- •Сұхбатты рөлге бөліп оқыңыз. Аударыңыз.
- •2. Диалог бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
- •3.Сұхбатқа ат қойыңыз.
- •Көшеде жол жүру ережесін үйренеміз.
- •Диалог бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
- •2.Диалогтегі монологке айналдырыңыз.
- •3.Диалогтегі жол қозғалысына қатысты сөздер мен сөз тіркестерін тауып, оқыңыз.
- •Несиені қалай алуға болады?
- •Таулар, таулар
- •Мәтінді оқып, өзіңіз үшін жаңа болп табылатын ақпараттарды белгілеңіз. Бағдаршамның шығу тарихы
- •Таулар, таулар
- •Тапсырма. Сөз тіркестерімен сөйлем құраңыз.
- •Диалогті рөлге бөліп оқып шығыңыздар. Базардағы саудаға қатысты өздерге назар аударыңыздар. Саудаңыз сәтті болсын десеңіз....
- •Ет саудасы
- •10. Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •11. Диалогті монологке айналдырыңыз.
- •Сұхбатты рөлдерге бөліп оқыңыз, аударыңыз.
- •Диалогты рөлдерге бөліп оқыңыз, аударыңыз.
- •Диалог бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
- •Диалогті монологке айналдырыңыз.
- •Диалогтегі тақырыпқа байланысты сөздер мен сз тіркестерін тауып оқыңыз.
- •Тапсырма. Сөз тіркестерімен сөйлем құраңыз.
- •Диалогті рөлге бөліп оқып шығыңыздар. Базардағы саудаға қатысты өздерге назар аударыңыздар. Саудаңыз сәтті болсын десеңіз....
- •Ет саудасы
- •10. Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •11. Диалогті монологке айналдырыңыз.
- •Сұхбатты рөлдерге бөліп оқыңыз, аударыңыз.
- •Диалогты рөлдерге бөліп оқыңыз, аударыңыз.
- •Диалог бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
- •Диалогті монологке айналдырыңыз.
- •Диалогтегі тақырыпқа байланысты сөздер мен сз тіркестерін тауып оқыңыз.
- •Мәтінді оқыңыз. Өзіңізге жаңа олып табылатын ақпараттарды белгілеп отырыңыз. «көк базардың» тарихынан
- •Қуат көзін үнемдейік!
- •Ғарыштан естілген қазақ тілі
- •Сұхбат бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
- •Сұхбатқа ат қойыңыз.
- •Берілген сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, төменде берілген микродиалогті толықтырыңыз.
- •Сұхбатты рөлге бөліп оқыңыз. Тоқтар ағамен сұхбат
- •6. Диалог бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
- •7. Диалогті монологке айналдырыңыз.
- •Суды үнемдеу
- •«Желкілдеп өскен жас құрақ, біз болмасақ, сіз барсыз»
- •Сұхбат бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
- •Берілген сөздер мен сөз тіркестерін пайдалаеып, төменде берілген микродиалогті жалғастырыңыз.
- •Сұхбатты рөлдерге бөліп оқыңыз. Орыс тіліне аударыңыз.
- •Диалог бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
- •Диалог бойынша срақтарға жауап беріңіз.
- •Апта. Кеңестік саралану және аймаққа жіктеу
- •Бұқаралық ақпарат құралдары
- •Сұхбатты рөлге бөліп оқыңыз.
- •Диалог бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
- •Диалогке тақырып қойыңыз.
- •«Болашақ» бағдарламасы
- •Халқымыз бар кемеңгер
- •Диалогті рөлге бөліп оқыңыз.
- •Диалог бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
- •Диалогті монологке айналдырыңыз.
- •Диалогті рөлдерге бөліп оқыңыз.
- •Айтыс – қазаққа тән ерекше өнер.
- •Сұхбатты рөлге бөліп оқыңыз. Орыс тіліне аударыңыз.
