Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-apta.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
400.72 Кб
Скачать

2.Диалогтегі монологке айналдырыңыз.

3.Диалогтегі жол қозғалысына қатысты сөздер мен сөз тіркестерін тауып, оқыңыз.

1-тақырып. Ана-жер ана

1 - тапсырма. Сұхбатты рөлге бөліп оқыңыз. Аударыңыз.

  • Әже, сіз бұрын ауылда тұрдыңыз ба?

  • Иә, құлыным, ауылда туып, ауылда өстім.

  • Ауыл жақсы ма,әже?

  • Әрине, балам. Ауыл – біздің алтын қазығымыз.

  • «Қазығымыз» деген не?

  • Біздің сүйенішіміз, тірегіміз дегенім ғой.Біз жеп отырған ет, сүт, май, нан – бәрі де ауылдан келеді.

  • Әже, ауылда адамдар не істейді?

  • Ауылда жұмыс көп, балам. Көктемде жер жыртып, егін салады. Жеміс-жидек, көкөністер отырғызады. Оларды жаз бойы өсіріп,күзде жинайды.

  • Түсіндім. Содан кейін оларды қалаға жібереді.

  • Дұрыс айтасың. Ауылда малды да бағады.Оларға шөп жинайды.

  • Қандай мал?

  • Жыл бойы жылқы, түйе, қой, сиыр сияқты төрт түлік малды бағады. Сен жақсы көретін етті де ауылдан аламыз.

  • Әже, ауылдағы жұмыстың бәрі жермен байланысты екен ғой.

  • Ақылдым сол. Жер-Ана өз перзентінен емтеме аямайды.

  • Ауылды сағынасыз ба, әже?

  • Сағынғанда қандай, балам?!

  • Онда ауылға барып келейік!

  • Барамыз, барамыз,құлыным! Сенің демалысыңды күтейік!

2- тапсырма. Мәтінді оқып, өзіңіз үшін жаңа болып табылатын ақпараттарды белгілеңіз.

Шағын үй

Кішілеу, шағын үйдің ішіне айнала текемет,тұскиіз кілем ұсталған. Биік төсек орнына қалың салынған көрпесі, құс төсегі, жастық, бөстегі мен жер төсек орнаған. Абай мен Ә йгерім отырған төсек алды қалың жүнді арқар терісімен жабылған. Төрде отырған қонақ болса, олардың астына ұзын қара сеңсеңнен мол етіп құрап тіккен кең бөстек жайылған. Шағын үйдің ортасын қазан-ошақ алған. Сондықтан бұл күнде Абай кітабын дөңгелек үстел үстіне салып оқымайды. Көбінесе жер төсек үстіне үйіне жиылған көрпе-жастыққа арқасын сүйеп, қолға ұстап отырып оқиды.

3- тапсырма. «Шағын үй» мәтінінен негізгі ақпаратты беріп тұрған үш сөйлемді көшірп жазыңыз.

4- тапсырма. «Ауыл таңы» тақырыбына газетке репортаж жазыңыз.

5- тапсырма. Етістіктерді берілген ұяшықтарға жіктеп жазыңыз.

Егін өсіру, мал бағу, сағыну, қуану, көркейту

6- тапсырма. Берілген сөздер мен сөз тіркестерін пайдалана отырып, «Дипломмен ауылға» жобасына қолдау көрсетуге тапсырма беріледі. Ұйымдастыру шарасын сіз басқарасыз.

Керекті сөздер: қуану, дипломмен ауылға, көркейту, халыққа қызмет көрсету, құжат, перзент, жер, ауылға бару, үздік бітіру

Негізгі әдебиеттер.

1. Н.Құрман, Н.Тойбазарова, Б.Құрманова, К.Көпеш, Г.Нышанова Сұхбат. Қазақ тілін коммуникативтік жүйемен үйренуге арналған оқу-әдістемелік кешен. 2-негізгі оқу құралы.

