Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-10_bilim.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
202.34 Кб
Скачать

7.Кәсіпорын түсінігі және оның формалары

Кәсіпорын – бұл дербес шаруашылық жүргізетін бірлік, меншігінде бар еңбек құралдары көмегімен еңбек заттарын өңдеп, тұтынушыларға қажет дайын өнім шығарып, пайда алу мақсатымен оны өткізетін, кәсіби ұйымдасқан еңбек ұжымы. Әр кәсіпорын заңды тұлға ретінде қарастырылады және кәсіпорынды құру келісім шарты негізінде жұмыс істейді.

Заңды тұлғаның негізгі белгілеріне келесі жатады:

  1. Тұлғаның ұйымдық бірлігі болу керек – нақты және толық басқару құрылымы болу керек, кәсіпорын цехтерге, жұмыс орындарға және т.с.с. бөліну керек;

  2. Мүліктік дербестік – бухгалтерлік баланс негізінде;

  3. Мүліктік жауапкершілік – кәсіпорын барлық қарыздары бойынша барлық өз мүлігімен жауап беруге тиіс.

Кәсіпорынның негізгі міндеттері:

  1. Пайда алу және оны өсіру

  2. Жұмыс орындарын және еңбек ақыны қамтамасыз ету

  3. Қоршаған ортаны қорғау, ластамау

  4. Сапалы өнім шығару

  5. Жұмысшыларға қажет жұмыс жағдайларын жасау

  6. Өз қызметін дамыту

Кәсіпорындардың жіктелуі

Жіктеу факторлары:

1) Қолданылатын қорларына байланысты кәсіпорындар еңбек сіңіргіштігі жоғары, қор сіңіргіштігі жоғары және материал сіңіргіштігі жоғары болып бөлінеді. Еңбек сіңіргіштігі жоғары кәсіпорындарда, көбінесе еңбек бөлінісі дәрежесі өте жоғары. Бөл бөліністің кемшіліктері еңбекті ізгілендіру, еңбек қызметін қызықтыру және топтарда жұмыс істеу тұжырымдамаларын туғызды.

2) Салаға байланысты кәсіпорындар келесі түрде бөлінеді: кен өңдіру, өнеркәсіптік кәсіпорындар, ауыл шаруашылық, сауда, транспорт, байланыс, құрылыс кәсіпорындары, қаржы мекемелері.

3) Орналасуына қарай.

4) кәсіпорын өлшеміне қарай ірі, орташа, шағын кәсіпорындар болады. Ол үшін жұмысшылардың саны, жылдық айналымы, негізге қаржы мөлшері, жұмыс орындарының саны, бастапқы материалдардың қолданылуы есебке алынады.

5) меншік формасына қарай жеке, мемлекеттік, ұжымды кәсіпорындар болады.

6) ұйымдастырушылық-құқықтық формасына қарай

Кәсіпорындардың ұйымдастырушылық-құқықтық формалары.

  1. Шаруашылық серіктестіктер.

Шаруашылық серіктестіктер – белгілі бір мақсаттарға жету мақсатымен кәсіпкерлердің бірігуін айтады.

  1. Өндірістік кооперативтер

– бұл бірлескен өндірістік және шаруашылық қызмет жүргізу мақсатымен адамдардың бірігуі. Әр құрылтайшы кооператив жұмысына тікелей еңбек ету қажет. Жалданды еңбек қолдануға тыйым салынады. Табыс істеген еңбек үлесіне қарай бөлінеді. Жауапкершілік – берген салым (пай) мөлшерінде.

  1. Унитарлы кәсіпорын.

Мұнда мүлікке меншік құқығы болмайды, барлық қызметкерлер жалданды болады.

8.ТКШ жүйесіндегі кәсіпорындардың түрлері

  1. ТКШ жүйесі келесідей кәсіпорындардан тұрады:

  1. Тұрғын үй шаруашылығы:

  • Тұрғын үй қоры

  • Жөндеу құрылыс кәсіпорындары

  • Жөндеу эксплуатациялық кәсіпорындар

  1. Санитарлық техникалық кәсіпорындар:

  • Су құбыры

  • Кәріз жүйесі

  • Территорияларды тазалау кәсіпорындары

  • Кір жуу және монша кәсіпорындары

  1. Транспорт кәсіпорындары:

  • Қоғамдық көлік

  • Жергілікті су көлігі

  1. Энергетикалық кәсіпорындар:

  • Электр желілері

  • Газбен жабдықтау желілері

  • Жылумен жабдықтау желілері

  • Жылу қазандықтары

  • Электр станциялары

  1. Сыртқы абаттандыру құрылыстары:

  • Жолдар

  • Көпірлер

  • Су жағалаулары

  • Гидротехникалық құрылыстар

  • Жасыл көшеттер

  • Көшені жарықтандыру.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]