- •Айтыс өнері ізденуді талап етеді
- •Сүйікті ісіңіз қандай?
- •1. Сұхбатты рөлге бөліп оқыңыз. Етістіктерге көңіл бөліңіз.
- •3. Диалогті монологке айналдырыңыз. Преобразуйте диалог в монологический текст.
- •Тойыңыз тойға ұлассын
- •Құрманғазының «Сарыарқасын» тартшы...
- •Наурыз тойы
- •Мәтінді оқып, озіңізге жаңа болып табылатын ақпараттарды белгілеп отырып
- •2. Берілген сұрақтарды мәтіннің мазмұнына сәйкес орналастырып, жауап берініздер.
- •Суретші әлемінде
- •Сұхбатты рөлге бөліп оқыңыз.
- •Қазыбектің алғаш көзге түсуі
- •Әр үйге шаттық орнайды
- •Қазақтың тұңғыш операсы
- •Үй салу оңай ма?
- •2.Берілген сұрақтарды мәтіннің мазмұнына сәйкес орналастырып, жауап беріңіз.
- •Қазақстанда еқыұ саммиті өткізіледі
- •Диалогті рөлдерге бөліп оқыңыз.
- •Диалог бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
- •Диалогке ат қойыңыз. Сыртқы саясат
- •2. Сөздердің дұрыс баламасын сәйкестендіріңіз.
- •Тілдік этикет
- •1. Мәтінді оқып, өзіңізге жаңа болып табылатын ақпараттарды белгілеп отырыңыз. Кибернетика –басқару өнері
- •Берілген сұрақтарды мәтіннің мазмұнына сәйкес орналастырып, жауап беріңіз.
- •Әңгімелесуге арналаған сұрақтармен танысыңыз.
- •Астана – елімнің алтын ордасы
- •Астана – егемендік перзенті
- •13. Мәтінді оқып, өзіңіз үшін жаңа болып табылатын ақпараттарды белгілеңіз.
Халқымыз бар кемеңгер
Жөнге көнер долы мінез өзендер
Нұр бөленер бақыт орнап туған жер
Аман болсын еңбексүйгіш, өр мінез
Ұл-қыздары халқымыздың кемеңгер
Ақтарылса ағыл-тегіл өлеңдер
Тек қана ақын құдіреті демеңдер
Ұлы зергер талант отын маздатқан
Өссін еркін жас бүлдіршін өрендер (Ш.Шаяхметов)
Негізгі әдебиеттер:
1. Н.Құрман, Н.Тойбазарова, Б.Құрманова, К.Көпеш, Г.Нышанова Сұхбат. Қазақ тілін коммуникативтік жүйемен үйренуге арналған оқу-әдістемелік кешен. 2-негізгі оқу құралы. Тіл дамыту – В1, В2. –Астана, 2010 жыл. 25-28 беттер.
2. Н.Құрман, Н.Тойбазарова, Б.Курманова, К.Көпеш, Г.Нашанова, А.Ыбраш
Сұхбат. Қазақ тілін коммуникативтік жүйемен үйренуге арналған оқу-әдістемелік кешен. 3-Негізгі оқу құралы. Жоғары деңгей. – Астана, 2010. – 46-49 б.
8-апта. АЙМАҚТЫЛЫҚ ФАКТОРЛАРЫ
1-тақырып. Табиғаттың зоналылығы мен бейзоналылығы
Сабақтың мақсаты:
Табиғаттың зоналылығы мен бейзоналылығы туралы мәліметтерді нақты мысалдармен түсіндіру. Бұл туралы студенттердің өз ойларын еркін әңгімелеп беруге уйрету, салалық терминдер жүйесін толық және терең игерту, коммуникациялық дағдыларын қалыптастыру, грамматикалық формаларды сауатты меңгерту.
Айтылым бойынша: кәсіби терминдер, жаңа сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс айту, тақырыптағы мамандыққа қажетті сөздерді болашақта іскери кездесулерде ауызша баяндай алуға, пікірталасқа түсе білуге төселдіру.
