Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-10_bilim.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
202.34 Кб
Скачать

18. Медициналық қызметтерге баға белгілеу негіздері

Баға – күрделі экономикалық категория. Баға негізінде тауарлар өндірісі. өткізілуі, олардың құнын анықтау мәселесі, ұлттық жалпы өнімді шығару, тарату және қолдану және т.с.с. сұрақтар шешіледі.

Баға жасау қағидалары:

1.Ішкі факторларға бағдарлану (шығындарға):

а)баға шығындарды қайтарып, кәсіпорын дамуына қажет пайда әкелуге тиіс;

б) баға өндіріс факторларын қолдану тиімділігімен анықталады.

2. Сыртқы факторларға бағдарлану (сұраныс, ұсыныс, тұтынушылық қасиеттер және т.б.:

3. Аралас (ішкі факторлар ұсынысты, сыртқы факторлар сұранысты сипаттайды).

  Баға функциясы деп оның ішкі құрамының (қасиеттерінің) сыртынан көрінісін айтады. Бағаның 5 функциясын атауға болады:

а) есепке алу функциясы

б) Ынталандырушы функция.

В) Бөлу функциясы.

Г) Сұраныс пен ұсынысты теңестіру функциясы.

Д) Өндірісті тиімді орналастыру белгісі ретінде болуға бағытталған бағаның функциясы..

Баға саясаты деп өз тауарларына, қызметтеріне бағаларды орнатуда фирма жетекшілері ұстанатын жалпы қағидалар жиынтығын атайды. Баға стратегиясы деп осы қағидаларды іске асыруға мүмкіндік беретін әдістер жиынтығын атайды. Баға саясаты жалпы фирма стратегиясының бір бөлімі ретінде қарастырылады.

19. Медициналық қызметтердің құнын анықтау әдістері

Құн – қоғамға пайдалы еңбек шығындары (орташа). Әртүрлі тауарлар құндарының арақатысы оларға кеткен абстрактты еңбек мөлшерлерінің арақатысы болып табылады. Ал тауар бағасы осы тауар құнының ақшалай көрінісі болып табылады. Ол әртүрлі кездейсоқ нарықтық факторларға байланысты өзгеруі мүмкін. Өзіндік құнды төмендету арқылы қоғамның таза табысы, кәсіпорын пайдасы өседі. Әртүрлі кәсіпорындарда шығарылатын бірдей өнімнің өзіндік құны әртүрлі болуы мүмкін. Жоғары болған өзіндік құн кәсіпорында өндірісі процесі нашар ұйымдастырылғанын көрсетеді, басқалармен салыстырғанда.

Өзіндік құн келесі мақсаттарда қолданылады:

  • Бағаны анықтау үшін

  • Кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттау үшін

  • Менеджерлер оперативті шешім қабылдау үшін

20.Медициналық ұйымдарда жалақы қорын қалыптастыру

Барлық денсаулық сақтау ұйымдарының құрылымдық бөлімшелері медицина бөлігінің жалақы қорының пропорциясын қалыптастыру медицина қызметкерлерінің барлық әрқайсысының денсаулық сақтау ұйымының бір әрқайсысы) құрылымдық бөлімшелері жалақы қорынан медицина бөлігінің жалақы қорының үлес салмағын анықтау арқылы жүзеге асырылады, мынадай  формула бойынша:

Кі=ФЭі*100% n ЗПі і=1

      мұнда,       Кі - і бөлімшесіне денсаулық сақтау ұйымдарының құрылымдық бөлімшесі медицина бөлігінің жалақы қоры қатынасының үлес салмағы;       ФЭі - і бөлімшесінің медицина бөлігінің жалақысы;       n - бөлімше саны.       21. Құрылымдық бөлімшелер арасында қаражатты бөлу, мынадай формула бойынша:

Vii х SЭМО

      мында,       V; - і -құрылымдық бөлімшесінің қаражат көлемі;       Кі - і-бөлімшесіне денсаулық сақтау ұйымының құрылымдық бөлімшелері медицина бөлігінің жалақы қоры қатынасының үлес салмағы;         МҰҮ - медицина ұйымы қаражатының үнемдеу сомасы.       22. Жоғарлау және төмендеу коэффициентін есепке ала отырып і- бөлімшесі бойынша қаражаттың түпкілікті көлемі мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:

RVi = Vi х (К*жоғ - Ктөм),

      мұнда,       RVi- белгіленген қаражат көлемі і-бөлімшесіне бөлінген;       Vi - і-бөлімшесінің бөлінген қаражат көлемі;       Кжоғ- жоғарлау коэффициенттері;        Ктөм - төмендеу коэффициенттерінің сомасы.

      23. Медицина қызметкерлерінің жалақы қорының пропорциясын қалыптастыру аталған денсаулық сақтау ұйымдарының бөлімшесі медицина бөлімінің жалақы қорынан әрбір бөлімшелердің медицина қызметкерінің жалақы қорының үлес салмағын анықтау арқылы жүзеге асырылады, мынадай формула бойынша:

Кі=ФЭі*100% n ЗПi і=1

      мұнда,       Кі - і медицина қызметкеріне медицина бөлігінің жалақы қорының қатынасына үлес салмағы;       ЗПi - і медицина қызметкерінің жалақы қоры;       ФЗПмрi - айлық медицина бөлігінің і-бөлімшесінің жалақы қоры.       24. Ұйым басшысының және оның орынбасарларының көтермелеу сапасы комиссия шешімі арқылы анықталады, бірақ бір лауазымдық жалақыдан аспауы керек.       25. Қаражат мөлшері медицина қызметкерлері арасында келесі формула арқылы жүзеге асырылады:

Vмр=Кмрі х RVi,

      мұнда,       Vмр - айлық медицина қызметкерінің сараланған еңбекақы сомасы;       Кмрі - і медицина қызметкеріне медицина бөлігінің жалақы қорының үлес салмағы;       RVi - і-ші бөлімшесінің бөлінген қаражат мөлшері.       26. Барлық денсаулық сақтау ұйымдарының құрылымдық бөлімшелерінің медицина бөлігі бойынша қалыптасқан жалпы үнемделген қаражатты жоғарлау коэффициент қолданылады, келесі формула бойынша жүзеге асырылады:

RVмрi = Vмрi х (К*жоғ - Ктөм),

      мұнда,       RVмрі - айына медицина қызметкерінің еңбекақысы қорының қатынасының үлес салмағы;       Vмрi - бір медицина қызметкерінің қаражат көлемі;       Кжоғ - жоғарлау коэффициенті;        Ктөм- төмендеу коэффициенттерінің сомасы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]