Тіл дамыту – В1, В2. –Астана, 2010 жыл. 4-7 беттер.

2. Н.Құрман, Н.Тойбазарова, Б.Курманова, К.Көпеш, Г.Нашанова, А.Ыбраш

Сұхбат. Қазақ тілін коммуникативтік жүйемен үйренуге арналған оқу-әдістемелік кешен. 3-Негізгі оқу құралы. Жоғары деңгей. – Астана, 2010. – 4-12 б.

3. З. Күзекова Қазақсша сөйлейміз. Тілді өз бетінше үйренуге арналған. –Алматы, 2010

4. Е.Тулешов, Ж.Тұрлыбекова, Ү.Каюпова. Қазақша үйренейік. Ересектерге арналған оқу құралы. –Астана, 2010.

5. http://www.group-global.org/publication/view/4009

Сабақтың мақсаты:

Бизнес туралы ақпарат беру, студенттердің бизнес туралы өз ойларын еркін әңгімелеп беруге уйрету, салалық терминдер жүйесін толық және терең игерту, коммуникациялық дағдыларын қалыптастыру, грамматикалық формаларды сауатты меңгеру, болашақта әртүрлі іскери кездесулерде ресми сөйлей білуге үйрету.

Айтылым бойынша: кәсіби терминдер, жаңа сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс айту, тақырыптағы мамандыққа қажетті сөздерді болашақта іскери кездесулерде ауызша баяндай алуға, пікірталасқа түсе білуге төселдіру.

Жазылым бойынша: тақырып бойынша кәсіби деңгейде өз ойын жазбаша дұрыс баяндауға үйрету.

Оқылым бойынша: өзіне қажетті материалдарды, қосымша мәліметтерді оқып түсінуге төселдіру.

Тыңдалым бойынша: кәсіби терминдерді, тақырып бойынша берілетін мәтіндерді, сұхбаттарды, аудиоматериалдарды тыңдап түсіну, мәлімет ала алуға машықтандыру.

Бизнес (ағылшbusіness - кәсіпкерлік, сауда-саттық) - пайда табуға бағытталған әрекеттің, экономикалық қызметтің бір түрі;  жеке кәсіпкердің не фирманың іскерлік қызметі. 

Бизнес адамның табиғи қасиеттеріне, біліміне негізделе отырып, қандай да болмасын бір істен кіріс кіргізуге, өзінің материалдықрухани қажеттілігін қанағаттандыруға, сонымен қатар қоғамға пайда келтіруге де мүмкіндік береді. Бизнес қоғам мүшелерінің сұранысы мен ұсынысын есепке ала отырып, экономикалық жүйенің барлық саласын дамыту арқылы бизнестен түскен табыстан салық және басқа да алымдар төлеу және оларды қоғам дамуына, халық игілігіне жарату, әлеуметтік көмек көрсету нәтижесінде қалыптасады. Іскер орта көптеген әлеуметтік және басқадай проблемаларды өкімет бағдарламаларының шеңберінде, сонымен қатар дербес шешуге де қатысады. Бұдан кейін келіп шығатын мәселе бизнес-жоспар болады.

Бизнес-жоспар - кәсіпорынның алдына қойған экономикалық мақсаты мен оны жүзеге асыру жолдары, міндеттері мен әдіс-тәсілдері баяндалған құжат. Бизнес жасау үшін нарықтық орта жан-жақты зерттеледі. Нарықтық ортаның ағымдағы жағдайы, болуы мүмкін өзгерістер мен кедергілер, жобаны іске асырудан түсетін табыс мөлшері, т.б. нақты көрсетіледі. Бизнес-жоспар, көбінесе, банктен кредит алу және оның қайтарылуын қамтамасыз ету үшін жасалады. Меншік иесінің қатысуымен кәсіпорынның стратегиялық дамуының бағыт-бағдары анықталады, осы арқылы жобаның тиімділігі мен қажеттілігі айқындалады.