Жазылым бойынша: тақырып бойынша кәсіби деңгейде өз ойын жазбаша дұрыс баяндауға үйрету.
Оқылым бойынша: өзіне қажетті материалдарды, қосымша мәліметтерді оқып түсінуге төселдіру.
Тыңдалым бойынша: кәсіби терминдерді, тақырып бойынша берілетін мәтіндерді, сұхбаттарды, аудиоматериалдарды тыңдап түсіну, мәлімет ала алуға машықтандыру.
Табиғи ортаның жіктелу үдерістеріне Жердің географиялық қабатының зоналылық, бейзоналылық құрылымдық ерекшеліктері үлкен әсер етеді. Зоналылықтың негізгі себептері түсінікті ол – Жер нысаны және оның Күнге қатысты орналасуы. Жер бетінде Күн сәулесінің әркелкі таралуынан экватордан полюстерге қарай тек климат қана емес, сондай-ақ жер бедерінде сыртқы күштердің әсер етуі, өзен мен көлдердің ерекшеліктері, топырақ түзілу үрдістері, өсімдіктер, жануарлар дүниесі де заңды түрде өзгеріп отырады.
Табиғат зоналаларының орналасуы климаттық белдеулермен тығыз байланысты. Климаттық белдеулер сияқты табиғат зоналары да Күн сәулесінің түсу бұрышының азаюы мен ылғалдануының әркелкілігіне байланысты экватордан полюстерге қарай бірін-бірі алмастырады. Осы заңдылықты ендік зоналылық деп атайды. Табиғаттағы зоналылық тек жазықтарда ғана емес, биік тауларда да байқалады.
Бейзоналылыққа таулардың тік (вертикальды) белдеуленуі себеп болады. Мәселен Солтүстік Америкада Кордильер тауында ландшафтты зоналар ұзыннан емес. Таудағы табиғат кешендері оның етегінен биік шыңдарына дейін температура мен қысымның төмендеуіне, белгілі бір биіктікке дейін жауын-шашын мөлшерінен артуына, тау беткейлеріне түсетін жарық мөлшерінің әр түрлілігіне байланысты алмасады. Бұл зоналар тауды әр түрлі биіктіктегі белдеулер түрінде көмкере орналасатындықтан, оларды биіктік белдеулер деп атайды.
Сұрақтарға жауап беріңіз.
Табиғаттың зоналылығы қалай айқындалады?
Табиғаттың бейзоналылығы немен белгіленеді?
Жер нысаны және оның Күнге қатысты орналасуын түсінідіріп беріңіз.
Табиғат зоналаларының орналасуы неге байланысты?
Табиғаттағы зоналылық тек жазықтарда ғана байқалады ма?
1-тапсырма. Сөз тіркесінің мағынасын түсіндіріңіз.
Жер нысаны - ......................................................................................................................
Географиялық қабат -..........................................................................................................
Жер бедері -........................................................................................................................
Қысымның төмендеуі -.........................................................................................................
Ландшафтты зоналар –..........................................................................................................
Климаттық белдеулер - .......................................................................................................
2-тапсырма. Сөйлемді өз ойыңызбен жалғастырыңыз.
Қазақстанның қандай аймақтарында жауын-шашын көп болады, .......................................
Күннің әркелкі таралуы неге әсер етеді ..............................................................................
Қазақстанның шығысы мен оңтүстік-шығысындағы Алтай, Сауыр-Тарбағатай, Жетісу (Жоңғар) Алатауы және Тянь-Шань тау жүйелері ....................................................................
3-тапсырма. Берілген жай сөйлемдерге ой қосып, құрмалас сөйлем жасаңыз.
Жердің географиялық қабатына әсер етеді.
Жер бетінде Күн сәулесі әркелкі таралады.
