Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-apta.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
400.72 Кб
Скачать

Апта. Кеңестік саралану және аймаққа жіктеу

1-тақырып. Геокеңестік құрылымы (аумақ, акватория, аэротория, геотория)

Сабақтың мақсаты:

Аймақтану саласына қатысты терминдерді нақты мысалдармен түсіндіру. Бұл туралы студенттердің өз ойларын еркін әңгімелеп беруге уйрету, салалық терминдер жүйесін толық және терең игерту, коммуникациялық дағдыларын қалыптастыру, грамматикалық формаларды сауатты меңгерту.

Айтылым бойынша: кәсіби терминдер, жаңа сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс айту, тақырыптағы мамандыққа қажетті сөздерді болашақта іскери кездесулерде ауызша баяндай алуға, пікірталасқа түсе білуге төселдіру.

Жазылым бойынша: тақырып бойынша кәсіби деңгейде өз ойын жазбаша дұрыс баяндауға үйрету.

Оқылым бойынша: өзіне қажетті материалдарды, қосымша мәліметтерді оқып түсінуге төселдіру.

Тыңдалым бойынша: кәсіби терминдерді, тақырып бойынша берілетін мәтіндерді, сұхбаттарды, аудиоматериалдарды тыңдап түсіну, мәлімет ала алуға машықтандыру.

Жер бетінің кеңістігі әр түрлі материялық және материялық емес субстанциялардан құралған, оның әрбір жеке сәттегі кеңістік сараланудың күрделі үрдістерін бейнелеген «бейне-сәтпен» салыстыруға болады. «Бұл физика және химия заңдарымен сипатталатын өлі табиғат үрдістері, бұл биологиялық түсініктер терминдерінде сипатталатын биотикалық үрдістер; бұл сондай-ақ басқа жер бетінде әр түрлі заттар мен оқиғалардың тоғысып, функционалды байланысқан элементтер жүйесін құрып, адам мәдениетімен пайда болатын үрдістер».

Географиялық кеңістік оны құрайтын құрамдас бөліктер тұрғысынан (компоненттік құрылым) және аумақтық қатынаста (аумақтық құрылым) құрылымды болып келеді. Оған жүйелік, динамикалық, өлшемдік, қисықтылық, тығыздық, шоғырланушылық, поляризация, содан басқа энтропиялық сияқты қасиеттер тән.

Географиялық кеңістік жер бетімен тікелей байланысты нысанда сипаттаудағы элементтер – аумақ, акватория, аэротория, геотория.

Аумақ – жер бетінен шектелген бөлігі, оның сегменттері, белгілі табиғи және антропогендік қасиеттері мен ресурстарға ие. Әдетте ол жер бетімен теңестіріледі, дегенмен бірегей өлшемдер негізінде теңестірілген ғаламшардың барлық аумағының қосындысы жер құрлығы бетіне сәйкес келеді.

Акватория – өзіне тән табиғи және антропогендік қасиеттері мен ресурстары бар, тереңдік, созылып жату және тағы да басқа қасиеттермен сипатталатын Жер суы бетінің бөлігі.

Аэротория - аз қолданатын, болашағы бар термин, сәйкес келетін аумақ немесе акваториямен байланысқан геосфераның ауа қабатының бөлігін білдіреді.

Геотория – тектік түсінік, онда аумақ, акватория, аэротория жинақталады.

Сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Геокеңістік құрылымының элементтерін атаңыз?

  2. Акватория дегеніміз не?

  3. Аэротория ұғымына сипаттама беріңіз.

  4. Геотория дегеніміз не?

  5. Аумақ терминіне түсініктеме беріңіз.

1-тапсырма. Берілген сөздер мен және сөз тіркестерімен 5 сөйлем құрастырыңыз.

жер беті –

шектелген бөлік –

күрделі үрдіс –

аумақтық қатынас –

географиялық кеңістік –

2-тапсырма: «Акватория», «аэротория», «геотория» сөздеріне өз анықтамаңызды беріңіз.