Бизнес-жоспар болжалды қаржылық нәтижесі көрсетілген жалпы сипаттамадан және он тарауға бөлінген негізгі бөлімнен тұрады:

  1. жоба бойынша өндірілген тауарлар (не қызмет) түрлері және олардың бәсекелесу қабілеті сипатталады;

  2. тауарларға сұраныс деңгейі мен көлемі ескеріле отырып, өнім өткізу нарығы, өндіріс көлемі мен тауарға қойылатын баға анықталады;

  3. бәсекелестер мүмкіндігі (тауарларының сапасы мен бағасы) туралы мәліметтер талданады;

  4. маркетингтік зерттеу нәтижелері (тауарларды өткізу және баға саясаты, өнімді сатуда ынталандыру, жарнамалау, т.б.) сараланады;

  5. өнім (не қызмет) өндіру жоспары мен өндірістік байланыстар, өндірістік шығындарды азайту және өнім сапасын жақсарту әдістері айқындалады;

  6. ұйымдастыру-басқару жұмыстары және қызметкерлермен жұмыс істеу бағдары белгіленеді;

  7. жобаның ұйымдық-құқықтық негіздерін көрсететін заңдық құжаттар жасалады;

  8. жұмыс барысында кездесетін қауіп-қатерді болжау және оның алдын алу шаралары қарастырылады;

  9. жобаның барлық буындарының құндық көрсеткіштері жинақталып, ақшаға шағып көрсетілген қаржы жоспары нақтыланады;

  10. қаржы көздері (жобаны іске асыруға жеткілікті соманы қайдан, қанша мөлшерде ала алады және жоба қандай мөлшерде пайда кіргізеді, кредитордан алынған қаражатты мерзімінде қайтара алу қабілеті, т.б.) жобаланады. Бизнес-жоспар тауар, ақша, өндіріс факторы қозғалысының жалпы балансын айқын бейнелейді.

1-тапсырма. Әр сөйлемге үш сұрақтан қойыңыз.

Бизнес қоғам мүшелерінің сұранысы мен ұсынысын есепке алады.

  1. _______________________________________________________________________

  2. _______________________________________________________________________

  3. _______________________________________________________________________

Меншік иесінің қатысуымен кәсіпорынның стратегиялық дамуының бағыт-бағдары анықталады

  1. _______________________________________________________________________

  2. _______________________________________________________________________

  3. _______________________________________________________________________

2-тапсырма. Сөйлемдерді дұрыс құраңыз.

Бизнес /экономикалық/ пайда табуға/ бағытталған/ бір түрі./ әрекеттің,/  қызметтің/

Бизнес/ мүмкіндік береді./ адамның/ табиғи/ біліміне/ қасиеттеріне/, негізделе/ пайда келтіруге де/ отырып/,

Бизнес/ мүмкіндік береді./ материалдық,/ бір/ істен/ қанағаттандыруға/ өзінің/  рухани/ қажеттілігін/  кіріс кіргізуге,/

Бизнес/ зерттеледі./ жасау үшін/ орта/ жан-жақты/ нарықтық/

Бизнес-жоспар,/ жасалады./ көбінесе,/ кредит алу/ банктен/  және/ оның/ қамтамасыз ету үшін/ қайтарылуын/

3-тапсырма. Сөз тіркестерімен сөйлем құраңыз.

өндірістік байланыс - ......................................................................................................................

баға саясаты - ..................................................................................................................................

меншік иесі - ....................................................................................................................................

стратегиялық даму – .......................................................................................................................

Негізгі әдебиеттер

  1. Бюжеева Б.З. Аймақтануға кіріспе. –Алматы, 2008.

  2. З. Күзекова Қазақша сөйлейміз. Тілді өз бетінше үйренуге арналған. –Алматы, 2010

  3. Е.Тулешов, Ж.Тұрлыбекова, Ү.Каюпова Қазақша үйренейік. Ересектерге арналған оқу құралы. –Астана, 2010.

