Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-apta.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
400.72 Кб
Скачать

Таулар, таулар

1- тапсырма. Әңгімелесуге және бір-біріне арналған сұрақтармен танысыңыз.

  • Табиғат байлықтарын атаңыз.

  • Сіз тұратын аймақта қандай таулар бар?

  • Қазақстан облыстарындағы қандай көлдер мен өзендерді атай аласыз?

2- тапсырма. Берілген сөздер мен сөз тіркестерін пайдалана отырып, суреттер бойынша әңгіме құрастырыңыз.

Керекті сөздер мен сөз тіркестері: тау, таза, ауа, қыс, жаз, көктем, дамалу, демалыс

күндері, әдемі, табиғат, сарқырама, отбасы, достар

3-тапсырма. Төменде берілген суреттер бойынша жерлестерімізді, туристерді Қазақстан табиғатын тамашалауға шақырыңыз. Сонымен қатар, мына сөздер мен сөз тіркестерін пайдалануыңызға болады.

Тау, таудай, әдемі, ел, байлық, биік, таудың етегі, таза ауа, демалу, көрсету, көл, өзен, шың, аласа таулар, табиғат, емдік шөптер, өсімдік, келу.

3- тапсырма. Сұхбатты рөлге бөліп оқыңыз. Сұхбатты монолог түрінде беріңіз.

  • Әмір, демалыста қайда бардың?

  • Отбасыммен тауға бардым. Сен ше,Ақжол?

  • Мен достарыммен көл жағасына бардым. Сендер қалай демалдыңдар?

  • Таудың таза ауасында жақсы демалдық. Балалармен таудың тасын, өсімдіктерін көрсеттім.

  • Ал біз көлдің суына шомылдық. Көл жағасында волейбол ойнадық. Балық ауладық, балықтары үлкен екен, сорпа дайындадық.

  • Иә, таза ауада ішкен тамақ та дәмді болады.

  • Біз достарымызбен әр демалысты табиғат аясында өткізуге келістік.

  • Менің де отбасым таза ауада демелғанды ұнатады екен. Балаларыма еліміздің табиғат байлықтарын көрсеткім келеді.

3- тапсырма. Диалог бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

  • Әмір отбасымен демалыста қайда өткізеді?

  • ..........................................................................

  • Ақжол демалысын қайда өткізеді?

  • ..........................................................................

  • Көл жағасындағылар не істеді?

  • .........................................................................

  • Әмір балаларына нені көрсеткісі келеді?

  • ...........................................................................

4- тапсырма. Сұхбатты рөлге бөліп оқыңыз.

  • Ата, тауға қашан барамыз?

  • Жексенбіде барайық, балам.

  • Біз баратын тау биік пе?

  • Иә, биік әрі әдемі тау.

  • Ата, біздің елемізде қандай таулар бар?

  • Алтай, Алатау, Тарбағатай, Қаратау, Көкшетау, Баянауыл, Қарақаралы, Ұлытау таулары – еліміздің байлығы.

  • Ата, елеміздегі ең биік шыңды білесіз бе?

  • Ең биік шың – Хантәңірі.

  • Сонда оның биіктігі қанша?

  • Жеті метрдей болады, балам.

  • Ата, мен еліміздегі барлық тауларға барғым келеді...

  • Талабыңа нұр жаусын, балам!

Негізгі әдебиеттер.

1. Н.Құрман, Н.Тойбазарова, Б.Құрманова, К.Көпеш, Г.Нышанова Сұхбат. Қазақ тілін коммуникативтік жүйемен үйренуге арналған оқу-әдістемелік кешен. 2-негізгі оқу құралы. Тіл дамыту – В1, В2. –Астана, 2010 жыл. 7-10 беттер.

2. Н.Құрман, Н.Тойбазарова, Б.Курманова, К.Көпеш, Г.Нашанова, А.Ыбраш

Сұхбат. Қазақ тілін коммуникативтік жүйемен үйренуге арналған оқу-әдістемелік кешен. 3-Негізгі оқу құралы. Жоғары деңгей. – Астана, 2010. – 13-16 б.

3. З. Күзекова Қазақсша сөйлейміз. Тілді өз бетінше үйренуге арналған. –Алматы, 2010

4. Е.Тулешов, Ж.Тұрлыбекова, Ү.Каюпова. Қазақша үйренейік. Ересектерге арналған оқу құралы. –Астана, 2010.

1-тақырып. Пайда әкелмейтін ұйымдар

Сабақтың мақсаты:

Қазіргі уақытта барлық ұйымдардың бәрі пайда әкелмейтінін, бірақ соның нәтижесінде басқа жерлер оның пайдасын көретінін нақты мысалдармен түсіндіру. Бұл туралы студенттердің өз ойларын еркін әңгімелеп беруге уйрету, салалық терминдер жүйесін толық және терең игерту, коммуникациялық дағдыларын қалыптастыру, грамматикалық формаларды сауатты меңгеру.

