Салық функциялары
- •Преференциялар және жеңілдіктер
- •Жеке табыс салығының ставкасы
1.Өнімнің озіндік құнының элементтері.
Өнімнің өзіндік құны – кәсіпорындардың өнім өндіру мен өткізуге жұмсаған ағымдағы ақшалай шығыны, яғни өнімді өндіру мен өткізу (жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету) үдерісінде пайдаланылатын табиғи ресурстардың, шикізатты, материалдардың, отынның, энергияның, негізгі капиталдың, еңбек ресурстарының, басқа да шығындардың құндық бағасы. Шығындардың өндіріс үдерісімен байланысы тұрғысынан өнімнің цехтық, өндірістік және толық құны түрлеріне бөлінеді. Цехтықөзіндік құнда цехтарда өнім өндірумен байланысты шығындардың өзіндік құны қамтылады. Өндірістік өзіндік құнға цехтық өзіндік құн жалпы өнеркәсіпті басқарумен, ұйымдастырумен және оған қызмет көрсетумен байланысты шығындар жатады. Толық өзіндік құн өндірістік өзіндік құнды және өнімді өткізумен байланысты өндірістен тыс шығындар және өнімді өндіруге қатысы жоқ басқа да шығындарды қамтиды. Ресурстарды үнемдеуге көптеген техникалық-экономикалық факторлар әсер етеді, олар ішкі өндірістік және өндірістен тысқары факторларға бөлінеді. Өндірістен тыс факторлар – кәсіпорын ықпал ете алмайтын факторлар. Оларға салықтар мен төлемдердің ставкалары, шикізаттың, материалдардың, машиналар мен жабдықтардың нарықтық бағасы, көлік тарифтері мен электр энергиясының тарифтері және басқалар жатады. Ішкі өндірістік факторлар – кәсіпорын тарапынан басқарылатын факторлар. Оларға өнімділігі жоғары техника мен прогрестік технологияны енгізу, өндірістің механикаландырылуы мен автоматтандырылуы деңгейін арттыру, негізгі капиталды тиімді пайдалану, айналым қаражатының айналымдылығын жеделдету, жұмыскерлердің еңбек өнімділігін арттыру, еңбек пен өндірістің ұйымдастырылуын жетілдіру, т.б. жатады. Кәсіпорынның шығындары өндіріс үдерісімен байланысының сипатына қарай негізгі және үстеме шығындарға, олардың жекелеген бұйымдардың өзіндік құнына жатқызылуы тәсіліне қарай тікелей және жанама шығындарға, өндірістің көлеміне қарай шартты-тұрақты және ауыспалы шығындарға бөлінеді. Сондай-ақ шығындарды экономикалық мазмұнына және калькуляцияның баптарына қарай да топтастыру қабылданған. Шығындардың экономикалық нышандары бастапқы, біртекті топтар болып келеді. Калькуляцияның баптары бойынша топтастыруда шығындардың орны мен мақсаты ескеріледі.
2.Табыс туралы декларация.206-2 бапқа сәйкес, табыс пен мүлік туралы декларацияны әдейі табыс етпеу елу айлық есептік көрсеткіш мерзіміндегі айыппұлға әкеліп соғады. Әкімшілік жауапкершілікке тартылғаннан кейінгі бір жыл ішінде мұндай әрекет қайталанатын болса, айыппұл көлемі екі жүз айлық есептік көрсеткішті құрайды. Қазақстан Республикасының жемқорлықпен күрес туралы заңнамалық актісіне сәйкес декларация тапсыру міндеттелген тұлғаларға 2013 жылға жеке табыс салығы бойынша декларация тапсыру мерзімі Салық кодексінің 185 және 186-шы бабына сәйкес 31 наурызда бітеді.
3.Нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар. Нөлдік салық мөлшері дегеніміз салық төлеуден босатылады. 31-тарау. НӨЛДІК СТАВКА БОЙЫНША САЛЫҚ САЛЫНАТЫН АЙНАЛЫМДАР1.Тауарлар экспорты :Экспортқа тауарлар өткізу бойынша айналымға нөлдік ставка бойынша салық салынады. 2.Халықаралық тасымалдауға салық салу: Халықаралық тасымалдау бойынша мынадай қызмет көрсетулерді іске асыру жөніндегі айналымға: 1) Қазақстан Республикасының аумағынан экспортталатын және Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларды, оның ішінде почтаны тасымалдауға; 2) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзит жүктерін тасымалдауға;3) халықаралық қатынаста жолаушылар мен багаж тасымалдауға нөлдік ставкамен салық салынады 3. Жекелеген жағдайларда салық салу: Нөлдік ставка бойынша қосылған құн салығы Қазақстан Республикасының аумағында жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде қызметін жүзеге асыратын, сол келісімшарттың талаптарына сәйкес импортталатын тауарлары қосылған құн салығынан босатылатын салық төлеушілерге өзі өндірген тауарларды өткізу бойынша айналымға салынады.Егер, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта қосылған құн салығынан босатылатын импортталатын тауарлар тізбесі айқындалған болса, нөлдік ставка бойынша осы тізбеде көрсетілген тауарларды өткізу бойынша айналымдарға салық салынады
№10 Билет
