
- •Сұхбатты рөлге бөліп оқыңыз. Аударыңыз.
- •2. Диалог бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
- •3.Сұхбатқа ат қойыңыз.
- •Көшеде жол жүру ережесін үйренеміз.
- •Диалог бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
- •2.Диалогтегі монологке айналдырыңыз.
- •3.Диалогтегі жол қозғалысына қатысты сөздер мен сөз тіркестерін тауып, оқыңыз.
- •Несиені қалай алуға болады?
- •Таулар, таулар
- •Мәтінді оқып, өзіңіз үшін жаңа болп табылатын ақпараттарды белгілеңіз. Бағдаршамның шығу тарихы
- •Таулар, таулар
- •Тапсырма. Сөз тіркестерімен сөйлем құраңыз.
- •Диалогті рөлге бөліп оқып шығыңыздар. Базардағы саудаға қатысты өздерге назар аударыңыздар. Саудаңыз сәтті болсын десеңіз....
- •Ет саудасы
- •10. Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •11. Диалогті монологке айналдырыңыз.
- •Сұхбатты рөлдерге бөліп оқыңыз, аударыңыз.
- •Диалогты рөлдерге бөліп оқыңыз, аударыңыз.
- •Диалог бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
- •Диалогті монологке айналдырыңыз.
- •Диалогтегі тақырыпқа байланысты сөздер мен сз тіркестерін тауып оқыңыз.
- •Тапсырма. Сөз тіркестерімен сөйлем құраңыз.
- •Диалогті рөлге бөліп оқып шығыңыздар. Базардағы саудаға қатысты өздерге назар аударыңыздар. Саудаңыз сәтті болсын десеңіз....
- •Ет саудасы
- •10. Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •11. Диалогті монологке айналдырыңыз.
- •Сұхбатты рөлдерге бөліп оқыңыз, аударыңыз.
- •Диалогты рөлдерге бөліп оқыңыз, аударыңыз.
- •Диалог бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
- •Диалогті монологке айналдырыңыз.
- •Диалогтегі тақырыпқа байланысты сөздер мен сз тіркестерін тауып оқыңыз.
- •Мәтінді оқыңыз. Өзіңізге жаңа олып табылатын ақпараттарды белгілеп отырыңыз. «көк базардың» тарихынан
- •Қуат көзін үнемдейік!
- •Ғарыштан естілген қазақ тілі
- •Сұхбат бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
- •Сұхбатқа ат қойыңыз.
- •Берілген сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, төменде берілген микродиалогті толықтырыңыз.
- •Сұхбатты рөлге бөліп оқыңыз. Тоқтар ағамен сұхбат
- •6. Диалог бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
- •7. Диалогті монологке айналдырыңыз.
- •Суды үнемдеу
- •«Желкілдеп өскен жас құрақ, біз болмасақ, сіз барсыз»
- •Сұхбат бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
- •Берілген сөздер мен сөз тіркестерін пайдалаеып, төменде берілген микродиалогті жалғастырыңыз.
- •Сұхбатты рөлдерге бөліп оқыңыз. Орыс тіліне аударыңыз.
- •Диалог бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
- •Диалог бойынша срақтарға жауап беріңіз.
- •Апта. Кеңестік саралану және аймаққа жіктеу
- •Бұқаралық ақпарат құралдары
- •Сұхбатты рөлге бөліп оқыңыз.
- •Диалог бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
- •Диалогке тақырып қойыңыз.
- •«Болашақ» бағдарламасы
- •Халқымыз бар кемеңгер
- •Диалогті рөлге бөліп оқыңыз.
- •Диалог бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
- •Диалогті монологке айналдырыңыз.
- •Диалогті рөлдерге бөліп оқыңыз.
- •Айтыс – қазаққа тән ерекше өнер.
- •Сұхбатты рөлге бөліп оқыңыз. Орыс тіліне аударыңыз.
- •Айтыс өнері ізденуді талап етеді
- •Сүйікті ісіңіз қандай?
- •1. Сұхбатты рөлге бөліп оқыңыз. Етістіктерге көңіл бөліңіз.
- •3. Диалогті монологке айналдырыңыз. Преобразуйте диалог в монологический текст.
- •Тойыңыз тойға ұлассын
- •Құрманғазының «Сарыарқасын» тартшы...
- •Наурыз тойы
- •Мәтінді оқып, озіңізге жаңа болып табылатын ақпараттарды белгілеп отырып
- •2. Берілген сұрақтарды мәтіннің мазмұнына сәйкес орналастырып, жауап берініздер.
