
- •1.Білім беру саласы түсінігі және оның маңызы
- •2.Білім берудің ел экономикасында алатын орны
- •3.Білім беру экономикасының зерттеу пәні
- •4.Білім берудегі экономикалық қатынастар түсінігі және оның ерекшеліктері
- •5.Білім беру бағдарламалары және оларға сәйкес білім алу типтері
- •6.Қазақстан Республикасындағы бiлiм беру деңгейлерi
- •7.Бiлiм беру ұйымдары және олардың қызмет ету принциптері
- •8.Білім беруді басқару деңгейлері.
- •9.Білім беру қызметін қаржыландыру формалары
- •10. Қр Білім беру жүйесін қаржыландыру Мақсаты: Білім беру қызметіне тең қол жеткізуді қамтамасыз етуге бағдарланған қаржыландыру жүйесін жетілдіру.
- •11.Білім беру мекемелерінің негізгі қорлары және олардың құрамы мен құрылымы
- •12. Білім беру мекемелерінің айналым қорлары, құрамы және құрылымы
- •13.Білім беру қызметтерінің өзіндік құны
- •14. Білім беру қызметтерін жүзеге асыру шығындары және олардың құрамы
- •15.Білім беру ұйымдарында шығындарды азайту жолдары
- •16.Білім беру ұйымының табысы және пайдасы
- •1. Өнімді, қызметтерді өткізуден түскен пайда
- •2. Басқа сатулардан (мүлікті) түсетін пайда
- •3. Өткізуден тыс табыстар мен шығындар.
- •17.Пайданың түрлері және пайданы бөлу
- •18. Білім берудегі баға белгілеу негіздері
- •19.Білім беру қызметтерінің құнын анықтау әдістері
- •20. Жалақы экономикалық және заңдық категория ретінде
- •21.Білім беру мекемелерінде жалақыны ұйымдастыру қағидалары.
- •22. Білім беру саласын мемлекеттік реттеу қажеттілігі
- •24. Білім беру саласын қаржыландырудың шетелдік тәжірибесі
- •25. Білім беру саласын мемлекеттік реттеу моделдері
- •1.Денсаулық сақтау саласының маңызы.
- •2.Денсаулық сақтау саласы және оның деңгейлері.
- •3.Денсаулық сақтау экономикасының зерттеу пәні
- •4.Медициналық сақтандыру нарығы және оның дамуы
- •5.Денсаулық сақтау жүйесінің құрылымы.
- •6.Денсаулық сақтау субьектілері.
- •8.Денсаулық жүйесін қаржыландыру және оның негізгі типтері
- •9.Медициналық қызметтерді өтеу әдістері және олардың ерешеліктері
- •10. Медициналық сақтандыру түсінігі және оның қажеттілігі
- •11.Медициналық сақтандыру түрлері
- •12.Медициналық ұйымдардың негізгі қорлары және олардың құрамы мен құрылымы
- •13.Негізгі қорларды пайдалану тиімділігі және оның көрсеткіштері
- •14.Медициналық ұйымдардың айналым қорлары, құрамы және құрылымы
- •15.Медициналық қызметтердің өзіндік құны
- •16.Медициналық қызметтерді жүзеге асыру шығындары және олардың құрамы
- •17.Медициналық ұйымның табысы және пайдасы
- •1. Өнімді, қызметтерді өткізуден түскен пайда
- •2. Басқа сатулардан (мүлікті) түсетін пайда
- •3. Өткізуден тыс табыстар мен шығындар.
