
- •Сұхбатты рөлге бөліп оқыңыз. Аударыңыз.
- •2. Диалог бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
- •3.Сұхбатқа ат қойыңыз.
- •Көшеде жол жүру ережесін үйренеміз.
- •Диалог бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
- •2.Диалогтегі монологке айналдырыңыз.
- •3.Диалогтегі жол қозғалысына қатысты сөздер мен сөз тіркестерін тауып, оқыңыз.
- •Несиені қалай алуға болады?
- •Таулар, таулар
- •Мәтінді оқып, өзіңіз үшін жаңа болп табылатын ақпараттарды белгілеңіз. Бағдаршамның шығу тарихы
- •Таулар, таулар
- •Тапсырма. Сөз тіркестерімен сөйлем құраңыз.
- •Диалогті рөлге бөліп оқып шығыңыздар. Базардағы саудаға қатысты өздерге назар аударыңыздар. Саудаңыз сәтті болсын десеңіз....
- •Ет саудасы
- •10. Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •11. Диалогті монологке айналдырыңыз.
- •Сұхбатты рөлдерге бөліп оқыңыз, аударыңыз.
- •Диалогты рөлдерге бөліп оқыңыз, аударыңыз.
- •Диалог бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
- •Диалогті монологке айналдырыңыз.
- •Диалогтегі тақырыпқа байланысты сөздер мен сз тіркестерін тауып оқыңыз.
- •Тапсырма. Сөз тіркестерімен сөйлем құраңыз.
- •Диалогті рөлге бөліп оқып шығыңыздар. Базардағы саудаға қатысты өздерге назар аударыңыздар. Саудаңыз сәтті болсын десеңіз....
- •Ет саудасы
- •10. Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •11. Диалогті монологке айналдырыңыз.
- •Сұхбатты рөлдерге бөліп оқыңыз, аударыңыз.
- •Диалогты рөлдерге бөліп оқыңыз, аударыңыз.
- •Диалог бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
- •Диалогті монологке айналдырыңыз.
- •Диалогтегі тақырыпқа байланысты сөздер мен сз тіркестерін тауып оқыңыз.
- •Мәтінді оқыңыз. Өзіңізге жаңа олып табылатын ақпараттарды белгілеп отырыңыз. «көк базардың» тарихынан
- •Қуат көзін үнемдейік!
- •Ғарыштан естілген қазақ тілі
- •Сұхбат бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
- •Сұхбатқа ат қойыңыз.
- •Берілген сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, төменде берілген микродиалогті толықтырыңыз.
- •Сұхбатты рөлге бөліп оқыңыз. Тоқтар ағамен сұхбат
- •6. Диалог бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
- •7. Диалогті монологке айналдырыңыз.
- •Суды үнемдеу
- •«Желкілдеп өскен жас құрақ, біз болмасақ, сіз барсыз»
- •Сұхбат бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
- •Берілген сөздер мен сөз тіркестерін пайдалаеып, төменде берілген микродиалогті жалғастырыңыз.
- •Сұхбатты рөлдерге бөліп оқыңыз. Орыс тіліне аударыңыз.
- •Диалог бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
- •Диалог бойынша срақтарға жауап беріңіз.
- •Апта. Кеңестік саралану және аймаққа жіктеу
- •Бұқаралық ақпарат құралдары
- •Сұхбатты рөлге бөліп оқыңыз.
- •Диалог бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
- •Диалогке тақырып қойыңыз.
- •«Болашақ» бағдарламасы
- •Халқымыз бар кемеңгер
- •Диалогті рөлге бөліп оқыңыз.
- •Диалог бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
- •Диалогті монологке айналдырыңыз.
- •Диалогті рөлдерге бөліп оқыңыз.
- •Айтыс – қазаққа тән ерекше өнер.
- •Сұхбатты рөлге бөліп оқыңыз. Орыс тіліне аударыңыз.
- •Айтыс өнері ізденуді талап етеді
- •Сүйікті ісіңіз қандай?
- •1. Сұхбатты рөлге бөліп оқыңыз. Етістіктерге көңіл бөліңіз.
- •3. Диалогті монологке айналдырыңыз. Преобразуйте диалог в монологический текст.