- •Суретші әлемінде
- •Сұхбатты рөлге бөліп оқыңыз.
- •Қазыбектің алғаш көзге түсуі
- •Әр үйге шаттық орнайды
- •Қазақтың тұңғыш операсы
- •Үй салу оңай ма?
- •2.Берілген сұрақтарды мәтіннің мазмұнына сәйкес орналастырып, жауап беріңіз.
- •Қазақстанда еқыұ саммиті өткізіледі
- •Диалогті рөлдерге бөліп оқыңыз.
- •Диалог бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
- •Диалогке ат қойыңыз. Сыртқы саясат
- •2. Сөздердің дұрыс баламасын сәйкестендіріңіз.
- •Тілдік этикет
- •1. Мәтінді оқып, өзіңізге жаңа болып табылатын ақпараттарды белгілеп отырыңыз. Кибернетика –басқару өнері
- •Берілген сұрақтарды мәтіннің мазмұнына сәйкес орналастырып, жауап беріңіз.
- •Әңгімелесуге арналаған сұрақтармен танысыңыз.
- •Астана – елімнің алтын ордасы
- •Астана – егемендік перзенті
- •13. Мәтінді оқып, өзіңіз үшін жаңа болып табылатын ақпараттарды белгілеңіз.
1-апта. ЗАМАН ЖӘНЕ ЗАҢ
1-тақырып. Қазақстан Республикасының Жер кодексі
Сабақтың мақсаты:
Жер мәселесімен тікелей байланысты мамандық болғандықтан, ҚР. Жер кодексін білу маңызды. Сондықтан да студенттердің Жер кодексі туралы өз ойларын еркін әңгімелеп беруге уйрету, салалық терминдер жүйесін толық және терең игерту, коммуникациялық дағдыларын қалыптастыру, грамматикалық формаларды сауатты меңгерту.
Айтылым бойынша: кәсіби терминдер, жаңа сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс айту, тақырыптағы мамандыққа қажетті сөздерді болашақта іскери кездесулерде ауызша баяндай алуға, пікірталасқа түсе білуге төселдіру.
Жазылым бойынша: тақырып бойынша кәсіби деңгейде өз ойын жазбаша дұрыс баяндауға үйрету.
Оқылым бойынша: өзіне қажетті материалдарды, қосымша мәліметтерді оқып түсінуге төселдіру.
Тыңдалым бойынша: кәсіби терминдерді, тақырып бойынша берілетін мәтіндерді, сұхбаттарды, аудиоматериалдарды тыңдап түсіну, мәлімет ала алуға машықтандыру.
1-бап. Қазақстан Республикасының жер қоры 1. Қазақстан Республикасының жер қоры нысаналы мақсатына сәйкес мынадай санаттарға бөлiнедi: 1) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер; 2) елдi мекендердiң (қалалардың, кенттер мен ауылдық елдi мекендердiң) жерi; 3) өнеркәсiп, көлiк, байланыс, қорғаныс жерi және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жер; 4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерi, сауықтыру мақсатындағы, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жер; 5) орман қорының жерi; 6) су қорының жерi; 7) босалқы жер. 2. Осы баптың 1-тармағында аталған жер белгiленген нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланылады. Жердiң құқықтық режимi оның қай санатқа тиесiлiлiгiне және жердi (аумақты) аймақтарға бөлуге сәйкес рұқсатты пайдаланылуына негiзделiп айқындалады. 3. Қазақстан Республикасының аумағында табиғи жағдайлары бойынша мынадай аймақтар ерекшеленедi: 1) орманды дала; 2) дала; 3) қуаң дала; 4) шөлейттi; 5) шөлдi; 6) тау етегi-шөлдi-далалық; 7) субтропикалық шөлдi; 8) субтропикалық-тау етегi-шөлдi; 9) орта азиялық таулы; 10) оңтүстiк-сiбiр таулы аймақтар.
8-бап. Жердi аймақтарға бөлу.
1. Аймақтарға бөлу - жер аумағын оның нысаналы мақсаты мен пайдаланылу режимiн белгiлей отырып айқындау.
2. Жерді аймақтарға бөлуді облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана), аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) деңгейінде ұйымдастыруды облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) тиісті уәкілетті органдары жүзеге асырады. Жерді аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) тиісті өкілді органдары бекітеді.
Жердің нысаналы мақсатының жіктемесі жерді аймақтарға бөлу жобаларының (схемаларының) негізінде әзірленеді және оны облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары бекітеді.
