Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-apta.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
400.72 Кб
Скачать
  1. Сұхбатты рөлдерге бөліп оқыңыз, аударыңыз.

- Сіз қазақтың тұңғыш ғалымын білесіз бе?

- Ия, білемін.Шоқан Уәлиханов қазақ халқының тұңғыш талантты ғалымы.

- Ол қай кезде өмір сүрген?

- Ол 30 жыл ғана, яғни 1835-1865 жылдар аралығында өмір сүрген.

- Ш.Уәлиханов қандай ғылым саласын меңгерген?

- Ш.Уәлиханов әр алуан ғылым саласын меңгерген энциоклопедист, ғалым еді. Оның жағрапия, әдебиет, этнография, тарих, экономика, құқық, дін т.б. саласында құнды-құнды еңбектері бар.

- Ол қай жерде білім алды?

- Ол алдымен ауылда мұсылманша хат таныды, сосын Омбыдағы кадет корпусында оқыды.

- Зерттеу жұмыстарымен қай кезден бастап айналысқан?

- Оның зерттеуші қабілеттері кадет корпусында оқып жүргенде оянған. Сабақтан тыс уақыттарында көп оқып, саяхатшы болуды армандайды.

- Ол кісі әскери адам болған ба?

- Ия, ол әскери қызметте жүріп, Орта Азия халықтарының тарихын, әдет-ғұрпын, тұрмыс-салтын, жағрапиясын зерттеуге белсене араласады.

- Ш.Уәлиханов қырғыз елін зерттеу экспедициясына қатысқан екен.

- Дұрыс айтасыз. Қырғыздар мен ұлы жүз қазақтарының тарихы, этнографиясы туралы мәліметтер жинайды, ауыз әдебиетін нұсқаларын жазып алады. Қырғыз халқының Манас жырын бірінші рет баспаға ұсынып жоғары баға береді.

  1. Диалогты рөлдерге бөліп оқыңыз, аударыңыз.

- Құрметті, профессор «нанотехнология» дегеніміз қандай ғылым?

- Нанотехнология заттың кішкентай бөлшектерінің орнын ауыстыру арқылы бұйым сапасын өзгертіп, тіптен жаңа материал алуға мүмкіндік беретін ғылым.

- Бүгінде өндірісте жоғары технологияларды пайдалану туралы көп айтылып жатыр. Сіздіңше Қазақстан қандай салаларға басымдық бергені жөн?

- Меніңше Қазақстанға энергетика мен нанотехнология жетістіктері арқылы қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мониторинг жасау саласына көңіл аударғаны абзал.

- Нанотехнология салаларының аумағы қандай?

- Нанотехнология жетістіктерін пайдаланатын салалардың аумағы өте кең. Ғарыштан бастап, денсаулық сақтауға дейін.

- Нанотехнология ғылымы дамуы үшін не істеу керек?

- Ғылым дамуы үшін білікті кадр, арнайы құрал-жабдықтар және нанотехнология жетістіктері мен экономикалық қажеттілік болуы шарт. Яғни экономикада ғылымға деген, ғылыми жаңалықтарға деген сұраныс болуы керек.

- Өте ұсақ бөлшектермен жұмыс жасайтын нанотехнологиядан қандай да бір қатер болуы мүмкін бе?

- Ең бірінші, кез келген білімді адамзатқа қажетті мақсат та пайдаланбаса ол қауіпті болатынын естен шығармайық. Шындығында, ең қауіптісі ол – білімсіздік. Тек наноөнімдер туралы білімнің жоқтығы қауіпті болуы мүмкін. Терең ғылыми негіздемесіз пайда болған дүниені келтіретін залалы көп болады.

- Нанотехнологияның адам ағзасымен байланысы туралы айтсаңыз.

- Біздің ағзамыздың өзі, соның ішінде ДНК-ның молекулары да – нанонтехнологияның объектісі. Табиғат өі ежелден нанотехнологиямен айналысып келеді. Біз осыны түсінген кезде де қауіп-қатерден құтыламыз. Өйткені көптеген аурулар наноөлшем деңгейінде жүретін процестермен байланысты.

- Нанотехнологияның маңызды ерекшеліктері қандай?

- нанотехнологияның ең маңызды ерекшеліктерінің бірі – бізді қоршаған әлемді тереңірек түсіну мен адамның өмір сүру деңгейін жақсарта түсу.

- Әңгімеңізге рақмет!

- Қызығушылық танытқан сізге де рақмет!

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]