- •Тойыңыз тойға ұлассын
- •Құрманғазының «Сарыарқасын» тартшы...
- •Наурыз тойы
- •Мәтінді оқып, озіңізге жаңа болып табылатын ақпараттарды белгілеп отырып
- •2. Берілген сұрақтарды мәтіннің мазмұнына сәйкес орналастырып, жауап берініздер.
- •Суретші әлемінде
- •Сұхбатты рөлге бөліп оқыңыз.
- •Қазыбектің алғаш көзге түсуі
- •Әр үйге шаттық орнайды
- •Қазақтың тұңғыш операсы
- •Үй салу оңай ма?
- •2.Берілген сұрақтарды мәтіннің мазмұнына сәйкес орналастырып, жауап беріңіз.
- •Қазақстанда еқыұ саммиті өткізіледі
- •Диалогті рөлдерге бөліп оқыңыз.
- •Диалог бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
- •Диалогке ат қойыңыз. Сыртқы саясат
- •2. Сөздердің дұрыс баламасын сәйкестендіріңіз.
- •Тілдік этикет
- •1. Мәтінді оқып, өзіңізге жаңа болып табылатын ақпараттарды белгілеп отырыңыз. Кибернетика –басқару өнері
- •Берілген сұрақтарды мәтіннің мазмұнына сәйкес орналастырып, жауап беріңіз.
- •Әңгімелесуге арналаған сұрақтармен танысыңыз.
- •Астана – елімнің алтын ордасы
- •Астана – егемендік перзенті
- •13. Мәтінді оқып, өзіңіз үшін жаңа болып табылатын ақпараттарды белгілеңіз.
Мәтінді оқыңыз. Өзіңізге жаңа олып табылатын ақпараттарды белгілеп отырыңыз. «көк базардың» тарихынан
Алматыдағы орталық базар «Көк базар» деп аталады. Өйткені Іле Алатаудың табиғат сыйы болып табылатын алғашқы көкөністер ертеден бері осы жерде сатылады екен. «Көк базар» өзінің сатып алшыларын әрқашан тау-тау көкөністерімен, жеміс-жидектерімен, алқызыл апорттармен, таудың жидектерімен қарсы алады екен. «Көк базардың» дайын тағамдар қатарынан шығыстың тәттілерінен бастап, тағамға қосатын хош иісті шөптерге дейі табылатын болған. «Көк базарды» «Көпестердің қонақ үйі» деп атаған. Онда Орта Азияның садагерлері мен көпестері, Қытайдың ірі шай фабрикаларының өкілдері тоқтаған. 1875 жылы сәулетші Ян Поклевский «Көк базарда» тастан сауда қатарларн, арықтар мен су бұрқақтар салған. «Көк базар» сол кездегі Түркістанның атақты базарларынан кем болмаған. 1975 жылы оның көне келбетін жаңашаландыр мақсатнда «Көк базардың» орны ысырылып, әйнек пен бетоннан жаңа сауда жайлары салынды.
Берілген сұрақтарды мәтіннің мазмұнына сәйкес орналастырып, жауап беріңіз.
А) «Көк базар» деп неліктен аталған?
Ә) «Көк базарда» кімдер сауда жасаған?
Б) «Көк базардың» сәулетшісі кім?
В) Бзар қай жылы және қалай өзгертіліп салынды?
Г) «Көк базардың» бұрыңғы атауы қандай болған?
Мәтінге жоспар құрыңыз.
4. Берілген сөздер мен сөз тіркестерін қолданып, сурет бойынша әңгіме құрастырыңыз.
Таныс кеіпкерлер, сиқырлы ұшатын кілем, әлемді аралау, шығыстың базарына бару, ғажайып суреттер, арман.
«Көк базар тарихынан» мәтінінен негізгі ақпаратты беріп тұрған үш сөйлемді көшіріп жазыңыз.
Базарда сіздің сату орныңыз бар. Сіз сол жерде перделер сатасыз. Өзіңіздің сататын затыңыз туралы хабарландыру немесе теледидарға жүгіртпе жолға жарнамалық ақпарат жазыңыз.