акватория – .....................................................................................................................................

аэротория – ......................................................................................................................................

геотория – ........................................................................................................................................

3-тапсырма: Сөйлемдерді өз ойыңызбен аяқтаңыз.

Жер бетінің кеңістігі әр түрлі материялық субстанциялардан құралған, .................................

Жеке сәттегі кеңістік сараланудың күрделі үрдістерін бейнелеген, .........................................

Жер бетінде әр түрлі заттар мен оқиғалардың тоғысады, ..........................................................

Жер бетімен теңестіріледі, бірегей өлшемдер негізінде теңестірілген .....................................

Аумақ немесе акваториямен байланысқан геосфераның ауа қабатының бөлігін білдіреді ...

4-тапсырма. Аймақтану саласына қатысты терминдерді теріп жазып, аударыңыз.

Негізгі әдебиеттер:

  1. Бюжеева Б.З. Аймақтануға кіріспе. Алматы, 2008.

  2. З. Күзекова Қазақша сөйлейміз. Тілді өз бетінше үйренуге арналған. –Алматы, 2010

  3. Е.Тулешов, Ж.Тұрлыбекова, Ү.Каюпова Қазақша үйренейік. Ересектерге арналған оқу құралы. –Астана, 2010.

7-апта. КЕҢЕСТІК САРАЛАНУ ЖӘНЕ АЙМАҚҚА ЖІКТЕУ

2-тақырып. Геокеңістік бірліктері (ареал, аралық (зона), провинция, полигон, анклав)

Сабақтың мақсаты:

Аймақтану саласына қатысты терминдерді нақты мысалдармен түсіндіру. Бұл туралы студенттердің өз ойларын еркін әңгімелеп беруге уйрету, салалық терминдер жүйесін толық және терең игерту, коммуникациялық дағдыларын қалыптастыру, грамматикалық формаларды сауатты меңгерту.

Айтылым бойынша: кәсіби терминдер, жаңа сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс айту, тақырыптағы мамандыққа қажетті сөздерді болашақта іскери кездесулерде ауызша баяндай алуға, пікірталасқа түсе білуге төселдіру.

Жазылым бойынша: тақырып бойынша кәсіби деңгейде өз ойын жазбаша дұрыс баяндауға үйрету.

Оқылым бойынша: өзіне қажетті материалдарды, қосымша мәліметтерді оқып түсінуге төселдіру.

Тыңдалым бойынша: кәсіби терминдерді, тақырып бойынша берілетін мәтіндерді, сұхбаттарды, аудиоматериалдарды тыңдап түсіну, мәлімет ала алуға машықтандыру.

Әр түрлі геокеңістік жүйеленудің болуы – орта мектептегі аймақтану жұмыстарында, теоретикалық және қолданбалы географиялық зерттеулерді жүзеге асырудағы аса қажетті әдістемелік құрал мен әдіс. Бұл жердегі жалғыз қиындық, жаратылыстану және қоғамдық ғылымдарды қарастыру мәселелеріне, шығу тегі әр түрлі – физико-географиялық, геологиялық, экономикалық, этникалық, конфессионалдық, геосаяси, мәдени-өркениеттілік және тағы да басқа ареалдарды бөліп, зерттеуде тууы мүмкін.

Ең көп қолданылатын әмбебап түсінік ареал (лат.area – аумақ, кеңістік, бір нәрсенің таралу кеңістігі, шегі) болып келеді.

Аралық (зона) (zone~ белдік, белгілі бір шектер аралығы) – бұл да кең таралған, бірақ көп мағыналы түсінік, ол кейде геокеңістікке жанама қатынаста болады.