Айтылым бойынша: кәсіби терминдер, жаңа сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс айту, тақырыптағы мамандыққа қажетті сөздерді болашақта іскери кездесулерде ауызша баяндай алуға, пікірталасқа түсе білуге төселдіру.

Жазылым бойынша: тақырып бойынша кәсіби деңгейде өз ойын жазбаша дұрыс баяндауға үйрету.

Оқылым бойынша: өзіне қажетті материалдарды, қосымша мәліметтерді оқып түсінуге төселдіру.

Тыңдалым бойынша: кәсіби терминдерді, тақырып бойынша берілетін мәтіндерді, сұхбаттарды, аудиоматериалдарды тыңдап түсіну, мәлімет ала алуға машықтандыру.

Егер өнімдер немесе қызметтер өзін ақтауға қабілетті болса, өзінің өндірілуін қамтамасыз ете алатын болса, шыңындар бағамен теңдестіріледі.

Өнім немесе қызмет пайда әкелуі керек,болмаса оларды өндіру ма,ынасы жоғалады. Пайда адамдар тауар үшін, қызмет үшін төлейтін бағаға кіреді. Пайда дегеніміз өнімді қндіру үшін кеткен шығындарды есептегеннен кейінгі қалған бөлігі. Егер өнеркәсіп бір адамға тиесілі болса, онда барлық пайда оған түседі. Егер басқа адамдар да өнеркәсіпті дамытуға үлестерін қосса, онда пайда соларға бөлінеді.

Кәсіпкерлік қызметтің кейбір түрлері пайда әкелмейді. Әдетте, бұлар қайырымдылық қызметтер, сондай-ақ, өнеркәсіппен айналысқысы келмейтін немесе айналыса алмайтын қызметтер. Мысалыға тұтынушылар қолданатын заттың қауіпсіздігін қадағалайтын топты алуға болады. Енді қайырымдылық ұйымы кедейлерге көмектеседі, басқалары қоршаған ортаның ластануын тоқтатқысы келеді, үшіншісі кінәсіз сотталғандарды қорғайды. Пайда әкелмейтін ұйымдардың тізімі шексіз.

Бірақ қайырымдылық ұйымдары да нарық заңдарына бағынуға тиіс. Пайда әкелмейтіг ұйымдардың шығындары жеке тұлғалардың және компаниялардың ерікті түрде берген қаржылармен жабылады. Бұл үйымдардың өздері де шындап келгенде, қайырымдылық оъектісі болып табылады.

Олар кез келген басқа мекеме сияқты нарықтық экономика жағдайында өздері ақтауы керек. Қарйырымдылық қорында жұмыс істейтін адамдар еңбегін төлеу үшін де қаражат керек.

Сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Қандай компаниялар, қандай ұйымдар қайырымдылық қызмет көрсетіп жүр, білесіз бе?

  2. Өзіңіз қайырымдылықты қалай түсінесіз?

  3. Қайырымдылық жасап көрдіңіз бе?

1-тапсырма. Мәтінмен жұмыс жасаңыз.

  1. Екі мәтінді салыстырыңыз

  2. Есіңізге сақтап қалғыңыз келген фактіні атап шығыңыз

  3. Мәтін бойынша семантикалық карта жасаңыз.

  4. Мәтін құрылымын өзгертпей, фактіні қосыңыз.

2-тапсырма. Жаттығуларды орындаңыз, дұрыс жауабын таңдаңыз.

  1. Егер өнімдер мен қызметке сұраныс болса, ...

А) онда оны міндетті түрде орындайтын адамдар табылады;

Ә) баға төмендейді;

Б) онда олар құнсызданады;

В) онда дүкендер бос болады.

  1. Сұраныс ұсыныстан қалып қойса, ...

А) онда өнеркәсіпке қауіп төнеді;

Ә) онда өнеркәсіп гүлденеді.

  1. Бүгінгі күндері сұраныс пен ұсыныстың ерекшелігі...

А) технологияға байлысты;

Ә) технологиядан алыс.

  1. Технология тауарды жылдам жақсартады, сондықтан ...

А) өндірушілер арасындағы бәсеке бір күнде тоқтамайды;

Ә) өндірушілер бәсекесі өзгертпейді.

3-тапсырма. Сөйлемдерді мәтін мазмұнына сәйкес аяқтаңыз.

  1. Егер өнімдер мен қызметке сұраныс болса, ...

  2. Егер сұраныс ұсыныстан қалып қойса, ...

  3. Егер баға сатып алушылар үшін бір тауарға қызметке төлеуге дайын бағадан жоғары болса, ...

  4. Егер өнеркәсіп бір адамға тиесілі болса, ...

  5. Егер басқа адамдар да өнеркіәсіпті дамытуға үлестерін қосса, ...

4-тапсырма. Есімшенің анықтауыш қызметінде жұмсалуы.