Мына сөздер мен сөз тіркестерін қолдануыңызға болады: арнайы тігілген, жібек, барқыт, жаккард, кестеленген, өрнектелген, ояланған, перделер, нәзік шілтерлер, бізде, соңғы үлгідегі, базар, арзан, қымбат.
Әңгімелесуге және бір-біріңе қоюға арналған сұрақтармен танысыңыз.
Сіз қайда тұрасыз?
Қалаңыздың аты қандай?
Қалаңыздағы көне базардың аты қандай?
Қазірде көне базардың орны сақталған ба?
Қалаңыздағы базарлардың аттары қандай?
Олар бір бірінен ерекшелене ме, әлде ұқсас па?
8.Берілген сөйлемге қажет зат есімдерді қойыңыз.
«Көк базар» өзінің сатып алушыларын әрқашан жеміс-жидектерімен, алқызыл апорттарымен..... ...... .
Келіп жатады екен;
Сатып жүрген екен;
Қарсы алады екен.
1-тақырып. Аймақтану және экономика
Сабақтың мақсаты:
Аймақтану мен экономиканың арасындағы байланысты нақты мысалдармен түсіндіру. Бұл туралы студенттердің өз ойларын еркін әңгімелеп беруге уйрету, салалық терминдер жүйесін толық және терең игерту, коммуникациялық дағдыларын қалыптастыру, грамматикалық формаларды сауатты меңгеру.
Айтылым бойынша: кәсіби терминдер, жаңа сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс айту, тақырыптағы мамандыққа қажетті сөздерді болашақта іскери кездесулерде ауызша баяндай алуға, пікірталасқа түсе білуге төселдіру.
Жазылым бойынша: тақырып бойынша кәсіби деңгейде өз ойын жазбаша дұрыс баяндауға үйрету.
Оқылым бойынша: өзіне қажетті материалдарды, қосымша мәліметтерді оқып түсінуге төселдіру.
Тыңдалым бойынша: кәсіби терминдерді, тақырып бойынша берілетін мәтіндерді, сұхбаттарды, аудиоматериалдарды тыңдап түсіну, мәлімет ала алуға машықтандыру.
Экономикалық география және аймақтық экономика тығыз байланысты. Көп жылдар бойы осы пән өкілдерінің экономиканы кеңістікте ұйымдастырып зерттеудегі «басымдықтары» мен «тындырымдылығы» сәтсіз болып келеді. Экономикалық географияны жалпы географиядан бөліп алуы, ол аймақтық экономиканы экономикадан ажыратуы екі жақтың арасындағы түсініспеушілікке әкеледі. Біріншісі – географияны «экономиялау» нәтижесінде де, екіншісі – экономиканы «географияландыру» салдарынан еді.
Әдебиеттерде кейде екі ғылыми бағыт арасында кейбір айырмашылықтар келтіріледі. Э.Б. Алаевтың пікірі бойынша (1983, «аймақтық экономика үш деңгейде «әрекет етеді»: жергілікті, аймақтық және аймақаралық-ұлттық. Әлеуметтік-экономикалық географияда ұлтаралық және жаһандық деңгейлер кездеседі. Біріншісі зерттеудің қолданбалы нәтижелеріне бағытталса, екіншісі іргелі мәселелермен айналысады. Сондықтан ең қолайлысы – аймақтық экономиканы әлеуметтік-экономикалық географияның бөлігі деп санау қажет».
Әлеуметтік-экономикалық география - қоғамдық географияның және географиялық ғылымдардың барлық жүйесінің негізгі бөліктерінің бірі; әр түрлі елдердегі, аудандардағы, жергілікті жерлердегі қоғамның аймақтық ұйымдастырылуын зерттейді. Әлеуметтік-экономикалық география экономикалық география, әлеуметтік география және халық географиясы деп бөлінеді. Әлеуметтік-экономикалық географияның зерттейтін шекті нысанына Жердің географиялық қабығының қоныстанған, игерілген немесе басқа жолмен қоғам өміріне тартылған, өзіне тән шаруашылығының кеңістіктік құрылымы мен қоғамдық өмірді ұйымдастырудың нысаны бар бөлігі жатады.
