Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-10_bilim.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
202.34 Кб
Скачать

12.Жер қорын қорғау, ұтымды пайдалану бағыттары. Жердің табиғи және жасанды өнімділігі

Пайдалану бағыттары бойынша жер ресурстары келесі санаттарға бөлінеді:

  1. Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер;

  2. Елді мекендер орналасқан жерлер;

  3. Өндіріс, байланыс, көлік, қорғаныс жерлері;

  4. Сауықтыру, рекреациялық, ерекше қорғалатын, тарихи-мәдени мақсаттағы жерлер;

  5. Орман қорының жерлері;

  6. Су қорының жерлері;

  7. Босалқы жерлер.

Жер басты байлық, жердегі тіршілік ортасы. Жер еңбек заты, еңбек құралы, өндірісті орналастыру орны болып табылады. Жердің аса маңызды қасиеті ауылшаруашылық өнімдерін өндіруге топырағының құнарлылығы. Топырақтың құнарлылығы бонитет балдарымен және өлшемдес өнімділік көрсеткіштерімен бағаланады. Бонитет балы – топырақтың сапалық көрсеткішиерінің сандық өлшемі. Сапалық көрсеткіштеріне қарашірік қабаты, органикалық және минералдық құрамы, құрылымы, түйіршіктенуі, ауа, су, өткізгіштігі, жалпы өсімдіктер өсуіне қолайлы жағдпайлары жатады. «Өлшемдес өнімділік» өнімділігі мен сол өнімдерді алуға жұмсалатын шығындар қатынасымен анықталады.

Жер ресурстарын қорғаудың басты бағыттары:

  1. Эрозиядан (жел, су техногендік) қорғау;

  2. Сортаңданудан (тұзданудан) қорғау;

  3. Құм басудан қорғау;

  4. Батпақтанудан қорғау;

  5. Топырақтағы қоректік заттарды сақтау;

  6. Топырақты уланудан қорғау;

  7. Бүлінген жерлерді (топырақты) қалпына келтіру;

  8. Жерді пайдалану құрылымын жақсарту, құнарлы жерлерді ауылшаруашылық айналымнан шығаруды болдырмау;

  9. Жерді тақырланудын қорғау, көгалдандыру.

Табиғи жағдайда ылғал жетіспеушілігі байқалатын топырақтар мен өсімдіктердің су жүргісін (режім) жақсартуға бағытталған шаралар кешені; гидротехникалық мелиорациялаудың бір түрі. Топырақтың ылғалдылығын көбейтеді, өсімдіктердің қоректену және жылулық режімдерін, топырақ пен жер беті қабатының микроклиматын жақсартады. Құрғақ (аридтік) аймақтағы жерлерді ауыл шаруашылығы үшін пайдалануға қосуға, ал гумидтік аймақта ауыл шаруашылығыалқаптарының өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Объектілердің орнына, табиғат жағдайларына және ауыл шаруашылық өндірісінің талаптарына байланысты тұрақты түрде өздігінен ағыза суармалау немесе суды мехникалық көтере суармалау және бір мезгілдік суармалау болып жіктеледі. Суды беру тәсілдеріне қарай беттік суармалау, жаңбырлату, топырақішілік суармалау сараланады (соның ішінде тамшылата суармалау, тозаңдата суармалау). Күріш өсіру үшін, сортаң топырақты шаймалау үшін және топырақты көктемгі бір мезгілдік ылғалдау үшін, әдетте, бастырасуармалау қолданылса, жайылмалық шабындықтың өнімділігін арттыру үшін көлдету әдісі жасалады. Жерді ұтымды пайдалану дегеніміз – топырақты сақтауды, өсімдік пен жануарлар дүниесін ұтымды пайдалануды қамтамасыз етуді, қоршаған ортаға әсер ететтін кері процестерді шектеуді көздейтін жүйе. Жерді пайдалану — қоғамдағы адамдар мен әлеуметтік топтар арасында қалыптасқан әлеуметтік және экономикалық қарым-қатынастар формаларының бірі. Оның жүйесі мен түрлері өндірістік қатынастардың тарихи дамуы мен ауысуына байланысты өзгеріп отырады. Жерді сол қоғамда қабылданған заңдарға сәйкес пайдаланады. Қоғамдық еңбек бөлінісінің дамуы (егінші, мал бағушы тайпалардың бөлініп шығуы) және осыған байланысты отырықшылыққа көшу алдымен рулардың, тайпалардың және қауымдардың арасында, содан соң жеке жанұялардың арасында жер бөлінісін туғызды. Мұның өзі жерді пайдаланудың тұрақты формаларының құрылуына әкелді. Егістік жер, мыс., қауым меншігіне қалғанымен, әр егінші өзіне пайдалануға берілген егістікті өз күшімен өңдейтіндей етуі үшін қауым мүшелерінің арасында жер дүркін-дүркін қайта бөліске салынып тұрды. Қазақстанның табиғи-климаттық ерекшеліктеріне қарай жер әр түрлі дәрежеде, көбінесе, егіншілік, жайылымдықтар мен шабындықтар үшін пайдаланылады. Ол үшін жерді құнарландыру мәселесін қолға алып, жер байлығын мал өсіру мен егіншілікте тиімді пайдаланудың маңызы ерекше.[1]

Жер аграрлық экономиканы шектеуші фактор болып табылады. Сондықтан жерді пайдалану және жерді иемдену аграрлық қатынастар жүйесінің негізін құрайды. Иемдену деген әлі толық меншік емес. Иемдену қатынастарындағы меншік объектері, тікелей иемденетін объект емес, олар шаруашылық жүргізудің шарты болып табылады. Жерді пайдалану одан да қарапайым қатынас. Бұл екі жағдайдан тұрады: жерді өндіріс құралы ретінде қолдану және жасалған өнімді иемдену. Қолдану, пайдалану иемденудің жалпылама шарты болып табылады. Жерге меншік формасы қандай болмасын, иемдену және пайдалану, жерде шаруашылық жүргізу үшін қажет болып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]