Провинция – (provincial) – көпмағыналы термин, Ежелгі Римде римдік билеуші басқаратын жаулап алынған аумақтарды белгілеу үшін қолданған. Қазіргі кезде оншақты елдерде (Италия, Канада, Аргентинада т.б.) әкімшілік-аумақтық бірлікті білдіреді. Дәл осындай мағынада Ресейде ХҮІІІ ғ.қолданды.

Полигон – (гр.polygonos: poly көп, gonia – бұрыш) – геометрияда кәдімгі көпбұрыш, тегістіктегі сызық. Географиялық түсінікте – бұл жүйелену деңгейіне тәуелсіз кез келген зерттелетін аумақ. (Әскери істе кең қолданылады, онда полигон деп құрғақ не теңіздің арнайы құрылымдар мен жабдықтармен жабдықталған, түрлі қару мен әскери техниканы сынау және оқу әскери сабақтары өткізілетін алаң, жер, су телімі.

Анклав (фр.enclave) – кейде аймақты экономика, саяси география, саясатта қолданатын термин. Ол барлық жағынан басқа мемлекет аумағымен немесе бейтарапты сулармен қоршалған аумақты немесе мемлекеттік аумақтың бөлігін білдіреді. Осы жерде ареалдың оны қоршап жатқан елдерге қатысты қатынасы туралы айтылады. «Аналық» жүйелеуге қатысты бұл жер телімі эксклав деп аталады.

Сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Аралық зона ұғымына түсінік беріңіз.

  2. Провинция терминінің мағынасын түсіндіріп беріңіз.

  3. Полигон терминінің бірнеше мағынасын түсіндіріңіз.

  4. Анклав дегеніміз не?

  5. Эксклав сөзіне анықтап беріп көріңіз.

1-тапсырма. Сөз тіркестерімен сөйлем құраңыз.

әдістемелік құрал –

географиялық зерттеулер -

әмбебап түсінік –

әкімшілік-аумақтық бірлік –

су телімі -

2-тапсырма. Сөйлемдерді өз ойыңызбен аяқтаңыз.

Қолданбалы географиялық зерттеулерді жүзеге асыру керек, ...................................................

Жаратылыстану және қоғамдық ғылымдарды қарастыру мәселелеріне қатысады, ................

Қазіргі кезде оншақты елдерде әкімшілік-аумақтық бірлікті білдіреді, ...................................

Полигон географиялық түсінікте бұл жүйелену деңгейіне тәуелсіз зерттелетін аумақ, ........

Анклав кейде саясатта да қолданатын термин, ............................................................................

3-тапсырма. Берілген сөздермен, сөз тіркестерімен шағын мәтін құраңыз.

геологиялық, экономикалық, этникалық, жұмыстар, теоретикалық, қолданбалы зерттеу, жаратылыстану, қоғамдық, ғылым, қарастыру, мәселе, арнайы, құрылым, жабдықтар, жабдықтау.

Негізгі әдебиеттер:

  1. Бюжеева Б.З. Аймақтануға кіріспе. Алматы, 2008.

  2. З. Күзекова Қазақша сөйлейміз. Тілді өз бетінше үйренуге арналған. –Алматы, 2010

  3. Е.Тулешов, Ж.Тұрлыбекова, Ү.Каюпова Қазақша үйренейік. Ересектерге арналған оқу құралы. –Астана, 2010.

7-апта. КЕҢЕСТІК САРАЛАНУ ЖӘНЕ АЙМАҚҚА ЖІКТЕУ

3-тақырып. Бұқаралық ақпарат құралдары. «Болашақ» бағдарламасы.

Сабақтың мақсаты:

Үйренген тілдік дағдыларды, лексикаларды жинақтай келе, ұжымда жұмыс істей білуге, тіл табыса білуге үйрету. Көпшілік ортада өзін-өзі ұстай білуге, ойларын нақты, дәл жеткізе білуге үйрету. Ресми тілде меңгерген материалдарды кез келген жағдайда орнымен қолдануға, орнықты жауап беруге, сауатты сөйлеуге үйрету.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]