Мәтін мазмұнында берілген есімшелі сөз тіркестеріне сұрақ қойыңыз, сөйлем құрастырыңыздар.

Пайда әкелмейтін ұйымдар, өнеркәсіппен айналысқысы келмейтін немесе айналыса алмайтын қызметтер, заттың қауіпсіздігін қадағалайтын топ, қоршаған орта, ерікті тұрде берген қаржылар, қайырымдылық қорында жұмыс істейтін адамдар, өнім жеткілікті мөлшерде қсынылмаған жағдай.

Негізгі әдебиеттер:

  1. Бюжеева Б.З. Аймақтануға кіріспе. Алматы, 2008.

  2. З. Күзекова Қазақша сөйлейміз. Тілді өз бетінше үйренуге арналған. –Алматы, 2010

  3. Е.Тулешов, Ж.Тұрлыбекова, Ү.Каюпова Қазақша үйренейік. Ересектерге арналған оқу құралы. –Астана, 2010.

3-апта. ПАЙДА ЖӘНЕ МЕНШІК

2-тақырып. Меншік және жеке меншік

Сабақтың мақсаты:

Жер мәселесімен тікелей байланысты мамандық болғандықтан, ҚР. Жер кодексін білу маңызды. Сондықтан да студенттердің Жер кодексі туралы өз ойларын еркін әңгімелеп беруге уйрету, салалық терминдер жүйесін толық және терең игерту, коммуникациялық дағдыларын қалыптастыру, грамматикалық формаларды сауатты меңгеру.

Айтылым бойынша: кәсіби терминдер, жаңа сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс айту, тақырыптағы мамандыққа қажетті сөздерді болашақта іскери кездесулерде ауызша баяндай алуға, пікірталасқа түсе білуге төселдіру.

Жазылым бойынша: тақырып бойынша кәсіби деңгейде өз ойын жазбаша дұрыс баяндауға үйрету.

Оқылым бойынша: өзіне қажетті материалдарды, қосымша мәліметтерді оқып түсінуге төселдіру.

Тыңдалым бойынша: кәсіби терминдерді, тақырып бойынша берілетін мәтіндерді, сұхбаттарды, аудиоматериалдарды тыңдап түсіну, мәлімет ала алуға машықтандыру.

Меншіксіз мемлекет те, өндіріс те, меншіксіз адам да, қоғам да жоқ. Неге солай?

Бәрі де меншікке көзқарастан басталады. Меншіксіз мемлекет болмайды. Мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігі үшін, стратегиялық маңызды салалар әскер, қорғаныс үшін. Осы міндеттер болмаса, мемлекет болуы мүмкін емес. Осы міндеттер жеке адамға берілсе, ол екінші ретте ғана мемлекетті ойлайды.

Меншіктің екі түрі бар:

1) Қоғамдық меншік.

2) Индивидуалдық меншік.

Екеуінің де әртүрлі формасы бар. Қоғамдық меншікке мемлекеттік меншік, кооперативтік меншік, акционерлік қоғам жатады.

Біздің конституциямызда тек екі меншік түрі – мемлекеттік және жеке меншік түрі көрсетілген.

Жекешелендіру не үшін қажет болды. Өркениетті елдердің бәрінде меншіктің бар түрі болуы қажет. Меншіктің түрі көбірек болса, экономикада жақсырақ болады.

Әртүрлі меншік формасы болмаса, нарықтық экономика болмайды. Одақ кезінде меншіктің бір түрі ғана болды – мемлекеттік меншік. Бір ғана меншік түрі болатын мемлекетте бәсеке болмайды.

Тек қана мемлекеттік меншік болғанда әр өндіріс ешқандай сапаны, бағаны ойламайды. Пайдасын мемлекет алады. Бірақ әр өндіріс пайда табу үшін бағасын көтереді. Өндірістен шыққан тауар үлкен бағамен шығады. Яғни шыққан шығынның бағасын көтеру – шығынды экономика болып табылады. Өткен уақыттарда нанның бағасының шығынын өтей алмайды. Нарықтық экономикада бірінші тұтынушы рөл атқарады, әртүрлі меншік керек. Мемлекеттік меншік пен әртүрлі меншікарасында арасалмақ болады. Сондықтан жекешелендіру пайда болады. Ал ұлттық меншікке алу, жекешелендіру кезең сайын қайталанып тұратын үрдіс.

Жаппай жекешелендіру бар. Одақ кезіндегі мемлекеттік меншікте халықтың - әкеміздің, шешеміздің, әже-атамыздың, бізідң үлесіміз бар. Соны ойлап, жаппай жекешелендіру - мемлекеттен кішкене үлесін беру үшін инвестициялық жекешелендіру купоны беріледі.

Сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Меншік дегеніміз не?

  2. Меншіктің қандай түлері бар?

  3. Мемлекеттік меншік дегенміз не?

  4. Жеке меншік деген ұғым нені білдіреді?

  5. Жекешелендіру деген не үшін қажет?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]