- •1. Жылдық жиынтық табыс: түсінігі, құрылымы.
- •1.Мемлекеттің салық салу саясаты.
- •1.Екі жакты салық салудың проблемалары.
- •2.Көлік құралдарына салынатын салық.
- •1.Бірыңғай жер салығы және оны төлеушілер.
- •1.Салық салудың принциптері.
- •2.Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу.
- •1.Резидент және резидент емес салық төлеушілер.
- •2.Корпорациялық табыс салығы.
- •1.Мемлекеттік баж және кедендік төлемдер.
- •2.Резидент және резидент еместерге салынатын салықтар ерекшеліктері.
- •1.Өнімнің озіндік құнының элементтері.
- •1.Екі жакты салық салуды жою туралы халықаралық келісімдер.
- •Табыс салық көзі ретінде
- •Акциздер
- •Салық салынатын айналым және салық салынатын импорт
- •Салық қызметінің мәртебесі мен құрылымы
- •Азаматтың мүлкіне салынатын салық
- •Әлеуметтік салық: түсінігі, ставкасы
- •Салық салу және таза ұлттық өнім шығару
- •Шаруа қожалықтарына арналған аср
- •Салықтардың мәні және олардың негізгі түрлері
- •Лаффер қисығы
- •Қр территориясындағы шетелдік заңды тұлғалардың салықтық есебіне койылатын негізгі талаптар
- •Бонустар, роялти
- •Прогрессивті, пропорционалды және регрессивті салық
- •Оңайлатылған декларация негізіндегі аср
- •Қазақстан Республикасының салық жүйесі.
- •Дискрециондық фискалдық саясат
- •Қосылған құнға салынатын салық
- •Резидент емес жеке тұлғалардың табыстарына салық салу тәртібі
- •Шекті және орта салық мөлшері
- •Бір жолғы талон және патент негізіндегі арнаулы салық режимі
- •Жеке табыс салығы: объектілері, ставкасы
- •Бюджеттік федерализм
- •Шетелдік заңды тұлғаларға салынатын салық
- •Міндетті төлемдер
- •Салықтың функциялары
- •Резиденттік және территориялық критерийлер (салық салу үшін)
- •Салық салынатын табысты түзету
- •Тікелей және жанама салықтар
- •Шағын бизнеске арналған арнаулы салық режимі (жалпы ереже)
- •Әр түрлі бюджет деңгейінің құрылуы
- •Роялтиді белгілеу тәртібі
- •Үстеме пайда салық төлеушілері
- •Мүлік салығын есептеу әдісі
- •Қосылған құн салығы бойынша есепке қою
- •Ққс ұғымы, салық салу объектісі, төлеушілері
- •Салық салынатын айналым және салық салынатын импорт
- •Ойын бизнес саласындағы қызметке салық салу
- •Акциз төлемдерінен босатылған товарлар (импортталған)
- •Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу
- •Қаржы лизингі
- •Жылдық жиынтық табыс
- •Тіркелген активтер бойынша шегерімдер
- •Салықтың мазмұны және мәні
- •Бюджеттік федерализм және бөлу
- •А.Смиттің салық салу принциптері
- •Корпорациялық табыс салығы
- •Салық салудың принциптері
- •Жер салығы
- •Табыс, салықтың қайнар көзі
- •Рейганомика. Лаффер қисығы
- •Амортизация түсінігі, мөлшері, группалар
- •Мемлекеттік баж және кедендік төлемдер
- •Әлеуметтік салық: түсінігі, ставкасы
- •Салық функциялары
- •Преференциялар және жеңілдіктер
- •Жеке табыс салығының ставкасы
Қосылған құн салығы бойынша есепке қою
Ққс ұғымы, салық салу объектісі, төлеушілері
Салық салынатын айналым және салық салынатын импорт
1-сұрақ, 1.Қосылған құн салығы бойынша есепке қоюға Кодекстiң 208-бабына сәйкес белгiленген талаптарға сәйкес мынадай тұлғалар жатады: 1) жеке кәсiпкерлер; 2) заңды тұлғалар; 3) тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасында қызметiн жүзеге асыратын резидент еместер. Қосылған құн салығын төлеушiнiң өтiнiшi бойынша Кодекстiң 208-бабының 6 және 7-тармақтарына сәйкес қосылған құн салығын дербес төлеушiлер болып танылған оның құрылымдық бөлiмшелерi қосылған құн салығы бойынша есепке қоюға жатады.