Сұрақтарға жауап беріңіз.
Мәтін не туралы?
Мәтін бойынша қандай ақпарат есіңізде қалды?
Мәтінде жауабы бар 1 сұрақ, жауабы жоқ 1 сұрақ қойыңыз.
Аймақ пен экономика арасында қандай байланыс бар?
Гелграфияны экономикаландыру дегенді қалай түсінесіз?
1-тапсырма: Мәтінді бөліктерге бөліп әр бөлікке ат қойыңыз.
2-тапсырма: Мына сөздердің әрқайсысымен 3 сөз тіркесінен жасаңыз.
қолданбалы- ...................................................................................................................................
жүйе-................................................................................................................................................
деңгей-.............................................................................................................................................
мәселе -...........................................................................................................................................
нәтиже-............................................................................................................................................
нысан- .............................................................................................................................................
жағдай-.............................................................................................................................................
3-тапсырма: Сөйлемдерді өз ойыңызбен толықтырыңыз.
............. іргелі мәселелермен айналысу .............................
.............ең қолайлысы .........................................................
...............жергілікті жерлер ...............................................
............... ұлт өкілдері ......................................................
................кейбір айырмашалықтар...................................
Негізгі әдебиеттер:
Бюжеева Б.З. Аймақтануға кіріспе. Алматы, 2008.
З. Күзекова Қазақша сөйлейміз. Тілді өз бетінше үйренуге арналған. –Алматы, 2010
Е.Тулешов, Ж.Тұрлыбекова, Ү.Каюпова Қазақша үйренейік. Ересектерге арналған оқу құралы. –Астана, 2010.
5- апта. АЙМАҚТАНУ – ҒЫЛЫМИ БІЛІМДЕРДІҢ СИНТЕЗІ
2-тақырып. Аймақтану және техника
Сабақтың мақсаты:
Аймақтану мен техника арасындағы байланысты, оның пайдасын нақты мысалдармен түсіндіру. Бұл туралы студенттердің өз ойларын еркін әңгімелеп беруге уйрету, салалық терминдер жүйесін толық және терең игерту, коммуникациялық дағдыларын қалыптастыру, грамматикалық формаларды сауатты меңгеру.
Айтылым бойынша: кәсіби терминдер, жаңа сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс айту, тақырыптағы мамандыққа қажетті сөздерді болашақта іскери кездесулерде ауызша баяндай алуға, пікірталасқа түсе білуге төселдіру.
Жазылым бойынша: тақырып бойынша кәсіби деңгейде өз ойын жазбаша дұрыс баяндауға үйрету.
Оқылым бойынша: өзіне қажетті материалдарды, қосымша мәліметтерді оқып түсінуге төселдіру.
Тыңдалым бойынша: кәсіби терминдерді, тақырып бойынша берілетін мәтіндерді, сұхбаттарды, аудиоматериалдарды тыңдап түсіну, мәлімет ала алуға машықтандыру.
Аймақтану мен техникалық білімдердің бірге тіршілік етуі (симбиозы) – қияли елестер жемісі емес. Әр түрлі аумақтың өзіндік табиғи жағдайлары техника мен технологияға талап қояды. Мысалы тропиктік Африкада соқалық жер өңдеу мен әр түрлі жер қабатын өңдеу машиналарын енгізуге ерекше жер жағдайы себеп болуда. Тракторларды дұрыс пайдаланбау және арнайы ауыр соқаларды пайдалану жер қыртысының өнімділігін азайтып, білінуіне әкеледі. Басты себеп топырақтың механикалық құрамында, топырақтың микроөсімдік дүниесінің ең жоғары шегінде шоғырлануында жатыр. Сонымен бірге аймақтың жекелеген елдеріндегі жер өңдеу тәжірибесі арнайы таңдап алынған ауылшаруашылық құралдарын қолданбау, себу жұмыстары және т.б. агротехникалық әдістерді дұрыс қолдану арқылы жақсы нәтижеге жетуге болатындығын көрсетеді.