4. Жердi аймақтарға бөлу кезiнде белгiленген, аумақты пайдаланудың нысаналы режимi жер құқығы қатынастарының субъектiлерi үшiн мiндеттi болып табылады.
5. Жердi аймақтарға бөлу жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмi бойынша жүргiзiледi және бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
Сұрақтарға жауап беріңіз.
Қазақстан Республикасының жер қоры дегеніміз не?
Елдi мекендердiң жері деп қандай жерді айтады?
Табиғи жағдайлары бойынша жерді қандай аймақтарға бөлуге болады?
Жерді аймақтарға не үшін бөледі?
Жерді аймақтарға кім бөледі?
1-тапсырма. Берілген жай сөйлемдері тақырып бойынша жалғастырып, құрмалас сөйлем жасаңыз.
Жердi аймақтарға бөлінеді, ..........................................................................................................
Жерді аймақтарға бөлуді облыстар, аудандар деңгейінде ұйымдастырады, .........................
Жерді аймақтарға бөлу жобаларының негізінде әзірленеді, ....................................................
Жерді аймақтарға бөлу жобаларын облыстардың, аудандардың жергілікті атқарушы органдары бекітеді, .............................................................................................................................
Жердiң құқықтық режимi оның қай санатқа тиесiлiлiгiне негiзделiп айқындалады, ............
2-тапсырма. Берілген сөз тіркестерімен сөйлем құрастырыңыз.
жер қоры –
елді мекен –
табиғи аумақ –
жердің нысаны –
жер құқығы –
жер аумағы –
3-тапсырма. Сөз тіркестерін жасаңыз.
аудан, ................................................, ......................................................, ....................................
аймақ,................................................., ....................................................., .....................................
дала, ..................................................., ....................................................., .....................................
орган, ................................................, ......................................................, .....................................
нысан, ..............................................., ......................................................, .....................................
жер, ..................................................., ......................................................, .....................................
Негізгі әдебиеттер:
Бюжеева Б.З. Аймақтануға кіріспе. Алматы, 2008.
. Күзекова Қазақша сөйлейміз. Тілді өз бетінше үйренуге арналған. Алматы, 2010
Е.Тулешов, Ж.Тұрлыбекова, Ү.Каюпова Қазақша үйренейік. Ересектерге арналған оқу құралы. Астана, 2010.
http://kzgov.docdat.com/docs/404/index-262603.html
1-апта. ЗАМАН ЖӘНЕ ЗАҢ
2-тақырып. Қазақстан Республикасындағы демографиялық мәселелер
Сабақтың мақсаты:
Қазақстандағы демографиялық мәселелерді қозғай отырып, мәлімет беру, студенттерді тақырып бойынша өз ойларың айта білуге, еркін әңгімелеп беруге уйрету, салалық терминдер жүйесін толық және терең игерту, коммуникациялық дағдыларын қалыптастыру, грамматикалық формаларды сауатты меңгерту.
Айтылым бойынша: кәсіби терминдер, жаңа сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс айту, тақырыптағы мамандыққа қажетті сөздерді болашақта іскери кездесулерде ауызша баяндай алуға, пікірталасқа түсе білуге төселдіру.
Жазылым бойынша: тақырып бойынша кәсіби деңгейде өз ойын жазбаша дұрыс баяндауға үйрету.
Оқылым бойынша: өзіне қажетті материалдарды, қосымша мәліметтерді оқып түсінуге төселдіру.
Тыңдалым бойынша: кәсіби терминдерді, тақырып бойынша берілетін мәтіндерді, сұхбаттарды, аудиоматериалдарды тыңдап түсіну, мәлімет ала алуға машықтандыру.
Қазіргі кезде біздің Республикамызда халық саны 16 млн 954 мыңға жетіпті. Ал 1920 жылы елімізде не бары 4 миллион 400 мың халық болған. Оның 7 %-ы қалада, 93 %-ы ауылда тұрған екен. Қазақстанда 1989 жылғы халық санағында 16199,2 мың адам тiркелген, оның 57%-ы қалада, 43-і ауылда тұрған. Ал қалада тұратын ерлер 48,5%, ауылда тұратын әйелдер саны 51,5% болған.
Тәуелсіздік алғанға дейiн Қазақстан халқының демографиялық жағдайы - тұрғындар санының ұдайы қарқынды өсуiмен, қалада тұрушылар үлесiнiң шұғыл артуымен, ұлттық құрамының қарқынды араласуымен, халық тығыздығының бiркелкi болмауымен сипатталды.