2.Қосылған құн салығы бойынша есепке қою осы Ереженiң 1-тармағында көрсетiлген тұлғаның салық төлеушiлердi мемлекеттiк тiркеу рәсiмiнен өткеннен кейiн (немесе бiр уақытта) жүзеге асырылады және салық төлеушiлердi тiркеу есебi нысанының бiрi болып табылады. Қосылған құн салығы бойынша есепке қою салық төлеушілер туралы тіркеу деректемелеріне енгiзу жолымен жүзеге асырылады. Салық төлеушілер туралы тіркеу деректемелерінің мәлiметтерiнен қосылған құн салығын төлеушiлер туралы дерекқор қалыптасады.
Қосылған құн салығы бойынша есепке қою кезiнде салық төлеушiнiң тiркелу орны бойынша салық органы (бұдан әрi - салық органы) мыналардың негiзiнде қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәлiктi (бұдан әрi - Куәлiк) салық төлеушiге бередi: 1) белгiленген нысан бойынша салық органына берiлген қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы өтiнiш (бұдан әрi - Есепке қою туралы өтiнiш); 2) қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы салық органының шешiмi (бұдан әрi - Есепке қою туралы шешiм).
2-сұрақ. Қосылған құн салығы[1] – жанама салық түрі, қосылған құнның мемлекеттік бюджетке аударылатын бөлігі, бюджеттің маңызды көздерінің бірі. Кәсіпорын, бір жағынан, сатылған өнімдерден қосымша құн салығын алушы болса, екінші жағынан, жабдықтаушылардан өндіріс құралдарын сатып алушы ретінде Қосылған құн салығын төлеуші болып табылады. Қосылған құн салығын төлеушілер салық кодексінде белгіленеді. Мемлекеттік бюджетке төленетін Қосылған құн салығының көлемі өндірушінің сатқан тауары үшін есептелген салық пен жабдықтаушыларға шикізат, материалдар, отын мен энергия, т.б. өнімдер үшін төленген Қосылған құн салығының айырмасы негізінде есептеледі, яғни салық төлеушілер Қосылған құн салығын тауарларды өндіруге (жұмыстарды орындауға, қызмет көрсетуге) жұмсалған материалдық шығынды шегере отырып есептейді. Салық салынатын айналым бойынша бюджетке төленуге тиіс Қосылған құн салығының сомасы, салық кодексіне сәйкес, салық салынатын айналым бойынша есептелген Қосылған құн салығының сомасы мен шегерімге жатқызылған салық сомасы арасындағы айырма ретінде анықталады. Соңғы кездеріҚазақстанның экономикалық даму үдерісін қамтамасыз ету мақсатында Қосылған құн салығының мөлшерін азайту шаралары іске асырылуда. 2004 жылдың 1 қаңтарынан бастап салық төлеушілер Қосылған құн салығын 15% мөлшерінде төлейтін болды.Төлеушілер Мыналар:
1) Қазақстан Республикасында қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне тұрған мынадай тұлғалар:
-дара кәсіпкерлер;
-мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, резидент – заңды тұлғалар;
-қызметін Қазақстан Республикасында филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын резидент еместер;
-сенімгерлікпен басқару құрылтайшыларымен не сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушылармен сенімгерлікпен басқару шарттары бойынша тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу бойынша айналымды жүзеге асыратын сенімгерлікпен басқарушылар;
2) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды импорттаушы тұлғалар қосылған құн салығын төлеушілер болып табылады.
229-бап. Салық салу объектілері Мыналар:
1) салық салынатын айналым;
2) салық салынатын импорт қосылған құн салығы салынатын объектілер болып табылады.