Технологиялық аймақтанудың жүзеге асатындығына Ресей Федерациясының тәжірибесінен жақсы көрінеді. Сібір мен Қиыр Шығыстағы ауыр климаттық жағдайлар материалдық өндірістің барлық салаларының өнімдерінің өзіндік бағасының өсуіне әкелді. Бұл жерде «Көбірек техника – азырақ адам» ұраны көтеріледі.
Технологиялық аймақтану «құрылыстық аймақтанумен» де байланысты. Мысалы, Ресейде қатып жатқан жер асты суларының нәтижесінде құрлықтық жолдар салу технологиясы жүзеге аспады, өйткені еуропалық үлгіге сай салынған жолдар бұл аймақ үшін жарамсыз еді. Яғни, әр аймақтың өзіндік табиғи ерекшеліктері ескерілуі тиіс.
Мәтінге тапсырма.
Мәтін не туралы?
Мәтін бойынша қандай ақпарат маңызды деп ойлайсыз?
Мәтінде жауабы бар екі сұрақ дайындаңыз.
Мәтінде жауабы жоқ бір сұрақ дайындаңыз.
Аймақтану мен техника арасында қандай байланыс бар?
1-тапсырма: Сөйлемдерді өз ойыңызбен аяқтаңыз.
Жекелеген елдерде .......................................................................................................................
Климаттық жағдайлар ..................................................................................................................
Техниканы дұрыс пайдаланбау ...................................................................................................
Өзіндік табиғи жағдайлары .........................................................................................................
Агротехникалық әдістерді ...........................................................................................................
2-тапсырма: Мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіріңіздер.
Әркімнің өз жері - Мысыр шаһары.
Ел мен жер егіз.
Ел іші алтын бесік.
Жері байдың елі бай.
3-тапсырма. Шағын мәтіннің мазмұнын анықтап, өз аймағыңыздағы жер-су аттарының шығу тарихы туралы айтып беріңіз.
Кезінде «Тұздыкөл» деп аталатын көлдің жағасында тұратын бір байдың Кәлкен атты жалғыз қызы болады. Қыз бой жетіп, көрші рудың бір жігітіне ғашық болады. Екі жас көңіл қосып, үйленбекші болған кезінде қыздың әкесі қарсы болып, қызын үйінде қамап ұстап шығармаған екен. Сондағы себеп - жігіт бір байдың жылқышысы екен. Сүйгеніне қосыла алмаған Кәлкен сұлу көп қайғырып, құсадан (душевное страдание) қайтыс болады. Ал үш күн өткеннен соң, бай судың жағасына барса, мөлдіреп ағып жатқан көл қара суға айналыпты. Еш нәрсенің мәнісін түсіне алмаған бай бәйбішесіне айтып, жалшыларына суды батпақтан тазартуды бұйырады. Онысынан түк шықпай байдың өзі де, адамдары да батпақтың арасынан шыға алмай, өледі. Жалғыз қызының көз жасынан қорықпаған бай азаппен өлген жерді халық «Кәлкен» деп атап кеткен екен
Негізгі әдебиеттер:
Бюжеева Б.З. Аймақтануға кіріспе. Алматы, 2008.
З. Күзекова Қазақша сөйлейміз. Тілді өз бетінше үйренуге арналған. –Алматы, 2010
Е.Тулешов, Ж.Тұрлыбекова, Ү.Каюпова Қазақша үйренейік. Ересектерге арналған оқу құралы. –Астана, 2010.
5- апта. АЙМАҚТАНУ – ҒЫЛЫМИ БІЛІМДЕРДІҢ СИНТЕЗІ
3-тақырып. Электр қуатын үнемдеу. Ғарыштан естілген қазақ тілі.
Сабақтың мақсаты:
Үйренген тілдік дағдыларды, лексикаларды жинақтай келе, ұжымда жұмыс істей білуге, тіл табыса білуге үйрету. Көпшілік ортада өзін-өзі ұстай білуге, ойларын нақты, дәл жеткізе білуге үйрету. Ресми тілде меңгерген материалдарды кез келген жағдайда орнымен қолдануға, орнықты жауап беруге, сауатты сөйлеуге үйрету.
Сұхбатты рөлдерге бөліп оқимыз. Тақырыпқа қатысты сөздерге назар аударыңыз.