- •18. Медициналық қызметтерге баға белгілеу негіздері
- •19. Медициналық қызметтердің құнын анықтау әдістері
- •20.Медициналық ұйымдарда жалақы қорын қалыптастыру
- •21.Медицина қызметкерлерінің қызметін бағалау өлшемдері
- •22.Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттiк саясат принциптерi:
- •23.«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының стратегиялық басым бағыттары
- •24.Әлеуметтiк медициналық сақтандырудың еуропалық жүйесі
- •1.Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық маңызы
- •2.Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығының сфералары
- •3.Ткш экономикасының зерттеу пәні, мақсаты мен міндеттері
- •4. Тұрғын үй шаруашылығы саласындағы экономикалық қатынастардың ерекшеліктері
- •5.Ткш саласына мемлекеттің араласу қажеттілігі және формалары
- •6.Қр тұрғын үй-коммуналдық секторды құқықтық реттеу
- •7.Кәсіпорын түсінігі және оның формалары
- •9.Ипотекалық несие түсінігі және оның маңызы
- •10.Қазақстанда ипотекалық несие беруді жүзеге асыру
- •11.Медициналық сақтандыру түрлері
- •12.Тұрғын үй құны және оның түрлері
- •13.Тұрғын үй құнын бағалау және оның әдістері
- •14.Тұрғын үйді бағалаудың табыстық әдістері
- •15.Тұрғын үйді бағалаудың шығындық әдістері
- •16.Тұрғын үйді бағалаудың салыстырмалы әдістері
- •17. Тарифтік саясат және оның бағыттары
- •18. Қазақстанда тұрғын үй коммуналдық шаруашылық секторларында тарифтерді реттеу
- •19.Тұрғын үй нарығының теориялық негіздері
- •20. Тұрғын үй нарығының құрылымы
- •Тұрғын үй нарығы
- •21.Тұрғын үй нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың қалыптасуы
- •22.Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй-коммуналдық сфераны реформалау
- •23.Тұрғын үй -коммуналдық шаруашылықты жаңғырту-2020 бағдарламасы
- •1) Тұрғын үй қатынасының оңтайлы моделін құру
- •2) Коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту
- •24.Нарықтық экономикасы дамыған елдерде тұрғын үй-коммуналдық қызметтерді ұйымдастырудың тәжірибесі
- •25.Тұрғын үй нарығының шетелдік үлгілері
- •Табиғатты пайдаланудағы әлеуметтік-экономикалық қатынастар
- •Табиғат заңдылықтары мен қоғам заңдылықтарын үйлестіру
- •Орманның табиғат қорғау құндылығын бағалау және орман қорын шаруашылықта пайдалану тиімділігін арттыру
- •Табиғат кешендерінің мониторингі. Экологиялық сараптаулар
- •Табиғи ортаның сыйымдылық потенциалы, оны иелену және табиғи ортаға ластаушы заттар шығарылуын реттеу
- •Ёмкость среды
- •Уравнение Ферхульста-Пирла
- •Әртүрлі табиғат ресурстарын экономикалық бағалаулардың ерекшеліктері және қолданылуы
- •9) Экономикалық бағалау мәні, көрсеткіштері және оларды анықтау әдістері
- •10) Ресурстардың абсолютті және салыстырмалы сарқылуы. Ресурс тапшылығы
- •11.Минералдық шикізат қорын, кен орындарын пайдалану тиімділігінің кешенді көрсеткіштері
- •12.Жер қорын қорғау, ұтымды пайдалану бағыттары. Жердің табиғи және жасанды өнімділігі
- •21.Атмосфераны қорғау шаралары және олардың тиімділігін анықтау
- •22.Табиғатты пайдалану төлемдерінің түрлері, оларды жіктеу және сұрыптау
- •15. Жер ресурсын бағалау әдістері. Жердің абсолютті және салыстырмалы құндылығы
- •16. Әлемдік экономикадағы «жасыл экономика»: қалыптасуы, дамытудың тәжірбиесі мен өзекті мәселелері
- •17. Су қорын кешенді, үнемді пайдаланудың экономикалық тиімділігі
- •18. Халықты азықпен, ауыз сумен қамтамасыз ету мәселелері. Экологиялық қауіпсіздік және тұрақты даму
1.Білім беру саласы түсінігі және оның маңызы
Білім беру саласы білім беру қызметін жүзеге асыратын ұйымдар мен тұлғалардың жүйесі. Білім беру қызметі бір адамдардың басқа адамдарға жаңа білім беру, жаңа қабілеттіліктерді дамытумен байланысты қызметтер.
Берілетін білімдер әдетте білім беру бағдарламалары түрінде құрылады. Білім беру бағдарламасы кең мағынада берілетін білімнің белгілі бір мазмұны мен бағыттары, олардың күрделілігі мен оларды игеруге қажетті уақытпен сипатталады.