  4. http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%91%D0%B8%D0%B7%D0%BD%D0%B5%D1%81

2-апта. БИЗНЕС ЖӘНЕ БІЗ...

2-тақырып. Өз бизнесіңізді қалай ұйымдастыра аласыз?

Сабақтың мақсаты:

Бизнесті қалай ұйымдастыруға болатын бірнеше кеңестерді ұғындыру, студенттердің болашақ өз бизнестері туралы ойларын еркін әңгімелеп беруге уйрету, салалық терминдер жүйесін толық және терең игерту, коммуникациялық дағдыларын қалыптастыру, грамматикалық формаларды сауатты меңгеру, болашақта әртүрлі іскери кездесулерде ресми сөйлей білуге үйрету.

Айтылым бойынша: кәсіби терминдер, жаңа сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс айту, тақырыптағы мамандыққа қажетті сөздерді болашақта іскери кездесулерде ауызша баяндай алуға, пікірталасқа түсе білуге төселдіру.

Жазылым бойынша: тақырып бойынша кәсіби деңгейде өз ойын жазбаша дұрыс баяндауға үйрету.

Оқылым бойынша: өзіне қажетті материалдарды, қосымша мәліметтерді оқып түсінуге төселдіру.

Тыңдалым бойынша: кәсіби терминдерді, тақырып бойынша берілетін мәтіндерді, сұхбаттарды, аудиоматериалдарды тыңдап түсіну, мәлімет ала алуға машықтандыру.

1-тапсырма. Сөздермен жұмыс (сөздікті пайдаланыңыз)

қаржыландыру, өнеркәсіп, кәсіпкер, ұтылу, тәуекел, табу, көлем, әріптес, қабілет, жарғы, мемлекеттік тіркелу, көшірме, кепілдемелік міндеттемесі, тағайындалу

2-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіздер.

а. өз ісіңізді ашқыңыз келе ме?

ә. әлде біреудің фирма, компаниясында жұмыс істей бергіңіз келе ме?

Варианттарды таңдаңыз:

Жақсы жағы

Жаман жағы

а. егер өз ісіңізді бастасаңыз, …

ә. басқа фирма компанияда, бюджетте істейтін болсаңыз, …

………

………

………

……….

3-тапсырма. Сұраққа жауап беріңіз.

Егер өз ісіңізді бастайтын болсаңыз, қаржыны қайдан аласыз?

Варианттарды таңдаңыз:

Жақсы жағы

Жаман жағы

а. жинаған қаржымды жұмсаймын

ә. әкемнен қаржы сұраймын

б. туысымнан қаржы сұраймын

в. достарымнан қаржы сұраймын

г. достарыммен бірігемін

ғ. демеуші (спонсор) іздеймін

д. әріптес іздеймін

ж. инвестор іздеймін

з. үйімді сатамын, вагонеткада тұра тұрамын

Өз ісіңізді қаржыландырудың негізгі көздері

Өз ісіңізді қаржыландырудың екі варианты бар: ішкі, сыртқы. Осылардың қайсысы жақсы. Бірінші қаржы құралдарының негізгі көздерін талқылап алайық.

  1. Меншікті (собственный) қаржы. Өз ісіңізге өзіңіздің қаржыңызды салуға болады. Ұтылсаңыз да, ұтылмасаңыз да өз қаржыңыз, тәуекелге (риск) барасыз. Бұл абсолютті вариант.

  2. Сіздің ісіңізге, сізге сеніп өз қаржысын салатын инвестор табуыңызға болады. Бірақ бұл өте салмақты дәлелдемелерді керек етеді. Нәтижесі екіталай.

  3. Несие (қаржыландырудың көп таралған түрі). Несие мемлекеттік те, жеке меншіктік те болуы мүмкін. Көп нәрсе несиенің көлеміне, қайтаратын мерзіміне, үстеме процентіне байланысты.

  4. Шетелдік әріптес табуға болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]