1999 жылғы санаққа дейiнгi аралықта Қазақстан халқы 1246,1 мың адамға кемiген. Мұның басты себебi бұрын қуғын-сүргiнге ұшырап, Қазақстан жерiне көшiрiлiп, қоныстандырылған өзге ұлт өкiлдерiнiң, әсiресе, орыстардың, украиндардың, немiстердiң, кавказ халықтарының, т.б. өз ата мекендерiне көшiп кетуi болды. Өсу тек Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Атырау облыстарында, Алматы, Астана қалаларында байқалды. Жалпы ерлердiң саны 7201,8 мың болса, әйелдер 7751,8 мыңды құраған.
Бүгінгі таңда ресми статистикалық мәлiмет бойынша, Қазақстан тұрғындарының 56%-ы қалалық елдi мекендерде, 44%-ы ауылдық елдi мекендерде тұрады.
Халық санының тығыздығы республика бойынша тұтастай алғанда бір шаршы километрге 5,5 адамды құрайды. Ал Қытайда мысалы, бұл көрсеткіш бір шаршы метрге 140 адамнан келеді.
Еліміздің 93 млн. гектардан артық ауылшаруашылығына тиесілі жердің бар екенін ескерсек, агроөнеркәсіптік кешеннің қарқынды дамуында оның өте зор әлеуетінің бар екенін және елдің тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуіне оң әсер ететінін, алдағы уақытта тіпті импортқа шығуын айқындайды.
Ауылшаруашылығын дамыту бүгінгі таңда еліміздің ең өзекті мәселелерінің бірі болғандықтан мемлекет тарапынан қолдау шаралары қолға алынып жатыр және индустриалды-инновациялық даму жолында еліміздің экономикасы біршама жетістіктерге жетіп отырғаны болашақта халықтың қаладан ауылға ауысуына, бұл сонымен бірге Қазақстан халқы санының артуына ықпал жасайды деп күтілуде.
Сұрақтарға жауап беріңіз.
Демография дегеніміз не?
Демографиялық мәселелер деп нені айтамыз?
Қазақстанның демографиялық көрсеткіштері туралы не айтасыз?
Қазақстандағы халық санағы қашан болды?
Елімізде ерлер мен әйелдердің саны қанша?
1-тапсырма. Сөйлемді қажетті сөздермен толықтырыңыз.
Тәжірибелерінен, халқы санының, экономикасы, тығыздығы, бiркелкi
Агроөнеркәсіптік кешеннің қарқынды дамуы үшін, озық елдердің ............................ үлгі алуымыз керек.
Ауылшаруашылығын дамыту бүгінгі таңда еліміздің .................................................... артуына ықпал жасайды деп күтілуде.
Индустриалды-инновациялық даму жолында еліміздің ...................................... біршама жетістіктерге жетіп отыр.
Халық санының ........................................ республика бойынша тұтастай алғанда бір шаршы километрге 5,5 адамды құрайды.
Тәуелсіздік алғанға дейiн Қазақстан халқының демографиялық жағдайы, халық тығыздығының ................................. болмауымен сипатталды.
2-тапсырма. Белгіленген сөздерге сұрақ қойыңыз.
Халық санының тығыздығы республика бойынша тұтастай алғанда бір шаршы километрге 5,5 адамды құрайды. Қытайда мысалы, бұл көрсеткіш бір шаршы метрге 140 адамнан келеді.
Еліміздің 93 млн. гектардан артық ауылшаруашылығына тиесілі жердің бар екенін ескеру керек. Агроөнеркәсіптік кешеннің қарқынды дамуында оның өте зор әлеуетінің бар. Елдің тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуіне оң әсер ететінін, алдағы уақытта тіпті импортқа шығуын айқындайды.
3-тапсырма. Сөз тіркесін жасаңыз.
халық-демография, ............................................................................................................................
халық – сан, ........................................................................................................................................
халық – тығыздық, .............................................................................................................................
халық – жер, .......................................................................................................................................
Қазақстан – халық, .............................................................................................................................
Негізгі әдебиеттер.
Б. Бюжеева Аймақтануға кіріспе. Алматы, 2008.
