- •1. Жылдық жиынтық табыс: түсінігі, құрылымы.
- •1.Мемлекеттің салық салу саясаты.
- •1.Екі жакты салық салудың проблемалары.
- •2.Көлік құралдарына салынатын салық.
- •1.Бірыңғай жер салығы және оны төлеушілер.
- •1.Салық салудың принциптері.
- •2.Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу.
- •1.Резидент және резидент емес салық төлеушілер.
- •2.Корпорациялық табыс салығы.
- •1.Мемлекеттік баж және кедендік төлемдер.
- •2.Резидент және резидент еместерге салынатын салықтар ерекшеліктері.
- •1.Өнімнің озіндік құнының элементтері.
- •1.Екі жакты салық салуды жою туралы халықаралық келісімдер.
- •Табыс салық көзі ретінде
- •Акциздер
- •Салық салынатын айналым және салық салынатын импорт
- •Салық қызметінің мәртебесі мен құрылымы
- •Азаматтың мүлкіне салынатын салық
- •Әлеуметтік салық: түсінігі, ставкасы
- •Салық салу және таза ұлттық өнім шығару
- •Шаруа қожалықтарына арналған аср
- •Салықтардың мәні және олардың негізгі түрлері
- •Лаффер қисығы
- •Қр территориясындағы шетелдік заңды тұлғалардың салықтық есебіне койылатын негізгі талаптар
- •Бонустар, роялти
- •Прогрессивті, пропорционалды және регрессивті салық
- •Оңайлатылған декларация негізіндегі аср
- •Қазақстан Республикасының салық жүйесі.
- •Дискрециондық фискалдық саясат
- •Қосылған құнға салынатын салық
- •Резидент емес жеке тұлғалардың табыстарына салық салу тәртібі
- •Шекті және орта салық мөлшері
- •Бір жолғы талон және патент негізіндегі арнаулы салық режимі
- •Жеке табыс салығы: объектілері, ставкасы
- •Бюджеттік федерализм
- •Шетелдік заңды тұлғаларға салынатын салық
- •Міндетті төлемдер
- •Салықтың функциялары
- •Резиденттік және территориялық критерийлер (салық салу үшін)
- •Салық салынатын табысты түзету
- •Тікелей және жанама салықтар
- •Шағын бизнеске арналған арнаулы салық режимі (жалпы ереже)
- •Әр түрлі бюджет деңгейінің құрылуы
- •Роялтиді белгілеу тәртібі
- •Үстеме пайда салық төлеушілері
- •Мүлік салығын есептеу әдісі
- •Қосылған құн салығы бойынша есепке қою
- •Ққс ұғымы, салық салу объектісі, төлеушілері
- •Салық салынатын айналым және салық салынатын импорт
- •Ойын бизнес саласындағы қызметке салық салу
- •Акциз төлемдерінен босатылған товарлар (импортталған)
- •Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу
- •Қаржы лизингі
- •Жылдық жиынтық табыс
- •Тіркелген активтер бойынша шегерімдер
- •Салықтың мазмұны және мәні
- •Бюджеттік федерализм және бөлу
- •А.Смиттің салық салу принциптері
- •Корпорациялық табыс салығы
- •Салық салудың принциптері
- •Жер салығы
- •Табыс, салықтың қайнар көзі
- •Рейганомика. Лаффер қисығы
- •Амортизация түсінігі, мөлшері, группалар
- •Мемлекеттік баж және кедендік төлемдер
- •Әлеуметтік салық: түсінігі, ставкасы
- •Салық функциялары
- •Преференциялар және жеңілдіктер
- •Жеке табыс салығының ставкасы
1.Мемлекеттің салық салу саясаты.
Салық саясаты -мемлекеттің экономикалық саясатының бір бөлігі. Салық негізін, мөлшерлемесін, жеңілдіктерін және шегерімдерін өзгерту жолымен іске асырылады. Салық саясаты экономикаға мемлекеттің араласуы нәтижесінде мемлекеттік бюджетті қалыптастырады және жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) ауқымымен, экономиканың жеке секторларына салық шараларын қолдану дәрежесімен айқындалады. Қазақстанда жаңа салық жүйесі қатаң саяси, экономикалық және құрылымдық өзгерістер жағдайында қалыптасты. Салық жүйесінің өзгертілуі Салық кодексінде қарастырылған, ол, жалпы мемлекеттік мүдде мен жеке меншік мүдделерінің теңдестірілуін қамтамасыз ететін, кәсіпкерлікті дамытуға, инвестициялық қызметті жандандыруға, еліміздіңұлттық байлығын молайтуға, азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға, салықтың санын азайтуға және жалпы салық ауыртпалығын азайтуға септігін тигізетін ұтымды салық жүйесін құру міндетін шешуге бағытталған.