Жер бедеріне сыртқы күштер әсер етеді.
Табиғаттағы зоналылық биік таулардан да байқалады.
Тау беткейлеріне жарық әртүрлі түседі.
Таудың етегінен биік шыңына дейін температура өзгеріп тұрады.
Негізгі әдебиеттер:
Бюжеева Б.З. Аймақтануға кіріспе. Алматы, 2008.
З. Күзекова Қазақша сөйлейміз. Тілді өз бетінше үйренуге арналған. –Алматы, 2010
Е.Тулешов, Ж.Тұрлыбекова, Ү.Каюпова Қазақша үйренейік. Ересектерге арналған оқу құралы. –Астана, 2010.
8-апта. АЙМАҚТЫЛЫҚ ФАКТОРЛАРЫ
2-тақырып. Әлемнің негізгі ландшафтты зоналары
Сабақтың мақсаты:
Әлемнің негізгі ландшафтты зоналары туралы мәліметтерді нақты мысалдармен түсіндіру. Бұл туралы студенттердің өз ойларын еркін әңгімелеп беруге уйрету, салалық терминдер жүйесін толық және терең игерту, коммуникациялық дағдыларын қалыптастыру, грамматикалық формаларды сауатты меңгерту.
Айтылым бойынша: кәсіби терминдер, жаңа сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс айту, тақырыптағы мамандыққа қажетті сөздерді болашақта іскери кездесулерде ауызша баяндай алуға, пікірталасқа түсе білуге төселдіру.
Жазылым бойынша: тақырып бойынша кәсіби деңгейде өз ойын жазбаша дұрыс баяндауға үйрету.
Оқылым бойынша: өзіне қажетті материалдарды, қосымша мәліметтерді оқып түсінуге төселдіру.
Тыңдалым бойынша: кәсіби терминдерді, тақырып бойынша берілетін мәтіндерді, сұхбаттарды, аудиоматериалдарды тыңдап түсіну, мәлімет ала алуға машықтандыру.
Мәтінді оқып, талдаңыз.
Әлемде ландшафты зоналар саны туралы нақты айту қиын. ХІХ ғ.мен ХХ ғ.арасында В.В. Докучаев жеті зонаны бөлсе, ХХ ғасырдың ортасында Л.С. Берг – он екі, ал қазіргі әлемнің физикалық географиялық атластарында оның саны елуден асып кетеді. Бұл топырақ ботаникалық, климаттық топтаманы қолданудан болып отыр.
А.Г. Исаченко жасаған кесте он жеті негізгі ландшафттық зоналардың ерекшеліктерін көрсетеді. Әрбіреуі геоботаникалық, топырақ, геохимиялық және т.б. зоналармен бірдей емес:
1. Арктикалық шөл зонасы – Канада архипелагының (Архипелаг- группа островов, расположенных близко друг к другу и имеющих обычно одно и то же происхождение (материковое, вулканическое, коралловое) и сходное геологическое строение. В некоторых архипелагах острова могут иметь и разное происхождение) солтүстік бөлігі, Греландия, Шпицберген (Норвегия), ресейлік Арктика аралдары;
2. Антарктикалық мұзды шөл зонасы – Антарктикалық жарты аралының батыс бөлігінсіз Антрактиданы қамтиды.
3.Тундра зонасы – Еуропаның Азия, Солтүстік Америка солтүстік бөлігі, Гренландияның жекелеген жағалаулары.
4. Тайга зонасы – Канада, Фенноскандия (Еуропаның солтүстік-батысы), Ресей аумағын қиып өтеді.
5. Тайга, жалпақ жапырақты орман зонасы – АҚШ-тың шығысы, Батыс Еуропа, Ресейдің ортанғы бөлігі, Азияның тынық мұхиттық бөлігі.
6. Орманды-дала зонасы (орман мен шөпті дала жер телімдерінің алмасуы) – Ресей мен Сібірдің еуропалық бөлігі.