З. Күзекова Қазақша сөйлейміз. Тілді өз бетінше үйренуге арналған. Алматы, 2010
Е.Тулешов, Ж.Тұрлыбекова, Ү.Каюпова Қазақша үйренейік. Ересектерге арналған оқу құралы. Астана, 2010.
http://www.group-global.org/publication/view/4009
1-апта. ЗАМАН ЖӘНЕ ЗАҢ
3-тақырып. Сөйлесім. Көшеде жүру тәртібі. Ана, Жер – Ана
Сабақтың мақсаты:
Үйренген тілдік дағдыларды, лексикаларды жинақтай келе, ұжымда жұмыс істей білуге, тіл табыса білуге үйрету. Көпшілік ортада өзін-өзі ұстай білуге, ойларын нақты, дәл жеткізе білуге үйрету. Ресми тілде меңгерген материалдарды кез келген жағдайда орнымен қолдануға, орнықты жауап беруге, сауатты сөйлеуге үйрету.
Сұхбатты рөлге бөліп оқыңыз. Аударыңыз.
Сәлеметсіз бе?
Сәлеметсіз бе?
Сіз біраздан бері көлік айдайсыз ғой. Жол қозғалысы ережесін жақсы білесіз бе?
Әрине, білемін.
Олай болса, мен сізге бір-екі сұрақ қояйын.
Жарайды, қойыңыз.
Біздің елімізде көліктердің қандай қозғалысы белгіленген?
Бізде көліктердің оң жақты қозғалысы белгіленген.
Дұрыс.
Жүргізуші ретінде сіздің міндеттеріңіз қандай?
Менде, біріншіден, көлік жүргізу куәлігі, көліктің тіркеу құжаты болу керек, екіншіден жолда жүру тәртібін қатаң сақтап отыруым керек.
Дұрыс. Ал сіз соңғы рет көлігіңізді техникалық байқаудан қашан өткіздіңіз?
Міне, осы жерде кінәлімін. Оны осы аптаға жоспарлаған болатынмын.
Кешіктірмеңіз. Жолыңыз болсын!
Рақмет. Сау болыңыз.
2. Диалог бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
А. Диалогтегі кейіпкерлер кімдер?
Ә. Неліктен жүргізуші өзнің кінәлі екендігін мойындады?
Б. Жүргізуші өзінің міндеттерін дұрыс атады ма? Сіз тағы да қандай міндеттерді қосар едіңіз?
3.Сұхбатқа ат қойыңыз.
4. Берілген сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, төменде берілген микродиалогті толықтырыңыз. Жол қозғалысы ережелері, жол белгілері, жүргізуші куәлігі.
- Мен автокөлік жүргізу курсын бітіріп, ... алу үшін емтихан тапсырамын.
- Жарайсың. Емтиханды жақсы тапсыру үшін сен ... ... жақсы білуің керек.
- Мен Қазақстандағы ... ... жақсы білемін деп ойлаймын.
- Қандай ... ... білесің?
- «Тыйым салу белгілері», «Қызмет көрсету белгілері» т.с.с.
Көшеде жол жүру ережесін үйренеміз.
А. Достар, бүгін біз сіздермен көшеде жол жүру ережесімен танысамыз.
- Қызық екен. Біз сонда жол жүру ережесін білмейміз бе?
- Әрине, білесіңдер. Бірақ кейде ұмытып кетесіңдер. Бағдаршамға қарамайсыңдар. Жолдың жаяу жүргіншілеріне белгіленген жерден өтпейсіңдер. Міне, осының бәрі жол жүру ережелерін бұзу деп аталады.
- Ағай, жолдан өтерде бірінші не істеу керек?
- Бірінші – бағдаршамға, сонан соң солға қарайсыңдар, көшенің ортасына келгенде, оңға қарау керек. Бағдаршамның жасыл түсі жанса, жолдан өтуге болады, сары түс «Дайындал» дегенді білдіреді, ал қызыл түс «жолдан өтуге болмайды» дегенді білдіреді.
Диалог бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
А. Диалог кейіпкерлері кім?
Ә. Жолдан өту реті дұрыс түсіндірілді ме?
Б. Балаларға сіз жолдан өту ретін қалай түсіндірер едіңіз?
Диалогті монологке айналдырыңыз.
Диалогті рөлге бөліп оқыңыз.
Жаяу жүргіншінің міндеттері
Тротуар немесе сая жол дегеніміз не?
Жаяу адамдар жүретін жол.
Жаяу адамдарға қай жермен жүруге болмайды?
Көлік жүретін жол алыбымен жүруге болмайды?
Егер көшенің шетінде сая жол жоқ болса, тар болса қалай жүреміз, үлкен кісі кездессе ше?
Көшенің шетімен, үлкен кісіге жол береміз?
Диалог бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
Тротуар не үшін керек?
Үлкендерге, балалы әйел адамдарға тротуары жоқ жерде қалай жол беру керек?