3-сұрақ. Салық салынатын айналымды айқындау
1. Мыналар:
1) осы Кодекстің 232-бабында көрсетілген салық салынбайтын айналымды қоспағанда, Қазақстан Республикасында тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу бойынша;
2) Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын және қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асырмайтын резидент еместен жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сатып алу бойынша қосылған құн салығын төлеуші жасайтын айналым салық салынатын айналым болып табылады.
2. Қосылған құн салығы осы Кодекстің 256-бабына сәйкес есепке жатқызылған (оның ішінде негізгі құралдар, материалдық емес және биологиялық активтер, жылжымайтын мүлікке инвестициялар бойынша) тауарлар қалдықтары тұлғаны қосымша құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарған кезде Қазақстан Республикасында тауарларды өткізу бойынша айналым ретінде қарастырылады.
Осы тармақтың ережелері заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуына байланысты қосылу нәтижесінде барлық жаңадан құрылған заңды тұлғалар немесе заңды тұлғаға қосылған басқа заңды тұлға (заңды тұлғалар) қайта құрылғаннан кейін қосылған құн салығын төлеушілер болып табылатын шарттарды орындаған жағдайда оны қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарған кезде қолданылмайды.
238-бап. Салық салынатын айналым мөлшері
1. Егер осы бапта және Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу заңнамасында өзгеше көзделмесе, салық салынатын айналым мөлшері, мәміле жасасқан тараптары қолданатын бағалар мен тарифтерді негізге ала отырып, оларға қосылған құн салығын енгізбей, өткізілетін тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер құны негізінде айқындалады.
2. Тауарлар өтеусіз берілген кезде, сондай-ақ осы Кодекстің 230-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда, айналым мөлшері, оларға қосылған құн салығы енгізілмей, өткізу бойынша айналым жасау күні қалыптасқан бағалар деңгейі негізінде айқындалады, бірақ олардың баланстық құнынан кем болмауға тиіс.
Осы тармақтың мақсаты үшін тауарларды өткізу күніне бухгалтерлік есепте көрсетілген тауарлардың құны баланстық құн болып табылады.
3. Аванстар мен айыппұл санкцияларынан басқа, қосылған құн салығы салынатын өткізілген тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша талап ету құқығын беру кезінде, беру жүргізілу бойынша талап ету құқығының құны мен салық төлеушінің алғашқы құжатына сәйкес талап ету құқығын беру күніне борышкерден алынуға жататын талап ету құны арасындағы оң айырма ретінде айқындалады.
4. Кепіл берушіге кепілге салынған мүлікті (тауарды) берген кезде кепіл берушідегі салық салынатын айналым мөлшері өткізілетін кепілдіктегі мүлік (тауар) құны негізінде, бірақ осы мүлікті (тауарды) кепілге беруден алынған заем қаражаты сомасынан төмен емес болып, оған қосылған құн салығы енгізілмей, айқындалады.
5. Тауарды бөліп-бөліп төлеу шарттарымен өткізген кезде салық салынатын айналым мөлшері, шарт талаптарында көзделген барлық тиесілі төлемдер ескеріле отырып, осы баптың 1-тармағына сәйкес айқындалады.
6. Yшінші тұлғалар үшін төлеуге байланысты қызмет көрсетулер кезінде салық салынатын айналымның мөлшеріне комиссиялық сыйақы қосылады.
7. Салық салынатын айналым мөлшеріне акцизделетін тауарлар бойынша акциз сомалары енгізіледі.
246-бап. Салық салынатын импорттың айқындамасы
Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес декларациялануға жататын, Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін немесе әкелінген тауарлар (осы Кодекстің 255-бабына сәйкес қосылған құн салығынан босатылғандарын қоспағанда) салық салынатын импорт болып табылады.
247-бап. Салық салынатын импорт мөлшері
Салық салынатын импорт мөлшеріне Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес айқындалатын импортталатын тауарлардың кедендік құны, сондай-ақ, импортқа қосылған құн салығын қоспағанда, Қазақстан Республикасына тауарлар импорты кезіндегі салық және бюджетке төленетін кеден төлемдерінің сомалары кіреді.
№__24__билет