Қазақстан Республикасының бiлiм беру жүйесi өзара iс-қимыл жасайтын: 1) бiлiм беру деңгейiнiң сабақтастығын қамтамасыз ететiн мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандарттарының және бiлiм беретiн оқу бағдарламаларының 2) меншiк нысандарына, үлгiлерi мен түрлерiне қарамастан, бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарының 3) бiлiм берудi басқару органдары және тиiстi инфрақұрылымдар, оның iшiнде бiлiм сапасы мониторингiн жүзеге асыратын ғылыми және оқу-әдiстемелiк қамтамасыз ету ұйымдарының жиынтығын бiлдiредi.
Білім беру «Қазақстан – 2030» ұзақ мерзімді Стратегиясының маңызды басымдықтарының бірі болып танылды. Қазақстандағы білім беру реформаларының жалпы мақсаты білім беру жүйесін жаңа әлеуметтік-экономикалық ортаға бейімдеу болып табылады. Қазақстан Президенті республиканы әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енгізу туралы міндет қойған болатын. Білім беру жүйесін жетілдіру осы мақсатқа қол жеткізуде маңызды рөл атқарады.
Халықаралық тәжірибе ерте балалық шақтан ересек жасқа дейін адами капиталға, атап айтқанда, білім беруге бөлінетін инвестицияның экономика мен қоғамға елеулі қайтарымы болатынын дәлелдеп отыр.
Адами капиталға бөлінетін инвестициялар жылдам өзгеретін әлемде бейімделе алатын техникалық прогрессивті, өнімді жұмыс күшін құру үшін аса қажет. Болашақтың табысты экономикасы білім беруіне, халықтың дағдылары мен қабілетіне инвестициялайтындар болмақ. Білім беруді әлеуметтік қажеттіліктерге жұмсалатын шығындар ретінде ғана емес, экономикалық инвестициялар ретінде түсіну қажет.
Білім беру мен экономикалық өсуді байланыстыратын көптеген дәлелдер бар:
макро- және микроэкономикадағы халықаралық зерттеулерді шолу білім берудің, табыстың және өнімділіктің арасында тығыз байланыстың бар екенін дәлелдеп отыр. Бұл ретте оқытудың бастапқы кезеңіне инвестициялаудың зор қайтарымы болатыны байқалады;
зерттеулер білім беруді дамытуға жұмсалған инвестицияның маңызды жақтарын растайды.
2.Білім берудің ел экономикасында алатын орны
Экономикалық пайдадан бөлек білім беру басқа да әлеуметтік пайдаларды келтіреді, әлеуметтік капиталдың – азаматтардың көп үлесінің қатысуымен құралған, әлеуметтік бірлігі мен интеграциясы жоғары, құқық бұзушылық деңгейі төмен қоғамның қалыптасуына ықпал етеді. Жастайынан білім алу әлеуметтік, эмоционалдық және басқа да өмірге қажетті дағдыларды қалыптастыруда маңызды рөлге ие. Білім беру қызметінің барлық спектрларын одан әрі дамытудың сенімді дәлелдері осында. Қазақстанның білім беруді түбегейлі жаңғыртуы: білім беруге салынатын инвестицияны айтарлықтай және тұрақты ұлғайтуы, оның сапасын жақсартуы қажет.
Сондықтан жаңа ұлттық пайымдау ұсынылады: 2020 жылға қарай Қазақстан – білімді мемлекет, ақылмен құрылған экономика және біліктілігі жоғары жұмыс күші. Білім берудің дамуы еліміздің болашақ экономикалық, саяси және әлеуметтік-мәдени өркендеуі сүйенетін тұғырнамасы болуы тиіс.
Білім беру саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатын іске асырудың ұйымдастырушылық негізі – қазақстандық білімді жаңғыртудың жалғастырылуын қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) болуы тиіс.
Бағдарлама білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың ұйымдастырушылық негізі ретінде білім беру мен тәрбиенің, басқару жүйесінің, білім беру қызметі субъектілерінің құқықтық-ұйымдастырушылық нысандарының және қаржы-экономикалық тетіктерінің құрылымындағы, мазмұны мен технологияларындағы өзгерістерді қамтитын ресурстары мен мерзімі бойынша бір-бірімен өзара байланыстағы іс-шаралар кешені болып табылады.