Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-10_bilim.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
202.34 Кб
Скачать

3.Денсаулық сақтау экономикасының зерттеу пәні

Денсаулық сақтау экономикасының зерттеу пәні ондағы экономикалық қатынастар болып табылады.

Денсаулық сақтау саласындағы экономикалық қатынастардың ерекшеліктерін анықтау үшін медициналық қызмет көрсетуді өндіруші мен тұтынушының өзара қарым-қатынасын қарастыру қажет. Бұл жақтардың арасындағы қарым-қатынастардың стандартты тауарлармен салыстырғанда келесідей ерекшеліктері бар:

  1. Сұраныстың пайда болуының белгісіздігі

  2. Ақпараттық ассиметрия

  3. Өндірушілердің локальды монополизмі

  4. Жаңа өндірушілер нарығына қолжетімдіктің шектеулілігі

  5. Пайданы максималдауға мүдденің шектеулілігі

  6. Сыртқы эффектлердің әсер етуі

Қоғамдық тәжірибеде медициналық нарықтың кейбір кемшіліктерін азайту мақсатында белгілі бір экономикалық институт ретінде медициналық сақтандыру институты қалыптасқан.

Ол келесідей механизм арқылы жүзеге асады: адамдар сырқаттанған жағдайда емдеу шығындарын өтеу үшін ортақ сақтандыру қорына белгілі бір қаражат салады. Белгілі бір уақыт аралығында адамдардың бір бөлігі ғана сырқаттанып, медициналық көмек қажет ететін болғандықтан жеке салымдардың мөлшері ауыр сырқаттану жағдайында шығындалатын шығындардан едәуір төмен болады. Сақтандыру пулы көптеген адамдар үшін сақтандыру полисін алу арқылы көп шығындалу тәуекелінен сақтануға мүмкіндік береді. Бұл ауруға шалдығу қаупі бар және медициналық көмекке көп қаражат жұмсау қаупі бар адамдар үшін сақтандыруды экономикалық тұрғыдан тартымды етеді. Медициналық сақтандырудың басты принципі «сау адам ауру адам үшін төлейді».

4.Медициналық сақтандыру нарығы және оның дамуы

Кез келген елде экономиканы дамыту кезінде медициналық сақтандыру қызметтерінің нарығы қалыптасады. Оның субъектлеріне сақтандырушылар, сақтаушылар және сақтанушылар жатады.

Сақтандыру қызметтері нарығының басты екі кемшілігі бар:

  • Іріктеудің нашарлауы

  • Моральдық тәуекелдік

Іріктеудің нашарлауы сақтандыруды сатып алушыларды олардың ауруға шалдығу қаупіне қарай дұрыс іріктелмеуінің нәтижесінде болады. Сақтандырушы аурудың қауіптілік дәрежесін анықтай алмайтын жағдайда сақтандыру жарналарын дифференциалдау мүмкіндігі болмайды, сондықтан сақтандырушы қауіптіліктің орташа деңгейін сипаттайтын жарнаны тағайындайды.

Моралдық тәуекелділік дегеніміз сақтанушының медициналық көмекті пайдалану мақсатында сақтандыру жағдайының тезірек болуын қалай отырып, шектен тыс медициналық қызметті тұтынуы.

Моральдық тәуекелділік проблемасын шешудің келесідей тәсілдері жасалған:

1. Медициналық қызметтерді тұтыну кезінде сақтанушылардың қосымша ақы төлеуін енгізу;

2. өткен сақтандыру кезеңіндегі сақтанушының дәрігерлік қадылдауда болуы және стационарлық емдеуден өту саны белгілі бір бекітілген шектен төмен болған жағдайда сақтандыру жарналарына жеңілдіктер жасау;

3. Сақтандыру медициналық ұйымы сарапшыларының ауруды госпитализациялау қажеттілігі жөнінде сараптау жүргізуі;

4. Сақтандыру ұйымы келісім шартқа отырған дәрігерлер мен медициналық ұйымдарда емделген сақтанушылардың шығындарын ғана өтеу.

Іріктеудің нашарлауы проблемасын шешу жолдары:

1. Сақтандырушы мен сақтанушының арасында шығындардың бөлінуі;

2. Сақтандыру жарналарының мөлшерінің жеке адамның денсаулығы мен ауру қауіптілігіне нақты сәйкестігін орнату.

3. Анықталған ауруына сәйкес сақтандыру мерзімін қысқарту және сақтандыру құнын түзету.

Медициналық сақтандыру нарығының басты проблемасы экономикалық себептермен медициналық сақтандыруды сатып ала алмайтын азаматтардың болуы. Бұл әлеуметтік әділеттілік тұрғысынан ерікті медициналық сақтандырудың кемшілігі болып табылады.

Әлеуметтік тұрғыдан әділетті денсаулық сақтау жүйесі қазіргі қоғамның әрбір өзінің мүшесіне әлеуметтік жағдайына және жеке табысына қарамастан медициналық қызметтердің минималды мөлшерін тұтыну мүмкіндігін беретіндей болуы тиіс. Сол себепті медициналық көмектің қолжетімдігіне қатысты әлеуметтік әділеттілік денсаулық сақтау саласындағы нарықтық қатынастардың шектелуі мен мемлекеттің араласу қажеттілігін туғызады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]