Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-apta.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
400.72 Кб
Скачать

Несиені қалай алуға болады?

Банк мына ақпараттарды білуге тиіс

  • Сізге қанша қаржы керек?

  • Сіз қаржыны қалай пайдаланбақсыз?

  • Сіздің бизнесіңіз табыс әкелуге қабілетті ме?

  • Сіздің банк өз ақшасын қайтарып ала ала ма?

  • Бұл қашан болады?

Несие алу үшін банкке мынадай құжат түрлерін жинауыңыз керек:

  • кәсіпорынның жарғысы және мемлекеттік тіркелуі туралы көшірмесі

  • несие алушының дебиторлық қарыздары туралы анықтамасы (шот есебі ашылған банк береді)

  • несие алу үшін өтініші (фирманың директоры және бас бухгалтері атынан)

  • кепілдемелік міндеттемесі

Сіз үшін кепілдеме бере алатын сақтандыру компаниясы, мемлекеттік кәсіпорын, мекеме кепіл бола алады, кепілдік заттар

  • директордың және бас бухгалтердің тағайындалуы туралы бұйрық

  • несие алу үшін бизнес жоспар

Негізгі әдебиеттер

  1. Бюжеева Б.З. Аймақтануға кіріспе. Алматы, 2008.

  2. З. Күзекова Қазақша сөйлейміз. Тілді өз бетінше үйренуге арналған. –Алматы, 2010

  3. Е.Тулешов, Ж.Тұрлыбекова, Ү.Каюпова Қазақша үйренейік. Ересектерге арналған оқу құралы. –Астана, 2010.

2-апта. БИЗНЕС ЖӘНЕ БІЗ...

3-тақырып. Бағдаршамның шығу тарихы.

Таулар, таулар

Сабақтың мақсаты:

Үйренген тілдік дағдыларды, лексикаларды жинақтай келе, ұжымда жұмыс істей білуге, тіл табыса білуге үйрету. Көпшілік ортада өзін-өзі ұстай білуге, ойларын нақты, дәл жеткізе білуге үйрету. Ресми тілде меңгерген материалдарды кез келген жағдайда орнымен қолдануға, орнықты жауап беруге, сауатты сөйлеуге үйрету.

  1. Мәтінді оқып, өзіңіз үшін жаңа болп табылатын ақпараттарды белгілеңіз. Бағдаршамның шығу тарихы

Алғашқы бағдаршам теміржол бойында пайда болады. Оны ойлап тапқан адамның есімі тарихта сақталмаған.

Бағдаршамды көше қиылысына ыңғайлап, қайта жасаған ағылшын инженер-механигі Д.Найт болатын. Ол 1868 жылы Лондондағы парламент үйінің алдында бағдаршам орнатты. Алдымен түрлі-түсті сигнал қайтыс берілістің көмегі арқылы өзгертіліп отырады. Сосын аппарат ортасында газды шам орнатылады. Бірақ газ жарылып, кезекте тұрған полицей қаза болып, содан жарты ғасыр бойы бағдаршам ұмыт болады.

Тек 1914 жылдан бастап бағдаршамдар Американың Кливленд қаласында, сосын Нью-Йорк т.б. қалаларында пайда бола бастайды. Бұл жолы олар электрлі болды. Тек екі түсті ғана: қызыл және жасыл. 1918 жылдан бастап қана үш түс қолданыла бастады. Кеңес Одағы бойынша алғаш рет бағдаршам 1942 жылы Мәскеу қаласының Кузнецк көпірі мен Петровка көшелерінің қиылысында орын алды.

  1. Берілген сұрақтарды мәтіннің мазмұнына сәйкес орналастырып, жауап беріңіз.

А. Алғашқы бағдаршамдар қандай болды?

Ә. Алғашқы бағдаршам қашан және қайда пайда болған?

Б. Бағдаршамды алғаш ойлап тапқан кім еді?

  1. Мәтінге жоспар құрыңыз.

Жазылым

Берілген сөздер мен сөз тіркестерін қолданып, суретке әңгіме құрастырыңыз. Таныс кейіпкер. Алып адам, көшеде жүру тәртібі, бағдаршам, орнату, дұрыстау, көрсету, оның аты.

2.Сөздікте берілген сөз таптарына топтастырып жазыңыз.

Үлгі: Зат есім: бағдаршам, ...

Етістік: жүру, ...

3.«Бағдаршамның шығу тарихы» мәтінінен негізгі ақпаратты беріп тұрған үш сөйлемді көшіріп жазыңыз.

4.Сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып әңгіме жазыңыз. Жол қозғалысы ережесін бұзушылар, жаяу жүргіншілер, жол бойында, жолда, ойнау, автокөлік, жүргізуші, болмайды.

1. Әңгімелесуге және бір-біріне қоюға арналған сұрақтармен танысыңыз.

  1. Қала көшелеріндегі жол қозғалысы ережелерімен таныссыз ба?

  2. Жолдаран жаяу өткенде бағдаршамға қарайсыз ба?

  3. Автокөлікпен жүргенде бағдаршамға қарайсыз ба?

  4. Жолдың келесі бетіне жаяу жүргіншілерге арналған орынмен өтесіз бе?

2.Берілген сөйлемге қажет етістікті қойыңыз.

Бағдаршамды Лондонда көше қиылысына ....., қайта...... ағылшын инженер-механигі Д.Найт болатын.

  1. Ыңғайлап, жасаған;

  2. Орнатқан, жүргізген;

  3. Қойған, салған.

3.Мына сөйлемнің дұрыс аудармасын табыңыз.

Бағдаршам алғаш рет Лондондағы парламент үйінің алдына орнатылған.

  1. Светофор был установлен в Лондоне.

  2. Впервые светофор был установлен в Лондоне у парламентского дома.

  3. В парламентском доме был установлен в лондоне светофор.

  1. Сөйлемдерге керек егментті қойыңыз.

  1. Бағдаршамның жасыл түсі - .....

  2. Жолаушыларға көлік қозғалысы кезінде оның ..... ...... ......

  3. Жолаушылар жеңіл көлікте..... .......

а) есігін ашуға болмайды;

ә) жаяу жүргіншілерге жолдан өтуге болады деген белгі;

б) қауіпсздік белдігін бекітуі тиіс.

5. Сөйлемге керек сөздерді қойыңыз.

..... жолдан өтпес бұрын алдымен......, ал жолдың ортасына жеткенде...... қарауы керек.

А) оңға, солға;

Ә) көлік жүргізуші;

Б) поезд жүргізушісі, солға, оңға;

В) жаяу жүргінші, солға, оңға.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]