2. Жер салығыЖер салығы – тұрақты не уақытша пайдалануға берілген жер телімі (жер үлесі) үшін заң жүзінде бюджетке төленетін міндетті ақшалай төлемдер. Жер салығының негізгі мақсаты — экономикалық тәсілмен жер қорын тиімді пайдалануды қамтамасыз ету және бюджетке түсім түсіру арқылы жер қорын сақтау, жердің құнарлылығын, сапасын жақсарту шараларын қаржыландыру. Жер салығын салу нысаны жер телімі (жер үлесі) болып табылады. Жер салығының мөлшері салық салынған жердің сапасына, құнарлылығына және оның орналасуына байланысты дифференциалды түрде жердің бір шаршы метріне, немесе бір гектарына есептеліп бекітіледі. Салықтың базалық мөлшері республика заңымен бекітіледі. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге, өнеркәсіп және да басқа өндіріс саласындағы жерлерге салынатын жер салығының базалық ставкалары бір гектарға шаққанда бонитет балына бара-бар сарапталып бекітіледі. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге салынатын базалық салық ставкалары көлемі 0,50 гектарға дейін қоса алғанда - 0,01 гектар үшін 20 теңге; көлемі 0,50 гектардан асатын алаңға - 0,01 гектар үшін 100 теңге. Елді мекендердің жерлеріне (үй іргесіндегі жер учаскелерін қоспағанда) салынатын базалық салық мөлшерлемелері алаңның бір шаршы метріне шаққанда мынадай мөлшерде белгіленеді:
Алматы |
28,95 |
0,96 |
|
Астана |
19,30 |
0,96 |
|
3. Қазыналық зердесі бар бақылау-кассалық машиналарын қолдану. Салық бақылауы – заңды және жеке тұлғалардың салықтар мен алымдарды дұрыс төлеуін бақылауға алу. Салық бақылауын жүзеге асыру тәртібі ҚР Салық кодексінде (бірінші бөлім) баяндалған, мұнда оның нысандары, салық төлеушілерді есепке алу және есепке қою, қайта есепке алу және есептен шығару тәртібі, банктің салық төлеушілердің есебімен байланысты міндеттері, ұйымдарды, тіркейтін ұйымдардың, жеке кәсіпкерлер мен жеке тұлғалардың міндеттері, сондай-ақ салық қызметі органдарының құқықтары мен міндеттері, өз әрекеттері үшін жауапкершілігі, кеден органдары мен Салық бақылауын қамтамасыз ететін уәкілетті органдардың өкілеттігі мен жауапкершілігі айқындалған.Салық бақылауының неғұрлым тиімді нысаны – салық тексеруі, яғни салық заңнамасының сақталуын, салықтар мен алымдардың дұрыс есептелуін, олардың бюджетке толық және уақтылы төленуін, жеңілдіктердің негізді түрде қолданылуын тексеру. Тексерудің сипаты мен жүргізілу тәсіліне қарай салық тексеруі камералдық және көшпелі тексеру түрлеріне бөлінеді. Камералдық салық тексеруі – бухгалтерлік есеп-қисапты, салық мағлұмдамаларын, салықты есептеу мен төлеу үшін негіз болып табылатын салық төлеуші берген басқа да құжаттарды зерделеу мен талдау негізінде тікелей салық органы барлық салық төлеушіге жүргізетін бақылау. Ол салық органыныңорналасқан жері бойынша жүзеге асырылады. Көшпелі салық тексеруі салық органы басшысының (оның орынбасарының) шешімі негізінде салық қызметі органының жылдық жұмыс жоспарына және тексерудің тоқсандық кестелеріне сәйкес жүргізіледі. Қажет болған жағдайда белгіленген кестеден тыс жүргізілуі де мүмкін (салық төлеуші ұйымның қайта құрылған немесе таратылған, салық заңнамасының өрескел бұзылуы жайында ақпарат алынған жағдайда). Әдетте, салық төлеуші орналасқан жерде жүргізіледі.
№4 Билет
