Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-10_bilim.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
202 Кб
Скачать
☆

3.Білім беру экономикасының зерттеу пәні

Білім беру экономикасының зерттеу пәні Білім берудегі экономикалық қатынастар болып табылады.

Білім берудегі экономикалық қатынастар – бұл білім беру қызметтерін өндірушілер мен оларды тұтынушылар арасындағы экономикалық қарым-қатынастар.

4.Білім берудегі экономикалық қатынастар түсінігі және оның ерекшеліктері

Бұл қатынастардың стандартты тауарларды сату-сатып алу қатынастарымен салыстырғанда белгілі бір ерекшеліктері бар:

    1. Ақпараттың жетіспеушілігі

  • Ұзақ мерзім пайдалануға есептелсе де білім беру қызметтерін таңдау жөнінде шешімді өзгерту мүмкіндігінің аздығы

  • Білім беру қызметтерін сатып алу кезінде олардың сапасын нақты бағалаудың күрделілігі

  • Білім беру түрін, оқу орнын немесе мамандықты таңдау туралы тиімсіз шешім қабылдау тұтынушы шығындарын арттырады

  • Бәсекелестіктің дамуы тұтынушылардың ақпаратпен қамтамасыз етілуін жақсартады, бірақ ақпараттың жеткіліксіздігі мәселесін толық шеше алмайды

    1. Инвестициялық шешімдерге кедергілердің болуы

  • Тұтынушы үшін оның білім алу нәтижелері болашақта оның табысының арту мүмкіндігін анықтайды.

  • дұрыс инвестициялық шешім қабылдау үшін тұтынушы барлық альтернативалар бойынша экономикалық шығындар мен пайданы салыстыруы қажет

    1. Локальды монополизм

    2. Сыртқы эффектлердің әсер етуі

      • әлеуметтік-ұйымдық тұрғыдан – білім алу әрбір адамға әлеметтенуге, қоғамға интеграциялануға, тиімді әрекет етуге мүмкіндік беретін қоғамдық және азаматтық стандарттарды қалыптастырады.

      • Әлеуметтік-мәдени тұрғыдан жаңа ұрпаққа осы қоғамда қалыптасқан құндылықтарды жеткізе отырып, сол қоғамның мүшелеріне дұрыс мақсаттар мен принциптер жөнінде түсінікті қалыптастырады.

      • Экономикалық тұрғыдан неғұрлым жоғары білім алған адамдар инновацияларды жасауда және таратуда неғұрлым өнімді жұмыс істейді, сол арқылы экономиканың тиімділігін арттыруға ықпал етеді.

Ұйымдық-технологиялық тұрғыдан қалыптасып жатқан ақпараттық қоғам азаматтардың білім деңгейіне жоғары талап қояды.

5.Білім беру бағдарламалары және оларға сәйкес білім алу типтері

Білім беру саласы білім беру қызметін жүзеге асыратын ұйымдар мен тұлғалардың жүйесі. Білім беру қызметі бір адамдардың басқа адамдарға жаңа білім беру, жаңа қабілеттіліктерді дамытумен байланысты қызметтер.

Берілетін білімдер әдетте білім беру бағдарламалары түрінде құрылады. Білім беру бағдарламасы кең мағынада берілетін білімнің белгілі бір мазмұны мен бағыттары, олардың күрделілігі мен оларды игеруге қажетті уақытпен сипатталады.

Индустриялдық қоғамда білім беруді ұйымдастыру арнайы құрылған ұымдарда білім алудың ұзақ процесін анықтайды. Білім беру бағдарламалары және оларға сәйкес білім алу екі типке бөлінеді:

  • Жалпы білім беру

  • Арнайы мамандандырылған білім беру

Әрбір типке күрделілігіне қарай бөлінетін бірнеше деңгейлер кіреді.

Жалпы білім берудің неғұрлым кең таралған екі деңгейі бар:

  • Бастауыш (алғашқы) жалпы білім беру

  • Орта (екінші) жалпы білім беру

Арнайы мамандандырылған білім берудің үш деңгейі бар:

  • Бастауыш

  • Орта

  • Жоғары

Әр түрлі елдерде әрбір деңгейдегі білім алудың ұзақтығы әр түрлі. Әдетте бастауыш жалпы білім беру 5-7 жастағы балаларды 3-4 жыл, орта жалпы білім беру 7-8 жыл, жоғары арнайы білім беру 4-6 жылға есептелген.

Білім беру қызметімен айналысатын ұйымдар білім берудің әр түрлі деңгейлері мен типтеріне маманданады. Бастауыш және орта жалпы білім беру бастауыш және орта мектептерде жүзеге асырылады. Бастауыш арнайы білім беруге арналған арнайы маманданған оқу орындары бар, жоғары арнайы білім беру жоғары оқу орындарында жүзеге асырылады.

Аталған білім беру деңгейлерінен басқа қосымша білім беру деп аталатын білім беру қызметінің басқаша типтері бар.

Индустриялдық қоғамнан ақпараттық қоғамға өту білім беруді ұйымдастыруда маңызды өзгерістерді туғызады:

  • Дәстүрлі баспа материалдарымен қатар білім беруде жаңа техникалық құралдардың пайда болуы

  • Қашықтан білім алу формасында ұйымдастыру

  • Білім беруді тек қана арнайы маманданған ұйымдардың ғана емес, сонымен қатар басқа да салалар кәсіпорындарының жүзеге асыруы

  • Ақпараттық технологиялардың білім беру қызметтерін көрсету ауқымының кеңеюіне және шығындарды үнемдеуге қол жеткізуді өқамтамасыз етуі

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]