7. Дала зонасы – Ресей, Монғолия, Батыс Еуропа, АҚШ.
Сұрақтарға жауап беріңіз.
Әлемнің негізгі ландшафтты зоналарын атаңыз.
Арктикалық шөл зонасына қандай жерлер еіреді?
Тундра зонасына кіретін жерлерді атап өтіңіз.
Тайга, жалпақ жапырақты орман зонасына қай елдер кіреді?
Орманды-дала зонасына кіретін жерлерді атаңыз.
1-тапсырма. Мәтіндегі салалық терминдерді теріп жазып, сөздік арқылы аударыңыз.
2-тапсырма. Сөйлемді жалғастырыңыз.
Жартылай шөлді зоналар:
Шөл зонасы:
Тропикалық шөл зонасы:
Керекті ақпарат: бұрынғы КСРО аумағы, Солтүстік Америка, бұрынғы кеңестік аумақ, Монғолия, Қытай, Қарақұм, Қызылқұм, Такла-Макан, Гоби, Бэйшань, Алашань, Сахара, Арабия, Үндістан, Мексиканың батыс аумағы, Колорадо, Калифорния, Орталық Анд, Аустралияның ішкі облысы.
3-тапсырма. Шағын ақпараттық мәтінге пікір білдіріңіз.
Анды таулары етегінде орналасқан Боливия мен Перуде қалың қар жауды. Ауа райының кесірінен күре жолдар жабылып, көптеген елді мекендер оқшауланып қалған.
Боливияның орталғындағы Потоси аймағында екі адам көз жұмды. Мұнда телефон желілері үзіліп, жергілікті тұрғындар байланыссыз қалған. Ел астанасы Ла Пасқа баратын жолдарда мұз қатып, полиция оларды жабуға мәжбүр болды. Боливия өкімет өкілдерінің мәлімдеуінше, қар жауған аймақта азықсыз қалған мал қырыла бастады. Перуде осындай қалың қар 10 жыл бойы жаумаған көрінеді. Ел президенті Ольянта Хумала оңтүстік аймақта төтенше жағдай жариялады.
4-тапсырма. Жай сөйлемдерді себеп-салдар салалас құрмалас сөйлем жасаңыз. (сондықтан, сол себепті, өйткені, себебі)
Ландшафты зоналар туралы айту қиын, .......................................................................................
Әлемде ландшафты зоналарды ғалымдар әртүрлі бөледі, ..........................................................
Он жеті негізгі ландшафттық зоналардың ерекшеліктері бар, ..................................................
Орманды-дала зонасы деп бөледі, ........................................................................................
Азияның тынық мұхиттық бөлігі ландшафты зонаға кіреді, Ресей, Монғолия, Батыс Еуропа, АҚШ ландшафты зоналар деп саналады, ................................................................
Негізгі әдебиеттер:
Бюжеева Б.З. Аймақтануға кіріспе. Алматы, 2008.
З. Күзекова Қазақша сөйлейміз. Тілді өз бетінше үйренуге арналған. –Алматы, 2010
Е.Тулешов, Ж.Тұрлыбекова, Ү.Каюпова Қазақша үйренейік. Ересектерге арналған оқу құралы. –Астана, 2010.
8-апта. АЙМАҚТЫЛЫҚ ФАКТОРЛАРЫ
3-тақырып. Қазақ тіліндегі сайттар. Айтыс – қазаққа тән ерекше өнер.
Сабақтың мақсаты:
Үйренген тілдік дағдыларды, лексикаларды жинақтай келе, ұжымда жұмыс істей білуге, тіл табыса білуге үйрету. Көпшілік ортада өзін-өзі ұстай білуге, ойларын нақты, дәл жеткізе білуге үйрету. Ресми тілде меңгерген материалдарды кез келген жағдайда орнымен қолдануға, орнықты жауап беруге, сауатты сөйлеуге үйрету.
